Материалдар / ертегі терапиясы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ертегі терапиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешіге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қаңтар 2019
888
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ертегі терапиясыБүгінде еуропалық балалар дәрігерлері ертегі-терапияның бала денсаулығына тигізер орасан пайдасы туралы сөз қозғап жүр. Бірақ, қазақ үшін бұл таңсық емес. Бұл жұрттың болашағы құндақтағы кезінен бесік жырын естіп, сөз түсінетін жасқа жеткенде фольклордың барлық түрін апа, әжелерінің аузынан тыңдап, адамгершілік нормалары мен өмір сүру ережелерін ауыз әдебиетінен үйренген. Ертегі терапиясы – психотерапияның құрамдас бөлігі. Баланың ертегі сюжетіне әсерленуі, кейіпкердің қиыншылықтарына алаңдауы оның келешекте өз алдында пайда болатын кедергілерден қиналмай өтуіне іштей дайындығын туындатады. Практикалық психологияның ертегілік терапия бағыты – баланың жақсылық пен жамандықты айыруына, мінез-құлықтық стереотиптерді тануына көмектесіп, адамдардың өмірде алдынан шығатын сан түрлі қиыншылықты ең соңында жеңе аларына деген сенімін нығайтады.Батыс пен Еуропа психологтары бала тәрбиелеу мәселесінде құрғақ ақыл айтудың, ескеру мен дауыс көтерудің жарамсыз екендігін толықтай дәлелдеді. Бұлар жаһанданулық қоғамға қадам басқан жаңа ғасыр үшін көнерген, өз күшін жоғалтқан әдістер деп танылған. Есесіне, ертегі терапиясы арқылы баланың санасын өздігінен кері нәрселерге қарсы тұрарлық күш беру шарт деген тәсілді ұсынады. «Сабағыңды жақсы оқы, қолыңды жумай дастарқанға отырушы болма, ата-анаңды сыйла, үлкенмен керіспе» дейтін ескертпелер баласы бар үйде күнде он рет қайталанады. Мың сан қайталанулардан соң бала санасы ести тұра мұндай ескертпелерді мүлдем қабылдамайтын күйге жетіп, тек өз білгенінше әрекет етеді. Өйткені, ол сабақты жақсы оқымаса не боларын немесе ата-анасын құрметтемеудің ақыры немен аяқталарын білмейді. Ал, ертегі терапия ең бірінші оған болашақ туралы сұрақтарға жауап береді, ертегінің финалында болатын нәтижелерден ол келешек туралы ой түйеді.Фрейд өз еңбектерінде ертегідегі үнемі жуынатын мысықтың баланы тазалыққа үндейтін әдіске жұмылдырылғанын айтады. Мұндай ерікті энергиялар баланы жалқаулықтан арашалайтын көрінеді.Балалар дәрігерлері ертегі терапиясын екі бағытта жүргізеді. Біріншісі – айту мен баяндауға құрылған нұсқасы болса, екіншісі – қойылымдық бағыт.Орыстың «Шалқан» деп аталатын шағын ертегісі бар. Бәрімізге белгілі, отағасы – шалдың еккен шалқаны өте үлкен боп өседі де, күз келіп, егінді жинау науқанында шалқанды жерден суырып алу айтарлықтай қиындыққа соқтырады. Шал, кемпірі, қызы келіп тартқылағанмен, жерден суырылар болмаған шалқанды иті, мысығы, ең соңында олар тұратын үйдің жертөлесін мекен ететін тышқан келіп көмектескенде ғана жұлынады. Ертегінің айтпағы – ауызбіршілік. Олардың бір-біріне көмектесу себептері – туыстығы мен бір үйді мекен еткен татулығы. Демек, бір отбасы, бір үйде тұратындар бір-біріне әрқашан да қамқор болуы керек деген ойды аңғарамыз. Орыс психологтары осы ертегіні естіген алты жасқа дейінгі көптеген қыз балалар шешесіне үй шаруасында көмектесуге талпынса, ұл балалар жөргектегі бауырын жұбатуға талпынғанын айтады.Әке-шешесі ажырасып, ұйып отырған шаңырағы ортасына түсіп, психологиялық соққылардың ортасында қалған бала мен дәрігердің арасында өткен әрекетті бағдарлайық: Ақ халатты абзал жан баланы жанына отырғызып, оған ертегі оқи бастады. Ертегі үлкен терек басындағы шымшықтың ұясы мен балапаны туралы екен. Кенет күшті жел көтеріледі де, терек бұтақтарын шайқап, ұяның жартысы сынып, балапаны жерге құлап түседі. Бұғанасы қатпаған, әлі ұша алмайтын балапанның жанайқайы мен дәрігердің алдында отырған балақайдың мінез-құлық стереотиптері бірдей.Ертегі терапиясын қолдану арқылы дәрігерлер диагнозды баланың ешқашанда дауыстап айта алмайтын көңіл-күй жағдайларымен айқындайды. Ақ халатты абзал жандар баладан «ұядан құлаған балапанға қалай көмектескеніміз дұрыс?» деп жөн сұрайды және барлық емделушілер бір ауыздан шешесін шақырсын немесе әкесі келіп оны құтқарсын деп жауап беріпті. Бұл тұста дәрігерлер баланың жауабынан оның өміріндегі қиындықтарынан ата-анасы қол ұшын бермесе ешқашан құтыла алмаймын-ау деген жасырын үрейлі белгіні аңғарады. Егер мұндай құтқарушылары келмеген жағдайда «балапан ұшуды білмегендіктен өледі», «сол жерде жатып аштық пен суықтан өледі, оны мысық жеп кетуі мүмкін» деген үрейге толы жауаптар қайтарған баланың ары қарайғы өмірінің тұманды екені, оның үлкен психологиялық депрессияның алдында тұрғаны аңғарылған. Балалар дәрігері Гүлнұр Бекебаева ертегі терапиясына қатысты өз тәжірбиесінде кездескен қызықты оқиғаны бізге былай баяндады:– Бала күрделірек бұзық іс жасаса немесе ата-анасын тыңдамай, тек өз білгенін жасаса, бірден психологтың алдына сүйреу – ата-ананың педагогикалық кемшілігі. Бұл еркелік көрсетер жасындағы балдырғанды қолдан ауру етумен бірдей нәрсе. Және мұндай балалар үшін онымен сөйлесуді, әңгімелесуді білмейтін болмаса оған не керегін түсінбеген ата-ананың өзі кінәлі. Менің алдыма бір әйел бес жасар ұлын жетелеп келді. Балақайды бірде анасы тәртіпсіздігі үшін бұрышқа тұрғызып жазалағанда мұны қорлық деп түсініп, үйден қашып кетіпті. Жақын маңдағы туыстарының үйіне барып ойнап қайтқан, баланың бұл әрекетін бастапқыда ата-анасы еркелікке балағанмен, уақыт өте келе, бала өзіне жасаған әрбір ескертуден соң басы ауған жаққа кетіп қалатынды шығарған. Жағдаймен танысқан соң ертегі терапиясын, оның ішінде орыстың «Қашқын бауырсақ» ертегісін ұсындым. Оқиғасында кемпір мен шалдың қамбасынан қырып алынған ұннан пайда болған томпиған сары бауырсақтың үйден қашамын деп түлкіге жем болуы балақайға ой салды, терапевтік сессиядан соң бұрыңғы өрескел әрекетін тоқтатты.Ертегі – баланы тәрбиелеуге арналса, ертегі терапиясы сол тәрбие арқылы баланы жөнге салу, онын көзқарасын бағдарлау және ішкі әлемінен хабардар болу тәсілдері. Ер Төстік ертегісінде балақайларымыз достықтың үлкен үлгісін көреді. Оған көмек қолын созған Көлтауысар мен Желаяқ секілді алыптардың еңбегі тек достықты ғана насихаттамайды, ерекше болмыстары арқылы баланың тапқырлық деңгейін де жоғарылатады. Ер Төстік бала жер бетінде көптеген патшалықтарды көрсе, жерастында да көптеген патшалықтардың қонағы болды. Бұл бала психологиясына Отан ұғымын сіңіреді, белгілі бір мемлекеттің заңнамаларына бағыну мәселесін ұғындырады.Ертегі терапиямен жұмыс жасау тек дәрігерге тән емес, бұл ата-ана үшін де міндетті нәрсе. Айталық, «Мақта қыз» ертегісін арнайы қойылым етіп тамашалайтын қара көздеріміз аз болса, психологтар орыс отбасыларында баланың көңілін көтеру мақсатында көптеген ертегілерді арнайы қойылым ретінде үнемі қайталап тұратынын айтады. Ертегі – отбасы үшін тек тыңдауға ғана емес, қойылым ретінде де сахналауға да ыңғайлы. Әкелерге – Ерназар, шешелерге – мыстан кемпір, ұлдары – алтын сақасын іздеген бала болып ертегі сомдаған шаңырақ қандай бақытты. Бұл отбасындағы өсіп келе жатқан бүлдіршіндер үшін ертегі терапиясы ғана емес, ересектер үшін де таптырмас татулықтың көрінісі болып табылады.Әдетте, ертегіні отбасында әже немесе ана айтады. Көп жағдайда ертегіге әке араласпайды. Ал, ертегі терапиясы айтарлықтай әсер етуінде отбасы мүшелерінің түгел дерлік қойылымға қатысуы бүлдіршін үшін аса үлкен қуаныш. Ол ертегінің өзі үшін қойылғанын аңғарады. Және түрлі персонаждардың ойнап жүрген туыстарының өзін жақсы көретінін аңғарады. Осылайша өткен әрбір сәт баланың кеудесіне жақсылық дәнін себеді. Орыс психологтары бұл мәселені ертерек ұғынды. Балабақшаларда осы методты біраз жылдан бері қолданып келеді. Айталық, мақтаншақтығының кесірінен аузындағы ірімшігінен айрылып қалатын қарға мен қу түлкі туралы ертегіні қойылымға айналдырып түсіндіргенде, балаларды қарғаның рөлінде сомдату арқылы оны тапқырлыққа баулуға болады дейді.Ертегі терапиясы тек ата-ана үшін емес, ұстаз үшін де топпен жұмыс жүргізу барысында өте тапқыр әдіс болмақ. Адам баласында нашар деп бағаланатын көптеген мінездер бар. Соның бірі – жалқаулық. Жалқаулықты қаралайтын ертегілер мол болғанымен, дені баянға құрылады. Ертегіні тыңдау бір басқа да, оны сомдаудың жөні бір басқа. Жалқаудың рөлін ойнаушы бала өзі қайталап отырған болмыстың шын мәнінде кім екенін түбегейлі ұғынады да, ондай одағай әрекеттерді қайталамауға тырысады. Түрлі ойыншықтар, ең тамаша анимациялық картиналар, бояулар мен суреттердің өзі педагогикалық тұрғыда ертегі терапияның құдіретімен теңесе алмайды.Ертегі – жалпы бұқараның көзқарасына негізделеді. Сондықтан, оны бала да, қарт та сүйсініп тыңдайды. Ертегі терапияның бір ұтымдылығы – бала тілімен жеткізілуінде, баланың ой ауқымына тән оқиғалар дәрежесінде ситуация құруында. Бала ертегі тыңдау арқылы өзін-өзі емдеп, түрлі шығармашылық қабілетінің ашылуына мүмкіндік алады. Барлық ертегілерде басты кейіпкердің еркін өмірге қол жеткізуі, Отанының тәуелсіз дамуы басты мұрат ретінде бағаланса, ертегі арқылы балақайлар өздік кеңістік пен еркіндік ұғымын түйсінеді.Дәрігерлер хан қызының күйеу таңдауы немесе Күлше қыздың ханзада ұйымдастырған балға баруы – жасөспірімдердің ішкі процестік нүктелеріне әсер етіп, психологиялық аналитикалық сипатта жасөспірім жанына жайлылық беріп, ертегі соңында қас зұлымның қаза табуы, зәлім патшаның басы алынуы, айдаһардың өлуі секілді жамандық атаулының келмеске кетуі – баланың бойындағы соқыр агрессиялық күштерді жойып, жақсылық бағытын таңдауына себепкер деген пікірде. Ертегі терапиясының әсер етуі – оның қабылдануына да байланысты, сондай-ақ, ертегінің берілу формасы көріністік жағдайда сенсорлы түрде санаға жетсе, баяндаушылық немесе кітапқа көз жүгіру арқылы ақпарат алуда коммуникациялық үлгіде ойға тоқылады. Бала санасын жетілдіруде ертегі секілді лингвистикалық бағдарламалардың өтімділігі зор.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!