Тақырыбы: «Ертегілер еліндегі ғажайып
математика»
Мақсаты: Білімдерін
тиянақтау.
Білімділік: балалардың қарапайым
математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтау, ертегі желісі
бойынша берілген тапсырмаларды дұрыс орындай білуге, сандарды тура
және кері санай білуге үйрету.
Дамытушылық: лонгикалық ойындар арқылы
баланың қиялын, ой – өрісін, есте сақтау қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік: Ойынды шарты бойынша ойнай
білуге, ұйымшыл, шапшаң болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Слайд бойынша суреттер
көрсету.
Тәрбиеші: - Балалар бүгін
бізде ерекше оқу іс – әрекеті. Бізге көптеген қонақтар келіп отыр.
Қонақтармен амандасып алайық.
Шаттық
шеңбері.
Балалар: Амандасу
үлкенге,
Тәрбиенің ісі
ғой.
Ал, кәнекей,
бәріміз.
Сәлем, - дейік
үлкенге.
Қайырлы таң,
қонақтар!
Қайырблы таң,
балалар!
Тәрбиеші: - жарайсыздар, балалар! Ендеше
орындарымызға жайғасып алайық.
-Бүгін біздің өтетін оқу іс –
әрекетіміз: көркем әдебиет және қарапайым математикалық
түсініктерді қалыптастыру.
-Ашық оқу іс – әрекетіміздің
тақырыбы: «Ертегілер еліндегі ғажайып
математика».
-Балалар қазір жылдың қай
мезгілі?
Балалар: -Көктем
мезгілі.
Тәрбиеші: -Көктем мезгілінде неше ай
бар?
Балалар: -Үш ай
бар.
Тәрбиеші:
-Қане атап
беріңдерші?
Балалар:
-Наурыз, сәуір,
мамыр.
Тәрбиеші: -Жарайсыздар,
балалар!
-Балалар, сендер қандай
ертегілерді білесіздер?
Балалар: - «Бауырсақ», «Жеті лақ»,
«Қызыл телпек», «Шалқан», «Маша мен аю».
Тәрбиеші: -Ендеше «Маша мен аю»
ертегісін тамашалайық.
-Ертеде Маша мен аю болыпты.
Машаның үлкен зәулім сарайы болыпты. Ол үлкен сарайда жалғыз
тұрыпты.
Маша: -Сәлеметсіздер ме,
балалар!
Балалар: -Сәлеметсізбе!
Тәрбиеші: -Маша сәлеметсіңбе! Балалар
Машаға не болған көңіл – күйі жоқ қой.
-Маша саған не болды? Өңің
қашып кетіпті ғой.
Маша: -Мен зәулім сарайда жалғыз
тұрып шаршадым. Ішім әбден пысып кетті. Мен өзіме адал әрі жақсы
дос іздеп жүрмін. Енді не істер екенмін.
Осы сәтте біреу есік
қағады.
Тәрбиеші: -Балалар есік қағып тұрған кім
болды екен, мен қарайын.
Аю: -Кім бар мұнда? Рұқсат болса
кірейін.
Тәрбиеші: -Сәлеметсің бе, аю! Сен мұнда
қайдан жүрсің?
Аю: -Сәлеметсіңдерме, балалар!
Менің паналайтын жерім жоқ. Қазір көктем мезгілі ғой. Жаңбыр жиі
жауып, тау шыңындағы қарлар еріп апаным жермен жексен болды. Енді
қатты ұйқым келіп тұр, мен осында ұйықтап
алайыншы.
Тәрбиеші: -Аю сен жақсы келдің, Маша
өзіне жақсы дос іздеп жүр. Одан да машамен дос
болсаңшы.
Маша: -Маған ұйықтайтын емес, асыр
салып менімен ойнайтын дос керек.
Тәрбиеші: -Маша міне саған ойнайтын
доста табылды.
Аю: -Маша мен сенімен дос
болайыншы.
Маша: -Аю сен менімен дос болғың
келсе, менің саған қояр шартым бар. Мен саған 5 тапсырма беремін,
соның барлығын орындасаң ғана сарайға кіргізіп, сенімен дос
боламын. Ендеше тапсырмаларды орындауға дайынсың
ба?
Аю: -Тырысып көрейін. Сен мені
қатты қинама.
-Балалар, сендер маған
көмектесесіңдер ме?
Тәрбиеші: -Балалар аюға көмектесеміз
бе?
Балалар: -Иә,
көмектесеміз.
1 –
тапсырма.
Маша: Алма ағашта 3
алма,
Қандай жақсы жесе
алма.
Үшеуінде де жеп
қойсаң,
Қалады сонда неше
алма?
Аю басын шайқап ойланып
тұрады.
Тәрбиеші: -Балалар барлық
алманы жеп қойсақ қанша алма қалады?
Балалар: -Ешқандай алма
қалмайды.
Аю: -Маша ешқандай алма
қалмайды.
Маша: -Жарадың аю. Ал, енді екінші тапсырмамды орындап
көр.
2 –
тапсырма.
1 - ден 3 – ке дейін тура
санап
берші.
Аю: -Балалар мен санауды
білмеймін. Маған көмектесіңдерші. Қане балалар барлығымыз бірге 1 –
3 ке дейін санайық.
Балалар аюмен бірге
санайды.
Тәрбиеші: -жарайсыздар,
балалар!
Маша: -аю кезек үшінші
тапсырмаға келді. Дұрыстап ойланып жауап
бер.
3 –
тапсырма.
-Ал, енді сен маған санамақ
айтып берші.
Аю: -Балалар мен өзім айтып
көрейін. Машаны бір таңқалдырайын.
Санамақ: Бір дегенім
бесік,
Шықтың содан
өсіп.
Екі дегенім
елім,
Өзен, туым,
көлім.
Үш дегенім
үміт,
Үміт артар
жігіт.
Тәрбиеші: -Жарайсың, аю! Маша
аю өте тамаша санамақ айтты, балалардың көмегінсіз өзі айтып
берді.
Маша: -Иә, аю өте батыл
екен.
Аю: -маша сен мені қинай
бердің ғой, мен сәл ұйқымды ашып, балалармен бойымды жазып алғым
келіп тұр.
-Балалар шаршадыңдар
ма?
Балалар: -Иә,
шаршадық.
Маша: - Олай болса манің
төртінші тапсырмам өте қызықты. Ендеше экранға назар
аударайық.
4 –
тапсырма.
Сергіту сәті: видео ролик
арқылы.
Тәрбиеші: -Жарайсыздар,
балалар!
Маша: -Өте тамаша, көңіл –
күйлерің көтеріліп, тапсырманы жақсы орын дап шықтыңдар. Аю соңғы
тапсырмам қалды.
5 –
тапсырма.
-Мына геометриялық пішіндерді
орнына орналастыр.
Аю: -Балалар маған
көмектесесіңдер ме?
Балалар:
-Көмектесеміз.
Тәрбиеші: -Балалар алдарыңда
ақ қағазда пішіндердің суреті бейнеленген. Ал табақшадағы
пішіндерді ақ қағазда орналасқан орнын мұқият қарап, дұрыс
орналастыруларың керек.
Аю: -Балалар мен
баражатырмын.
Аю мен балалар тапсырманы
орындайды.
Маша: -Болдыңдырма балалар,
енді мен тексеріп шығамын.
Маша барлық балалардың жұмысын
тексеріп, өте жақсы жасалған жұмыстарды көріп
қуанады.
Маша: -жарайсыңдар, балалар,
аю! Аю сен барлық тапсырманы жақсы орындап шықтың. Адал дос болуға
лайық екенсің, ендеше жүр екеуіміз менің үлкен сарайыма барып бірге
тұрайық.
Аю: -Маша екеуіміз балалармен
ойын ойнайықшы.
-Балалар ойын ойнаймыз
ба?
Балалар: -Иә,
ойнаймыз.
Дидактикалық ойын: «Қай
ертегінің кейіпкері?»
Тәрбиеші: -Балалар алдарыңызда
ақ қағазда дәл осы суреттер бейнеленген. Суреттерді сәйкестендіру
керек. Қай ертегінің кейіпкері екенін табуыңыз керек. Қастарыңызда
фламастерлер бар, сол фламастердің көмегімен сызық арқылы
қосамыз.
Аю мен Маша балаларға
көмектеседі.
Аю: -Балалар сен дерге көп
рахмет, мен Машадай дос таптым. Ал, сендер маған барлық
тапсырмаларды дұрыс орындауға көмектестіңдер. Сендер болмағанда мен
қатты қиналып қалар едім. Балалар бір – бірлеріңді ренжітпей адал
дос болыңдар. Өте білімді, жақсы балалар
екенсіңдер.
Маша: -Жарайсыңдар, балалар!
Кеттік аю, біздер енді доспыз. Зәулім сарайға барып асыр салып
ойнайық. Сауболыңыздар!
Балалар:
-Сауболыңыздар!
Тәрбиеші: -Балалар біздер
қандай ертегіні тамашаладық?
Балалар: - «Маша мен аю»
ертегісін.
Тәрбиеші:-Бізге қонаққа кім
және не келді?
Балалар: -Маша мен
аю.
Тәрбиеші: -Маша аюға неше
тапсырма берді?
Балалар: -5
тапсырма.
Тәрбиеші: -Балалар біздер неге
көмектестік?
Балалар:
-Аюға.
Тәрбиеші: -Машаның
тапсырмалары қиын болдыма?
Балалар:
-Жоқ.
Тәрбиеші: -Балалар, сендерге
ертегі ұнады ма?
Балалар: -Иә,
ұнады.
Тәрбиеші: -Балалар бүгінгі
ашық оқу іс – әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар, жарайсыздар.
Сендерге көп – көп рахмет.
-Ендеше қонақтармен
қоштасайық.
Балалар:
-Сауболыңыздар!
Тәрбиеші: Осымен бүгінгі ашық
оқу іс – әрекетіміз аяқталды. Қош
сауболыңыздар!