Материалдар / ертеңгілік: "Ертегілер елінде" Жаңа жыл
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ертеңгілік: "Ертегілер елінде" Жаңа жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі тәрбиешілер пайдалануға болатын Жаңа жыл мерекесіне арналған сенарии
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қазан 2020
1276
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ертегілер әлеміндегі жаңа жыл


Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл –күй сыйлау.Ән ,тақпақ, би

билеу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Татулыққа,әдептілікке,адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Жаңа жылдық безендірілген зал,ортада шырша,ертегі

кейіпкерлері

Жүргізуші:

Қыс келді,қыс келді

Жон аппақ түске енді.

Аралап қайтайық,

Ақ күміс бақтарды.

Қош келдіңіздер,балалар,ата-аналар,жаңа жылдан көп үміт артып асыға күткен барша қауым бәрімізге алда келе жатқан Жаңа 2016 шығыс жыл санауы бойынша Мешін жылы

құтты болсын!Бүгінгі « Ертегілер әлеміндегі Жаңа жыл!»атты ертеңгілігіміздің шымылдығын ашайық.


Хор: «Кел,жаңа жыл!»

Жүргізуші:

--Құрметті жаңа жыл ертеңгілігіне қонаққа кімдер келген екен? (әр топ балалары өздерін атап айтады)

Д «А» -Біз Қызыл телпектіңауылынан келдік,

-Біз көңілді сайқымазақтармыз

Д «Ә»-Біз дүкенге жаңа келген қуыршақтармыз

-Бізді Карло әкейдің жасаған Буратиноларымыз

Д «Б»-Біз жаңа жауған Ақшақарлармыз

-Біз Аяз атаның көмекшілері Санта Клаус боламыз

Д «В»-Біз тапқыр Қояндармыз

-Біз достыққа адал Қасқырлармыз

Д «Г»- Біз тентек Маша мен оның қамқоршы досы алып Аюмыз


Д «Д»-Біз жұмыртқаны жаңа жарып шыққан балапандармыз

-Біз Кен іздеген кішкентай Гномдар патшалығынан келдік

Жүргізуші:

Олай болса Қызыл телпек пен сайқымазақтар елінен қонақкәде сұраймыз.

Көрініс:

«Қызыл телпек»


Жүргізуші: Бүгін сізге жырдан алқа тағайын

Шат –күлкіге толы болсын маңайың

Көргендер де көрмеген де арманда

Жаңа жылың құтты болсын ағайын,-деп ортада «Сайқымазақтар» биін тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Әжесінің Қаракөзі ақмаңдай

Сәуле шашып ән төгілтер ақтаңдай

Ортамызда әуелетіп ән салар

«Көңілді күн»әннің аты мақпалдай

Қаракөз:Ән «Көңілді күн»


Жүргізуші: тақпақтар

Д «А»


Динара:

Бақша іші мереке

Ойын күлкі асқақ ән

Жақсы апалар жаңа кеп

Мерекені бастаған

Бегарыс:

Жаңа жыл,жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

Нұртас:

Тамаша,тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

Ахмет:

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын

Шат күлкіге толы болсын маңайың

Көргендер де көрмеген де арманда

Жаңа жылың құтты болсын ағайын

Нұрай:

Қош өткен жыл

Қош келдің жаңа жыл

Шырша шамын жағайық

Жаңа жыл тойын ашайық.


Жүргізуші:

Аулаға қар үйгізді

Бетті аязға сүйгізді

Тоңбасын деп теректер

Қырау ішік кигізді

Д «Б» Ортада «Ақшақарлар» биі

Осы кезде Мыстан кемпір келеді.

Мыстан:

-ЕЕе,тағы менсіз тойламақсыңдар ғой әәә.Қайда әлгі Аяз аталарың?Былтыр маған уәде беріп еді.Ақшақарды жібермін.Айтамын.сенсіз шырша тойы болмайды деп еді.Өтірікші екен ғой.Кәне бәрің кетіңдер бұл орманнан.Бұл менің мекенім.Кетіңдер

ЕЕй алай –дүлей боран қайда?Қайдасыңдар қорқыныш,үрей атауларыы... келіңдер,келіңдер.,тойдың шырқын бұзыңдар...


Жүргізуші:

-Мыстан әже,неге сонша ашуланасыз?Біз сізді ұмытқан жоқпыз№Сізге арнайы шақыру қағапзын жіберіп едік.сіз алдыңыз ғой.Ұмытып кеткен өзіңіз емес пе?Қалтаңызды қараңызшы,міне шеті көрініп тұр ((түртіп көрсетеді)

Мыстан:

-Аааа не дейді?Кәне?қайсы?Мұны қашан алдым? Кім әкелді?Сұлу Ақшақарды көрмедім ғой.

Жүргізуші:

-Тентек Маша мен аюды жақын арада көрмедіңіз бе?

-Ойыыыбаай,атай көрме!Ол қорқу дегенді білмейтін тентек Маша ма?Оның шықылықтап күлген дауысы естілгенде ормандағы аңдардың бәрі тіпті қасқырлар да іннен інге тығылып қашады.Өткенде менің сыпырғымды алып олай-бұлай ұшып аспандағы ұшқан құстарды тырқыратып қуып салды.Менің белім ауырып сыпырғымды ұстауға жағдайым болмай отыр едім,емдеймін деп үлкеен инені алып келді,әрең қашып құтылдым.

Онда да Аю құтқарып қалды.сол кезде қолыма бірдеңе беріп еді,осы қағаз болды ғой.

Иә,иә,осы қағаз,ашып қарамаппын ау,қаап ұят болды-ау.оны білгенде жылтырақ әдемі көйлегімді киіп келетін едім. Кешіріңдер балалар,осы көйлегім де жаман емес шығар ,осылай жүре берейін.


Жүргізуші:

Өзі тентек ақылды

Аюмен үлкен дос болды

Айтыңдаршы балалар

Аты оның кім еді?


-Маша (бәрі хормен айтады)


Олай болса ортада Маша мен аюлардың өнерін тамашалайық..

Д «Г» «Маша мен аюлар биі»

Аяулым: «Шырша жыры»

Жүргізуші: Таңдайымыз тақ-тақ

Д «Д» Біз айтамыз Тақпақ.

Ерхан:

Оралды өлкеме

Жаңа жыл армысың

Оранды ақ көрпе

Асқар тау,қарлы шың

Арай:

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

Кел балалдар келіңдер

Тамашаны көріңдер

Балдәурен:

Ақ таяғын таянып,

Таңмен бірге оянып.

Аяз ата келіп тұр,

Ақ күпіге оранып.

Ал балалар, тұрмайық

Би билейік, ойнайық

Аяз ата қуансын

Дөңгеленіп зырлайық

Берекет:

Жаңа жылды қарсы алдың

Мініп алып күймеге

Мен де бүгін ән салдым

Араластым биге де

Жансая

Аулаға қар үйгізді

Бетті аязға сүйгізді

Тоңбасын деп теректер

Қырау ішік кигізді

Мыстан:

-Өнерлі балаларды жалғыз тамашалаған қызық емес екен.Сендер ана Аяз аталарыңды шақырмайысңдар ма?

Жүргізуші:

-Кәне балалар,Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.


Аяз ата мен Ақшақарды қой ертіп келеді.

Қой:

-Мә-мә,Міне Аяз ата

Ақшақар сұлу бәрінен

Алып келдім сіздерді

Жаңа жылдың төріне

Бәріңе белгілі өқоймын

Момын болсам да,баққанға

Дәулет болып қорада

Елге жайлы жыл болдым

Аяз ата:

-Армысыңдар ұлдарым

Бармысыңдар қыздарым

Ақ таяққа таянып

Таңмен бірге оянып

Асыға жеттім сендерге

Биік-биік таулардан

Ну Қарағай орманнан

Шөлейт дархан даладан

Буырқанған теңізден

Асулардан асып келдім.

Сағынып сыңғыр үніңді

Мың бұралған биіңді

Естуге және көруге

Тағы келдім балдарым

Шанаға жектім жүйрікті

Қапшыққа салдым сыйлықты

Ертіп алып қызымды

Қартайсам да күш жинап

Міне келдім сендерге

Ақшақар

Қуана қарсы алатыгн

Кішкентай менің достарым

Құтты болсын жаңа жыл

Шалғайдан келдік сендерге

Қандай өнер әнің бар

Ортаға бәрін салыңдар

Аяз ата әкелген

Сыйлықты бөліп алыңдар

Мыстан:

-Әй алжыған шал!Қайда жүрсің?Осынша баланы күттіріп қойып..Адасып кеттің бе?

Жүргізуші:

-Қош келдіңіздер Аяз ат,Ақшақар.Мыстан әже сіз жұмбақ жасырамын деген сияқты едіңіз?

Мыстан:

-Ия,Оны мына Аяз шалға айтамын ба деп едім,Бәріңе айтайын:

Тікен-тікен тік пісте

Қысы- жазы бір түсте

ОЛ не?

Балалар:

-Шырша

Жүргізуші:

-Меруерттің орындауында

«В лесу родилась елочка»әні






Д «А»Тақпақтары:

Есет

Тауда туып ,тауда өскен

Шырша келді ортаға

Қандай жақсы шыршамыз

Әншырқайық баршамыз

Ақжан:

Аяз ата ойды қырды

Аралап жүр түгел шолып

Қарнсы алғалы жаңа жылды

Ол да көптің бірі болып

Қайда қызық болса думан

Аяз ата сонда болды

Күндіз үйде ойнап бізбен

Балалармен бірге болды

Нұржан

Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына

Алтынай

Тілеймін мен бар әлемга

Дос көп болын жанашыр

Ата-әже,ата-әже

Құтты болсын жаңа жыл

Ақмаржан:

Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізхілген

Қандай әсем шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

Жүргізуші:

-Ағаштан бізді жасады

Папа Карло ақсақал

Жан енді де біздерге

Би билейміз тербеле


Д «Ә» «Буратино»биі

Абзал «Бір жұлдызың боламын мен де»

Мыстан:

-Әй Аяз,көмекшілерің де келіпті ғой,олардың өнерін тамашаламаймыз ба?

Д «Б» «Санта Клаустар»биі

Жүргізуші:

Қара сөзден өлең оқып өретін

Ұландар бар тақпақ айтып беретін:


Д «В»Тақпақтары

Мыстан:

-Хахахаха

Мына қызықты қараңдар,Әй мына қасқыр қашаннан бері қоянды жемей дос болатын болған.Аңқау қояндар билеп жүріп жем боп қалмаңдар.


«Қояндар мен қасқырлар» биі




Жүргізуші:

Жаңа жылда жаңа ән

Жаңа жылда жаңа жыр

Д «Г» тақпақтары


Ортада Рамазанның орындауында «Жаңа жыл »әні




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!