Есептерді шығарудың тиімді тәсілдері
Бекболатова Жанар Пердебаевна №125 жалпы орта білім беретін
мектебінің математика пәнінің
мұғалімі
«Математика- ұлы ғылым, ол-
адам ақыл- ойының
игілікті қабілетінің ғажайып
жемісі» А.Н.
Писарев
ХХІ ғасыр мектебі
оқушыларының ой-санасының өсуі, жаңа
сапалық деңгейге шарықтау кезеңі, еліміздің егемендік алып, әлемнің
өркениетті елдерінің қатарына қосылуы жаңа заман жастарынан
жаңашылдықты, ізденімпаздықты талап етеді. Бұл орайда математика
пәні басты мәнге ие. Қазіргі кезеңдегі мектеп математикасында әлі
шешімдері табылмаған мәселелер аз емес. Солардың бірі – оқушылардың
логикалық ойлау ойлау қабілеттерін дамыту, кітапқа, оқуға, білім
алуға деген құштарлықтарын
арттыру.
Оқушылардың жеке ойлау қабілетін дамыту үшін олардың
өзіндік күш-қуаты мен сенімін арттырып, қолынан келетін көп
істердің мүмкіндіктеріне бағыт берген
абзал.
Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын,
ой ұшқырлығын дамытады. Өз тәжірибемде оқушыларды түрлі мазмұнды
есептерді шығаруға, оның шартын құра білу дағдысын қалыптастыруға,
бір тапсырманың бірнеше шешімін табуға жетелеймін. Әрбір сабақ
қызықты есептермен аяқталуына, логикалық жаттығулардың олардың жас
ерекшелігіне қарай күрделене түсуіне мән
беремін.
Шығармашылық жұмыстар математикалық біліммен қатар
күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі жағдайға байланысты болғаны
дұрыс. Сондықтан есептерді оқушылардың байқағыштығын, ойлауын,
қиялын дамытуға негіздеймін. Баланың ойлау қабілетін оқу мен жазу
арқылы дамыту барысында олардың логикалық есептер, кестелер,
суреттер, ребустар, сөзжұмбақтар, анаграммалар, оқулық-дәптермен
жұмыс істеу іскерліктері де артады. Нәтижесінде оқушылардың
өзін-өзі бақылау, бағалау, сөйлеу, тыңдау қабілеттері
жетіледі.
Оқушылардың математика сабағында шығармашылық қабілеттерін
дамытудың стратегиялары өте көп. Ол іс-әрекеттер оқушыларды еркін
ойлауға, ақыл-ойын дамытуға, шығармашылық белсенділігін арттыруға
талпындырып, ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелеуге, басқаларды тыңдай
білуге, қарым-қатынас жасауға, ел алдында өз ойын еркін айтуға
мүмкіндік береді.
Қазіргі заман математика
ғылымының өте кең, жан - жақты тараған кезеңі. Ал талапқа сай
математикалық білім берудің басты шарты математикалық мәдениеттің
деңгейін көтеру болып табылады. Математикалық есептерді шешу,
теоремаларды дәлелдеу оқушылардың ойын оятып ойлау, есте сақтау
қабілеттерін дамытуда, батыл қимылдар жасауға, шығармашылық
ізденіске тәрбиелейді. Оқушылардың математикалық сауаттылығын
арттыру – олардың алған білімінің тиянақты болуын қамтамасыз ету.
Сондықтан оқушылардың математикаға дайындығын жан - жақты жетілдіру
– қазіргі аса маңызды міндеттердің бірі. Оқушылардың логикалық ой -
өрісін арттыруда, оларды математикаға қызықтыруда олимпиадалық
есептерді шығару сабағын өткізудің маңызы
зор.
Математикалық есеп – оқушылардың ұғымдарды,
теорияны және математика әдістерін меңгерудің тиімді де,
айырбасталмайтын құралы. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда,
оларды тәрбиелеуде, біліктіліктері мен дағдыларының қалыптасуына
математиканың практикамен байланысын көрсетуде есептің маңызы зор.
Есеп шығару - ой жұмысы. Ой жұмысы арқылы оқушылар дербес ойлауға,
қорытынды шығарып, математикалық ақиқатты көре білуге, дәлдікке
үйренеді.
Есеп шығару, талдау есептер жүйесін құрудың
мынадай әдістемелік ерекшеліктерін анықтауға жол
ашты:
1) есеп мазмұнындағы мәліметтердің
ғылымилығы;
2) есеп шығаруды үйретудің дамытушы
сипаты;
3) есепті кәсіби түрде шығара білуді
қалыптастыру мен дамытудың жүйелілігі және
сабақтастығы;
4) есеп мазмұнында мәселе
көтерілуі;
5) есеп мазмұнының кәсіби
бағыттылығы;
6) есеп шығаруды үйретудегі саналылық пен
мақсаттылық;
Осының бәрінде де математикалық ойлаудың
жеткілікті түрдегі жоғары деңгейін қалыптастыру
қажет.
Есеп шығаруға үйретудің әдістемелік
аспектілерін қарастыра келе математика пәнінің мұғаліміне
әдістемелік нұсқаулар
ұсынамыз:
• математикаға қызығыңыз, оқушыларыңызды
қызықтырыңыз;
• математикалық білімді молайтыңыз,
әдістемелік шеберлігіңізді
дамытыңыз;
• «Мұғалім - оқушы» тұлғалық бағдарлы
байланысын жүзеге
асырыңыз;
• оқушылардың ақыл-ой қабілетінің,
шығармашылық дарынының дамуына өз әдістемелік қабілетіңізді
ұштастырып, шеберлікті тиімді
қолданыңыз;
• есеп шығарудың пайдалы жағын бөліп
қарастырыңыз;
• аңғарғыштыққа және дәлелдеуге арналған
есептерді жиірек
қолданыңыз;
• ғылыми-зерттеу жұмыстарына
қатысыңыз.
Қорыта айтқанда, мұғалім – оқушының жеке
тұлғалық және зияткерлік дамуын жобалаушы. Бұл мұғалімнен
ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті,
оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық
бейімдеуді, олардың ізденімпаздық дағдыларын, шығармашылық
қабілеттерін дамыту бағыттарын талап етеді.Бүгінгі күні
мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр
боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер
деңгейіне көтеруді талап етіп
отыр.