Есімдіктің септелуін оқыту жолдары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Есімдіктің септелуін оқыту жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптарда тіл білімі жайлы жалпылай түсінік беріледі. Мысалы, 7-сыныпта «Зат есімнің септелуі» тақырыбын өткенде оқушылар бұл тақырыпты естеріне түсіріп, септіктерді бір-бірінен ажырата алады. Қазақ тілінде 7 септік бар екені белгілі. Бастауыш сыныптарда септіктермен жай ғана таныстырылса, жоғарғы сынып оқушыларына олардың қасиеттері,атқаратын қызметі және олардың түрлерімен толық таныстырылуы, басқа да қасиеттері толық ашылып көрсетілуі қажет.Сондықтан, біздің басты міндетіміз оқушыларға сол білетін септіктерін терең меңгеріп алу үшін көмектесу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кужабаева Айнур Мойнакбаевна

Батыс Қазақстан облысы,Зеленов ауданы,

Рубежин ЖОББМ-балабақшасының

қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі



Есімдіктің септелуін оқыту жолдары

Бастауыш сыныптарда тіл білімі жайлы жалпылай түсінік беріледі. Мысалы,

7-сыныпта «Зат есімнің септелуі» тақырыбын өткенде оқушылар бұл тақырыпты естеріне түсіріп, септіктерді бір-бірінен ажырата алады.

Қазақ тілінде 7 септік бар екені белгілі. Бастауыш сыныптарда септіктермен жай ғана таныстырылса, жоғарғы сынып оқушыларына олардың қасиеттері,атқаратын қызметі және олардың түрлерімен толық таныстырылуы, басқа да қасиеттері толық ашылып көрсетілуі қажет.Сондықтан, біздің басты міндетіміз оқушыларға сол білетін септіктерін терең меңгеріп алу үшін көмектесу.

7-сыныптың оқу бағдарламасында зат есімнің септелуі үшін 1 сағат берілген. Бұл 1 ғана сағатта септіктердің сұрақтары, жалғаулары, тәуелденіп барып септелуі, көптік жалғауынан кейін септелуі толық үйретілуі тиіс.Септіктердің кейбірі затқа, ал кейбірі іс-қимылға байланысты болып келеді.Мысалы, атау заттың атын, ілік бір заттың екінші бір затқа тәуелді немесе қатысты екенін, барыс қимылдың бағытын, мақсатын, кейде мезгілін, табыс септігі объектіні, жатыс мекендік, мезгілдік мағынасын , шығыс септігі заттың іс-қимылдың шыққан орнын, көмектес іс-қимылдың орындалу амалын және ортақтасу қатынасын білдіреді.Мысалы: Мұса қалаға оқуға кетті.Көзінің жасын жеңінің ұшымен сүртті. Түсінгенімді мұғалімге айтып бердім.Отанды сүю – иманнан.Есіктері ағаштан жасалған.Қызым үйде, қылығы түзде.

Сөздердің тәуелденіп барып септелуі өз алдына оқытылуы керек.Себебі септік қосымшаларында өзгерістер болады, олар рет-ретімен түсіндірілмесе тәуелденіп барып , септелуде сөздің қай септікке тиісті екенін ажырату оқушыларға қиынға соғады.

Тәуелді септелуді жай септелумен салыстырғанда барыс, табыс, жатыс септіктерінде айырмашылық болады. І,ІІ жақтың барыс септігі (ағама, ағаңа) –а, -е, формасына ал ІІІ жақтың барыс септігі (ағасын) –н, жатыс септігі (ағасында, інісінде) –нда, -нде формаларына ие болады.

Әрбір септіктің өз алдына жалғаулары болғандықтан, олардың атқаратын қызметтеріде бір-бірінен ерекше.Бұл да оқушылардың назарын аударуды қажет ететін жағдай. Мәселен:

  • атау септігі негізінен бастауыш кей жағдайларда баяндауыш;

  • ілік септігі тек ғана анықтауыш;

  • барыс септігі затқа бағытталғанда толықтауыш,іс-әрекетке байланысты болғанда пысықтауыш;

  • табыс септігі тек толықтауыш;

  • жатыс септігі толықтауыш және пысықтауыш;

  • шығыс септігі толықтауыш немесе пысықтауыш;

  • көмектес септігі толықтауыш.

Оқушылар септіктердің қандай жағдайда толықтауыш, қандай жағдайда пысықтауыш қызметін атқаратындығын толық түсінуі үшін мыналар ескерілуі керек: барыс, жатыс, шығыс және көмектес септіктері заттың немесе заттық мәнін білдіретін сөздерге жалғаулары жалғанып келгенде толықтауыш қызметін атқарады.Яғни барыс септігі кімге? неге? жатыс септігі кімде? неде? шығыс септігі кімнен? неден? көмектес кіммен? немен? сұрақтарына жауап берсе толықтауыш қызметін атқарады.Мысалы: Білгендерін қағазға түсірді.Бұл киім әр түрлі матадан тігілген. Есенде әр түрлі бояулар бар.

Есім сөздердің кейбірі заттық мәнге салыстырғанда мекен-жайлық мәні басымдау келетін (жеке тұрғанда кім?не? сөйлем ішінде қай жер?сұрағына жауап беретін) есімдер кездеседі.

Оларға жер-су атаулары, қоғамдық орындар т.б. кіреді.Осындай есім сөздердің соңына:

  • барыс септігінің қосымшасы жалғанса, қайда? қай жерге? қай жаққа?

  • жатыс септігінің қосымшасы жалғанса, қайда? қай жерде? қай жақта?

  • шығыс септігінің қосымшасы жалғанса, қайдан? қай жақтан?

сұрақтарына жауап беріп келеді.Сөйлем ішінде мекен-жайды білдіріп келген есімдер пысықтауыш қызметін атқарады.Мысалы: Бүгін мал аулағыраққа кетті.Баланың даусы таяудан естіледі.Оралдан келгеніміз жаңа ғана.

Септіктер тілімізде негізгі мәнін жоймастан жалғауларының түсіп қалу жағдайлары да кездеседі.Бұл әсіресе ілік және табыс септіктерінде болады.Мысалы: Ауыл адамдары – Ауылдың адамдары. Ілік септігіндегі бұл жағдай сөз мағынасының өзгеруіне әсер етпейді.

Табыс септігінде тұрған есімдіктер сілтеу есімдігімен бірге келсе, жалғауларының түсіп қалу жағдайы кездеспейді.Мысалы: Сен мына кітапты оқы. Мұндағы сілтеу есімдігі – мына кітап. Ал, жалпылау мәнге негізделсе, түсіп қалу жағдайы кездеседі.Сен кітап оқы. Мұнда жалпылау мәнінде берілген. Себебі анық қайсы кітап екені көрсетілмеген.

Сондай-ақ кейбір есімдер кім? не? сұрақтарына жауап берсе де, уақытын,мезгілін білдіреді.Мұндай есімдерге:

  • жыл мезгілдері көктем, жаз, күз, қыс

  • ай атаулары қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан

  • апта атаулары дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі,

  • мезгіл атаулары таңертең, кешкісін.

Осындай есім сөздерге барыс септігінің жалғауы жалғанып, қашанға? жатыс септігінің жалғауы жалғанып, қашан? шығыс септігінің жалғауы жалғанып, қашаннан? деген сұрақтарға жауап беріп, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады.

Есімдіктердің септелуін қаншалықты дәрежеде түсінгенін тексеру үшін оқушыларға төмендегі кестені пайдалануға болады. (1-кесте) Оларға кестені көрсетіп, тапсырма ретінде толтыру міндеті жүктеледі.Барлық тапсырмалар толық орындалғаннан соң, 2-кесте көрсетіліп салыстырылады.Оқушылар өздерінің қаншалықты қате жібергенін, қай септік қалай жасалғанын салыстыру арқылы тағы да септіктер туралы білімін бекітеді.

Осы жоғарыда айтылған ережелерді рет-ретімен оқытсақ, септіктер туралы терең білім беруге қол жеткізген боламыз.

1-кесте


Есімдіктің септелу кестесі


Септіктер


Сұрақтары

жалғаулары


белгілері

сөйлемдегі атқаратын қызметі

Көптік жалғауы

Тәуелдік жалғауы

жекеше

көпше

Атау







Ілік







Барыс







Табыс







Жатыс







Шығыс







Көмектес








2-кесте



Есімдіктің септелу кестесі


Септіктер

атауы


Сұрақтары

жалғаулары


белгілері

сөйлемдегі атқаратын қызметі

Көптік жалғауы

Тәуелдік жалғауы

оңаша

ортақ

Атау

кім?не?

лар лер

дар дер

тар тер

І ым,ім

ІІ ың,ің,

ІІІ сы, сі, ы,і

І мыз, міз, ымыз, іміз

ІІ ыңыз, іңіз

ІІІ сы, сі,

ы,і

Затты атап көрсетеді

Бастауыш

Баяндауыш

Ілік

кімнің?

ненің?

лардың лердің

дардың дердің тардың тердің


І ымның,

імнің

ІІ ыңның

іңнің

ІІІ сының,

сінің

І ымыздың,

іміздің

ІІ ыңыздың,

іңіздің

ІІІ сының, сінің

Заттың екінші бір затқа тәуелді немесе қатысты екенін білдіреді

Анықтауыш

Барыс

кімге?

неге?

ларға

лерге

дарға дерге тарға терге

І ыма,

іме

ІІ ыңа,

іңе

ІІІ сына, сіне

І ымызға

імізге

ІІ ыңызға,

іңізге

ІІІ сына, сіне

Заттың не іс-қимылдың бағытын, мақсатын, кейде мезгілін

Толықтауыш

Пысықтауыш

Табыс

кімді?

нені?

ларды

лерді дарды

дерді

тарды

терді

І ымды

імді

ІІ ыңды,

іңді

ІІІ сын, сін

І ымызды

імізді

ІІ ыңызды,

іңізді

ІІІ сын, сін

Объектіні білдіреді

Толықтауыш

Жатыс

кімде?

неде?

ларда

лерде дарда дерде тарда терде

І ымда

імде

ІІ ыңда,

іңде

ІІІ сында, сінде

І ымызда

імізде

ІІ ыңызда,

іңізде

ІІІ сында, сінде

Заттың немесе іс-қимылдың орындалу мекенін, мезгілін білдіреді.

Толықтауыш

Пысықтауыш


Шығыс

кімнен?неден?

лардан лерден дардан дерден тардан терден

І ымнан

імнен

ІІ ыңнан,

іңнен

ІІІ сынан, сінен

І ымыздан

імізден

ІІ ыңыздан,

іңізден

ІІІ сынан, сінен

Заттың не іс-қимылдың шыққан орнын білдіреді.


Толықтауыш

Пысықтауыш

Көмектес

кіммен? немен?

лармен лермен дармен дермен тармен термен

І ыммен

іммен

ІІ ыңмен,

іңмен

ІІІ сымен, сімен

І ымызбен

імізбен

ІІ ыңызбен,

іңізбен

ІІІ сымен, сімен

Заттың немесе іс-қимылдың орындалу амалын және ортақтасу қатынасын

Толықтауыш



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.06.2018
829
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі