Материалдар / Есірткі жас өмірді улаушы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Есірткі жас өмірді улаушы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға есірткі туралы мағлұмат беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2018
669
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Есірткі – жас  өмірді  улаушы

Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы денсаулықты сақтаудың басты қағидалары: оқушыларды зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға, әлем дерті нашақорлық ауруынан сақтануға, оқушылардың бойында адамгершілік, имандылық  қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсініп, сақтай білуге тәрбиелеу.

Тәрбиелік бағыты: зиянды заттардан аулақ болу.                                                                                                 

1.Ой  қозғау  (Екі   топқа  да ортақ  бір  сұрақ  қою,

оған  жауап  алу)                           

Салауатты  өмірге   қандай  әрекеттер  кері  ықпалын  тигізеді  деп  ойлайсыз?  

Темекі, Нашақорлық, Ішімдік

  1. Мағынаны тану .Есірткі туралы жалпы мағлұмат
    Грек тілінде « ұйқы» мағынасын білдіретін «narke» сөзі ағылшын тілінде « narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтату, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді.
    Жалпы айтқанда, есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз. Өйткені бұлардың құрамында мастандыратын, ашуландыратын, тыныштан-дыратын, сергітетін заттар да бар.
    Есірткі дегеніміз адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, рухани және физикалық тепе – теңдікті бұзатын, рухани және физикалық тәуелдікке жол ашатын, жеке адамды психологиялық жағынан және экономикалық және әлеуметтік жағынан қиындыққа әкеліп соғатын заттар.

Ал енді нашақорлықтың адам өміріне тигізер әсері өзімізге белгілі. Онымен айналысқаннан кейін бұзақылық жасау,қорлық көрсету т.б жасауға итермелейді. Адам денесі қалжырап, көзі бұлдырап, өмірге не үшін келгені не үшін жүргені беймәлім болады.

Оқушыларды екі топқа топтастыру:   1 — Топтың жұмысы

Есірткі қолданудың себептері
Білімсіздік: Есірткінің қаншалықты қауіпті екендігін білмеу және бұл мәселеге жеңілтектікпен қарау.
Қызығу: Қызығушылықтың туындауына көбінесе бұқаралық ақпараттардың өздері себеп болады дей аламыз.
Ойын – сауық орындары: Дискотека және басқа да ойын – сауық орындары.
Қысым: Жаман достардың қысым жасауы.
Әуестік: Бір рет көрейін, сосын тастаймын деп ойлау. Бірақ бір немесе екі рет көру адамды қайтпас жолға түсіру үшін жеткілікті болады.
Мода: Айналадағы адамдарға еліктеу. Қоршаған орта бұзық болса, жаман әдеттердің жұғуы өте оңай.
Есірткімен алғашқы байланыс көшедегі белгісіз сатушы немесе достар арқылы пайда болады.

2-топтың жұмысы:Нашақорлардың негізгі белгілері
Есірткі қолданатын адамдарды мынадай белгілерден анықтауға болады:
Адамның дәрілерді жасыруға тырысуы;
Терісінде көгерген немесе қарайған ине іздерінің болуы;
Көктамырдың үстінде немесе айналасында су жиналғандай іріңнің жиналуы;
Солғын, ұйқылы – ояу болу немесе талу, әсіресе денесін қасу байқалса есірткі немесе синтетикалық заттардың көп мөлшерде қабылданғанын көрсетеді;
Есірткіден алыстатылған немесе қадағаланған кезде бірдеңе жоғалтқандай әрекеттер жасауы;
Көз қарашықтарының үлкеюі;
Нашақорлардың жаргон тілін білуі;
Кісінің белгілі уақытта басқа жерге кетіп қалуы.
Есірткіге тәуелді адамдар өте ашушаң болады.
Есірткіні қабылдау уақыты жақындағанда көздері суланып, мұрны ағып, есінеп қасына бастайды

Мұғалім:
Ертеңіңді ойласаң – есірткіге жолама   

Сонымен қатар темекі де – денсаулықтың дұшпаны.

Бір данышпан темекі туралы сұрағанда « мен темекінің үш жақсы жағын білемін» депті:
Біріншіден, темекі шеккен адамның үйіне ұры түспейді.
Екіншіден, темекі шеккен адамды ит қаппайды.
Үшіншісі, шылымқор жан мәңгі жас болып өтеді.
Мұны дәлелдеп берсеңіз дегенде:
... Темекі тартқан адам түнімен күркілдеп жөтеліп шығады. Түнде келген ұрылар болса, үй иесі ояу екен деп ойлап, кері қайтады. Көп жөтелген адамның белі бүгіліп, ерте таяқ ұстауға тура келеді. Таяқ ұстаған адамнан ит те жасқанады. Темекіні көп тартқан адам ерте өледі. Мәңгі жас болып өтеді дегенім осы,- деген екен.
Осы жағдаятты талдауға байланысты сендерге мынадай ой тастаймын: «Темекі - денсаулық дұшпаны!» (Оқушылар 3 жақты дебат құрады. «Келісемін», «Келіспеймін», «Ерекше пікір». Әрбір топ постерге өз ойларын жазады, өз пікірлерін дәлелдейді, топтар өз орындарын ауыстырып, 3 рөлде де пікірлерін айтуға мүмкіндік беріледі).
1. Денсаулық -(зор байлық)
2. Жарлының байлығы -(денінің саулығы)
3. Жан ауырса тән азады,
(Қайғы басса - жан азады.)
4. Дені саудың (жаны сау.)
5. Дені сау ұрпақ -(ел болашағы)
6. Ауруын жасырған (өледі.)
7. Шынықсаң (шымыр боларсың)
8. Дені сау адам -(дәулетті адам)
9. Ішің ауырса, аузыңды тый,
(Көзің ауырса, қолыңды тый.)
10. Денсаулықтың қадірін (ауырғанда білерсің)
11. Азған денеге (ауру үйір)
7. Кері байланыс: Оқушылар сабақтан алған әсерлерін ортаға салып, үндеу қабылдайды.
Ән «Өміріңе немқұрайлы қарама»
Қорытынды.Қош сау болыңыздар!































ҚР «Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі













«Есірткі,темекі,ішімдік – жас өмірді улаушы»













7Ә-сынып жетекші : Тулегенова Гулим Ериковна















Қарабұлақ кенті

2018-2019 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!