Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Есірткісіз қоғам-еңселі ел ертеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
есірткі туралы ақпараттар одан құтылудың жолы,
Материалдың қысқаша нұсқасы

Есірткісіз қоғам-еңселі ел ертеңі

Есірткі...Бұл сөз көпшілікке таныс жай сөз болып көрінуі мүмкін,алайда қатері мол,тамырын тереңге жайған індет,болашақты бұлыңғыр ететін қасірет.

Есірткі – тек денсаулықты емес, сана-сезімді де құртатын, қоғамды кері тартатын дерт. Ал қоғам қандай болуы керек? Бүгінгі қоғамның жағдайы қалай көрініс табады? Қазірде қоғам жақсы дамып,жан-жақты өркендеуде,алайда кейбір зиянды әдеттермен де күресіп жатқанын да жасыра алмаймыз.Соның бірі ел арасында,әсіресе жастардың көбісінің қызығып,теріс жолға түсуіне себеп болып жатқан жағдай есірткінің көп таралуы. Бұл індеттің жастардың ертеңіне үлкен қауіп төндіретінін,өмірінің бір сәтте өзгеріп құрдымға кететіні туралы қаншама жастарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.Жастарды бұл дерттен аулақ ұстау,ертеңгі келешектің кепілі. Сондықтан «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген қазақтың өнегелі сөзі есірткіге қарсы күрес тақырыбының өзегін айшықтайды.

Қоғамның ең асыл қазынасы – жас ұрпақ. Олардың өмірінің әр сәті білімге, өнерге және жарқын болашаққа талпыныспен өрнектелуі тиіс. Есірткіге әуестік – бұл саналы ұрпақтың санасына түсер қара бұлт, ал оның алдын алу – баршамыздың басты міндетіміз. Бұл міндетті ең бірінші отбасы өзіне жүктейді.Баланың шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап,оның тура жолға түсіп,толық адам болып кетуіне жәрдем беретін ата-ана.Есірткімен еленгісі келіп,сол нәрседен өзіне жұбаныш табатын жастар да болуы ықтимал, олар өз отбасынан алмаған жылулықты,көңілді сол нәрседен табамын деп ойлауы да жасөсіпірім шақта заңдылық десек қателеспейміз,сондықтан балаға көңілді кішкентай кезінде ғана емес,нағыз өмір жолына түсер уақытта қолдау көрсетіп,мейірім мен жылулықты екі есе беруіміз керек. Бала көңіліне демеуді есірткіден емес,өз отбасынан алуы қажет,әр отбасыда осындай қағида болса,ол отбасынан шыққан бала теріс жолға түспейді. Баланың тәрбиесіне ықпал ететін жанында жүрген адамдар. «Адамның қандай екенін білгің келсе,досына қара» деген ел арасында айтылған сөздің үлкен мәні бар.Баланың жақсы болып өсуі өскен ортасына байланысты,білімге құштар ортада өскен бала есірткіге әуес болмайды,бұл ойды өмір тәжірибесінен көре аламыз. Үшінші бір тәрбие беретін орта -білім ордасы. Қазіргі уақытта мектебемізде есірткінің зияны,оның адам өміріне әсері туралы сынып сағаттар,түрлі шаралап,қойылымдар,әртүрлі байқаулар өтіп жатыр.Бұлардың барлығының мақсаты бір-баланың есірткіден аулақ болып,жарқын өмір сүруі.Міне мұның бәрі оқушы үшін тәрбиенің қайнар көзі. Қорытындылай келе Абай айтқандай, «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап», әр адам саналы түрде өз өміріне жауапкершілікпен қарап, есірткінің құрбаны болудан сақтануы қажет.Сонда ғана қоғам сау,ұрпақ салауатты болады.


Мақала жазған: № 100 орта мектебінің 10-сынып оқушысы

Нұрлыбекқызы Ұлболсын

Жетекшісі:қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ұзақбаева Ақнұр Тұрғабылқызы


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.01.2025
88
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12