400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

«Ешкім де ештеңе де ұмытылмайды»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы Жеңіске 75 жыл
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Абырой мен парыз: Ұлы Отан соғысындағы ерлік істері»

«Ер етікпен су кешен,ат ауыздығымен су ішкен» қан-қасап жылдары біздің болашағымыз үшін кеудесін оққа тосқан,таңның атысы,кештің батысы тылда бел жабай еңбек еткен сол ардагер аталарымыз бен әжелеріміз саны жылдан-жылға азайып келеді. Олардың көрсеткен ерліктері мен сіңірген еңбектерін біздер-келешек ұрпақ еш уақытта ұмытпауға тиістіміз,ұмытаймыз да!

І.Кіріспе

«Ерлік елге мұра, ұрапаққа ұран»дейді дана халқымыз.Кешегі Ұлы Отан соғысында елін,жерңн қор,ауда талай боздақтар теңдесі жоқ ерлік көрсетіп,жандарын қиды.Олар есімдері ел есінде міңгілікке қалды. Сол борандай оқ бораған,көк пен жердің арасын отақа ораған алапат апаттан аман қалғандағы мүгедек болып елге оралғандары көп.

Биыл Ұлы жеңіске 75 жыл толады. «Елу жылда ел жаңа»дейді халық даналығы.Тыныштықта,бейбітшілікте өмір сүрген осы уақыт аралығында қаншама өзгеріс болды.Қираған қалалар қалпына келтірілді. Тарихтағы қаншама соғыстың ішіндегі ең алапты-Ұлы Отан соғысы Ел басына түскен бұл нәубеттің сипатын қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы: «Біздің елде соғыс жалыны шарпымаған бірде-бір отбасы жоқ. Майданда,тылда Совет елі ынтымақ,адал ниеттік,ауызбірлік, бауырмалдылық сезімдерін жанымен де,қанымен де,терімен де ақтады.Майдан да,тылда да жаппай батырлық,батылдық көрсетті» деп сипаттауы сол кезеңінің шындығы болды.Уақыт шіркін жүйткіген жүйріктей,аққан жұлдыздай зулап өтіп жатыр. Өткен ХХ ғсыр өзінің сан-қилы оқиғалармен,өміршең өзгерістермен,салалардың бел ортасында жүріп,өнегелі із қалдырған өрелі өркендегенмен,жүрегіміздің төрінен орын алған абзал жандармен есімізде қалды. Ерлік көрсеткендер аталарымыздың қатары сиреп қалды. Біз соғысты көрмеген ұрпақпыз. Бірақ,бүкіл әлемді отқа ораған миллондардың өмірін қиды. Екінші дүниежүзілік соғыстың адамзатқа жасаған қиянаты көп. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмауы тиіс! Фасишт басқыншыларынан жерімізді азат еткен ерлердің есімдері мен жан қиярлық ерліктері соғыстың нағыз ошағына айналған ұалалар мен елдің мекендерінде мүсін болып асқақтады,батырлардың аттары қалаларда көшелер мен саябақтарға берілді. Деректерге сүйенсек,Екінші дүниежүзілік соғыс 61 мемлекет тартылып,дүние жүзінің 20% дейін халқы қатысқан,адамзат баласының тарихында ең сұрапыл соғыс болды.



КСРО, АҚШ, Ұлыбританя және Франция мемлекеттерінің біріккен қарсылығы барысында Герман фашизі мен жапон малитаризі талқандалды. Соғысқа Қазақстанның тыс жерлерінде жасақталған әскери құрамалар мен бөлімдер майданға аттандырылып жатты. Қазастаннан ұрыс даласына 1366000 адам аттандырылды,500000-ы қазақ азаматтары. Соның 70% қазаға ұшырады.Елге оралмағандардың көбі майданда жараланып келді. Ұрыс майданында қаза тапқандардың көбінің қайда жерленгені белгісіз. Қазақстанда жасақталған әскери құрамдар соғыстың басты майдандарында болып, Жеңіс жолында Мәскеу түбіндегі шайқаста,Сталинград пен Ленинград қалаларының қорғанысына қатысып,жау мен аянбай шайқасты.

Мәскеу қаласының түбіндегі шайқаста ерекше ерлігімен көрінгендердің бірі Бауыржан Момышұлы басқарған атқыштар батальоны еді. Көптеген қазақ жауынгерлері Берлин қаласын алуға қатысып,фашизмнің ұясы Рейхстагқа алғашқы болып Жеғіс туын тіккен Рахымжан Қошқарбаев және Сағдат Нұрмағанбетов басқарған жауынгер Гитлерлер бункерін талқандаған. Соғыс кезінде Қазақстан жеріне миллионнан астам адам және завод пен фабрикалар көшірілді. Жаңа орын да тез арада іске қосылды. Жеңіске жетуге үлкен үлес қосты. Майданда атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда менің ауылым Қарсақбайда шығарылды деп мақтанышпен айта аламын.Қарағанды мыс,көмірі,марганецімен соғыс майданын қамтамасых етіп отырды. Қазақстан егіншілері мен малшыларыда Ұлы Жеңіс жолындағы ұлы істен қалыспай зор еңбек сіңірді.























ІІ.Негізгі бөлім

Бүгінгі күні «соғыс» «Жеңіс» сөзін ауызға жиі аламыз. Бұл күн бізге бүгінгі ұрпаққа соғыс ардагерлеріне сыйлаған бейбіт даму жолын одан әрі жалғастырып жатқан күн. Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында майдан ұрыс даласында ғана емес,ең алыс ауылдардарда да ж.ріп жатты. «Тылдағы еңбек майдандағы ерліктен кем болмады» деп тегін айтылмаған. «Бәрі де майдан үшін,бәрі де Жеңіс үшін!»деген ұранмен өмір сүріп еңбек етті. Сонау сұрапыл соғыста ерлік көрсеткен аталарым үшін осы бір еңбекті жинақтадым. Мен Жезқазған өлкесінен майданға аттанған батырлар еңбегі жайлы зерттеп,іздендім. Жезқазғандықтар жайлы айтқанда Отанға салынған жараның біздің әрқайсысымыздың жүрегімізде. Сондықтанда ауылдастарым,аталарымның ұрыс даласында қасық қаны қалғанша өз Отанын қорғады. Жезқазған Қарсақбайдан жасалған мина,гранаттардың соғысқа пайдасы оның қаншалықты қажет болғанын білемңз.Жылжып жылдар,ғасырлар өтсе де жұмыр жерді адам баласы мекендеген кезде ғаламдағы оқиғалардың ішіндені екінші дүниежүзілік соғыс санамызда жаңғырып қала бермек. Совет Одағының халықтары бұл соғысты «свещенная война»дейді. Нақты айтылған. Жерлес майдангер аталарымның әр қайсысының орны бөлек. Әр қайсысы ерекше бөлек тарих. Мен зерттеу жұмысымды анамның нағашы атасы Ұлытау ауданы Пионер ауылынан шыққан майдангер Мейірбек Бақбергенов атамыздан бастағым келді. Өйткені ол кісі жауынгерлік «Қазал Жұлдыз» орденімен үш мәрте марапатталған батыр екен. Мейірбек Бақбергенов 1939 жылы Сырдария әскери комиссариаты арқылы Отан алдындағы борышын өтеуге жауынгерлік сапына шақырылады. 1941 жылы маусымда Ұлы Отан соғысы бастамасымен майдан өрті өшіп тұрған Оңтүстік Батыс майданға аттандырылды. Екі жылға таяу іскер қатарында болып,жауынгерлік даярлықтан өткендіктен болар,олар бірден алдынғы шепке,Ленинград бағытындағы м айданға жіберілді. Майданда жүріп 1943 жылы лайықтылар қатарында партия мүшелігіне қабылданды. Мейірбек Бақбергенов коммунистер қатарына ерекше ерлігі үшін ұсынылды. Партияға қабылданған соң екі күннен соң «Қызыл Жұлдыз»1944 жылы Украина бағыттарындағы ұрыстардағы артиллерия қаруының команддирі Мейірбек Бақбергенов екінші рет «Қызыл Жұлдыз» ордаенімен және ІІ дәрежелі «Отан соғысы»орденімен марапатталды. 1944 жылы Кеңес әскері құрамыналары үшін соғыс тағдыры шешілетін шешуші шайқастар өтіп жатқан кезең еді. Әсіресе Суворов орденді Қызыл тулы Запорожье артиллериялық полкнің құрамалары немістердің дүркін-дүркін қарсы шабуылдарына тап болды. Фашистер соңғы күштерімен қару-жарақтарын жұмылдырып,Кеңес армиясы Европаның шекарасынан асырмауға бел буған еді.





Мейірбек Бақбергенов жетекшілк жасайтын артиллериялық қару (орудие) жауыегері 1944 жылы 13-14 қазан күндері Старый Вач маңындағы немістер мен мадьярлардың аса тегеурінді қарсы шабуылданына тап болды. Қарсыластар өте таяу келіп үсті-үстіне оқ жаудырды. Сержант Бақбергенов қарудың оқтаушысы ауыр жараланып,жау пулементі күш ала бастады. Қаруды өзі оқтап,өзі көзеп жау пулементінің көзін жойып,12 фашисті жержастандырды. Осылайшы артында таяу қалған жаяу әскер құрамасында жол ашылып,олар алдыңғы шепке өтіп кеткенше қарауылда тұрды. Осы ерлігі үшін атамызға ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордені берілді. Мейірбек ата үшінші рет «Қызыл Жұлдыз» орденімен 1945 жылы 27 ақпанда марапатталды. Осы жылдың 23 қаңтарында М.Бақбергенов өзі басқаратын артиллерия қаруымен неміс-венгер шекарасында қарсы жақтың 4 рет қарсы шабуылына тойтарыс беріп,2 танк,3 пулемент және 60-қа жуық жау әскерінің көзін жояды. Қиян-кескі шайқас 9 сағатқа созылады. Артиллериялық қару істен шыққанына қарамастан қарсы жақтың қайта шабуылына пулементпен оқ жаудырды. Осы ерлігі үшін атамыз омырауына үшінші жұлдызын тағады. «Қызыл жұлдыз»орденімен үш мәрте марапатталған барыр атамыз елге 1947 жылы оралады. Сезіз жыл отпен оқтық ортасында шыңдалған жауынгер еңбек майданының да алдыңғы шебіне сапқа тұрды.

Ұзақ жылдар бойы Қараұм,Бұрмаша,Береке,Өрнек,Пионер бөлімшелерінше ферма меңгерушісі болып жемісті еңбек етті.Ол кісінің ұйымдастырушылық қабілеті,қарапайымдылығы,адалдығы мен азаматтығы жөнінде естелікті нағашы әжем көзіне жас алып еске алады. Атамыз Жібек әжеймен 30 жыл тату-тәтті өмір сүріп,үлгілі әулет атанды. Атамыз артына 12 ұрпақ қалдырды. Біз де атамыздың ерлігіне сүйсіне отырып еске аламыз,ұмытпаймыз


























Ұлы Отан соғысы (1941-1945жж.)Жеңістің 75 жылдығына арналған «Ұлы Отан соғысы тарихының жады-ұрпақтар диологының негізі» атты Мектеп жұмыстары конкрусына қатысуға

ӨТІНІМ

Тегі

Мұханбет

Аты

Азамат

Мемлекет,аймақ,аудан,елді мекен

Қазақстан,Нұр-Сұлтан қаласы

Оқу орны-сыныбы,оқу мекемесі

№8 орта мектебі

Ғылыми жетекшінің аты-жөні,жұмыс орыны,лауазымы

Муханова Айзада Тонболатовна №8 орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі

Ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі,атағы (егер бар болса)

жоқ

Ұялы немесе стационарлық телефон номері (қала кодымен)

87472426383 87051292783

Е-mail

aizok_83@mail.ru

Баяндама тақырыбы

  • «Абырой мен парыз: Ұлы Отан соғысындағы ерлік істері»


Конкрус жұмысы қай тілде орындалды (қазақ тілі,орыс тілі )

Қазақ тілі

Конкрус бағытының аталуы




Конкрусқа қатысу шарттарымен келісемін



___________________ (___________________________)



«______» _________________________ 2019 жыл

















«АБРОЙ МЕН ПАРЫЗ:» ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДАҒЫ ЕРЛІК ІСТЕРІ»









Мұханбет Азамат Мадиярұлы

№8орта мектебінің 9 «Ә» сынып оқушысы

Ақмола обылысы Нұр-Сұлтан қаласы

aizok_83@mail.ru

Муханова Айзада Тонболатовна



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
374
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі