Эссе
Педагогтің оқушы өміріне әсері: жеке жетістіктер
тарихы
Хәкім Абай жақсы адам деп
үш қасиетке ие болған жанды айтады.
Абай айтқан үш қасиет:
ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Демек, қайратты, ақылды,
ізгі жүректі адам ғана жақсы іс қылмақ.
Даналыққа тұнған терең ой
інжуі арқылы, қазіргі жастардың бойынан табылуы тиіс талап, пайдалы
өнер, игілікті іс, жақсы мінез, ізгілік сияқты асыл қасиеттерді
насихаттаған дана Абай менің шәкірттерге білім беру мен тәрбиелеуде
өмірлік термірқазығым.
ХХІ ғасыр ғылым мен
техниканың дамыған ғасыры. Бүгінгі таңда білім беруде информатика
пәнінің алатын орны орасан зор. Әр студент информатиканы оқи
отырып, сыртқы әлеммен байланыс орнатады, информатика әрбір
студентті зияткер ретінде қалыптастыруға әсерін
тигізеді.
Әрбір оқыту әдісінің
өзіндік қолдану, әсер ету аймағы және тиімділігі болады. Әдісті
дұрыс қолдану нәтижесінде сол аймақта белгілі бір оң өзгеріс болса,
оқыту әдісінің нәтижелі болғаны. Мен,
LearningApps.org,
WordWall,
MS
PowerPoint т.б. оқу ресурстарын пайдаланамын, өйткені
сабақ өту барысында бұл платформалардың көмегі зор. Сонымен қатар
осы платформаға жүгініп, үйге берілген тапсырманы, өткен тақырыптар
бойынша сұрақтарға жауап берулері арқылы студенттердің білімін
тексеремін. Көбінше студенттерге компьютермен жұмыс жасатуды жөн
санаймын, өйткені сабақ барысында тапсырмаға сәйкес білім
жетістігін анықтау, әр тапсырмадан кейін кері байланыс орнатуы, оқу
ресурсын (тақырыпқа сай бағдарлама түрлерін) пайдалануы, «Google
Формах» бағдарламасында тест сұрақтарына жауап беру арқылы
қорытындылау, оқу процесін қызықты әрі түсінікті, сонымен қатар
студенттің логикалық ойлау түрде санасы арта түсуіне септігін
тигізеді.
Мен 2019 жылдан бастап
Көкшетау қаласының жоғарғы техникалық колледжінде жұмыс істей
бастадым, бұған дейін менің жұмыс жолым Алматы мемлекеттік
политехникалық колледжінде өтті. Жинақталған тәжірибе нәтижесінде
мен түрлі іс-шаралар мен конкурстарға белсенді
қатыстым.
Техникалық және кәсіптік
білім беру жүйесіндегі педагогикалық құзыреттілікті көтеру,
кадрлардың біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу аясында колледж
басшысының ұсынысымен «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбритания
университетінде, сонымен қатар көптеген қалалық облыстық деңгейде
ұйымдастырылған семинарлар, вебинар, курстардан
өттім.
«Polytech Hackathon»,
Jas Skills Almaty, WorldSkills Almaty
аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатына
«Сетевое и системное
администрирование», «Мехатроника», «Web дизайн» және
«Электроника» құзыреттілігі бойынша бөлім студенттеріне
жетекші болдым.
«Сандық
Қазақстан» және «Рухани жаңғыру»
мемлекеттік
бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында Республика бойынша колледж
және мектеп оқушыларының арасынан талантты сайт құрушыларды анықтау
конкурсында да бөлім студенттері өз белсенділіктерін
көрсетті.
Әр жетістікке жеткен
сайын маған деген сенімділік сезімі күшейе түсті. Мұғалім үшін
студенттердің жетістіктерін көруден, олардың сүйіспеншілігі мен
сенімін сезінуден артық бақыт жоқ деп
санаймын!
Қорыта келе, профессор,
педагогика ғылымдарының кандидаты, білікті ұстаз Халықова Г.З. мына
бір сөзін жадымда ұстаймын: «ХХІ ғасыр мұғалімі: әділетті, әдемі,
мейірімді, баламен тіл табысып сөйлесетін, мәдениетті, талапшыл,
даусы жағымды, рухани адамгершілігі мол, рефлекцияға қабілетті,
ақпараттық-коммуникациялық, әлеуметтік тұлғалық құзырлықтары
қалыптасқан, оқытудың жаңа тәсілдерін меңгерген, оқулықтардың
негізгі идеясын, дамытушылық мәнін іске асыра алатын жаңашыл ұстаз
болуы тиіс»!.
Сугирбекова Э.А.