«Ыстық
қайрат» номинациясы бойынша
эссе
Хакім Абай атамыз «ыстық
қайрат» адам бойындағы үш асыл қасиеттің бірі екендігін айтып
кеткен болатын. Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты
сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді
іс-әрекет. Үлкен кісілер «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»
деп бекер айтпаса керек, себебі дені сау адам – мемлекеттің ең
басты капиталы. Соңғы кездері салауатты өмір салтына аса мән
беріліп, бұл мәселе қолға алынып келеді. Өсіп келе жатқан ұрпақтың
жадына жастайынан денсаулықтың қадірін білуді, өз денсаулықтарына
үлкен жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруымыз керек. Денсаулық
дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы, өмірдегі баға жетпес
құндылық, ең басты байлық. Адам өмірінде денсаулықтың орны бөлек,
әрі ерекше. Байлығымыз асып – тасып жатқанымен, денсаулығымыз жоқ
болса, байлықтың не керегі бар? Қазіргі кезде елімізде халықтың
денсаулығын нығайту жолында біршама шаруалар атқарылып, үкімет осы
салаға ерекше көңіл бөліп отыр. Өз басым күнделікті спортпен
айналысуды күн тәртібіме кірістіріп қойдым, таңертең бір мезгіл
жүгіріп, кешке арнайы жаттығулар жасамақпын. Спортпен шұғылданудың
арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын. Денсаулық баға жетпес
құндылық болғандықтан, біз салауатты өмір салтын ұстанып,
денсаулығымызды күтуіміз керек. Сонымен қатар, соңғы уақытта дұрыс
тамақтану да өзекті болып отыр. Бұл да оң өзгеріс деп санаймын.
Денсаулық - адам өміріндегі ең жоғары бағалы дуние. Өмірдің шаттығы
мен қызығы денсаулыққа байланысты. "Денсаулық - зор байлық" – деген
сөз бекер айтылмаса керек. Дені сау адам қоғамның белсенді бір
мүшесі. Менің алдыма қойған мақсатым көп... Оған жету үшін үнемі
күресу керек. Күресу үшін денсаулық керек. Мен өз отбасымның
бақыттылығына өз үлесімді қосуға тырысамын. Бірінші ата-анамды
қуантып, жұмыстан келгендерінде оларға арнап бір жаңалық жасағым
келеді. Шайға арнап түрліше піспелер дайындауды және салаттар
жасауды әдетке айналдырдым. Сонымен, менде бос уақыт мүлде
болмайды. Өзінің бос уақытын тиімді пайдаланған адамға өзге
қылтың-сылтыңды ойлауға да мұршасы болмайды. Ол үшін таңертең шағын
бір күндік жоспарымды жасап аламын, сол жоспар бойынша ойлағанымды
іске асырамын. Мен өз сыныптас құрбыларыма да ризамын, олармен
уақыт өткізу өте көңілді. Сырласасын, білмеген ойларыңды бөлісесін,
кейбір істерге кеңес бере отырып, өзің үйренесің. Ондай күндері
біреуге "көмегім тиді-ау" деп, кешке дейін қуанып жүресің. Мұсылман
ұл-қыздарының бойындағы әдептілік пен әдемілік өзге ұлттардан
ерекшелеп тұратын қасиет. Мен бұл қасиеттіліктің үнемі сақталуын
қадағалап отыратын ұстаздарға да рахмет айтар едім. Сабаққа
келгеннен, үйге кеткенге дейін өздерінің жіті бақылауында қадағалап
отыратын ұстаздарымыз біздің болашағымыз үшін көп
алаңдайды. Кейде кейбір замандастарыма ренжитін кездерім де
болады. Олар сырт келбеттерін әрлеп, шаштарын жайып өзіне
жарасымсыз қылықтармен әуестенеді. Ол қылықтары өздеріне ерсі
екенін біле-тұра, еркеліктен істейтіндері көп. Ата-аналарының сөзін
сөйлейтіндігін білетін олар болмашы нәрсеге ата-аналарын ара-шашы
етіп жүрген жерлерің шулатып жүреді. Ондайлар көбіне баршылық
отбасынан болады. Шегу, ішу т.б. жат әрекеттерге де баратын солар
деп ойлаймын. Бұндай жастарымыз өзіне ғана зиян келтірмей отбасына,
жүрген ортасына да қауіпті. Себебі, олар өз орталарына өзгелерді
тартуға бейім болады. Мен бұндайларға жиіркене қарап, өзіме сабақ
аламын. Және өзімнің құрбыларыма да сабақ болсын деп ескертіп
жүремін. Біздің
Қазақстан кең байтақ. Шығысы мен батысы, солтүстігі мен оңтүстігі
ат шаптырым, көз жетпес қияда. Егер сен саяхатқа шығып, демалысыңды
қызықты өткізгің келсе Қазақстанды арала. Кейде мен теледидардағы
басқа елдерді аралап, тұрмыс-салт, әдет-ғұрпымен таныстырып жүрген
жиһанкездерді көргенде, мен де өз елімді өзге елдерге осылай етіп
көрсетсем деген ой қиялымды жетелеп кетеді. Өз елімнің табиғатың,
емдік қасиеті бар түрлі шипалы жерлерін мақтанышпен көрсетер едім.
Түрлі өсімдіктерінен емдік дәрілер жасар едім. Өз елін сүйген адам - оның көркеюіне
үлесін қосары сөзсіз. Ата-анасын сүйген адам - болашағы үшін күресе
білетін адам. Достарың сүйген адам – адамдық қасиеттілігі мол адам.
Менің бойымда осының бәрі бар. Мен өз келешегім үшін, денсаулығым
үшін күресе білемін, өз басымды ғана емес өзгелерді де түрлі жаман
қасиеттерден алшақ жүруден сақтандырамын.