Материалдар / Эссе ,, Тәуелсіз ел ұстазы,,
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе ,, Тәуелсіз ел ұстазы,,

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәуелсіз елдің ұстазы!


Ұстаз деген ат - қасиетті есім. Ұстаз деген аттан

таза еңбекті сүйетін мамандық иесі деген сөзді ұғынады.

Елдің надандығымен күресетін адам - ұстаз.

Сәбит Мұқанов


Білім - жеңіс пен жетістікке жету үшін өмірдегі ең күшті қару болып табылады. Еліміздің болашағы мен жастардың өмірі ұстаздарға осынау маңызды жауапкершілікті жүзеге асыруды және оны қалыптастыру жолында еңбек ету секілді өте маңызды қызметті жүктейді. Мұғалім білім беруде маңызды жауапкершілікті алып қана қоймай, балалардың бүгіні мен болашағын жасаушы - мүсінші ретінде сипатталады. Ұстаз өмір бойы көптеген шәкірттерге бағыт-бағдар беріп, тәрбиелеп, ізгі қоғам құруда үлкен еңбек атқаратын маңызды әрі негізгі тұлға. Ұстаз – өмір атты үлкен білім бұлағының бастауы, мейірімнің, махаббаттың қайнар көзі. Ол әр адамның өміріндегі жарқылдаған күннің нұры іспетті, өйткені ол білім алушыларға өмірде өз жолын табуда бағып беріп, жол сілтейді. Ұстаз – мемлекеттің іргесін құруда маңызды рөл атқарушы жан. Мұғалімдік – әлемдегі ең маңызды жұмыс. Кез келген елдің білім сапасы оның тәрбиешілерінің сапасынан асып түсе алмайды. Әрбір мұғалімнің өз мансабы барысында ондаған мың жас өмірін қалыптастыруға және оларға әсер етуге мүмкіндігі бар.

Балаға білім беру – қиын әрі жауапты еңбек. Мұғалім өз міндетін ең жоғары дәрежеде, кәсіпқойлықпен, ақылдылықпен, шеберлікпен атқарып, білім сапасын көтеру мақсатында барынша күш салуы қажет. Бұл ұстаздың бойынан табылуға тиіс ең асыл қасиет. Мұғалімнің мойнына көптеген міндеттер жүктеледі. Оның міндеті жай ғана сабақ өткізу ғана емес, сонымен қатар оқушылардың екінші ата-анасы ретінде қызмет атқару. Сондықтан да, ұстаздар өз оқушыларын өзінің нағыз балаларындай жақсы көріп, оларға қамқорлық жасауы тиіс. Мұғалім оқушылардың өмірінде үлкен рөл атқарып, олардың мінез-құлқына, өмірлік дағдыларына және біліміне әсер етеді. Сондықтан мұғалімдер сыныптағы мінез-құлық пен атмосфераны басқара біліп, өздерінің үздіксіз жеке дамуын қамтамасыз етуі тиіс.

Мен неліктен осы мамандықты таңдап, балаларға сапалы білім мен өнегелі тәрбие беруді өзімнің ұстанымым еттім? Мен балаларды жақсы көретіндіктен мұғалім болуды ұйғардым. Балалардың өсіп, жақсы тәрбие мен жоғары білім алып жатқанын көру, олардың өміріне өзгеріс енгізу мен үшін үлкен бақыт. Ұстаз ретінде әр баланың өмірін жемісті, табысты ету үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Педагог ретінде менің мақсатым - балаларға білім мен тәрбиені қатар беру деп түсінемін. Әлеуетті, жан-жақты дамыған, саналы ұрпақты азамат етіп шығаруды өзімнің ұстаздық міндетім деп есептеймін

Білім және ғылым саласында мектепалды тәрбие туралы тұжырымдамаларда жас буындарды тәрбиелеу ісін қазіргі заман талабына сәйкестендіру мәселесі қойылған. Еліміздің болашағы мен келешегі қолдарына сеніп берілетін, жас ұрпақ тәрбиеленетін жалпы мектепке дейін білім беретін мекемелердің алатын орны ерекше .Алғашқы кездең дәріс алған еліміздің мыңдаған ертеңгі ұрпағын осы бастан дұрыс тәрбиелесек, келешекте көптеген келеңсіздіктерге жол берілмейді .Музыкалық тәрбие осы келеңсіздік жағдайларға жол бермейтің мәнді тәрбиенің бірі.

Ұлттық музыка құндылығын сақтау және оны ұрпаққа жеткізу - қазақтың осы ұлттық руханияттық игі дәстүрін үнемі жандандырып, жалғастырып отыру деген сөз. Жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу және әрбір шәкіртті жеке тұлға деп санап, оның жан - жақты дамуына мүмкіншілік жасау – жалпы мектепе дейін білім беретін мекемелердің мақсаты осы.

Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Халықаралық тәжірибе ерте балалық шақтан ересек жасқа дейін адами капиталға, атап айтқанда, білім беруге бөлінетін инвестицияның экономика мен қоғамға елеулі қайтарымы болатынын дәлелдеп отыр.

Адами капиталға бөлінетін инвестициялар жылдам өзгеретін әлемде бейімделе алатын техникалық прогрессивті, өнімді жұмыс күшін құру үшін аса қажет. Болашақтың табысты экономикасы білім беруіне, халықтың дағдылары мен қабілетіне инвестициялайтындар болмақ. Білім беруді әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалатын шығындар ретінде ғана емес, экономикалық инвестициялар ретінде түсіну қажет.

Әр түрлі ұлт пен дәстүрге қарамай мектепалды музыкалық тәрбие мен білім беруде, көкейкесті мәселелер мазаны алады:

-психофизикалық және әлеуметтік үлестегі балаларды тәрбиелеудегі ,жаңа әдіс пен тісілдерді қарастыру .

- балалардың мәдени-этникалық көзқарастарын дамытып, байытуға жағдай жасау. Сол себептерден дамыған қатарында жүрген елдердің тәрбие беру модельдерін қарастырып, салыстыру қажет.

Мектеп жасына дейiнгi балаларға арналған музыкалық және көркем шығармалар баланы шынайы болмысты нақты әрекеттерден тысқары тұрған шалқар кеңiстiктегi сан алуан құбылыстар мен адамдар әрекетiмен таныстыра отырып, оны көркемдеп, баяндап баланың сөздiк қорын молайтып, тiлiн байытады. Көркем шығармалардың бала дамуындағы танымдық-адамгершiлiк, эстетикалық қызметiнiң маңызы жоғары. Оған мектепке дейiнгi бала қиялын дамыту, көркем бейнелi ойлау әрекетiне әсер етудi, әлемдiк ұғымдарын кеңейтудi, түрлi мазмұндағы өнер түрлерiмен таныстыруды, ауызекi сөйлеу тiлiн, баланың дербес сөздiк шығармашылығын дамытуды айтуға болады.

Қоғамның мәдени даму кезеңдерiндегi оқиғалардың аталып өту қажеттiгi әлеуметтiк – мәдени өмiрдiң басты формасы болып табылады. Мектепке дейiнгi балалар үшiн мерекелер бала сезiмiне ерекше әсер ететiн, оны игiлiктi мiнез-құлыққа тәрбиелейтiн қайырымдылық әрекеттерге бағыттайтын маңызды форма болып саналады. “Алтын күз”, “Аналар мейрамы”, “Наурыз”, “Бала-бақшамен қоштасу” т.б. мерекелердi өткiзу кезiнде қолданылатын көркем өнер, саз өнерi, ән, би өнерi баланың рухани дамуына оның жаны мен тәнiне терең бойлап, кемел жетiлуiне, баланың бойына адамгершiлiк құндылықтардың терең тамыр жаюына ықпал етедi. Мектеп жасына дейiнгi балалардың өмiрлiк дағдыларын қалыптастыру құралдарының бiрi – ойын. Ол баланы бiр жағынан қуаныш сезiмiне бөлесе, екiншi жағынан баланың келешек өмiрiне ықпал ететiн адамгершiлiк сезiм, қасиеттер мен дағдылар қалыптастырады. Қазiргi ойындар танымдық сипатына қарай дидактикалық, логикалық, сахналандырылған және iскерлiк ойындар болып бөлiнедi. Олар бала үшiн қоршаған ортаны тану тәсiлi, тәрбие құралы, ойындар ақыл-ойды кеңейтедi, тiлдi ұстартады, сөздiк қорды молайтады, сезiмдi кеңейтедi, ерiк пен мiнез қасиеттерiн бекiтедi. Халыкаралық тәжіриебе алмасуда, балалардың көзқарасын кеңейтудегі

Әлемдік білім кеңістігінде мектепке дейінгі педагогиканың мәселелерін шешуде тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс-тәсілдерін іздестіру, үнемі жаңалыққа жол ашу бағыттары қарастырылуда. Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі нысаны ретінде сыннан өткен балабақша бүгін де үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағының үлгісі болып қалып отыр.

Балабақшаға баратын балалар білім берудің барлық деңгейлерінде білімді тез қабылдайды және жалпы өмірде табысты болып келеді. Әсіресе мәдени жағынан қарасақ, өсіп келе жатқан ұрпаққа музыкаға деген қызығушылықты жан-жақты арттыру қажет. Басқа елдердің тәжіриебесінен бала тәрбиесіне қажет әдіс-тәсілдерің қарастырып,жаңалаңдырып керегін тәрбие қоржынына салып, жаңа тиымды әдістер қарастырған жөн деп санаймын.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!