400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Эссе Абай әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

"Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КЕАҚ


Жаратылыстану-математика факультеті

Физика-математика ғылымдары және Физика оқу кафедрасы















­­Эссе

Тақрыбы: "Абай жолы" романындағы мені толғантқан кейіпкер











Орындаған: Жұмабек Б

Тексерген : Смагулова А.Т





Алып анадан туады демекші қазақта батыр аналарымыз жайлы жыр дастандар жетерлік. Ұрпағым десе жанын аямайтын сондай бір аналарымыздың бірі «Абай жолы» романындағы Зере әжеміз.

Зере әжеміз жайында қысқаша өмір баянына тоқтала кетсем, 1785 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы Жарма ауда­нының табиғаты әсем Қалба тауы бөк­терінде туған. Матай руы ішінде Бақы деп аталатын атаның Қойгел табы­нан шыққан. Сол Қойгелден туған Бектемір өз кезінің атақты байы, еліне беделді азаматы ретінде танылыпты. Бектемірдің Құттықадам, Теңізбай деген балалары болған. Теңізбайдың қызы осы Зере апамыз. Жастайынан сүйкімді, зерек болған Зере атасы Бектемірдің бауырында өскендіктен байдың қызы атанған. Сол себепті өз әкесінің аты ұмытылып, Бек­темірдің қызы ретінде ел есінде қалған деседі. Зереден Құт­тымұхамед (жастай қайтыс болған), Құнан­бай, Тайбала туған. Өскенбайдың Зереден басқа төрт әйелі болған. Сонда ел берекесін ойлаған аса зейінді, ақылды Зере ана отбасының бірлігін сақтап, күн­дестікке бой бермеген, өте бауырмал болған. Құнанбайдың жалғыз өс­пеуін ойлап, Өскенбайдың Таңшолпан деген тоқалынан туған Майбасарды, ақса­қалының аталас ағайыны Ералының баласы Бөжейді, бозбала кезінде барымтада қаза болған Болсамбекті және өз қызы Тайбаладан туған Ізқұттыны бауырына салып өсірген.



Құнанбай қажы алған бетінен қайт­пайтын қатал би, болыс болғанымен ана­сының алдынан өтпеген. Жұрттың айтуына қарағанда, «Құдайдан да қорықпайды» дейтін Құнанбайдың именетін жалғыз адамы – өз анасы Зере болған. Қанша қатал болғанымен Құнанбайдың шешімін Зере ғана бұза алған. Сол себепті Құнан­байға ісі түскен кісілер ең алдымен оның шешесіне жолығады екен деседі.

Дала данасы Құнанбай дүниеге келгенде өте ірі, толық, зор болады. Ол туарда анасы түс көреді. Сол түсінде ері Өскен­бай алтын сақаны үйіріп отыр екен. Анасы ол алтын сақа – Құнанбай деп жо­риды. Зере ана Құнанбайды нәресте кезінде бір күн емес, бір сәтке де омырауын жумай, тазалап сүртпей, дәретін алмай емізбеген. Сол адалдықтың, пара­саттылықтың айқын белгісіндей Алаштың арда азаматы Құнанбай туса, одан пәктік пен адалдық негізіндей ұлы Абай өмірге келді.

Зере кісі ренжітпейтін жұмсақ мінезді әйел болған деседі. Ол кісі көп жасап, қартайған кезінде өмірден озыпты. Ырғыз­бай тұқымдары, бүкіл Шыңғыстау жұрты Зерені құрметтеп «кәрі әже» деп атаған. Кәріліктен құлағы есітпейтін болады. Балаларына дұға оқытып, үшкірте береді. Сонда өз қолындағы немересі Абай кәрі әженің құлағына өлең айтып келіп үшкіреді екен.

Зере әжеміз немерелерінің ішінде Абайды ерекше жақсы көріп еркелеткен, оны бала күнінен өлең-жырға шыңдап, ақынның болашағына үлкен әсер еткен. «Абай жолы» роман-эпопеясында Зере әже бейнесін өте мейірімді, қамқор ана ретін­де шынайы сомдаған.

Айта берсек Зере әжеміздің бала тәрбиесіндегі сондай бір даналық істерін айтып тауыса алмаймын. Қазіргі таңдада көп жас отбасылар жұмыс-жұмыс деп бала тәрбиесіне бейжай қарайды. Қазақта «Тәрбие тал бесіктен» демекші бала тәрбиесіне Зере әжеміз сияқты қыл аяғы бала емізуне дейін мән беріп қарасақ, біз саған не деп тәрбие бердік деген сөз болмас еді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
23 ақпан
267
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі