400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Абайдың айтатын ойы мен қоғамдық өмірмен байланысы. Сонымен бірге адам мен қоғам арасында тәрбие қатар жүреді. Осы негіз ретінде қарасөздің тәрбиелік мәні жетерлік.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«М. Горький атындағы №1 мектеп – гимназия» комуналдық мемлекеттік мекемесі

Абай Құнанбаевтың қарасөздерінде берілген мәселелердің бүгінгі күнмен үндестігін талдап жазыңыз.

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы ерінбе.

Адалдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге.

(С.Торайғыров)

Абайдың қара сөздері адамзат баласының ортақ асыл сөздеріне айналды. Абайдың «Жетінші қарасөзінде» ұшырасатын жанның тамағы деген күрделі сөз бар. Оны Абай біздің санамыздан тыс өмір сүретін адамның санасында білімнің, ғылымның жинақталған қоры ретінде пайдалану керектігін ұғындыра білді.

Осы себептен Абай: «Құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді», - деп түсінік беріп отыр.

Абайдың бұл «Жетінші сөзінде» көздеген мақсаты адамның бойында туа пайда болатын жан құмары арқылы өз ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы тамақтарын сіңіру еді. Міне, Абайдың ағартушылық көзқарасының тамыр алған бір саласының қайнар көзі осы жақта жатыр.

Абайдың пікірінше, ішкі рухани қазынамыздың молығуы тікелей өзіміздің қолымыздағы іс. Осы пікір Абайдың он тоғызыншы сөзінде де қайталанады. Сондықтан Абай ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің нәтижесінен туындайтын құбылыс екенін «Он тоғызыншы сөзінде» атап көрсеткен.

« Адам ата- анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып, ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды – дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі де есті болады. Сол себепті естілерден естіп білген, көріп жүрген жақсы нәрселерді ескерсе, онда адам өз қателіктерін түсіне біледі. Бұл жерде ойын әрі қарай кеңіте, дамыта білуін қадағалайды.

Дәл осы тұрғыда бүгінгі күнмен үндестігін талдай қарайтын болсақ, жас сәби дүниеге келгенде барлық нәрсені біліп тумайды. Сипап, ұстап, бақылай өседі. Сол секілді жеткіншекті тура жолға салу ата – ананың міндеті деп білем. Қазір заман ағымы баланы тура жолға бағыттау ең басты мәселе. Қарапайым мысал ретінде баланы есті етіп тәрбиелеу үлкен кісілерден тәлім алғаны деп түсінем. Дегенмен қарияның әңгімелерімен насихат өсиеттері де баланы есті етіп қоюы ғажап емес. Баяғы Абайдың әжесі Зереге ұқсап жырды толығымен айтып баланың миына құймаса да нақылдап, ғибратты сөздерінің өзі балаға оң әсерін тигізеді.

Абайдың өз тұсындағы өмір шындығын осылай баяндап отыр.

Ендігі осы «Он жетінші қара сөзінде» ақыл, қайрат, жүректі теңдей адам бойында қалыптасатынын тереңінен түсіндірді. Бұл үш қасиеттің адам бойындағы жақсылыққа жетелеуге апарар жол деп түсінем.


Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста

Сонда толық боласың, елден бөлек –

деген қанатты сөзі дәлел бола алады. Қарасөзінде өмір шындығының дәлелі, міне, бүгінгі күннің үндестігі айқын көрінеді.

Абайдың күнделікті өмір шындығынан жәрдем етсем екен деген қағида өз заманының өмір шындығын жетесіне тереңінен жеткізіп ұғындыра білген осы қарасөзінің бағалауы деген ұғым қалыптасқан. Қарасөзінің адамзатқа берер дүниесі өте зор. Ұға білген, ұғындыра білген жанға іске асары сөзсіз. Қарасөзге өзінің он жылдық өмірін сарп етіп жазса, оқыған ұғынған адамға өмірлік азық.

Білімнің теңіздігі – қарасөзінің тұңғиыққа батқан тұнық судың кереметтігін тату деп білемін.




Қазақ тілі және әдебиеті пәні ұстазы: Мұратбаева Айнұр

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
19.04.2022
3189
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі