Материалдар / Эссе Алматыдағы 1986жылғы Желтоқсан көтерілісі: себебі, сипаты, салдары.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе Алматыдағы 1986жылғы Желтоқсан көтерілісі: себебі, сипаты, салдары.

Материал туралы қысқаша түсінік
эссе дінтану
Авторы:
1
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Ақпан 2024
178
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ЖӘНЕ ДІНТАНУ КАФЕДРАСЫ



Эссе

Алматыдағы 1986жылғы Желтоқсан көтерілісі: себебі, сипаты, салдары.

















Ақтөбе,2020



Тәуелсіздік»,«егемендік»-өте бір сақталатын, есте қалатын сөздер. Әр елдің тарихында ерекше орын алатын күн- тәуелсіздікке қол жеткізген күн. Біздің еліміздің сол бір ерекше күні 16 желтоқсан. Біздің еліміз, жеріміз аңсап, қан төгіп, тер төгіп шарықтап жеткен күні. Қазақ жері, қазақ елі біздің ата- бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып еткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасы. Біздің ата шежіреміз ғасырлар бойы Ресей тарихының құрамды бөлігі болып келді, солай хатталды да. Жаңа Тәуелсіздік заманда өз халқымыздың тарихын өзіміз жазып, жаңа егемендік ел, халық тұрғысынан жазуға мүмкіндік алдық. Әрине тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Елім, жерім деп жаудан ұлтарақтай жері үшін, небір қазақтың батырлары өз өмірлерін қиып, қанды шайқастарда қаза болды.

Желтоқсан көтерілісі ұлттық рухтың қуатын, елдік пен ерліктің мұратын танытқан  көтеріліс болды. Желтоқсан оқиғасының шығу себебі: 1986 жылы 16 желтоқсанда небәрі 18 минутта өткен  Қазақстан Орталық Комитетінің бесінші Пленумы Д.Қонаевты «өз еркімен» қызметінен босатып, Қазақстан КП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына республика халқына мүлде таныс емес, қазақ халқы туралы еш хабары жоқ  В.Колбиннің «сайлануы»  болды. Ертеңіне 17 желтоқсан күні орталық алаңға лек- легімен ағылған жастар тобы бейбіт шеру арқылы Орталықтың кадр саясатын дұрыс жүргізбей отырғандығына наразылық білдірді. «Қазақстанға  қазақ басшы!», «Әр халыққа- өз көсемі!» ,«Ешбір халыққа артықшылық берілмесін!» деген ұранмен , «Менің Қазақстаным» әнін айтып алаңға шықты.Ұлт саясатын дұрыс жүргізуді,ұлттық тіл мәдениеттің дамуына қамқорлық жасауды,ұлттық саяси қайраткерлердің басшылық орындарында лайықты лауазымға ие болуына назар аударуды талап етті. Жастар өздерін толғандырып жүрген мәселелерді  айтып қалуға тырысты.

Желтоқсан оқиғасы  Алматыдағы Брежнев  ( қазіргі Республика) алаңында басталып, ары қарай  Тараз, Қызылорда, Шымкент,Талдықорған, Қарағанды, Өскемен, Жезқазған, Көкшетау, Семей, Павлодар, Арқалық қалаларында, Шамалған, Сарыөзек елді мекендерінде  толқу болып өтті.Оларға 2,5 мыңнан астам адам қатысып, 281 –і ұсталып 20 астамы түрлі мерзімге сотталды.Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы коммисиясының анықтауы бойынша қозғалысқа қатысқаны үшін ұсталғандардың саны-8500. 2401 уақытша қамау орындарына жіберіліп,сыймағандарын қала сыртына апарып тастаған.Оның ішінде медициналық көмек алғандар-1383, ал ауруханаға түскені-369адам.720адамжарақаталған.
Кеңес Одағының қалаларынан Ішкі істер министірлігінің арнайы әскери бөлімдері әкелінді . Наразылықты басып тарату Штабын Б.К.Елисев басқарған. Челябинск, Новосибирск, Ташкент, Тибилиси, Свердловск, Уфа, Фрунзе қалаларынан әсери күштер келді. Қосымша 15 БТР, 22 өрт сөндіргіш машина қолданылды. Ішкі Істер министрінің  орынбасарының мәліметі бойынша тосқауылға 5500 адам жетпеген. Қазақтың нашақор жастары орыстарды қырып, жойып барады деген хабар таратып, 22 өрт сөндіргіш машинамен су шашу операциясы түнгі сағат он бірге дейін жалғасқан. Қазақ жастарына қарсы  сапер күректер, иттер, бронды транспортерлер, өрт сөндіргіш машиналар пайдаланылды.КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған «Бұрқасын-86» операциясы бойынша басып жаншылды.



Желтоқсан оқиғасын тексеру комиссиясының төрағасы   М. Шаханов мынадай мәліметтер келтіреді.« 3 адам алаңдағы қақтығыста өлді. Тағы да үшеуі сол күндері қаза тапты. Желтоқсан оқиғаларынан кейін жыл бойы ішкі істер органдары фамилиясын, тіпті нөмірлерін көрсетпестен тағы да 58 адамды көмді деген күдігіміз бар. Тіпті мәйітті ешкім танымаған жағдайда ол нөмірленетіні  белгілі. «Желтоқсаншыларды» қуғындау бүкіл қыс бойы жалғасты.  Жалған куәлер тартып, қатысқандарды тергеу шараларын жүргізген кезде ұрып –соғу итке талату, т. б, әдістер қолданған». М.Шаханов басқарған  коммисияға  наразылық білдіріліп, қысым көрсетілген.«Қ. Рысқұловтың өлімін дәлелдеу қиын болды. Бізге мәлім болғандай, Қайрат асылып өлетін күннен бір күн бұрын камераға қандықол, қарақшы Власенко әкелінген болатын. Қайрат өлімі сол жауыздан келді деген күдігіміз бар. Сонымен қатар Компартия тарапынан қысымшылық жасалды. Сол құжаттарына қол жеткізе алмадық. Мәскеумен қарым-қатынасқа нұқсан келетін болды. Ұлтаралық қатынас шиеленісуі мүмкін еді»,-деп еске алады.

Иә, Желтоқсанның ашылмаған, әлі зерттеуді қажет ететін тұстары көп.
Жазаға тартылған 99-дың 76-сы ерлер де, ал қалған 23-і қыз-келіншектер болған.Лаззат Асанова мен Сабира Мұхамеджанова Желтоқсан оқиғасының құрбаны болды. Сабитова Жансая Әлкейқызы бес жылға, Сыдықова Нағима Асқарқызы үш жылға сотталды. Бас аяғы жиырма үш  ару қыз бас бостандығынан айырылды, әрқайсысы әр жылға. Екеуі еңбекпен түзеу жазасына тартылды, біреуі қара жұмысқа жіберілді. Екі адам өлім жазасына кесілді. Олар Мырзағұл Әбдіғұлов пен Қайрат Рысқұлбеков.Қайрат Рысқұлбековқа  жасақшы Савидскийді өлтірді деген жалған айып тағылды.83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылды.12 ректор орнынан түсірілді.271 студент оқудан шығарылды.52 адам партия, 787 адам комсомол қатарынан шығарылды. 1138 адам комсомолдық сөгіс алды. Қазақ ұлтшылдығы” айдарын таққан М.Соломонцев болды.

986 жылғы желтоқсанның 17-18 жұлдызында бүкiл елдi дүр сiлкiндiрген ғаламат көтеріліс болды. Совет өкiметi тұсында бұрын-соңды кездеспеген құбылыс Алматыда демонстрация «Брежнев алаңында қаптаған жұрт”, «Көшелерде сап түзеп бара жатқан жастар” деген лебiздер ескен желдей гулеп тарап жатты. Елеңдеген ел түсiне алмай дал болды. Демонстрация, алды-артымызды бағамдағанша, ес жиып ой қорытқанша болмай, аяусыз басылды. Артынша бұл оқиға 1825 жылғы орыс декабристерiнiң iс-қимылымен салыстырылып, желтоқсан қаһармандары «қазақ декабристерi” аталып, бiрден-бiрге айбыны асқақтай түстi. ”Жалын атқан жастар арандап қалды-ау” деп жанашырлық ниет-пейiл бiлдiргендер де болмай қалған жоқ. Бiрақ ол сөздер ашық айтылмай, «аузы күйген үрiп iшедiнiң” кебi келiп, жасырын үрке қарап, бiр-жар адамдардың басы қосылып шүйiркелескенде, сыр шертiскенде ғана айтылып жүрдi. Жалпы үрей, қорқыныш билеген жұрт сең соққандай күйде едi.

«Қазақ» деген қаным бар деп бастап, «Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар» деп аяқтаған қайсар Қайраттың даусы да тым жақында естіліп еді ғой?! Осы азаттық үшін үнемі күрескен халықтың еншісіне тиген қайғы-қасіретті көре жүріп, көтере білген халық нағыз қайсар халық емес пе?!





Бордай тозып, жоқ болып кетпей «тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен аман-сау қалған халық» нағыз ұлы халық екенін таныта білді. Көрген ауыр хикметінен кейін де «бас шұлғып, үнсіз көнетін» әдетті бойларына жұқтырған жоқ. Қанына намыс дарыған, рухына кие енген халық үнемі тәуелсіздікке ұмтылды. Көксеген тәуелсіздігін алды. Терезі тең, байрағы желбіреген ұлттар санатына ілігу үшін талай ауыртпалық бастан өтті. Енді мұхиттың арғы жағындағы Біріккен Ұлттар Ұйымында көк байрағы, алтын зерімен күнге шағылыса желбірейді. Саяси қуғын-сүргін көргендерді ақтады, басына ескерткіш орнатты.

70 жыл сананы улаған қызыл заманның солақай саясатының күлпаршасын шығарды. Қазақ хандарының, билерінің, батырларының рухы халқына кие болып оралды. Ұлттық діл мен дін жүрегімізге еніп, алпыс екі тамырға қуат таратты. Иә, өткенге салауат… Өткен күндер өксік кернеп өкінсе де, болашаққа батыл қараймыз.Қазақстандағы 1986 жылғы қазақ халқы жастарының серпілісі азаттық қозғалысы шежіресіндегі ең бір жарқын белес болып табылады.

«Желтоқсан көтерілісі – ғасырлар бойы жиналған ашу-ыза жарылысы. Яғни біздің халқымыздың тіл мүддесі, рух мүддесі – осының бәрінің қосындысы ашу-ыза тудырғаны шындық. Қазақ халқы орыстардың қол астында бола отырып азаттық пен тәуелсіздікті аңсау кезінде әр түрлі деңгейдегі 300-ден астам ұлт-азаттық көтерілісін өткізді. Соның қорытындылаушысы, егемендікке бастаған көтеріліс – Желтоқсан көтерілісі», — деді ақиық ақынымыз Мұхтар Шаханов. Демек бұл әншейін ауыз толтырып айтуға қана жарайтын оқиға емес, бұл шын мәніндегі елді, бүкіл Кеңестер Одағын елең еткізген, күш қолданып басуға мәжбүр еткен көтеріліс екендігінде дау болмаса керек.Қазіргі таңда 16-17 желтоқсанды тәуелсіздік мейрамы етіп жариялады. Сондықтан 16 желтоқсанның қасыретті күн екендігін жадымызда сақтап әрі Тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы талпыныстардың ақталған күні екендігін сезінуіміз қажет. Бұл күні қара жамылып отыру орынсыз. Сол себепті де әрі арманға қол жеткізген күн деп шаттық ретінде атап өтіп, екінші жағынан Желтоқсан құрбандарына да тағзым ете жүруіміз керек.

Біздің арымыз да, намысымыз да, мақтанышымыз да – Желтоқсан.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!