Эссе «Ән өнерін асқақтатқан –Әміре»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе «Ән өнерін асқақтатқан –Әміре»

Материал туралы қысқаша түсінік
Әміре Қашаубаев - қазақтың атақты әншісі, актері әрі музыканты. Әміре Қашаубаевтың ел арасында даңқы шыққан кезең сипатталады
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ән өнерін асқақтатқан –Әміре»


Әміре Қашаубаев - қазақтың атақты әншісі, актері әрі музыканты. Әміре Қашаубаевтың ел арасында даңқы шыққан кезең Қоянды жәрмеңкесімен сипатталады. Естуім бойынша жастайынан әншілік өнерпаздығымен жұрт аузына ілігіп, ел аралап ән салып, қараөткелдік Сәтмағамбет, Ғазиз, баянауылдық Жаяу Мұса, Қали Байжанов, керекулік Майра Уәлиқызы сияқты арқалы әншілермен танысып, өнерін одан әрі шыңдай түсіпті . Мұнан кейін әншілік даңқы алысқа жайылып, Семейде өткен өнерпаздар байқауына қатысып өнер жолындағы алғашқы жеңісіне жеткен. Әміре Қашаубаевтың Қызылорда өңірінде өткен концертке қатысуынан кейін Әміре Қашаубаев туралы газет беттерінде жариялана бастады. «Правда» газетінде : «Керемет концерт. ...Қазақ әншісі Әміре Қашаубаев, өзбек биші-әншісі Тамара Ханум... шын мәнісіндегі халық артистері» деп жазылған. Әлемдік концертте Әміре атамыз «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қос балапан» сынды әндерді орындап екінші орын алып, күміс медаль иемденген. Қазіргі таңда Әміре Қашаубаевтың Страсбург, Ресейдің Иркутск, Әзербайжанның Баку қалаларында ән шырғағаны туралы құжаттар табылып отыр. Осы деректерге сүйене отырып, Әміре Қашаубаевтың қазақтың халық әндерін шырқап, қазақ елін әлемге танытқан тұңғыш әншісі деуімізге толық құқығымыз бар. Ақын туралы толық айтар болсам, тіпті А.В. Затаевичтің өзі : «Әміре Қашаубаев – қазақ әншілерінен шетелде өнер көрсеткен тұңғыш адам» деп бағалап өз пікірін білдірген. Әміре сахнаға шыққанда, халық сыймай отырған залды бір шолып өтіп , домбырасына қарап, залды да, онда құлаққа ұрған танадай болып тыңдап отырған көрерменді де ұмытып кеткендей болатын. Әміренің даусы күннің күркірегеніндей кейде аспанды жерге түсіріп дүрілдеп, кейде баяу соққан желмен қозғалған бидайықтың шашағындай сусылдап, сыбырлап кетеді,-дейді. Қазақ қоғамының қайраткерлері М.Әуезов, С.Сейфуллин, И.Байзақов, Ә.Марғұлан, Ж.Елебеков, А.Жұбанов, Қ.Жандарбековтер Әміре Қашаубаевтың өнерін жоғары бағалаған. Қазіргі таңда, жас ұрпаққа Әміре Қашаубаев сынды тарихи тұлғамыздың есімін ұмыт қалдырмай, дәріптеу жас ұрпақтың басты міндеттерінің бірі болуы қажет.


( 259 сөз)



Қарағанды қаласы

137 негізгі орта мектебінің

6 «А» сынып оқушысы

Керимова Аида



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.12.2018
1878
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі