400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе А.Құнанбаев өлеңіне талдау

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл эсседе бүгінгі жігіттеріне тән қасиеттерді А.Құнанбаевтың "Жігіттер, ойын-арзан, күлкі-қымбат" өлеңіндегі жігіттердің мінез -құлқы, қасиеттерімен салыстырып талданады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бүгінгі күннің жігіттеріне тән қасиеттерді Абай Құнанбаевтың «Жігіттер, ойын -арзан, күлкі- қымбат» өлеңіндегі жігіттің мінез-құлқы, қасиеттерімен салыстырып талдаңыз.

Айналама қарасам өзін заман талабына сай сезінетін ақылды, білімді, сыпайы, сенімді көрінетін жігіттер толып жатыр.

Үлкен өмірдің табалдырығын аттағалы тұрған мен де өзімнің санаулы уақытта олардың қатарын толықтыратыныма мен де сенімдімін. Бірақ ішімде бір күдік жарыса бас көтерді. Қазақтың жігіті деген атқа лайық болу үшін жоғарыда атлған қасиеттер жеткілікті ме ,әлде бұл алдамшы өмірді жалған бейнесімен алдаусыратқан әлсіз жігіттің «Сыртқа жүнін қампитуы ма?» Ойымды сан сауалдар шырмап алған кезде әдеттегідей дана Абайға жүгінемін.Абай хакімнің «Жігіттер , ойын- арзан, күлкі -қымбат» деп басталатын өлеңі көкейдегі түйткілдің түйінін шешкендей болады.

«Қырмызы, қызыл жібек бозбалалар,

Оңған пұлдай былғайды, бір дым тисе» деп Абай өз заманындағы сәнқой бозбалаларды қатты сынға алды. Бүгінгінің шашын юояп, бетін әрлеп, сырға таққан жігіттерін көргенде ақын атамыз не дер екен деп ойға қаласыз?

«Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат» деп жігіттің ішкі сыры сыртқы сымбатымен үйлесіуіне де зор талап қояды.

«Кейбір жігіт жүреді мақтан күйлеп» деп мақтанқұмар , даңғой жігітті де қатты сынға алады.

Ақынның өлеңін оқи отырып өз замандастарыма көз салсам күйінерлік те, сүйсінерлік те жайттар баршылық екен. Біріншіден, менің замандастарымның көпшілігі білімді, іскер,батыл, ойлы, ақылды көшбасшы. Бұл қасиеттер XXI ғасырда өте қажет. Екіншіден, діни сауаттылығы жоғары, иман мен сауаптың қағидаттарын жатік беледі.

Бұл, әрине , біздің заманымыздың жігіттерінің бойындағы ең ұнамды қасиеттері. Абай айтқан «Талаптылық, сөз мәнісін білерлік, шын күлерлік, жақсы қылық, әр түрлі өнер, күншілдіксіз татулық» барша жігіттеріміздің бойынан табылса құба-құп.Алайда көңілге қаяу түсірер, ертеңгі күннің сеніміне селкеу түсірер ащы шындықтар да аз емес.

Қазақ жігіттерінің ұсақталауы , жеңіл өмірге бейімділігі , тырнақтай тірлігі болмаса да жарияға жар салып өзін-өзі жарнамалауға құмарлығы, шынайы әлемнен алшақтап, виртуальды әлемге бойлауы күйіндірмей қоймайды. Ойынның барынша арзандап, шын күлкі тапшы бола бастаған заманда Абай қойған межеге жақындаудан гөрі алшақтап кеткен сияқтымыз. Өзімнің жеткіншек кезеңнен жігіттікке ұмтылар шағымда болашағымды бағдарлау үшін ойланамын. Біздің заманның жігіті шымыр денелі, тәртіпті, жауапкершілікті сезіне білетін болуы керек деп топшылаймын. Ел алдындағы парызын терең түсінетін, елімнің мүддесін жоғары қоятын азамат қана Қазақстанды жарқын болашаққа бастай алады.

А.Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі » «қандай» мен «қалайға» жауап беріп, өз көзқарасыңызды талдап жазыңыз.

Абай атамыздың қарасөздерін оқыған сайынг терең ойға қаламын. 19 ғасырда жазылса да заман көшінен қалмаған әлі талай ұрпаққа шамшырақ болатын бұл туындының бағасы жылдар өткен сайын артпаса кемімек емес. Абай адам баласының рухани қажеттілігін терең бағдарлай отырып, айтса, «менің сөзім» деп айтатын, тыңдаса , «маған арнап тұр» дейтін, естісе, «мен туралы айтып отыр» дерлік әркімнің көкейтесті тілегін дәл жеткізе білді.

Әсіресе , «19 қара сөзінде» адамның қандай болуы керектігін және есті болуға қалай жетуге болатынын айқын да анық көрсеткен. Біздің есті немесе ессіз болуымыз- күнделікті өмір тәжірибесінің нәтижесінен ғана туындайтын табиғи құбылыс. Яғни, қандай екеніміз көбінесе ортаға қатысты болса, естілікке қалай жететініміз өзімізге байланысты екен. Абай айтқандай «Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады.» Бізге Алла Тағала сана берді, жақсы мен жаман нәрсені ажырататын көкірегімізге сәуле түсірді. Ары қарай жолды таңдаймыз ба,. Әлде бұралаң жолға түсіп өмірімізді шырғалаңға айналдырамыз ба –бәрі өз қолымызда.

Абай сөз танымайтұғын елге сөз айтудың бекершілік екенін айтып өз өмір жолын да бір шола кетеді.

Қалай есті адам боламын, ақыл мен білімнің қос тізгінін қалай игеремін деп жүреген біз сияқты жастарға Абай сөзі «толық адам» болудың алғышарты тәрізді. Естігенді, көргенді, оқығанды көңілге түйіп, жақсы-жаманын ой елегінен өткізіп, әр нәрсеге сын көзімен қарау- адам деген ардақты атқа лайық іс.Ішкі рухани қазынамыздың толығуы тікелей өзіміздің қолымызда.

Жалынды ақын Сұлтанмахмұт айтқандай «жақсылық көрсем өзімнен, жамандық көрсем өзімнен» деп ерік-жігерді тізгіндеп тура жолға, білім мен өнерге бағыттау да өз еркімізде. Ендеше бүгінгі мүмкіндіктер заманында жан құмарлығын қандырып, дүниенің тылысым сырын терең танып Абай ата көрсеткен межеге ұмтылу- әрбір жастың асыл парызы. Абай айтқандай «сөз танымайтұғын ел емеспіз ғой, өсер елдің өскелең ұрпағымыз ғой» деп сөзімді мына өлең жолдарымен түйіндегім келеді:

Дүниенің жақсысы да, жаманы да,

Ілігер бәлкім өмір қадамыңа

Ұлы Абай мұраларын ойға түйіп,

Айналсам деймін «толық адамыңа».

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
3584
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі