Материалдар / Эссе. «Білімнің бәрі де - білгісі келетін адамға табылатын білім» А. Байтұрсынов туралы

Эссе. «Білімнің бәрі де - білгісі келетін адамға табылатын білім» А. Байтұрсынов туралы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлт ұстазы А.Байтұрсыновтың білім туралы пайымын талқылап жазылған талқылау эссесі
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Білімнің бәрі де - білгісі келетін адамға табылатын білім»


Ұлт көсемі, ұлт ұстазына айналған, өмір бойы марғау ұйқыдағы халқын «Маса» боп ызыңдап оятуды көздеген, «қазаққа қазақты сүюді үйреткен» Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқы үшін еткен қызметі теңдессіз.

Ұлт ұстазының теңдессіз қызметтерінің бірі де бірегейі – білім беру, білімнің маңызын насихаттау. Неге? Себебі, қай заманда да білімнің орны бөлек, білімді адамның сөзі түзу, ниеті адал болатынын даналықпен болжай білген ұлт жанашыры деген сөзімен насихат қалдырған. Ұлт ұстазы өз сөзінің дәлеліндей етіп, «Білім жарысы» (1913ж) мақаласын жариялаған. Мақалада «жанам деген жүрекке от берерлік», өзгеге ой саларлық дүниелер бар. «Білімді жұрттарда білім жарысы деген болады. Оған бәйгеге түсетіндер – білімділер, зейінділер» [2] деген ғалым пікірі ас пен тойға тігілген бәйгені немесе ақшаны жас ұрпақтың білім алуына, жас ғалымдарды дамытуға, қандай да бір білім саласындағы білім жүйріктерін дамытуға тігілгенін қалайды.

А.Байтұрсынов ғылымы дамыған елдермен теңесу білімге көңіл бөлген елде ғана болатынын пайымдаған. «...Ғылым, өнер артылған сайын дүниеде бейнет кемімекші. Осыған ақылы жетіп, есі енген жұрттар ғылым мен өнерді бірден-бірге асыруға тырысады. Асыру үшін әр түрлі істер істейді. Сол істердің бірі – білім жарысы...» [1] - дей келе, Ахмет қазақ халқын нығайту үшін, білімді болуды насихаттап, «түрлі ғылымды дамыту үшін байлар ақша тігіп, білім жарысын ұйымдастырсын, білімге тіккен ақшаның қайтымы зор болады, елге шарапаты тиеді» деген тілегін осы мақалада жариялаған. Осы орайда публицист пікірі ұлы дала қоңырауы Ыбырай Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар...» [3] атты өлеңіндегі пікірмен үндесетіндігін байқауға болады.

Білімнің маңыздылығын, білім бәсекесінің берері мол екендігін аңғартқан ұлт көсемдері болашаққа осылай үміт артқан. Білім адамға жақсы кітап арқылы берілетінін пайымдаған Ахаң «Білімнің басты құралы – кітап...» [1] деген пікірі ұлы Абайдың «...Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге» деген шумағымен үндесе ұрпағын алға жетелеген. Ал осы кітап, оқулық мәселесі бүгінгі таңдағы өзекті тақырып болып тұр.

Қорыта келе, ұлт ұстазы атанған Ахмет атаның сөзіне сүйене отырып, «неше қабат білім дәрежесін» [4] меңгеру ұрпағымызға аманат екенін ұмытпағанымыз жөн. /296 сөз/





Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. А.Байтұрсынов «Ақ жол» 1991 жыл, 257-бет; «Оқу жайынан»

  2. «Жұлдыз» журналы 2017 жыл, 5-бет «Білім жарысы» мақаласы

  3. Ы.Алтынсарин «Кел, балалар, оқылық»

  4. А.Байтұрсынов «Маса» 2005 жыл, 157-бет ; «Шаруа жайынан» мақаласы

Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі