Материалдар / Эссе "Елбасы сенімі-ел сенімі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе "Елбасы сенімі-ел сенімі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп ұстаздарына арналған көмекші құрал.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2018
494
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе

"Елбасы сенімі -ел сенімі"

Н.Назарбаев экономиканың даму үрдістерін тани білетін және ондағы Қазақстанның орнын айғақтаған саясаткер ғана емес, ғалым екендігін мойындат­ты. Нарықтық қатынастарға бейім­делген «Назарбаев моделін» жүзеге асырды. Осылай қысқа  мерзімнің ішінде Қазақстан дүниежүзіндегі қарқынды дамып келе жатқан үш елдің қатарына енді.

Жарқын болашағына берік сенімді, халқының мығым қолдауына ие болған ел ғана алдына әрдайым үлкен міндеттер қоя алады. Біздің еліміздің көшін Нұрсұлтан Назарбаев ширек ғасырға жуық алға бастап келеді. Соның нақты көрінісін кезектен тыс президенттік сайлаудың нәтижелерінен анық көрдік. Елімізде ерекше жаңа серпін бар. Президент сайлауы ел-жұрттың бұрын-соңды болмаған қуатты қолдауы арқылы өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз қысқа мер­­зімде өте көп жұмыс атқардық. Бү­гінде Қазақстан – Орталық Азиядағы эко­но­микалық көшбасшы. Бірақ, тоқтауға бол­майды. Реформалар ұлттық экономиканы білімге негізделген озық экономикаға айналдырады», деді. Бүгінде елімізде барлық мүмкіндік бар.  Біліктілік пен кәсіптік деңгейі өскен сайын әрбір қазақстандықтың өз елінің игілігі үшін жұмыс істеуіне толықтай мүмкіндігі бар. Отбасының бірлігі – Отанның бірлігі. Отан – отбасынан басталады десек, небір  асылдарымыздың бастау көзі де осы отбасынан басталады.

Біз өмір сүріп отырған қазіргі кезең жаңа көзқарасты,жаңашылдықты талап етеді.Сондықтан да,білім саласында болып жатқан жаңа өзгерістердің біз үшін маңызы зор. Балалардың бойына халқымыздың ең асыл қасиеттерін сәби күнінен сіңіріп,ұлттық сана-сезімін қалыптастыру бүгінгі заманның өзекті мәселесіне айналған талабы. Өнерлі жас ұрпақты отансүйгіштік пен мейірімділікке рухани тұрғыда тәрбиелеу әрбір ата-ана мен педагогтың,жалпы қоғамның міндеті деп білеміз.Себебі,әрбір бүлдіршін біздің болашағымыз.

«Дайындығы жоқ адамды соғысқа аттандыру сатқындықпен тең» деп Қытайдың үлы ұстазы Конфуций айтқандай, қазіргі кезде білім саласы өте қарқынды даму үстінде. Сол себепті білім беру жүйесіне бүгінгі әлемдік көштен қалуға болмайды. Өйткені, еліміздің болашағы бүгін жас ұрпақтың қолында. Ал мектеп жұмысының дамуы мен оқушы жетістіктерінің артуына себепші тұлға – мұғалім.

Президентіміздің басшылығымен еліміздегі экономикалық жүйені түбегейлі реформалау, нарықтық экономикаға көшу жузеге асырылуда. Осының бәрі біздің елдің дамуының алғышарттары. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында қозғалған бағыттарды кеңінен тарқатып, мемлекеттік идеологияны анықтайтын, көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағытталған құжат деп білеміз. Елбасымыздың өмірі мен қызметі елі мен жеріне, оның болашақ дамуына арналған. 30 елдің қатарына қосылу жолындағы ерен еңбегіңіздің, сарабдал саясатыңызды заманауи, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеп отырған ұстаздар қауымы сізді үнемі қолдайды деп сенемін.

«Үш тұғырлы тіл», тіліміз үшін жасалған игі қадам – латын әліпбиіне көшу – ана тіліміз үшін жасалған игі қадам.Бізде Елбасына сенім артып, оның әрбір айтқан сөзін, қалт жібермей еліміздің өркендеуі жолында тәуелсіздігіміздің баянды болуы жолында, рухани жан-дүниемізді байытып, еліміздің дамуына үлес қосуға бар күш-жігерімізді арнаймыз.Соған орай мектебімізде жалпыхалықтық диктант жазуға ауыл тұрғындары бір кісідей ат салысты. Осыған қарап латын қаріпіне көшу көпшіліктің қолдауына ие болып жатқанын көріп отырмыз. Еліміз Елбасығы сенім артса, елбасы келешек жастарда деп, бізге үміт артып отыр. Елбасының әрбір мақсаты қадамын қолдап, жоспарларының іске асуына атсалысуымыз қажет. Осы жолда мен өз ауылымның, мектебімнің дамуы мен өркендеуі жолында еңбек етіп келемін. Осы мақсатта дұрыс жұмыс жасауымның нәтижесін мынадай жетістіктеріммен көрсете аламын: Қорғалжын ауданы көлемінде өткен іс-шараға, белсенді әрі тиянақты қатысып, мақсатыма жеткенім үшін және республикалық «Қоқиқаз-2018» зор үлес қосқаны үшін алғыс хатпен оқушым ІІ орын алса,қалған оқушыларым жұбату сыйлықтарын алды. Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру»аясында өткен мектепішілік,аудан аралық іс-шараларға белсенді қатысып,өз үлесімізді қосып жүрміз.

Абай атамыз айтқандай «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан»дегендей алға нық қадам басамыз!Ел басымыз аман болып, егеменді еліміздің көк байрағы, мәңгі көкте желбірей берсін!

Тәуелсіз елімнің болашағына сенемін.Ұлы тұлға,Елбасымыздың арқасында елім әлі де биіктен көрінеді деген сенімдемін.



Ақмола облысы

Қорғалжын ауданы

Үшсарт негізгі мектебінің

6-7-сынып жетекшісі

Кусаинова Зайра Аскаровна

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!