Эссе «Халық үшін тәуекелге баратындар – төтенше жағдай қызметкерлері»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе «Халық үшін тәуекелге баратындар – төтенше жағдай қызметкерлері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен таңдаған мамандық – мамандықтың төресі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

Тақырыбы: «Халық үшін тәуекелге баратындар – төтенше жағдай қызметкерлері»

Мамандық таңдау – өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау. Осы орайда қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы, қара сөздің қас шебері атанған Абай Құнанбайұлының

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де – бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан!,-

деген өлең жолдары еске түседі. Шынында да дүниеге келген әрбір адам тал бесіктен жер бесікке жеткенге дейін өсіп, өніп өмірдің бір кетігін тауып, қаланатын жерін анықтауы керек. Тынымсыз да тоқтаусыз тіршілікте адамзат атаулыны тар жол, тайғақ кешуден өткізіп, талпыныс пен тартыстың тегеурінді таласына салатын бір нәрсе ол – таңдау. Өзіндік «мені» қалыптасқан жеке тұлғаның ерте ме, кеш пе үлкен таңдау жасауына тура келеді. Жалындап тұрған жастық шақтан үлкен өмірдің табалдырығын аттардағы ең бірінші таңдау осы мамандық таңдау жолы болмақ. Әлем бойынша 40 мыңнан аса мамандық түрі бар екен. Сол сан алуан мамандықтың ішінен өзіңе лайықтысын табу қиынның қиыны. Статистикалық зерттеулерге сүйенер болсақ 1 жылдың ішінде 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырады екен. Бірақ солардың ішінде 12%-ы өзінің бұрынғы жұмыс орнына қайта оралады. Бұдан шығатын басты қорытынды адамдардың мамандық таңдауда қателікке жол беретіндігі немесе мамандық таңдауға адамдардың жан-жақты дайындық жүргізбейтіндігі. Жалпы қоғамға пайданды тигізетін мамандықты қалай таңдауға болады? Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Шеберліктің шыңына жете білсеңдер, мамандықтың бәрі жақсы!» деген бір керемет ой байламы бар. Яғни, мамандықтың жаманы мен жақсысы болмайды. Керісінше өмірде бәрі бір-бірімен өзара байланысты болғандықтан мамандықтың барлығы да өте маңызды. Бастысы сол мамандықты таңдауда әр адам өзінің қалауына сүйене отырып бір іске бейімділігі мен қызығушылығына мән бергенінде. Екінің бірінің еншісіне белгілі бір саланың нағыз маманы болу бұйырмаған. Өйткені ол қажырлы қайрат пен таудай төзімділікті, небір қиындықтарға қарсы тұра білуді, үлкен тәжірибені қажет етеді.

Адамзат атаулыға айтып келмейтін әрі болмай тұрмайтын жағдайлардың бірі – төтенше жағдай. Сондай қиын-қыстау кезде жапа шегіп қалған адамдарға алғашқы көмек қолын созып, халық үшін тәуекелге баратындар – төтенше жағдай қызметкерлері. Отанымыздың қауіпсіздігі үшін жасалынып жатқан әрбір игі істің басы-қасында жүріп, Отанына қалтқысыз қызмет ететін бұл қызмет саласы менің балалық шағымның арманына айналған мамандық. Қауіпке толы қызметте бір ғана төтенше жағдай қызметкерінің бойынан ерлік, батырлық, жүректілік, адамдарға тыныш өмірді қамтамасыз ету, аяқ асты туындаған әртүрлі апаттармен күресу және қиындыққа тап болған жандардың өмірін құтқарып қалу сынды ерекше қасиеттер жинақталған. Күн сайын табиғи апат салдарынан немесе адамдардың қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтамауынан туындайтын әртүрлі жағдайлармен бетпе-бет келетін бұл маман иелерінің қызметі шын мәнінде оңай емес. Өзіне қауіп төніп тұрғанына қарамастан әрбір минут сайын өз өмірін тәуекелге тігетін олардың бұл қызметтері ғана емес міндеттері де. Күн сайын үлкен жауапкершілікті арқалаған жандар уақыт пен мезгілге қарамастан адам жанын құтқаруды әрқашан бірінші орынға қояды. Төтенше жағдай қызметкерлері әлем бойынша өзінен бұрын өзгенің өмірін құтқаратын ауыр да күрделі мамандықтардың қатарына кіреді. Сондықтан да бұл саланың қызметкерлерін «Бейбіт күннің батырлары» десек артық айтқанымыз болмайды. Сол бейбіт елде өмір сүріп жатқанымызбен қоғамда көрініс алып жатқан небір апаттардан адам жанын арашалап қалып жатқан төтенше жағдай қызметкерлерінің ерлігі – ерен. Алайда бұл қызметкерлер осы істерін ерлік пен батырлыққа санамай керісінше міндеттері деп қабылдайды. Әрбір басқан қадамының соңғы болу мүмкіндігіне қарамастан құтқарылып қалған қаншама өмірлер – олардың негізгі жұмыстарының нәтижесі болып табылады. Адамның жанашырлығының жоғарғы деңгейі – өзге біреуге көмек көрсету. Бірақ, адами жанашырлықтан бұрын олар үшін төтенше жағдайда көмек көрсету олардың мамандығы болып кеткен. Атақты колбасшы, әскери қайраткер, сөзге шешен батыр Бауыржан Момышұлының «Ерлік – табиғат сыйы емес, саналы әскери тәрбиенің жемісі, Отан алдындағы қасиетті парызыңды орындау үшін адамзаттың ең асыл сезімімен жігерленіп, өзіңді саналы түрде қауіп-қатерге бас тігуге мәжбүр етудің нәтижесі» деген сөздері осы қызметкерлерге арналса керек. Ел дегенде езіле, жұрт дегенде жұмыла, жері үшін тер төге, халқы үшін қан төге еңбек етіп жүрген бұл мамандар әрқашан темірдей тәртіп мен тәуекелді, ептілік пен ерлікті ұштастырып жүрген жандар. Өмірге келген әр тұлға үшін адам болып қалу – қасиет, азамат болып қалу – міндет, ал ұлтын сүю – парыз болмақ.

Қорытындылай келе, зор сенім мен үлкен жауапкершілікті арқалаған, нағыз ержүрек азаматтарға арналған бұл мамандық менің арманымның бір бөлшегі. «Пенде арманнан өлмейді» деп Абай Құнанбайұлы айтқандай жастық шақта армандаған нәрсені жүзеге асырып, қартайғанда сол нәрсенің зейнетін көру үлкен бақыт! Адамда арманының орындалуына қажеттінің барлығы бар. Тек оған кедергі келтіретін нәрсе – сол істі бастар алдындағы кездесетін кедергілерге деген қорқынышы. Өкінішті оқиғаларға өз көзіммен куә болмасам да тынымсыз тіршілікте келеңсіз жағдайлардан адамдар өмірін құтқаруды басты миссия еткен мамандыққа қызығушылығым жоғары. Алайда белгілі бір нәрсені армандап қана қою жеткіліксіз.

Армансыз адам болмайды,

Қанатсыз құс ұшпайды.

Қағаз, қалам, жоспарсыз,

Арман, мақсат болмайды,-

дегендей ең бірінші алға нық мақсат қою керек. Осы орайда жапон ұлтының «Егер жолға өз еркіңмен шықсаң, онда мың шақырымды біреудей-ақ болады» деген даналығы асқақ арманды жүзеге асыруда адамның өзі арқалаған ауыр жүгін өзі ғана көтере жүріп нәтижеге жететініне дәлел келтіргендей. Қаншама мамандықтың ішінен осы төтенше жағдай қызметкерін таңдап алғаным менің болашағымның жарқын кепілі, табысты өмірімнің кілті, өз ортама маңызды да бағалы үлес қосатын мамандықтың бірі болады деп есептеймін. «Өзіңді-өзің танысаң – істің басы» демекші жеке тұлға ретінде арманым – асқақ, мақсатым – айқын. Ең бастысы алдағы басталар үлкен өмір жолымда сол мақсатым тура жолға нұсқау болатын жарық шамшырағым болса деймін. Менің ойға алған мамандығымды таңдауда қабылдайтын дұрыс шешімім - болашақ мансабымның алғашқы іргетасы болмақшы. Ал мен таңдаған мамандық – мамандықтың төресі.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.03.2024
130
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі