Эссе "Жыр жүйрігі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Жыр жүйрігі"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Жыр жүйрігі" тақырыбына жазылған эссе қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері үшін және жоғары оқу орындарының, колледж студенттеріне көмегі бар. Эссе жерлес ақын, жыр жүйрігі Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың шығармалары бойынша жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

Жыр жүйрігі

Қазақ поэзиясында лирикалық сыршылдықтың шыңына лайық, поэмаларында суреткерлік пен ойшылдығы қат-қабат келіп жататын өлең өлкесінде өшпес мұра қалдырған ұлы ақын – Мағжан Жұмабаев. Ақын 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі М. Жұмабаев ауданында дүниеге келген. Мағжан – өз жерін де, өз тегін де мадақтаумен өткен халықтың дара перзенті. Мағжан поэзиясының көркі, Мағжан поэзиясының сезімділігі мен сыршылдығы, суреткерлігі мен ойшылдығы оқырманын талай рет тамсандырып, небір дуалы ауыздардың ілтипатына ие болып, өзіне тәнті еткен. Атын атауға жасқанып, бұқпантайлаған заманда да тасты жарған тас бұлақтың суындай нәрлі позия жасырып оқыған талай жүректі өзіне баурап, өзгеше күйге бөлейді.

Мағжан – қазақ поэзиясының жарық күні. Мағжан сыршыл да өршіл маржан жырларының құдіреті арқылы өзінің бүкіл болмысы мен поэзиясының ерекшелігін танытып кеткен ұлы ақын. Аласапыран заманда өз әуезін таба білген ақын әрқашан ұлтының, қазақ халқының мұңын жоқтап, тек ұлтының керегін іздеген, жамандығын жасырып, жақсылығын асыра білген, солардың барлығын өзінің өлең-жырларына арқау еткен.

«Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ» деп ұлы ақын Абай атамыз жырлап кеткендей, Мағжан Жұмабаевтың да мақсаты ұлтының білімді, азаттық пен бостандыққа қол жеткізуі болған, ел бүтіндігін, бірлігін сақтау болатын.Мағжанның «Айқап» журналында жарық көрген «Жатыр» атты өлеңінде ақынның ұлы мақсаттары көзге шалынады. Мысалы:

Кешегі шешек жарған қазақ гүлі

Сарғайып бір су тимей солып жатыр.

Мінекей, қазақ солай бітіп жатыр.

Күн сайын артқа қарай кетіп жатыр.

Сезінбей өзгенікін, өзінікін,

Аты өшкір оқығандар нетіп жатыр.

Оның қай өлеңін алсақ та, ұлтының азаттығы үшін, бостандық үшін күрес жайлы, қазақ ұлтының өткен заманда беделді, мықты болғаны, өз заманында қалай құлдырағаны туралы айтылады. Ұлтының азаттығы жолында түрмеге де түседі. Бірақ ол жерде жай жатпай, көптеген өлеңдер жазады. . «Сағындым», «Анама» сияқты өлеңдері түрмеде отырғанда жазған шығармалары. Ақын бұл өлеңдерінде темір торға қамалған жан арпалысын суреттейді. Тілегені өлім емес, ерлік екендігін дәлелдейді. Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері қазақтың сөз өнері үшін жаңа дүние. Ақын өлеңдерін оқи отырып, оны түйсіну, қабылдау қабілетінің айрықша мол, әрқилы екенін аңғарасың. Біз Мағжан Жұмабаевтың көбінесе махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына жазылған өлеңдері төңірегінде ой қозғаймыз. Бірақ сыршыл ақын бұл тақырыптағы өлеңдерінде де азаматтық жүкті алға қояды. Мағжан поэзиясының тақырыбы әралуан. Мағжан өлеңдерінің әр сөзі жеке сөйлеп тұрады. Ол өмір сүрген заманда Мағжан бармаған, ол жырламаған тақырып деуге болады. Ол елінің тағдырына ортақтаса білген ақын. Оның «Ләззат қайда», «Жазғы таң»,»Балалық шақ», «Қазағым» тағы басқа өлеңдерінен терең ойды байқай аламызМағжан қазақ әйелінің теңсіздігітұсында да көп жырлаған. Мысалы, «Домбыра», «Зарлы сұлу», «Жәмила», «Тілегім» өлеңдерін жатқызуға болады. Осы өлеңдерінде Мағжан қазақ әйелінің теңсіздік тұрмысын көрсетіп, қасіретін жырлаған. Әйел затының тағдырына араша түсіп, зарына үн қосып, жырымен жұбатқан. Мағжан өлеңдерінің сыртқы суретінен табиғаттың көркем көрінісін көрсек, ішкі астарынан адам тағдырын танып жатамыз. Мәселен, ақын «Толқын» деп аталатын өлеңінде толқындардың қозғалысының әртүрлі болып келетіндігіне назар аудартады. Толқынның қимылынан біріне-бірі жақындап келіп, сырласқан болып, бірінің сырын бірі ұрлап, бірін-бірі жұтып жіберетін жымысқы адамдардың әрекетін көреді.



Мағжан поэзияда лирикалық өлеңдерімен ғана шектеліп қалмайды. Ол – эпикалық жанрда да біршама еңбек еткен ақын. Оның «Қорқыт», «Ертегі», «Оқжетпестің қиясында», «Қойлыбайдың қобызы», «Батыр Баян», «Жүсіп хан» сияқты бірнеше поэмалары бар. Олардың тақырыптары әртүрлі, идеялары әркелкі болғандықтан, қазақ поэзиясында өзіндік орны бар дүниелер.

Жалпы алғанда, Мағжан шығармашылығы – қазақ поэзиясына өзгеше леп әкелген, шығармашылық ізденіс жемісі. Қазақ оқырманы Мағжан поэзиясын енді ғана оқып, мың рет қайталап, жанына ләззат тауып жатқанының сыры осында. Мағжан – ешқашан зерттеліп бітпейтін құбылыс. Мағжаннан Отанды, елді, жерді сүюді үйрену керек. Қазақтың бір тауын Мағжан атымен атау керек. Мағжан – сыршылдығымен, суретшілдігімен, сөзге еркіндігімен, тапқыштығымен күшті болған. Мағжанды «Жыр жүйрігі» деп атауымның да себебі осында жатыр.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.01.2018
832
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі