400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Эссе: Мағжан Жұмабаевтың "Толқын" өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
11-сынып оқушыларына көмек ретінде беріліп отыр. Сыршыл ақынның "Толқын" өлеңіне қысқаша талдау жасалады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мағжан Жұмабаевтың «Толқын» өлеңі



Бес арысымыздың бірі – Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы тұғырлы тəуелсіздік жылдарында қайта терең зерттеліп, əдебиет тарихында өз еншісін алып келеді. Бұл дегеніміз ақиық ақын шығармасы ұрпақтан- ұрпаққа мәңгі мұра болып қалады деген сөз. Қазақ поэзиясында өзіндік жол салып, өз қолтаңбасын айқындап кеткен ерен жүйрік, сыршыл ақын Мағжан Жұмабаевтың  суреткерлік құдіретін көрсететін сиқырлы өлеңдерінің бірі — 1915 жылы жазылған «Толқын» деген туындысы.

«Толқын» өлеңінде толқындар жар кейіпінде бейнеленеді:


Толқынға толқын еркелеп

Меруерт көбікке оранып

Жыландай жүзге бұралып

Жарға жетер ентелеп.

Күміс кәусар суымен

Суының алтын буымен

Жарының бетін жуады.

Мөлдіретіп көз жасын

Жасымен жуып жартасын

Сүйіп сылқ-сылқ күледі.

Сылдыр-сылдыр, сылдырлап

Бірінің сырын бірі ұрлап

Толқынды толқын қуады.

Жарына бал береді.

Береді де өледі.

Өледі толқын – тынады.


Мұндағы жартас – толқындардың жары. Ақын кәдімгі күнде болып жататын табиғаттың заңды құбылысының өзінен адам тіршілігін, адамға тән әр түрлі қарым-қатынасты көре білген. Ақын қиялының соншалықты байлығына, нағыз суреткерлігіне тәнті боламыз.

Толқыннан толқын туады,

Толқынды толқын қуады,

Толқын мен толқын жарысад - деп ақын айтқандай, өмірдің өзі бірін-бірі қуған, жарысқан осындай толқындардан тұрады. Салыстыратын болсақ:

Адамнан адам туады,

Адамды адам қуады

Адам мен адам жарысад

Күңіренісіп кеңеспен,

Бітпейтін бір егеспен

Жарысып жарға барысад.

Толқынмен толқын сырласып

Салыстыратын болсақ:

Ғашық пен ғашық сырласып,

Ғашық пен ғашық еркелеп,

Бақытқа жетер ентелеп. Мағжан Жұмабаевтың «Толқын» өлеңінде толқын біресе бала болса, біресе ғашықтарға айналады

Немесе,

Ерке баладай былдырласа,

Сылдыр сылдыр сылдырлап,

Толқынды толқын қуады.

Сылдырлату арқылы кейіптеп, жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі адамға, жан дүниесіне ұқсатып, жандандыра, құлпырта суреттейді және өмірге деген, тіршілікке деген қозғалыс, болашаққа деген ұмтылыс, яғни

Жарына бал береді,

Береді де өледі,

Өледі толқын тынады

Бірақ, бірақ ... толқын тынғанымен өмір тоқтамас, артта ұрпақ қалады.


Қорыта айтқанда Мағжанның табиғат лирикасы ақынның стилін айғақтай түседі. Табиғат лирикасына ақынның өз бояуын қосқаны, ешкімге ұқсамайтын суреткерлік бай қиялы аңғарылады. Табиғат жұмбағы мол тылсым дүние болса, Мағжанның табиғат лирикасы да сол табиғаттың өзі секілді. Мағжан Жұмабаев – өзінің айрықша толқынымен келер толқынға қазақтың кең сахарасындай, еліңнің езгіде қалмайтындай, жігеріңді жасынға жанытатындай, құшағыңды жалынға күйдіретіндей асыл мұра қалдырған «отты Гуннан от боп туған» дарын иесі. Ол ендігі сөзді келер ұрпақтың еншісіне қалдырады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
3203
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі