Ерменова Альмира Ауганбаевна
«Мамандығым
мақтанышым»
Осы тақырыпты алғаннан соң көп
ойландым. Шындығында мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін,
оқытып үйрететін абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық
мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие
алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол
сілтер шамшырақ болары анық. Cол ұстаздармен қатар тәрбие әлеміне
жол сілтер жандардың бірі де,бірегейі – тәрбиешілер. Өйткені ұстаз
мектептің жүрегі болса, тәрбиеші- бала бақшадағы балдырған -
бүлдіршіндердің жаңа қадамдарын бастауына жол ашар
жандар.
Ғылым иесі ғалым да, ел
қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір
балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен
шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі — бәрі
тәрбиешілер мен ұстаздардан білім, тәлім алған, сондықтан
тәрбиешілерге бүкіл адам баласы құрметпен бас
иеді.
Қиындығы да, қызығы да
жетерлік, ең бастысы — жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі
балабақшада тәрбиеші болу екені ақиқат. Өйткені бұл мамандық
иелерінің мойнына еш нәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана
бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп,
таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген. Сондықтан басқа
мамандық иелерінің баршасы да тәрбиешілерге борыштар деп
ойлаймын.
Балабақша ұжымынан әрбір
тәрбиешілердің бойында болатын төзімділік, сыпайылық, тазалық,
адамгершілік, еңбек сүйгіштік сияқты жақсы қасиеттерді бойыма
сіңірдім. Мен өзімнің балабақшада жұмыс істеумен қатар еңбек етіп,
баланың бойына ақыл — білім дәнін сеуіп, аялап, көңілін табуды,
алаламай сүйе білуді үйрендім.
Дана халқымыз «Ұядан не
көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, «Балапандар жанұясы»
болғанымыз мен үшін үлкен бақыт.
Қыран түлегіне қайтпас қанат
сыйлайды, тәрбиеші шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші,
тәрбиеші қай кезде де балабақша жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам
тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты
дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды
мәселе болып табылады. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін
арқалап келеміз» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде
мұғалімдер мен тәрбиешілер алдында үлкен жауапкершілік жүктеді.
Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын
санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Нағыз тірбиеші,
міне, осы. Өйткені, әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге
қабілетті болуының ең басты ошағы – балабақшадағы тәрбиеші берген
білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен
көрінгісі келген кез келген мемлекет ең алдымен, білім беру саласын
дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше, осындай
бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа
формация тәрбиешінің еншісіне тиері анық.
Жаһандану заманында ұлттық
бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен
өлшенеді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп,
білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін
өзекті мәселе.
Бұл мәселені шешудің кілті
тәрбиешілердің қолында. Өйткені, тәрбиеші
елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ
тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу – ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы
– тәрбиеші. Мұғалім мен
тәрбиешінің негізгі құралы – сабақ.
Сабақ скрипка аспабы секілді: онымен жай
гаммаларды ойнауға немесе Паганинише саусақ ұшын сымға жеңіл
тигізіп, одан ғажайып үн шығаруға да болады. Әрбір сабағы ғажайып
әуенге толы нағыз тәрбиеші
болу кімнің де болса арманы.
Менің түсінігімдегі тәрбиеші –
рухы таза, ой – өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер
төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы
асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне
жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі
– жылы, көңілі – дарқан адам.
Тәрбиешіденн
дәріс алмаған адам қазір жер бетінде жоқ десе де болар. Бұл
мамандық содан да киелі. Жан – Жак Руссоның
«Тәрбиеші болу – өз уақытыңды аямау, басқаның бақытын
аялау» деген нақыл сөзі жаныма өте жақын.
Тәрбиеші білгенін үйретуші
ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық
адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет
иесі. Шәкірті өзінен озған тәрбиеші
– еңбегі ақталған ұстазбен
тең.
Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт
тәрбиелейтін шебер ұстаз үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұранысына
сай білімді, шығармашыл, өзін – өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы
қажет деп ойлаймын. Мен тәрбиешінің ауыр жүгін арқалауды өз жүрегімнің қалауымен
таңдадым. Маман тәрбиеші
ретіндегі негізгі ұстанымым: баланы тұлға деп
тану, оның пікірімен санасу, оқушының кішкентай қуанышын, табысын
бағалай білу.
Болашақта тәрбиеші мамандығы
ең беделді, әрі жоғары ақы төленетін мамандықтың біріне айналуы
үшін оны сүйіп, талмай еңбек ету қажет.Тәрбиешілік қызметте,
бүлдіршіндермен қарым — қатынаста ізгі ниеттілік, кішіпейілділік
және мәдениеттілік бірінші кезекте тұру керектігіне көзім
жетті.
Қытай философының «Маған жәй
айтсаң – ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын, ал өзімді іс –
әрекетке қатыстырсаң үйренемін» деген даналығы білім алушының
білімге ықыласын аттыруда ақпараттық — коммуникативтік
технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді
практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді. Сапалы
білім негізі – жан — жақты ақпараттық материалдарды, көрнекі
құралдар мен ұтымды технологияларды, тиімді әдіс — тәсілдерді
пайдалана отырып, білім алушыға ешбір кітаптан таба алмайтын білім
беру. Өйткені, тек оқулықтағы білімді
жеткізуші тәрбиешінің құны жоқ деп ойлаймын. Оқулықтағыны оқушы өзі де
оқып алады.
Сондықтан бүгін білім берудің сапалы болуы үшін:
біріншіден, тәрбиешінің жан
– жақты академиялық білімінің болуы, екіншіден,
мтәрбиешінің
өз мамандығына деген шынайы сүйіспеншілігінің және ешқандай
дипломмен бірге берілмейтін шығармашылық қабілеті, балаға деген
кіршіксіз адамгершілік қасиеттері болуы шарт.
Мен қазір біздің елімізде
қалыптасқан тәрбиешілік мамандыққа балабақшада негізінен кішкентай
бүлдіршіндерді қабылдап, олардан орташа маман дайындап, оларды
білім ұяларына жіберетін құрсаудың бұзылып, тәрбиеші мамандығы ең
жоғары еңбекақы төленетін үздік мамандыққа айналса деп
армандаймын. Өйткені, жаңа ғасырда ғылымның, техниканың,
өндірістің қарқындап өсуі білім берудің барлық жүйесін жүйелі
дамытуды талап етіп отыр, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу үшін іргелі
өзгерістер керек.
Иә, қазір жаңа типті
балабақшалар салынып, пайдалануға беріліп жатыр. Дарынды
балалармен жұмыс бағдарламасы жүзеге асу үстінде. Жастарды
шетелдерде оқытуға мүмкіндік алдық. Жаңа буын оқулықтар, электронды
оқулықтар білім беру ісіне ене бастады. Осындай жаңа даму үрдісі алға
басып отырғанда Елбасы Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір
сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай
тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады.
Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» – деген
еді. Біз осы сөзге сай болуымыз керек
Тәрбиеші болып, бала санасына
жаңаша бағыт беру, жаңа дүниеге ой тастаудың түрлі амалдарымен де
танысып алдым. Бала жас алма ағашы тәрізді қалай бағыт берсең солай
бой көтерері сөзсіз. Қатты майыстырып алсаң сынады, күтімін
бермесең өңбейді дегендей бел сыбана кіріскен жөн. Бір күнде бір
балағаға бір әріп үйрету тәрбиеші үшін үлкен жетістік деп ойлаймын.
« Еңбегің көрінсін десең,жемісін же» деген осыдан шығар деген
ойдамын. Еліміздің ереңі бүгінгі менің алдымда отырған осы
бүлдірішндер дегенді санама сіңірсем, мен тәрбиелеген бөбектер,
бірі- аграном, бірі дәрігер, бірі – ұстаз тіпті, ел басқару ісінің
мамандары да менің алдымда отыр деген қуанышты сенім мені алға
жетелейді.
Менің мамандығым ол менің мақтанышым. Себебі бала
тәрбиесіне көңіл бөлу, балаға бағыт беру бұл сауабы мол істің алғы
шарттары.
Былдырлап балдырған тілімен
жаңаны білуге талпыныс жасайтын шәкірттер еңбегіме гүл сепкендей
әсер етеді. Елбасы атап өткендей жас буын біздің болашағымыз,
біздің тірегіміз. Болашақты оқытып, тәрбиелеп отырған мына біздер,
өз болашағымыздың негізін өзіміз қалап жатырмыз деген сөз. Бүгінгі
таңда ұрпақ алдында «Қазақстан – 2050» бағдарламасындағы «Барлық
Қазақстандықтардың өсіп — өркендеу қауіпсіздігі мен әл – ауқатының
артуы» деген мерзімдік міндетті үшінші мыңжылдықта іске асыру
жауапкершілігі тұр.
Еліміздің болашағы, ұлтымыздың
ертеңі мектеп қабырғасында білім алатын жас ұрпақтың саналы ойлау
қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Сондықтан да
егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін
жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әртүрлі әдіс — тәсілдеріне
қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде
шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын тани алатын
жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде. Ендеше, мектеп
оқушыларының дүниетанымын кеңейтуде, оқу танымдық белсенділігін
арттырып, білім, біліктерін жетілдірудің қоғамдық мәні зор деген
сөз.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
еліміздің ертеңі, бүгіні жас ұрпақтың қолында, ол жас ұрпақтың
тағдыры – ұстаздардың қолында,- деп айтқанда қазіргі таңда және
болашақта ұстаздардың алатын орны ерекше екендігін тағы да бір
нақтылап көрсеткендей. Міне, сондықтанмен мектеп қабырғасында оқып
жүргенде – ақ, болашақ өмірімнің «тәрбиеші» деген ұлы мамандықпен
ұштасарына кәміл сендім. Дана халқымыз «Өмірде екі нәрседен
қателеспеу керек: біріншісі – мамандық таңдау, екіншісі – жар
таңдау» деген екен. Менің жүрек қалауыммен таңдаған мамандығым – «
тәрбиеші » мамандығы.Бұл қандай мамандық? Тәрбиеші деген кім?
Педагог ретінде оқушылардың оқу үлгерімін, тәртібін жақсарту
барысында жұмыс істесек, тәрбиеші ретінде әрбір оқушыға жеке тұлға
ретінде қарап, олардың ішкі жан сырын, ойын түсіне отырып, дұрыс
жол сілтеу, бағыт – бағдар көрсету, белгілі бір іске деген
қызығушылықтары мен белсенділіктерін арттыру, шығармашылық
қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс істеуіміз
керек.
Әрбір адамға жақсы маман болып
қалыптасуы үшін білім, тынымсыз еңбек, өзіне деген сенімділік,
мақсатына жетуге деген ерік – жігер, тиянақтылық сияқты қасиеттер
қажет. Ал жақсы тәрбиеші болып қалыптасу үшін жоғарыда көрсетілген
қасиеттермен қатар, әрбір істі шығармашылықпен, адамгершілікпен
шешуді қажет ететін интуиция, дәлдік, тапқырлық, мейірімділік
сияқты қасиеттер болуы қажет деп есептеймін. Осының нәтижесінде
тәәрбиеші – көмекші, тәрбиеші – өзгелердің жан – дүниесін терең
түсінетін немесе түсінуге ұмтылатын – зерттеуші, тәрбиеші –
өзгелердің жан ауруын емдеп жазуға ұмтылатын – қолдаушы,- деп айта
аламыз. Осындай жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, еңбек жолын
бастаған әрбір жас тәрбиеші өз мамандығы арқылы қоғамға, жалпы
адамзатқа тигізер пайдасы көп екеніне сенемін. Мен балабақша
қабырғасында «оқушы – бала бақша – ата – ана» үштік одағымен жұмыс
істей жүріп, әр түрлі мәселелерді шешуде, кездескен қиыншылықтарды
жоюда, түзету – дамыту жұмыстарын жүргізу барысында аталған
қасиеттерді қолдану нәтижесінде ғана табыстарға жетудемін.Сонымен
қатар, Уильям Уордтың «Жай мұғалім – хабарлайды, жақсы мұғалім –
түсіндіреді, керемет мұғалім – көрсетеді, ұлы мұғалім –
шабыттандырады»,- деген сөзі негізгі қағидама
айналды.
Қазіргі таңда жаһандану
дәуірінде ғылым мен техниканың даму кезеңі. Білім ордаларына
қойылатын талаптар да өзгеше: бәсекеге қабілетті, өзіне сенімді,
шығармашыл, дарынды, көп тілді меңгерген, білімді жеке тұлға
қалыптастыру. Соның ішінде ақпараттық технологияның даму қарқыны
қоғамның дамуына жақсы әсер етуімен қатар, оқушыларымыздың тәлім –
тәрбиесіне, оқу үлгеріміне өз зиянын тигізуде. Оқушыларымыздың
барлығы бос уақыттарында дерлік ғаламтор желісінде отырып
агрессивті мінез – құлық қалыптастыратын ойындар ойнап, одан қалса
көгілдір экран алдында шетелдік ән тыңдап, фильмдерін көріп
отыратындығы барлығымызға аян. Аталған себептердің нәтижесінде
оқушыларымыздың мінез-құлқында, тәлім - тәрбиесінде, өмірге деген
көзқарастарында көптеген қиыншылықтар туындауда. Сонымен қатар, ата
– аналардың бала тәрбиесімен айналысуға уақыттарының
жеткіліксіздігі, балаларын материалдық тұрғыда қамтамасыз етіп,
моральдық тұрғыда қолдауды ұмытып кетіп жатады. Бұл жерде мектеп
психологтарына да артылар жүк ауыр. Тәрбиеші әрбір оқушының жан
дүниесін түсіне отырып, көмекке зәру жанға уақытында қолдау
көрсетіп, қайғысына ортақтасып, қуанышына қуанып, қателігі болса
түзеп, жақсылығы болса, мадақтап отыруға жұмыс жасайды. Міне,
сондықтан тәрбиеші мамандығына деген сұраныстың арту себебі де
осында.
Мен тәрбиеші маманы ретінде
жұмыс істей жүріп, халқымыздың адам жаны туралы көне ғасырлардан
бері айтылып келе жатқан ойларымен таныстым. Солардың бірі Әл –
Фараби, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердіұлының жан мен тән туралы ойлары
қазақ халқының жан мен тән үндестігіне бұрыннан көңіл бөле білген
дана халық екендігіне тағы да бір көзімді жеткізді. Қазіргі таңда
мен ұлттық педагогикамен қатар, шетелдік педагог – ғалымдардың ой –
пікірлерін, Тәрбиеші әдістемелерін практикалық жұмыс істеу
барысында қолданамын.
Мақсат – айқын, міндет –
біреу: ел еңсесін еселеу жолында аянбай еңбек етіп, білімнің алтын
қазығын игеру. Олай болса, Елбасының мығым әрі мықты, сындарлы да
салиқалы саясатын қолдай отыра, ел игілігі үшін бар күш – жігерім
мен білімімді сала бермекпін.
Ұлы ойшыл Әл-Фараби: «Ісім онсын десеңіз, сол
істің маманы болыңыз...» деген қанатты сөзі мен үшін өмірлік
қағидама айналғандай. Сол себепті де мен өз ісімнің білгір маманы
болуды мақсат еттім. Сонда менің ісім әрқашан да оң нәтижесін
берері сөзсіз.
Менің мамандығым – ол менің
мақтанышым!