Эссе "Мәңгілік Ел"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Мәңгілік Ел"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәңгілік Елдің ұрпақтары біздің, ұстаздардың, алдында. Сондықтан да ұрпақ бойына еліміздің тарихы мен елдігін ұғындырып қана қоймай, елін сүйетін елжанды, білімді ұрпақ етіп тәрбиелеу біздің басты парызымыз.«Мәңгілік Ел» болудың кілті - өз қолымызда.Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап алға ұмтылуымыз керек. Бұл эссе Мәңгілік Ел туралы толғанған мұғалімдерге көмек ретінде берілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мәңгілік Ел.

(Эссе)

«Елдігіңді сақта!

Сақтамасаң жауға жем боласың!»

(«Күлтегін» ескерткішіндегі жазбадан)


Мәңгілік Ел туралы толғанғанда екпіндеп соққан желге де, нөсерлеп жауған жауынға да төтеп бере алатын алып бәйтерек елестейді.

Алып та мәңгі мұқалмайтын Бәйтереккке айналу үшін оның тамыры мығым да мықты болуы керек емес пе?! Дәл сол сияқты Мәңгілік Ел болу үшін ол елдің тарихы да мықты болуы керек екен.

Иә, еліміздің тарихына үңілер болсақ, бабаларымыздың азаттық жолындағы сансыз күрестері мен құрбандықтары, талай тар жол, тайғақ кешулерімен жеткен Тәуелсіздіктің бағасын ұғына білуіміз керек.Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік мұраттарына қол жеткізді.

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тарихын құрдымға жіберді.Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама?! Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана - «Мәңгілік Ел» болу. «Мәңгілік Ел» болудың кілті - өз қолымызда.Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап алға ұмтылуымыз керек.

Иә, Мәңгілік Елдің ұрпақтары біздің, ұстаздардың, алдында. Сондықтан да ұрпақ бойына еліміздің тарихы мен елдігін ұғындырып қана қоймай, елін сүйетін елжанды, білімді ұрпақ етіп тәрбиелеу біздің басты парызымыз болмақ дей отырып:

- Маған қымбат Тәуелсіздік, теңдігім,

Ұмытпаймыз бабалардың ерлігін.

Ұлағатты өнегесін алайық,

Мәңгілікке жалғассыншы Елдігім!-дегім келеді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.07.2018
12559
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі