Эссе "Мен және менің кәсібім!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Мен және менің кәсібім!

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мектеп ұстаздарына арналаған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе «Мен және менің мамандығым»

«Адам жанын түсіне білу, оны зерттей білу- үлкен өнер»

З.Фрейд.

«Еңбегіңнің ел қажетіне жарағанын сезіну – үлкен бақыт...» екені даусыз. Қазіргі уақытта жас жеткіншектерге білім берумен қатар олардың мынау өмірге бейімделіп, осынау өмірден өз жолын таба білуіне көмек беру үшін, қазіргі заманның ағымына сай мамандықтың қажет екені ақиқат. 
Теледидардан үздіксіз көрсетілетін шетелдік фильмдер, түрлі кереғар діни ағымдар, ұялы телефондағы әуендер, әртүрлі бейәдеп сайттар, бәрі жастардың санасын улап жатқаны боямасыз шындық. Осылардың бәрі жастардың көңіл – күйіне, психикасына әсер етуде. Міне, осындай сәттерде жеткіншектердің жүрегіне үңіліп, олардың сырлас досы, қиналғанда қол ұшын беретін жанашыры болатындай мамандық иесі болу менің арманым еді. Арманның жетегіне еріп, мен «психолог» деп аталатын мамандықты таптым. 
Иә, қай мамандықтың да өзіндік қызығы мен қиындығы бар. Менің ойымша, психолог мамандығының басты міндеті- жеке тұлғаның жас ерекшелігін ескере отырып, олардың жан – жақты қыр – сырын ашу. Жеткіншектердің өмірге еш қорқынышсыз, зұлымдықсыз қарап, алдарында ғажап бір әлемнің есігі ашылып, ашық та жарқын күндер күтетініне сендірсем деген үміт мені жетелеп осы мамандыққа бейімдеді. Мен балалардың психологиясын зерттей келе, өзім де солармен қатар дамып келе жатқандаймын. Қазақстанның болашағы – жас ұрпақ десек, олардың еш алаңсыз жеке тұлға болып қалыптасуы үшін мен де өзіндік қолтаңбамды қалдырсам деймін. 
Психолог болу адамның ішкі жан дүниесімен, оны түсіне біліп, оған демеу болып, кез – келген тығырықтан шығуына көмектесу, ұжымда ата – анамен мұғалімнің арасындағы дұрыс қарым – қатынасты орната біліп, оқушылармен тығыз байланыста болу. Мен адамдармен жан – жақты жұмыс істегенді, олармен сырласқанды, қайғырғанда қайғысына ортақ болуды, кез – келген ортада баламен дұрыс қарым – қатынас жасап, олардың бойындағы жақсы қасиеттерін өздеріне көп айтып, кез – келген адам қайталанбас тұлға екендігін, сен өзіңнің бойыңда бар қасиеттерді бағалауың тиіс, күн сайын өзіңді басқа қырыңнан танып, өмірдің әрбір сәтін бағалап, тек қана алға ұмтылуың керек деп оларға дұрыс бағыт – бағдар беріп отырамын. Әр сөзімде оқушыларға мен болмашы нәрсеге бола қатты уайымдауға болмайды, тек сол сәтті ұмытуға тырысуымыз қажет деп айтып отырамын. Психолог маманы өте қызықты, әрі ізденуді көп талап ететінмамандық.

Ең алдымен, адамның ішкі жан дүниесін зерттейтін ғажап мамандығым арқылы жабырқаған көңілге қуаныш сыйлап, олардың жүрек түкпірінде жатқан бүкпесіз сырларын тыңдап, болашағына сеніммен қарауға жетелегім келеді. Балалардың қуанышын сыр ғып шертіп, мұңдарымен бөлісер пірі болу – менің мамандығыма деген сүйіспеншілікпен қарауымның куәсі. 
Мен үшін оқушының қызығушылығы, бейімі, қабілеті және басқа да психологиялық ерекшеліктері үнемі басты орында. Мен күнделікті жұмысым арқылы балалардың психологиясын зерделей отырып, олардың жат қылықтың жетегіне ермес үшін алдын алу жұмыстарын жүргіземін. 
Зерделеу, зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша олармен түзету жұмыстарын жүргізіп, кеңестер беріп, маңызды ақпараттармен жүйелі таныстырып отырамын. Әр алуан психологиялық сауалнамалар жүргізу барысында, мен әр баланың жүрек түпкірінде жатқан сезімдеріне үңілуге тырысамын. Солардың көздеріндегі мұңды сейілтуге, көңілдеріндегі қуаныштарын тарқатуға, оқушымен қасындағы құрбыларындай, бірінің әпкесі, бірінің анасы, бірінің ұстазы, бірінің аралас досындай бола білуге бар қажыр-қайратымды жұмсаймын. Бұл еңбегім менің текке кетпеді. Мен еңбек еткен аз уақыт аралығында, шәкірттерімнің жүректерінен өз орнымды алудамын деп санаймын. Олай дейтінім, бұрын мен көптің ішіндегі бірі едім. Ал қазір мектептегі оқушылардың ата – аналары да менімен ақылдасуға, кеңес алуға келеді. Мектеп ұстаздары да шәкірттері туралы немесе өз мәселелері жөнінде менімен пікірлесіп отырады. Тіпті, өзге де жандар сіз «психологсіз ғой, сізден кеңес алсам бола ма?», - деп, телефон соғып, кеңес сұрап жатады. Бұл үшін мен қуанамын. 
Әрине, бұл мен таңдаған мамандықтың жемісі десе болғандай. Мен өз мамандығымның халыққа қажет екенін сезінгенде, бұл мамандықты текке таңдамағаныма риза боламын. Әр жастағы баланың даму ерекшеліктеріне сай келетін тәрбиенің тиімді әдісін таба білу, баламен тіл табыса білу шеберлігі, оқушының сеніміне бөлену, ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыру мақсатында өз тәжірибемді одан әрі жандандырып, әріптестеріме көмегімді тигізіп, бәсекеге қабілетті, саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында өз үлесімді қоссам деймін.


Ақмола облысы

Қорғалжын ауданы

«Үшсарт негізгі мектебі»ММ

психологі

Жәлел Гүлжазира Темірбекқызы











Ақмола облысы Қорғалжын ауданы «Үшсарт негізгі мектебі»ММ























Эссе «Мен және менің мамандығым»



















Жазған:Жәлел Г.Т











2020-2021 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
26.11.2020
758
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі