Эссе «Мен өз елімді мақтан етемін!»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе «Мен өз елімді мақтан етемін!»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Мен өз елімді мақтан етемін!»
Материалдың қысқаша нұсқасы


Құрбанова С.Қ 33-топ

«Мен өз елімді мақтан етемін»

Эссе

«Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген»

деп Жұбан Молдағалиев айтқандай, біз не көрмеген қазақпыз? Әйтсе де, қуанғанда күлкімізден түн түрілген қазақпыз. Адамгершілігі, қонақжайлылығы, төзімділігі біздің халықтың мінезіндегі өзге жұрттан ерекше маржан - байлығы.
Бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жерімізді мирас қып қалдырған. Еңбегі еш кетпеді де. Үміті ақталып, кейінгі ұрпаққа саналы, дана адам билік басына отырды. Олардың арманы орындалып, көсегесі көгерген кезге жеттік. Ең алдымен, досқа адал, дұшпанға қатал болуды, сонан соң досқа күлкі, дұшпанға таба болмауды, рухы биік болып, намысты қолдан бермеуді әрқашан есте сақтаған ел басымыз осы қасиеттерді бізге де үлгі етті.
Әлемде беделі бар бір ұлт болып, бой жазып келеміз. Мен өз елімді мақтан етемін! Ел тірегі – елбасы, Елбасы тірегі – ел екенін де ұмытпағанымыз абзал. Еліміздің патриоты болу, сапалы білім алу, қай салада болса да елің үшін аянбай еңбек ету - біздің міндетіміз.
Ата-бабамыздан бізге мұра болып қалған жеріміз бар. Әрқашанда ынтымақтастығы жарасқан көп ұлтты еліміз бар. Әрине, «біреудің көзі жақсы, біреудің сөзі жақсы» - демекші, маңдайыңнан сипап тұрып, ту сыртыңнан соққы беретіндер де жеткілікті. Осы себептен де біз әрқашан да неге болса да дайын, сақ болуымыз қажет. Сонымен қатар қандай жағдай туындаса да осалдық танытпай, айбар шегіп, мәселені шиеленістірмей, ымыраластықпен шешіп, ел тыныштығын жоғары қоюымыз керек.
Біз қазіргі уақытта патриоттық тәрбиеге көп көңіл бөліп, саналы көзқараспен қарауымыз қажет. Бұған Жүсіпбек Аймауытовтың: «Баланы бұзуға, яки түзетуге себеп болатын бір шарт - жас күнінде көрген өнеге, ол өнеге әке-шешенің тәрбиесі арқылы қалыптасады» - дегені дәлел бола алады.




Бопиева А. 33-топ

«Мен өз елімді мақтан етемін»

Эссе

Патриотизм дегеніміз - Отанды сүю деген түсінік. Отанды сүю - өз еліне адал берілгендік, оған қалтқысыз қызмет ету, оның мүдделері мен қауіпсіздігін қорғау. «Үйді қорғау - есіктен, Елді қорғау бесіктен басталады» - дегендей, отанды сүю туа сала пайда болатын сезім емес, сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, мектебіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алады. Тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады. Әрбір оқушы өз ұлтының тарихын жете меңгеріп, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын бойына сіңіргенде ғана «Елін сүйгеннің еңсесі биік» дегендей, намысы мен ұлттық рухы жоғары деңгейдегі азамат болып қалыптасады.

Отан отбасынан басталады. «Жас бала - жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді» - дейді халқымыз. Ата-ана биік шаңырақ көтеріп, берік босаға құрса, үлгілі отбасынан шыққан бала өзін әр кезде бақытты сезінеді. Ал бақытты адамдар өмір сүрген мемлекеттің болашағы зор.

Бақыт деген – мен үшін ата-анамның, туыс - бауырларымның, жақын-жуықтарымның амандығы. Олардың бәрі де дәл осылай ойлайтын болар. Отан деген – біздің үлкен отбасымыз. Аянбай еңбек етіп , Отанға адал болғанымыз, қызмет еткеніміз – оны қорғағанымыз деп білемін.

Отанды сүю, ұлтжандылық – сүйекпен бірге сіңетін, қанмен бірге берілетін сезім. Бүгінгі күні ата-бабаларымыз салып кеткен түзу жолмен жүріп, сол жолды ары қарай дамыту, ескімен жаңаны ұштастыру – Қазақстан халқының міндеті. «Туған жерге туың тік», «Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас», «Ер жігіт – елінің ұлты, Намысының құлы», «Туған жер – тұғырың, Туған ел – қыдырың» деп даналарымыз бекер айтпаған.







Серғазы Е. 33-топ

«Мен өз елімді мақтан етемін»

Эссе

Қазақ елінің әр перзенті елін, отанын қорғауға дайын болуы керек. Бір сөзбен айтқанда өз елінің патриоты болуы шарт. Бүгінгі оқушы – ертеңгі мемлекет болашағы. Ол мектепте алған тәлім-тәрбиесін болашақ қоғам дамуына үлес қосатыны сөзсіз. Сондықтан да баланы «қазақ патриоты» негізінде тәрбиелеу тек отбасы міндетіне жатпайды, мектеп, ұстаздарға да негіз болады. Патриоттық тәрбие бүгінгі өмірден оқшауланбайды, қайта жаңа өмірмен қауышып ұлттық тәрбиеге жаңа мән береді. Ұлттық тәрбие дегеніміз

ұлттық тәрбие үлгілерімен әлемдік идеяларды қабылдап, ненің тозық, ненің озық екенін тани білу, өрісі мен дүниетанымы кең азаматтарды тәрбиелеу.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еліне сіңірген еңбегі зор. 20 жыл уақыт ішінде елімізді аяғына тік тұрғызып, көркейтуде. Қазақ жері ұлан-байтақ, табиғи қорларға өте бай мемлекет екені айдай әлемге аян. Сол себептен көзі жайнап, жаулап алғылары келетіндердің де саны аз емес. Алайда осындай қиындыққа қарамай: «Арпалыспен келмесе, шынайы азаттық бола ма? Оңайлықпен келсе, оның қадірі бола ма? Қадірі жоқ нәрсе қолда ұзақ тұра ма?», «Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек»,-деп, елімізді қорғауға үндейді. Иә, Қазақстан - тәуелсіз, дербес ел! Тәуелсіздік туымен бірге Қазақстан тамырын терең тартып, жапырағы жайқала бастады. Тәуелсіздік арқасында қазақтың асыл арманы асқақ әнге айналды, өзге дербес елдермен тереземіз теңесіп, керегеміз кеңейді. «Тіл - ұлт байлығы» дегендей, өзіміздің ең қымбат қазынамыз - ана тіліміздің де маңдайындағы жұлдызы жарқырайды. Мұның барлығы ата - бабаларымыздың ат үстіндегі атқарып, алты малтаны ас етіп, мың өліп, мың тірілген, қылышын қаншама ғасыр қанға малып жеткен мұраты - Тәуелсіздік арқасында.

Тәуелсіздіктің желбіреп тұрған туын болашаққа жеткізетін, әнін әлемге әуелететін бүгінгі ұрпақ, біз боламыз! Аға - ұрпақтың бұл бағдарламасын жалғастыратын да біз. Тәуелсіздік бізге, біз тәуелсіздікке қызмет етеміз.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.04.2021
6343
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі