№31 «Еркемай» бөбекжайы МКҚК
Эссе
«Мен –қазіргі заман педагогімін»
Дайындаған:
тәрбиеші Жанкулиева Несибели
Хайруллаевна
Ақтау-2018ж
Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес,өзің араласқың келетін ортаныда таңдау.Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек.Бірі жар таңдағанда,екіншісі мамандық таңдағанда.Менің бала кезден арманым балалармен жұмыс жасау,ұстаз болу. Мен өз мамандығымды дұрыс таңдағаныма сенімдімін!
Мен-ұстазбын, мен -мұғаліммін, мен-зерттеушімін, мен жас ұрпақты келешекке жетелеп апаратын -тәрбиешімін.Тәрбиеші жұмысы бұл қызықтыда,жауапты жұмыс.Балалармен жұмыс жасау мен үшін үлкен бақыт.Тек қана кішкентай бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді.Пәк көңілді кішкентай балалармен жұмыс жасау маған шаттық сыйлайды. . Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттердің сіңісуі, өнер білімді игеруі тәрбиеге, салауатты өмірге, өскен ортаға , үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты. Осыны жақсы түсінген халқымыз-“Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы”, “Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қуар” деп ұлағатты ұстаздың еңбегінің текке кетпейтінін өсиет еткен.
Жас ұрпақ тәрбиесінде үйлесімдік заңы салтанат құруы шарт, яғни ол өзінің өсу есею кезінде ақ сүт беріп асыраған ата-анасымен де, көкірек көзін ашқан ұстаздарымен де, қоршаған ортасы-табиғатпен де өзара үйлесім таба білуі тиіс деп ойлаймын.
Білімді де білікті, салиқалы да парасатты, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу-мемлекеттік маңызды іс екені белгілі..
Мен тәрбиешімін, менің тәрбиешілік еңбегім 25 жыл., Қазіргі уақытта балабақшада үздіксіз қызымет істеп жүрмін. Мен бақытты адамын. Менің сүйікті жұмысым бар, мен үнемі ізденіс үстінде жүремін. Балалардың көздері-ол баланың жан дүниесі. Ол көздерден көп нәрсені ұғуға болады. Баланың жан дүниесін түсіну үшін, тәрбиешінің жүрегі мейірімді, бала жаның түсінетін адам болуы керек. Ең бастысы, баланың маған деген сенімі мен сыйластығы. Мен күн сайын балабақшаның есігін ашып, топқа кіргенде, балаларым маған қарайды. Олардын мөлдір таза, тұп-тұнық көздері, менің көздерімді, қылықтарымды бағалайды. Олар менен көп нәрсені күтеді.
Маған, тәрбиеші мамандығы-әлемдегі ең негізгі мамандық. Сондықтан, біз тәрбиешілер құрметтеп, ақылмен, шыншыл мейірімді, қайырымды блуға міндеттіміз. Балаларды сүйе білу керек. Балаларды кішкентай жүркетерінен махаббат туып және оларды орындауы тиіс. Бұл ғажайып сезім баламен тығыз байланыста ғана пайда болады. Балаларға деген нағыз сүйіспеншілік тәрбиеші жан дүниесін ашып, бар күшін сарп етуге даяр екенің білдіреді.
Мен балаларды бәріне де үйретемін: суреттерді жинау, ертегілерді айтып беру, көрініс көрсетуге, ермексаздан мүсіндеуге, сурет салуға, жапсыруға. Балабақшада балалардың қорқыныш сезім женуге үшін, өзін өзі сүйе білуге, құрметтеуге, сыйлауға үйретемін. Барлық балалар осы жөнінде армандамай ма? Бұл бақыт емес пе? Бір-біріне ойыншықтарды бөлісу, кешіру, жол беруге, мейірімді болуға.
Баланы жеке тұлға етіп тәрбиелеу үшін әрине, алдымен тәрбиеші өзінің жеке басы соған сай болуы тиіс. Бұл тұрғыда белгілі орыс педагогы К.Ушинский былай деген екен: “Тәрбиенің қайнар көзі адамның жеке басының өнегесіне негізделген. Ешқандай жарғы да, бағдарлама да оның орнын баса алмайды”. Яғни оның бойынан барлық адамгершілік қасиеттер: мейірімділік, қарапайымдылық, әділдік, т.б табылуы тиіс. Сондықтан тәрбиешінің жеке басына ерекше талаптар жүктеледі. Ерік-қайраты күшті, мінезге бай болашақты қалыптастыру үшін тәрбиешінің жеке басы сол талаптарға сай болуы керек.
Бүгінгі таңда тәрбиеші, болу оңай жұмыс емес. Басқа ешбір мамандық адамға дәл тәрбиешіге қойылғандай талаптар қоймайды. Педагогтық қызыметтің жетістігін бағалауда өте қиын. Қиыны мен қызығы, талабы мен жемісі қатар жүретін өз мамандығымды қатты жақсы көремін. Өйткені, бұл мамандық-менің жүрек қалауым. Сондықтан да мен өз мамандығымды жоғары бағалаймын.
Баланың шын тіршілігі – ойын. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, әнсалмай, өсер бала бола ма?», - деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады .Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Менің өз жұмысымда алға қойған мақсатым:
«Дамытушы ойындар арқылы балаларды жан- жақты дамыту».
Дамытушы ойындар оқу-тәрбие үрдісінде маңызды рөл атқарады. Кез-келген мектепке дейiнгi мекеменiң негiзгi функцияларының бiрi білім және баланың дамуы болып табылады. Әр бала қоршаған ортаны ойын және ойыншықтар арқылы таниды. Ойын – кіші жастағы балада қоршаған ортаны танудан және қоршаған заттарды зерттеуімен және оларды салыстырудан басталады. Бала үшiн ойынның негiзгi элементтерi ойыншықтар болып көрiнедi, сол сияқты қоршаған әлемнiң бұйымдары. Баланың өмiрi алғашқы жылда ең қарқынды дамиды және болған негiзгi дағдыларды әрі қарай тек жетiлдiрiлу керек. Баланы қызықтырушы ойындар тәжірбиеде қиындатылып жаңа дағдыларда алынады.
Балабақшада дамытушы ойындар
қисынды, шығармашылық ойлауды, жадтың, назардың, елестетудің
мүмкіндіктерін туғызады. Балалардың үйлерінде шұғылданған
дамытатын ойындардан айырмашылығы, балабақшада дамытатын ойындар
тәрбиешімен толық тексеріліп отырады. Балабақшада дамытатын ойындар
балаларды дамытуда, қабілеттілік мүмкіндіктерін есепке
алумен бала жасының деңгейлігіне ұсынып отыр. Белгiлену
керек, кiшi тобында ойын балабақшалардың үлкен топтарындағы балалар
ұсынылатын ойындардан айтарлықтай ерекшеленген. Неліктен ондай
айырмашылықтар болады? Кіші топтағы дамытушы ойындардың
ерекшеліктері – ойын бірегей механизм, әртүрлі сапалы мүмкіндік
беретін дамыту. Дәл осындай, кіші топқа дамытушы ойындар психиканы
дамытуға рұқсат етеді, назар, ұсақты, қисынды ойлау. Негiзгi өз
мақсаты, ең кiшкентай балалар үшiн дамыту ойын балалардың
жалпы дамуларына ие болады және келесi даму сатысына оның
дайындығы болып есептеледі. Дамуда – мектепке дейінгі келесі
кезеңге дайындауда бала жалпы даму және оның жасымен кіші мектепке
дейінгі маңызды абстракты ойлауға, қисынды талдауға,
жоспарлауға және талдауға, қоршаған ортаны дұрыс қабылдауына
үйренеді. Балаларға әр түрлі пазылдар, мазайкалар,
әртүрлі геометриялық пішіндерді ұсынады. Балалардың сөздік қорын
дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде
ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы
нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір
ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына
ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала
болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен
байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін
ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін
білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген
құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Сөздік қорды дамыту
ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын
алады.Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу
және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында
балалардың сөздік қорын дамытады.
Балабақшада дамытушы ойындар өте эмонационалды және қызықты. Олар
шығармашылық қабілеттіліктерінің дамуына жағдай жасайды, логикалық
ойлауды қалыптастырады. Дамытушы ұйымдастырылған іс-әрекеттер
балаларға нақты әсер етеді. Олардың көмегімен балалар өмір сүруді
үйренеді. Дамытушы ойындар танымдық сезімді оятады. Ойын арқылы
оқытудың арқасында дидактикалық ойын пайда болды. Берілген
ойындарды қолдану іс-әрекеттің әсерлігін арттырып,балалардың
логикалық ойлауын, математикалық қабілеттеріндамытады. Бұл
ойындарды тәрбиешінің шығармашылықпен түрлендіре отырып,
балалардыңпсихофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты
өткенде, өтілгенматериалды қайталағанда, білімді тиянақтау кезінде
іс-әрекеттің мазмұнына сайпайдалануға болады. Сондықтан, бұндай
ойындар ойнау балалардың ойлау, қабылдау,еліктеу қабілеті және
заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата білуін дамытатүсу үшін өте
қажет. Дидактикалық ойындарда міндетті түрде екі балақа тысатын
ойындар түрін пайдаланған тиімді. Ойын арқылы оқыту үшін
дидактикалық ойындар құрылған. Балаларға тапсырмалар ойын түрінде
беріледі, бұл дидактикалықойындардың негізгі ерекшеліктері. Балалар
ойнау арқылы белгілі бір білім,білік, дағдыларды және ойын
әрекеттерін меңгереді. Әр дидактикалық ойынныңтанымдылық және
тәрбиелік мазмұны болады. Балалардың математика пәніне
қызығушылығын арттыру мақсатында дидактикалық ойындар; қазақ
ақын–жазушыларының санға байланысты санамақтар, жаңылтпаштар;
сергіту сәттері;іс-әрекеттің конспектісі берілген, не үшін ойынды
ұйымдастыру керек және тәрбиешінің алға қойған мақсатына қалай жету
деген сұрақтардың негізіндеқұрастырылған. Ойындардың тиімділігі көп
жағдайдатәрбиешінің көңіл–күйіне дебайланысты болады. Әр ойынды
өткізген кезде тәрбиешіге шығармашылық қажет. Мектеп жасына дейінгі
балалар мекемелерінде балалармен өткізілетін математиканың алғашқы
ұғымдарын қалыптастыру іс-әрекеттеойынның мынадай түрлерін
пайдалануғааболады:
1. Дидактикалықаойындар–логикалық ойлауын,математикалық қабілеттерін дамыту. 2. Санға байланысты санамақ, жаңылтпаштар,жұмбақтар–балалардың сандарды танып білуін, тілдерін жаттықтыру, есте сақтауын,ойлау қабілеттерін дамыту.
3. математикалық сергіту
сәттері–кеңістіктібағдарлау, қимыл қозғалысты дамыту. Құралдар
дидактикалық ойындар мазмұны,ойынды ұйымдастырудың әдіс–тәсілдері
көрсетілген. Олар балалардың зейінін, естесақтауын, байқағыштығын,
көзбен мөлшерлеуін, тапқырлығын дамытуға,математикалық білімдерін,
икемділіктері мен дағдыларын, заттарды түсі, өлшемі,пішіні бойынша
топтастыруға, салыстыруға, ажыратуға, кеңістік пен
уақыттыбағдарлауға үйрету. Балалардың логикалық ойлау, қабылдау,
есте сақтауқабілеттерін, зейінін, қолдың ұсақ моторикасын дам
Дидактикалық ойындарда міндетті түрде екі балақатысатын ойындар
түрін пайдаланған тиімді. Ойын арқылы оқыту үшін дидактикалық
ойындар құрылған. Балаларға тапсырмалар ойын түрінде беріледі, бұл
дидактикалықойындардың негізгі ерекшеліктері. Балалар ойнау арқылы
белгілі бір білім,білік, дағдыларды және ойын әрекеттерін
меңгереді. Әр дидактикалық ойынның танымдылық және тәрбиелік
мазмұны болады.

Балабақшада дидактикалық ойындардың маңызы
Дидактикалық ойында білім беру мен оқыту бір- бірімен тығыз байланыста жүреді. Баланың рухани жетілу мен табиғи өсуінің, денесінің дамуы мен ой дүниесінің өркендеуі ойынға тікелей тәуелді.Дидактикалық ойынды қолдану үшін үлкен педагогикалық шеберлік қажет. Ойынды таңдап алған соң, ойынның көмегімен қандай тапсырманы орындайтынын анықтаймын және ойынды өткізу үшін алдын – ала дайындаламын, сонымен қатар балаларға ойын түсінікті, анық, жас ерекшеліктеріне сай болуы тиіс. Мысалы: табу, көрсету, белгілеу естияр топқа лайықты, ал ересек балаларда салыстыру басым болады. Мінез – құлықты тәрбиелеуде ойынның рөлі маңызды болып есептеледі.
Мектепке дейінгі мекемелердің оқытудағы негізгі міндеті: сәбилер тобынан бастап балаларға білім, дағды, іскерлікті берумен қатар ойлау қабілеттерін қалыптастырып балаларды ойлау жұмысына дайындау.Ойын өткізгенде мен ойын мақсатын сақтай отырып, балаларды үйретемін. Мен тек ұйымдастырып қана қоймай, ойынға өзім де қатысамын және белгіленген ережені орындауын қатаң түрде талап етемін, бұл баланы талапты орындауға, ережені бұзбауға үйретеді.Ойынның үлкен басты рөлі ережелерге сүйенеді, ережелер әр баланың ойында не істеу керектігін, қалай істеу керектігін, мақсатқа жетудің жолдарын көрсетеді және ақыл – ой қабілеттерін дамытады, әсіресе, кішкентай топтағы балалардың өзін - өзі ұстауға, өздерінің мінез – құлықтарын қадағалауға үйренеді. Сонымен бірге, психологиялық жағдайларын жақсартады: көңіл аударғыштығын, байқағыштығын және мейірімділікке, кішіпейілділікке үйретеді.Балалар алған білімдерін ойын барысында көрсете білуге, бір- бірімен қарым – қатынас жасауға, әділ болуға, қиындық кезінде көмектесуге, өз ойларын жеткізе білуге, қиялының дамуына , қиындықты ақылмен жеңе білуіне көмектеседі. Осының бәрі баланы мектепке даярлайды.
Дидактикалық ойындарда міндетті түрде екі бала қатысатын ойындар түрін пайдаланған тиімді. Ойын арқылы оқыту үшін дидактикалық ойындар құрылған. Балаларға тапсырмалар ойын түрінде беріледі, бұл дидактикалық ойындардың негізгі ерекшеліктері. Балалар ойнау арқылы белгілі бір білім,білік, дағдыларды және ойын әрекеттерін меңгереді. Әр дидактикалық ойынның танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады. Дидактикалық ойындарды қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыратын мінез-құлық ережелері мен нормаларын бекітетін құрал ретінде пайдалану, оларға байқағыштықты, зейінді дамытатын ойындар, заттардың белгілерімен таныстыруға арналған жұмбақ–ойындар, есте сақтауды дамытуға арналған ойындар, топтау іскерлігін дамыту, логикалық ойындар және т.б. Сондықтан, дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл-ой қызметін қалыптастырады.
Мектеп жасына дейінгі баланың логикалық тұрғыдан дамуына ойын арқылы ықпал жасау
Қазақстан Республикасының білім беру стандартында білім берудің басты міндеті логикалық ойлауды дамыту болып табылатындығы атап айтылған. Логика-ойлау заңдылықтары мен формасытуралы ғылым: ойлау барысы және ойтүйіні: бір нәрсенің ішкі заңдылықтары..
Мектепке дейінгі кезеңде балаларды ұғу, сөйлеу сияқты логикалық ойлау түрі қалыптасады. Мектепте жақсы оқу үшін оқу материалын ұғу үшін мектепке дейінгі балаларда ойлаудың келесі 3 құрамы қалыптасуы керек:
Қарапайым ойлау операциялары: анализ, синтез, салыстыру, жалпылау маңыздыны анықтау, класификациялау және т.б.
5-7 жас аралығындағы балалар нақты категориялармен ойлайды кейін формальді оерациялар қадамына өтеді. Бұл белгілі даму дәрежесіне ортақтау абстрактауға өтеді.Мектепке баратын балаларда қарапайым қабілеттер қалыптасуы керек. Олар: өз ойын айта білу берілген тақырыпқа әңгіме құру қорытынды жасау салыстыру сәйкестіру анализдеу ортақ жеке белгілерді анықтай білу, қарапайым заңдылықты анықтау заттар мен қоршаған ортаны зерттеу амалдарын жетік меңгеру. Сондықтан ойлау қабілеті даму, интеллектуалды дәреже өсу және шығармашылық қабілет қалыптасу үшін келесі жұмыстарды атқару керек.Белгілі мақсатқа жету үшін нысананың байқалмайтын қасиеттерін тауып қолдана білу керек;Балаларға проблеманың түп негізін көруді үйрету, қарапайым құбылыстарда кездесетін әр-түрлі қарама-қайшылықтарды түсіндіре білуді қалыптастыру керек. Ойлау операциясының негізін қалыптастыру және жетілдіру. Балаларға ұсыныс жасауды және тәжірибеде нәтижесін тексере білуді үйрету.Балаларға тек қана ұсыныс жасауды ғана сонымен қатар идеяның ойластырып жоспарлауды үйрету.
Бағдарлама мақсаты- балалардың логикалық ойлауын жетілдіру; логикалық ойлау операциялармен танысу; қоршаған адамдармен өзіне таныс емес жаңалықтарды зерттеуді арттыру; шығармашылық белсенділікті тәрбиелеу.Нәтижесінде келесі мақсаттар туындайды:
1.Балалардың мінез құлқын дамытуға арналған білім бағдарламасын құру.
2.Қоршаған ортаны зерттеуде балаларға максимальді белсенділікті қамтамасыз ету.
3.Әр баланың жеке қабілетіне байланысты педагогикалық процесті ұйымдастыру амалдары мен мақсатының интеграциональды бағытын құру.
4.Жасқа сай қабілеттерін ескере отырып білім беру және дамытуды жағымды ұйымдастыру.
Қоршаған ортамен адам өмірінің тығыз байланысы.
Бағдарламаны құрудың принциптері:
1.Жасқа сай қабілеттеріне ұсынылған материалдың балаларға игерімді болу.
2.Білім беру белгілі ретпен және жүйеленген болу керек
3.Әр баланың жеке қабілеттеріне байланысты бағдарламаны құру.
4.Балалардың қызығушылықтарымен сұраныстарын зерттеу.
5.Көркем безендіру және тәжірибеге қатысу
6.Проблеманы шешуде жеке және шығармашылық жолмен жету.
7.Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде заманға сай талаптарға байланысты жаңа ұғымға түсінік беретін тапсырмаларды таңдау.
Мынадай тапсырмалар балаларды келесі қабілеттерге үйретеді:
1.Заттардың, сөздердің, сандардың белгілірін суреттеу.
2.Берілген белгілер бойынша затты тану.
3.Заттардың, сөздердің, сандардың әр-түрлі және ортақ қасиеттерін анықтау.
4.Заттардың маңызды белгілерін бөле білу.
5.Заттарды, сөздерді, сандарды бір-бірімен салыстыру. Болған жайдың ретін анықтау.
6.Қарама-қайшы құбылыстарды анықтау
7.Заттарды түрге, туысқа, бөлікке, тұтастыққа байланыстарын анықтау.
8.Әр-түрлі ұғымдарға анықтама беру
9.Анализ және синтез сияқты ойлау операцияларын дамыту.
10.Сөйлеу,ойлап табу,тез ұғу қабілеттерін дамыту
Бағдарлама бөлімдері баланың ойлау қабілетін дамытуға арналған
актуальді түсінік беру тақырыптарынан тұрады.
1.Тәрбиешімен бірге тапсырманы орындау
2.Тәжірибелер
3.Ойындар
4.Жаттығулар
5.Тренингтер т.б
Берілген тапсырмаларды орындалу формалары мен амалдары.
Логика бойынша сабақ бірнеше түрге бөлінеді:
Білім беру сабақтары. мындай сабақтарда ұғымдар қарастырылады, заттардың белгіліріне анықтама беріледі. Білім беру логика пәнімен және оның негізгі категориялармен танысудан басталады.
Алған білімді бекіту сабақтары. Өтілген материалдарды қайталауды ұсынады. Кейбір тапсырмалар топпен, кейбіреулері тәрбиешімен орындалады екі жағдайдада негізгі бағыт алынған білімге негізделеді.
Қорытынды сабақтары. Мындай сабақтарда балалар ешкімнің нұсқауынсыз немесе ұқсас тапсырмаларды өздігінен орындауы шарт.
Логика сабақтарында бірде бір тапсырма немесе жаттығулар олар терминдер, ұғымдар және т.б механикалық жолмен есте сақтау түрінде жүргізілмейді барлық сабақтар нәтижесінде керекті білім алатын қызықты ойын түрінде жүргізіледі. Тәрбиеші балаларды қойылған мақсатқа жетуде әр –түрлі амалдарды қолдану үшін қызығушылықтарын арттырады. Әр өткен сабақ қызықты, түсінікті болу керек.
Ойын есептер
1.Үстел үстінде 5 альбом жатыр, оның екеуінің беті жабық, неше альбомның беті ашық тұр? (3 альбом ашық)
2.Анам 8 алма және 4 алмұрт әкелді. Қайсысы көп, алма әлде алмұрт па?
3.Ыдыста жеміс-жидектер салынған, оның 5-еуі алма, 1 алмұрт, 2 банан. Барлығы нешеу болды. (8)
4.Сөреде 4 кітап тұрды. Оған әкеп бірнеше кітаптар қостық, сонда барлығы 7 кітап болды. Сонда неше кітап қосқан екен. (3)
5.Әжей немерелеріне 2 шапка, 2 шарф және 4 қолғап сатып алды. Әжейдің неше немересі бар?
6.17 санының ішінде неше ондық, неше бірлік бар? (1 ондық, 7 бірлік)
7.Үстел үстінде 2 алма тұрды, оның біреуін алып ортасынан бөліп, орнына қойды. Неше алма болды? (3)
8.Дүкеннен анам төртбұрышты 2 доп алып келді. Оның біреуін ініме бердім. Менде неше доп қалды? (төртбұрышты доп болмайды)
9. Атам, әжем, аға мен әкем, інім және мен анам және енесі, енесінің бөлесі отыр едік шәй ішіп, жеңгем кірді майысып? (10)
10.Үш май шам жанып тұр еді, екеуін өшірсе, нешеуі қалады? (1)
11.Қай айда жаз аяқталып, күз мезгілі басталады? (қыркүйек
Табақта 5 алма
Қолымда 2 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма?
(7 алма)
Көлден ұшты 6 қаз
Қайтып келді екі қаз
Қонбай кетті қанша қаз
Шешуін кім табады тез
(4 қаз)
Тал басында тізіліп,
10 жапалақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп,
Ұшып кетті екеуі
Ізінше оның жұлынып,
Неше алма?
«Бес» алған Асанға –
Бес алма.
«Төрт» алған Досанға –
Төрт алма.
«Үш» алған Хасанға –
Үш алма.
«Екі» алған Болатқа –
Неше алма?(2)
Інісі мен досын
Сыйлау үшін Қасым
Алма сатып алды.
Әрқайсысына:
Інісімен досына,
Өзіне 1 алмадан болды.
Ол неше алма сатып алды?
(3)
Күн шуақтап күшік отыр,
Құйрығын күнге қыздырып.
Жанына бір күшік келіп,
Отыра қалды жылынып.
(1+1=2)
Асан жеді бір кәмпит,
Үсен жеді бір кәмпит.
Қосқан кезде барлығын,
Болады екен неше кәмпит?
(1+1=2)
Екі шаршы Саматта,
Біреуі көрші Маратта.
Бұл шаршыны балалар,
Кәні, қосып санаңдар!
(2+1=3)
Түсті тағы 5-еуі
Тұр әлі де ілініп
Жапалақтың нешеуі?
(үшеуі)
Шығармақ боп кеше есеп
Жиналғанда 5 есеп
Үшеуі ұйықтап отырды
Ынталысы неше есеп?
(екеуі)
Бір-бірімен жарысқан
2 аю, 1 арыстан
2 қоян, 3 түлкі
Бәрі нешеу ойлан сен?
(жетеу)
Нанбасаңыз сұраңыз
Бір аулада тұрамыз
3 Ардақ, 2 Бауыржан
4 Медет, 1 Сабыржан
Тез есепте дәл санын
Сонда біздер қаншамыз(10)
Балабақшада сөздік ойындар арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту
Балабақшада ойын арқылы
балалардың сөздік қорларын дамыту жолы өзімнің шығармашылық
бағытымда мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру
жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту,
байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра, сөйлеуге,
сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлемін.Сәбилердің дүниетанымын
кеңейтіп ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіруде көркем әдебиеттің
алатын орны ерекше. Балабақшада балаларды дұрыс сөйлей білу
мәдениетіне айнала қоршаған ортамен, сондай-ақ көркем әдебиетпен
теңестіру арқылы жүзеге асыруға болады. Әрбір ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінде дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балалардың
қиялын шарықтатып, ойлау қабілетін ұштауғаболады.
Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту,
сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген
сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті
іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге
жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу
ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы
заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын,
түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы
түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып,
белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үирету.ққ Мектеп
жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде
тәрбиешінің
балалардың сөздік қорларын дамыту, жаңа сөздерді меңгерту, үйренген
сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет
саналады.
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде
басшылыққа алып отыруы тиіс.
Балалардың сөздік қорын

байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін еркін

құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең
негізгі орын алады.Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау,
жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру
барысында балалардыңасөздікақорларынадамытады.
Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы
ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен
салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге
үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті
меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып,
балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната
отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде
сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын
дамытады.
Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен
қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады.
Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың
жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн. Жалпы ойынды ұйымдастыру
ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш
бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды
өткізуге әзірлік болып табылады. Балаларды ойынның мазмұнымен
таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның
өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті
болып табылады. Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда
ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын
арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді,
таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі
адамгершілік қасиеттер бойына
сіңіреді
«Күн мен түн».
Мақсаты: сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту.Мазмұны: педагог сөз айтады. балалар оған мағынасы қарама-қарсы сөз айтады. Күн – түн, тәтті – ащы ,т.б.
«Қонаққа барамыз».
Балалар үй иелері және қонақтар болып бөлінеді. Үй иелері қонақтарды сиқырлы сөздер айту арқылы қарсы алу қажет. Қонақтар сыпайы жауап қайтарады.
«Сөзақұра».
Балалар мұғаліммен айтылған буындарға сөз құрайды. Буындар түрлі-түсті әдемі болуы мүмкін. Мысалы: гүл шоғырына жиналатын шар немесе гүлдер
«Екіашеңбер».
Балалар екі шеңберге тұрады. Сыртқы (үлкен) және ішкі (3-4 адамнан). Үлкен шеңбердегі балалар тұрады, ал ішкісіндегілер көшбасшы мұғаліммен бірге жүріп, былай дейді: «Біз шеңбер бойымен жүреміз, өзімізбен бірге аламыз – тәтті…». Үлкен шеңбердегі балалар тез арада қандай да бір тәтті затты ойлау қажет. Мысалы, қант. Қай бала бірінші атаса, ішкі шеңберге кіреді. Ойын жалғасын табу үшін жұмсақ, сұйық, ащы, қатты сынды сөздерді де пайдалануға болады. Үлкен шеңберде қалып қойған соңғы бала кез-келген тапсырма орындайды (жаза ретінде).
«Мен қандай әріппен доспын».
Бұл ойын әріптерді есте сақтап, сөйлеу тілін дамытуға ғана емес, сонымен бірге танымдық сипатқа да ие. Әрбір ойыншыда жануардың суреті болу керек (әр түрлі болуы да мүмкін). Мысалы: анасында сиыр, әкесінде түйе, баласында кірпі. Анасы айтады: – Менің сиырым «м» әрпімен дос, өйткені онда мүйізі бар. Әкесі: – Менің түйем «ө» әрпімен дос, өйткені онда өркеш бар. Бала: – Менің кірпім «и» әрпімен дос, өйткені онда инелері бар.
«Эстафета» Ойынның мақсаты: Балалардың тілін және сөздік қорын жетілдіру. Ертегі кейіпкерлер туралы түсініктерін кеңейту. Көрнекіліктер:атаяқша. Ойын барысы: Балалар дөңгеленіп тұрады.Жүргізуші қолында эстафеталық-таяқша болады.Жүргізуші бір ертегі кейіпкерінің атын айтып, қолындағы таяқшаны қасындағы балаға береді.Таяқшаны алған бала сол ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекет қимылына байланысты сөз айтып,келесі балаға тездетіп таяқшаны беруі тиіс.Жүргізуші қолына таяқша қайтып келгенде, ол жаңа сөздер айтып,басқа балаға беріп бастайды.Балалар сөз тауып айта алмаса,айып салынып ұпай беріледі.3 айып салынған ұпай алғаннан кейін,ол бала ойыннан шығып қалады.Ойын соңында кімде айып салынған ұпайы аз болса,сол бала жеңімпаз аттанады.Мысалы: «ит» сөзі -үреді,жүгіреді,үй күзетеді т.б. «мысық» сөзі – ойнайды,тышқан аулайды т.б.
«Бағдаршам»
Ойынның мақсаты: Балалардың ойлау,есте сақтау қабілетін және тілін дамыту.Ертегілер және ертегілер кейіпкерлері туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекіліктер: қызыл,жасыл түсті дөңгелектер және суреттер.
Ойын барысы: Балаларға екі қызыл және жасыл түсті дөңгелек береді.Тәрбиеші ертегі кейіпкерлеріне байланысты сөздер айтады,бала сөздердің дұрыс атауын естісе,жасыл дөңгелекті көтереді.
Ал қате болса-қызыл түсті дөңгелекті көтереді. Содан кейін суреттерді көрсетіп,балалармен бірге әр сөзді қатты,жай және анық қайталап айтуы тиіс.Сөздер қай ертегіде кездесетіні туралы әңгімелеу.
«Ертегіні ойнайық»
Ойынныңамақсаты: Ертегілер туралы білімдерін кеңейте отырып, балалардыңфонетикалық есту қабілетін және сөйлеу тілін жетілдіру. Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға өткен ертегілерін естеріне түсіріп, содан кейін ертегі кейіпкерлерінің дауысын өзгерте отырып,қандай ертегі кейіпкерінің дауысы екенін анықтауын сұрайды.Мысалы «Қызыл телпек» ертегісін естеріне түсіреді.Қызыл телпектің дауысы төмен дауыс,әженің дауысы ортаңғы дауыспен,ал қасқырды жоғары дауыс ырғағына сала отырып,ертегіні айтып береді, қандай кейіпкердің дауысы екенін сұрайды
«Теледидарды қос»
Мақсаты: Балаларды сөздердегі бірінші немесе соңғы дыбыстарды анықтауға, берілген дыбыстардан (үш-төрт) сөздер құруға , үш-төрт дыбыстардан құрылған сөздерді оқытуға жаттықтыру. Ойынның барысы: Біздің теледидарды қосу және сол теледидарды көру үшін, мына сөздердегі ең бірінші дыбысты анықтауымыз керек. Осы дыбыстар арқылы жаңасөздер құрастырылады. Сөздер дұрыс құрылған жағдайда, теледидар бетінде заттың бейнесі шығады
«Пирамида тұрғызамыз»
. Мақсаты: Балаларды сөздерде неше буын бар екенін анықтауға жаттықтыру. Ойын барысы: Бүгін біз мына суреттерден пирамида тұрғызамыз. Пирамиданың төменгі жағында үш буыннан тұратын суреттерді қоюымыз керек, ал екінші қатарға екі буыннан, үстінгі қатарға – бір буыннан тұратын суреттерді қоюымыз керек. Мысалы: таңқурай, балапан, қарақат, алма, алмұрт.
«Сөздер шынжыры»
Мақсаты: Балаларды бірінші және соңғы дыбыстарды анықтауға жаттықтыру. Ойын барысы: Оқушылардың алдында суретті қима қағаздар жатады. Мұғалімнің қолында алманың суреті бар қима қағаз. Бүгін біз заттардан шынжыр жасаймыз. Біздің шынжыр алма сөзінен басталады. Бұл сөз қай дыбыстан аяқталып тұрса, келесі сөз сол дыбыстан басталуы керек.
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын жаттығулары
Мектеп жасына дейінгі
балаларға арналған ойын жаттығулары 3–4 жас,
4 жасқа аяқ басқан балада өз бетімен әрекет жасауға тырысуы
бұрынғыдан да арта түседі. Осы кезде оның зейіні де тұрақсыз
болады, ол алаңдағыш келеді және бір әрекет жасаудан екінші
әрекетке жиі ауысып отырады. Сондықтан, бұрынғы топтағы сияқты
үлкен адамдардың бала мінез - құлқын ұйымдастыруда үлкен рөлі бар.
Бұл жаста бала салыстырмалы түрде алғанда көптеген қимылдың қорын
меңгереді, бірақ ол әлі өз әрекетінің нәтижесі жөнінде ойланбайды,
ол сол қимыл барысын, оның эмоциялық әсері арқылы қабылдайды. Бала
енді өз қалауынша немесе тәрбиешінің ұсынысы бойынша қимылды
қайталай алады. Қимылдың бағытын сақтай, оның кейбір тәсілдерін
айыра да алады. Бұл жастағы балаларға қимылдың жаңадан сан алуан
түріне кірісіп кетуге ықыласты болушылық тән. Әрекетті жасай
отырып, бала олардағы белгілі қимыл жүйелілігін сақтай алады. Қимыл
дағдылары мен шеберліктерін қалыптастыру таныс бейнелер әрекеттер
еліктеу негізінде жалғастырылады. Бұл жаста баланы қимыл орындалуға
тиіс жағдаймен алдын ала таныстырудың бұрынғыдай маңызы зор. 4
жасқа аяқ басқан балаларға заттар арқылы ойналатын жаттығуларға
бейімділік тән.
Көжектер
Баланы бірінші кішкентай көжектерге ұқсап секіртіп, содан
кейін үлкен қояндарға еліктеп секірту. Жаттығуды түрлендіріп
қақпадан, тас қамалдан құлыншақ, кенгуру, бақа, түлкіге ұқсап
секіріп өту ұсынылады. Жаттығуларын түрлендіріп өткізуге болады.
Балаларға әр түрлі бағытқа қарай секіруді және
қайтааорнынааоралудыаүйретуақажет.
Таяққа
асыл
Таяқтан ұстаңыз да (хоккей клюшкасын) балаға таяқтың екі ұшынан
қолымен ұстап алып, ауада ілініп тұратындай ұстатыңыз да таяқты
жоғары көтеріңіз. (ата – анасы да ұстаса болады, жаттығу орындау
барысында иілуге, қолды көтеріп түсіруге және аяғын бүгуге
болмайды)
Допты
ұста
Балаға допты еденге қатты ұрып лақтыру қажет, лақтырған
кезде доп қабырғаға тиіп, қайта ұшып кететіндей болуы керек. Бала
допты қағып алып қайта лақтыруы қажет.
Доптың астында
бұрылу
Балаға допты еденге жоғары ұшатындай етіп лақтыруы қажет,
доп жоғары ұшқан кезде бала өзі жылдам айналып допты қағып алуы
керек. Бұл жаттығу баланың қозғалысын сезімнің бірыңғайлы және
допты қағып алу дағдысын
дамытады.
Жоғары-төмен
Баланың жанында тұрыңыз және онымен бірге баяу отыра
бастаңыз, кейін тепе – теңдікті сақтай отырып баламен бірге
орныңыздан тұра бастаңыз. Жерден тұрған кезде аяқтың ұшына тұруға
тырысыңыз. Жаттығу балаларға тепе - теңдік сақтай білуді жылдам
меңгеруге көмектеседі.
Тепе теңдік
сақтаймын
Баланың жанында тұрыңыз, әр балаға аяқтарын тізеден бүгіп көтерілу
тапсырылады. Бірте - бірте аяқтың табанын жоғары көтеру ұсынылады.
Алғашқыда бұл жаттығуды қабырғаның қасында орындау керек. Себебі
керек уақытында тепе - теңдік сақтау үшін қабырғадан ұстауға
болады.
Жіптенажасалғанадопқаатигізу
Жіптен жасалған допты баланың белінің деңгейіне жететіндей етіп
іліп, қолына үстел теннисінің ракеткасын беріп, жіп добын
ракеткамен ұруы қажет. Ұрған кезде дәл тигізуді көздеу. Бала жіп
добын ұрған кезде екпінмен ұру күшін алмастырып
отырады
«Мен күлгенді ұнатамын» ойына жаттығуы
Педагог балаларға:тұңжыраған жәнекөңілсіз,жабырқаған және
ойланған көңілді және күлкілі;қайрымды және
қуанышты,т.б.кейіпке еніп,бір бірімен рольге кіріп,адамдардың
бейнесін келтіруге ұсынады.балалар айнаға қарап, әдемі ақкөңіл
кейіпте күлімдейді.педагог осы «Мен күлгенді ұнатамын » жаттығуын
күніне бірнеші рет қайталап көңіл күйді күлкімен көтеруге бола-
тынын түсіндіреді. «Күлкі-көңіл күйдің сиқырлы кілті.Адам күлгенде
өз көңіл күйін,өз денсаулығын жақсартады және айналасындағы
адамдардың көңіл күйімен денсаулығына жақсы әсер
береді.»
«Ғажайып жылулықа шынжыры» жылулықа шеңбері
Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап,жылы күлкілерін
сыйлайды.Педагог күлкінің маңызына
тоқтайды.
«Сиқырлы айналу» жылулық шеңбері.
Педагог балалардың назарын аспанның әдемілігіне аударады.Балалар аспандағы бұлттарды түрлі заттарға ұқсатып айтады;үлпілдік ақша бұлттаға,жауар бұлттай түнерген аспанға,мейірімді жылы күнге,ай мен жұлдыздарға,қарлығашқа,бозторғайға,шымшыққа,бүркітке т.б.айналады.
«Әсерлерімізбенабөлісейік»ажылулықашеңбері
Педагог балаларға 1-2 минут көздерін жұмып,өздерін тағы да табиғат
аясында,көк майса шалғында жатып,көк аспан,аппақ бұлттарды
көріп,құстардың сайраған әнін,судың сыбдырын естіген кездерін
елестетуді ұсынады.
«Мен табиғатта қонақтамын» жылулық шеңбері
Балалар көздерін жұмып,табиғат туралы әуенді тыңдайды.Педагог
үстіне әдемі жамылғы жамылып,орман Флорасының періштесі
болып,балаларды өзінің хандығына қонақққа шақырады.
«Казір,мен-Флора періштесі,сендерге сиқырлы таяқшамды
тигізсем,менің патшалығыма тап боласыңдар!»
-«Флора» деген сөзді қалай түсінесіңдер?(Флора-өсімдіктер
әлемі)».
Флора періштесі өзіңің қол астындағылардың бәріде үш табиғат
сыйларның; күн,су,ауаның арқасында тіршілік ететінін жөнінде
түсіндіреді. Балалар су- реттегі өсімдіктер,ағаштар,ағаштың
дінінде,астында,жерде, топырақ астында, қай жәндіктер тіршілік
ететіні жөнінде әңгімелеседі.
Педагог ағаштың суреті салынған плакатты көрсетіп,ағаш суды
тамырымен сіңіріп,діні мен бұтақта- рын суаратынын туралы
әңгімелейді,ағаштармен гүлдердің атын естеріне
түсіреді. Балалар флора періштесінің хандығында өздерінің
алған әсерлерімен бөліседі.
«Достықашеңбері»ажылулықашеңбері
Балалар шеңберге жиналады.Педагог ортаға орындық қойп,кез келген
балаға отыруды ұсынады (ұялшақ,өзіне сенімсіз,жасқаншақ баланы
шақырғаны жөн).Педагог «Күлгін көзілдірікті» киіп «күн сәулесін
қорғайтын әйнегі күлгін түсті көзілдірік жарайды),ол арқылы адамның
ең жақсы қасиеттерін көруге болатынын айтады
да,
Ұлттық ойындар
Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан
қалыптасқан дәстүрлі ойын - сауықтардың бір түрі. Оның бастауы
алғашқы қауымдық қоғамда шыққан. Ұлттық ойындар негізінде әр халық
түрлі – түрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің
негізін салды. Бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі
болды. Оның адам денсаулығына жақсартуда пайдалы аса күшті екені
қилы.
Ұлттық ойындар – ата - бабаларымыздан бізге
байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, үйренудің күнделікті
тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы
орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, ұштаса
береді.
Ұлттық ойындардың мектеп жасына дейінгі
балаларға лайықтары «Көкпар», «Орамал алу», «Тақия жасыру», «Алтын
қақпа», «Ақ серек-Көк серек», «Айгөлек», «Ақ сандық – Көк сандық»,
«Ақ сүйек» баланың көзін жұмғызып алаңдағы ағаш ішіне сүйекті
лақтырып жіберіп, іздеу т.б. ойындар ойнату арқылы баланы
тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдылыққа
үйрету іске асырылады. Яғни, таңертеңгі қабылдау кезінен кешке
баланың үйге қайтуына дейінгі уақыт аралығындағы күн тәртібіне
сәйкес дене тәрбиесі күні бойғы тәрбие түрлерімен біртұтас сабақтас
жүргізіледі. Сондықтан да, бағдарлама бойынша арнайы өтілетін
тақырыптық тәрбие сәттерінің арасында әуелі дене сергіту, жұмыс
соңында ырғақты қимыл –қозғалыс ойындарын өткізу
көзделеді.
Ең бастысы ата-бабадан қалған өнер мен өнеге,
үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете
отырып, ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке,
мейірімділікке ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге -
құрмет, кішіге - қамқорлыққа баулып адамды қажеттерді ұғындыру,
қалыптастыру. Бір ғажабы ойындар балалардың жан сұлулығында, тән
сұлулығында жан-жақты жетілдіруге бағытталған. Өзгені былай
қойғанда жан-жануарлар қалай дыбыстайды, қалай іс-әрекеттер
жасайды, оларды тілімізде қалай айтады дейтін танымдық, тілдің
маңызы зор мәселелерді «Қалай айтуды білесің?» ойынның өзі
балалардың құлағына құйып
береді.
Әтешаашақырады
Есекааабақырады
Күзенааашақылдайды
Бақааабақылдайды
Шыбынааызылдайды
Шіркейаааызындайды
Ойынды ойнау барысында балалардың жас
ерекшілігі ескеріледі. Әр түрлі ойынның өтілу барысында, оның
ережесін сақтап, яғни 3 кезеңнен тұратынын
ескеруімізаакерек:
ойындыааөткізерааалдындағыаадайындықаажұмыс
ойынныңаабасталуыааменааойналуаабарысы;
ойынныңаааяқталуы.
Дене тәрбиесі іс - әрекеті мазмұны негізінен
қимылды, ұлттық ойындардан тұрады. Ойын кезінде жасалатын
қимыл-қозғалыстар балалардың ептілік , шапшаңдық, күштілік,
батылдық, төзімділік қабілеттерін дамытады. Денсаулығын нығайтып,
ақыл – ойын өсіреді. Ойын барысында балалар бір-бірімен жақын
араласып, тату, ұйымшыл болып
өседі.
Сонымен бірге ойын ойнау негізінде
бала:
көңілді болып жақсы
демалады;
денесі қимылдап, бойы сергиді, миы
тынығады;
ойынға қатысушылар бір-бірін тез түсінеді,
ұйымшылдыққа үйренеді.
Ойынды ойнату мен үйретудің
мақсаты:
ұлттық ойындар дене шынықтыру іс-әрекетінде
кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою,
спорттық шеберліктерін,
мүмкіндіктерінааарттыру;
Қазақ халқының ерлік-жауынгерлік тарихын
ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған хас батырлардың өмір
өнегесімен таныстыру, өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды,
ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді
тәрбиелеу;
Жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге
үйретіп өзін-өзі тәрбиелеуге
дағдыландыру.
Ұлттық ойын, ойнатудың негізгі мақсаты:
: балалардың денсаулығын
нығайту; денені шынықтыру,
мәдениетін қалыптастыру; өзін-өзі
тәрбиелеу,өзін-өзі
жетілдіру.
Ойынды ойнату мен үйретудің
міндеттері: қажетті дене қозғалыс
дағдыларын, танымдық-қозғалыс белсенділігін
арттыру;
қалыптастыратын дене жаттығуларының негізгі
түрлерімен балаларды
таныстыру;
денсаулықты нығайтуға бағытталған қозғалыс
әрекеттерімен дене жаттығуларының негізгі түрлерін балаларға
меңгерту;
қызығушылығынаақалыптастырыпаадамыту;
Оқу іс-әрекеттерінде бағдарламаның мазмұнына
қарай сергіту жаттығулары ретінде қолдануға болады. Дене шынықтыру
іс-әрекеттерінде қимылды ойын ретінде ұлттық ойындарды алуда
тәрбиешінің өз еркінде.
Мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған
тіршілік әрекетінің күн тәртібінде жоспарлауға
болады.
Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік
мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы зор.
Бір-ақ мысал келтіріп кетейін: «Қуыр-қуыр, қуырмаш» ойыны
балалардың саусақ маторикасын дамытуға, тіл байлығын жетілдіруге,
көңілін көтеруге қолдануға болады. Балаларды қазақ халқының ұлттық
ойындарымен, ойната отырып жан-жақты тәрбиелейміз. Сонымен қатар
бірнеше ұлттық ойындарды шартымен
ұсынамын:
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Эссе «Мен –қазіргі заман педагогімін»

шағым қалдыра аласыз