МЕНІҢ АТАМ – МАЙДАНГЕР
(Эссе)
Жеңіс! Жеңіс!
«Жеңіс дейміз жалауымыз желбіреп,
Көктем күні нұрын төксе елжіреп,
Тап осындай бейбіт күнге жеткізген
Әкелер мен ағалар ғой ержүрек»,- деп
Абдрахман Асылбеков жырлағандай «Жеңіс», «Ұлы Жеңіс» сөздерінің
мағынасына үңілсек, тарихы терең, ұрпағы үшін төгілген жас, қиылған
қыршын ғұмырдың кеудесін оққа тосқан қанымен, ерен ерліктерінің жемісі,
ата-бабаларымыздың жеңісінен туған сөз екеніне күмән жоқ. Ия, сол бір
зұлмат соғыстың (1941-1945жж.) зардабы қанша жанның өмірін алып
кетті,қаншама отбасыға қайғы мен қасірет әкелді десеңізші!
Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы жүріп жатқан соғыс халқымызға
төнген ең ауыр күндер болды. Ұлы Отан соғысы кезінде қазақ халқы да жауды
талқандап, жеңіске жету ісіне Кеңес Одағының басқа халықтарымен бірге
өзінің лайықты үлесін қосты.Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан
бастап Берлинге дейін барды.Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр
өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыр ерліктер
көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат
етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия
жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті.Ұлы Отан соғысы
жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас
болмады.
Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 76 жыл өтті. Бұл
күн – тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күн – елі мен жері үшін жанын пида
еткен, кеудесін оққа тосып, отанын ерлікпен қорғап, еліне, туған-туыстарына
оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл ел болып еске алатын күн.
Жеңіс күні соғыстан оралмай қалған ерлеріміздің рухына бас иіп,
арамызда жүрген соғыс ардагерлеріне құ рметпен қарап, олардың
қайсарлықтары мен ерліктеріне тағзым ететін күн емес пе?!
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ұлы Жеңіс – Қазақстан
тарихының жарқын беттерінің бірі. Бұл – қан майданда от кешкен соғыс
ардагерлері мен сол жылдарда «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деп,
құлақтары жастыққа тимеген тыл ардагерлерінің мейрамы» деп атап өткен
болатын. Кеудесін жау оғына тосып, отаны, ұрпағы үшін қан майданда тер
төгіп, осы Ұлы Жеңіске қаруымен де, қаламымен де үлес қосқан өз атам
Ахмедов Сәлібектің де ерлік істерін мақтан тұтамын. Бүгінде атам Сәлібекті
өзі бұл дүниеде жоқ болса да әр жылы Ұлы Жеңіс мерекесінде оның
қаһармандық рухын асқақтатып, ел болып тойлап еске алатын тек өз
ұрпақтары ғана емес, бүкіл ауыл халқы да оның ерлік істерін мақтан тұтып,
ұрпақтан - ұрпаққа өнеге етіп жатқаны қуантады.
Жазушы Сапар Байжановтың мынадай сөзі бар: «Адам болып өмірге
келдің бе – адамға лайық ісің болсын. Ата-анаңның, ел-жұртыңның үкілі
үмітін ақта. Туыстарыңа, достарыңа, таныстарыңа, өзіңе ісі түскен адамға
қолғабыс жаса, еліңе адал қызмет ет – әйтеуір дүниеге бекер келіп, бекер кетпе,
ішіп-жеу үшін ғана жасама. Артыңда жақсы із қалсын, кейінгі ұрпақ,
жұрағатың айта жүрер іс қалсын». Иә, бұл сөз менің атама айтылғандай.
Сәлібек атам соғыстан аман-есен оралғаннан соң өзінің бар ғұмырын халыққа
қызмет етуге арнады. Өмірінің соңына дейін ауылдағы орта мектепте ұстаздық
етіп, шәкірттерін білім нәрімен сусындатып,оларға өнегелі тәрбие
беріп,келешектері жарқын болуына өз үлесін қосып, соңында өшпес із
қалдырды.Бүгінде атамның білім беріп, тәрбиелеген шәкірттерінің алды
елімізде жоғарғы басшылық қызмет атқарып, елге қызмет етіп жатса, соңы
қарапайым дәрігер, мұғалім болып, олар да халыққа қызмет көрсетуде өз
үлестерін қосып жатқан жандар.
Уақыт деген зымырап өтіп жатыр. Оның дүниеден озғанына да биыл,
міне, 43 жыл өте шығыпты. Бүгінде оны шәкірттері оның оларға берген өнегелі
істері жайлы ерекше әсермен айтып, еске алады. Естеліктердің қай-
қайсысынан да жақын адамға деген сағыныш лебі есіп тұрады екен. Мен атам
жайлы естеліктерді естіген сайын көңілім марқайып, жүрегім толқып, қуанып
кетемін.Мен атамды қаһарман ерлік істерімен және шәкірттеріне берген
өнегелерімен мақтан тұтамын.Ауыл мектебінде атамның атына арнайы
кабинет ашылған. Онда оның Ұлы Отан соғысы жылдарында Ерен ерлігі үшін
марапатталған медальдары мен ордендері және елге, туған-туыстарына жазған
хаттары, соғыс жылдарындағы фотолары сақталған.Жыл сайын 9-мамыр
қарсаңында оны еске алу үшін мектепте сынып сағаты да өтеді.Кейде оның
естеліктерін көруге, шәкірттері де бой көрсетіп кететін шақтары да болады.
Міне, менің атам осындай елге, ұрпаққа үлгілі адам, батыр тұлға болған. Ол
үшін мен мақтанам. Атам – менің мақтанышым!
Сәлібек атамның мінезі тік, қайсар, ержүрек болған. Ол соғысқа
аттанған кезінде небәрі 22 жаста болды. 1942 жылдың 8 маусымы күні әскер
қатарына шақырылып, Чкалов қаласының батысында орналасқан кіші
командирлер дайындайтын қысқа мерзімді курстан өткеннен кейін атам
Сталинград шайқасына жіберілген.
Сталинград шайқасы – 2-дүниежүзілік соғыстағы басты шайқастардың
бірі. Ол қорғаныс (1942 жылы 17 шілде – 18 қараша) және шабуыл (1942 жылы
19 қараша – 1943 жылы 2 ақпан) кезеңдерінен тұрады. 1942 жылдың жазында
фашистік Германия мен оның одақтастары Еуропада екінші майданның
ашылмауын пайдаланып, Сталинградты басып алуды басты мақсат етіп
қойған болатын. Жау 1942 жылдың жазында шабуылға шығып, үлкен
табыстарға жетті. Тамыздың 23-інде майдан шебі Сталинградқа келіп
тірелді.Міне, сол майданда қасық қаны қалғанша жауға тойтарыс берген батыр
ата-апаларымыздың қатарында Сталинградты қорғауда менің атам Сәлібек те
өз үлесін қосқан болатын.
Сталинград шайқасы батырларының ерлігін мәңгі есте сақтау үшін
1963-1967 жылдары Мамай қорғанында мемориалды кешен салынып, 1982
жылы “Сталинград шайқасы” музей -панорамасы ашылды. Атам сол
мемориалға араға жиырма жыл салып барып қайтты. Мемориал тақтасында
жазылған, қан майданда ерлік көрсетіп, Отанына оралмаған қандас
бауырларының есімдерін оқып, еске алып, көзіне жас алған сәтін бірге барған
әкем Сайдулла айтып берген болатын.
Ұлы жеңіс тарихы ұрпақ үшін сол жолда талай боздақ қанын төгіп,
жаудан тепкі көрседе жау оғына кеудесін қалқан қылып, қайсарлық пен
намысты қару еткен ата-апаларымыз жетпіс алты жылдық ж еңістің
шежіресінде өз орнымен бүгінгі ұрпақтың есінде және Ұлы Отан соғысы
тарихында өшпестей ізімен мәңгі сақталады.
Тарих көші үнемі жаңаланып отырады.Десе де, ұмытылмайтын,
ескірмейтін тарихи оқиғалар бар. Әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік
соғыс қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиеті - соның бірі. Бүгінгі ұрпаққа жайма
шуақ өмірді сыйлаған батыр ата-апаларымызға, Еңбек және Соғыс
ардагерлеріне тағзым етейік. Олардың ерліктерін ешкім де, ешқашан да
ұмытпауға тиіс!Сөз соңын өзімнің Ұлы Жеңіс күніне арнаған жүрекжарды
өлеңіммен аяқтағым келеді.
Жеңіс!Жеңіс!
Жеңіс таңы атқалы,
Болды емес пе 76 көктемі?!
Ерлікпенен келген мына жеңістің,
76 жылын барша ел боп тойлауға,
Тойланатын 13 күндей шақ қалды.
Осы күні барша жұрт
Ерлікке арнап мәңгілік алау тұтатып,
Отаны үшін оқ құшқан
Ерлердің рухын еске алып,
Тағзым етіп оларға,
Бас иеміз мәңгілік.
Ұмытпастай ұрпақтар
Ерліктерін әрдайым,
Тоғызыншы мамырда
Тойлаймыз біз салтанатты сән құрып.
Салибекова Луиза, Шымкент қаласы
«Гагарин атындағы №34 жалпы білім беретін
орта мектеп» КММ 11 «Б» сынып оқушысы