Материалдар / Эссе "Менің кітапханам – менің жансарайым"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе "Менің кітапханам – менің жансарайым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Кітап – адам өміріндегі құндылықтардың бірі. Ал кітапхана – кітапқұмар кісіні арбайтын сырлы, сиқырлы әлем. Бір кірсең, шыға алмайсың: кейде қызықты оқиғалар сырына еніп кетесің, кейде кейіпкерлердің тағдыры алаңдатады, кейде «кітап ішіне кіріп кеткеніңді» байқамай да қаласың.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қазан 2021
7605
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе

Менің кітапханам – менің жансарайым

Кітап – адам өміріндегі құндылықтардың бірі. Ал кітапхана – кітапқұмар кісіні арбайтын сырлы, сиқырлы әлем. Бір кірсең, шыға алмайсың: кейде қызықты оқиғалар сырына еніп кетесің, кейде кейіпкерлердің тағдыры алаңдатады, кейде «кітап ішіне кіріп кеткеніңді» байқамай да қаласың.

Қиялыңды шарықтатып қарасаң, кітаптар «сөйлейді». Қалай дейсіз ғой? Ұстаған кітабың мұқабасынан бастап саған ой айта бастайды: «Неге бұлай аталған? Автор мұнымен ен айтқысы келді екен? Қызық, бұл кітап не жайында болуы мүмкін?» деген сұрақтар ойлы оқырманды «орай» бастайды... Ал ішін ашып, оқи бастасаң, кейіпкерлермен кездесіп, сөйлесіп жүргендей кейіпке енесің. Міне, кітап осылайша сөйлей алады. Тек оны түсіне, түйсіне білу қажет. Дегенмен кітаптың бәрі мұндай емес. «Жақсы кітап – жан азығы» дегендей, жақсы кітап табу да өнер. Ойы терең, талғамы биік оқырман кітаптың қандай екенін алғысөзінен-ақ аңғаруы мүмкін.

Орыстардың «талғаммен таласпайды» дегеніндей, әр оқырманға әртүрлі жанр ұнауы заңды. Бұл жағдайда сүйікті авторлар еңбегі елеулі орын алатыны сөзсіз. Айталық, маған М. Шахановтың, М. Мақатаевтың өлеңдері өміршілдігімен, ерекшелігімен қатты ұнайды. Сонымен қатар, Ш.Айтматовтың аңыздар желісін қолдана жазған шығармалары, орыс жазушылары Л.Н. Толстой, И. С.Тургеневтің терең ойлы туындылары ерекше әсер етеді. Әсіресе әр сөзі қомақты ой тастайтын орыс және қазақ әдебиетінің ақындары А.С.Пушкин мен Абай өлеңдері - шоқтығы биік дүниелер. Ойшыл ақындардың маржан сөздері, кесек-кесек ойлары философиялық тереңдігімен таң қалдырады. Бір оқығанда бір ой түйсең, келесі жолы тармағы көп, өресі кең, сырлы сөз майталмандары екеніне сенесің, өлең жазудың тамаша шебер үлгілерін көресің. Әр сөздің «майын тамызып», орынды қолданып, көкіректі сезімге бөлейді, орамды тілмен терең ойға жетелейді. Сөз қадірін кемеліне келтіріп,  астарлы ойларымен пәлсапалық тұжырымдарға бастап, тереңге батырады.

Өкінішке орай, соңғы уақытта кітап оқуды интернет желісінің жаңалықтары басып барады. Заманмен бірге өзгерген, әрине, дұрыс. Бірақ аса бағалы құндылықтарымыздың бірі – кітап оқу, кітаппен сырласу, дос болу секілді ғажайып шақтарымызды да ұмытпағанымыз жөн. «Кітап - алтын қазына», «Кітап - ғылым, тілсіз мұғалім», - деп халқымыз бекер айтпаған. Кітап оқудың ұлт болашағы үшін де маңызы зор. Қай заманда да білімсіз қоғам ешқашан өрге басқан емес. «Кітап - көзі жұмыққа арзан, көзі ашыққа маржан» екені рас. «Жақсы кітап – ақылды адамның әңгімесімен бірдей» - деген Л. Н. Толстой сөзі де осыны дәлелдейді. Бұрынғы заманда ақылды ата-бабаларымыз өмірлік өсиеттерін, оқыған, естіген нақыл әңгімелер түйінін ұрпағына сіңіріп, ойлы азаматтарды тәрбиелесе, қазіргі таңда мұндай кісілерді «шаммен іздеп» табу қиын. «Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» - деген Д. Дидро сөзі қазіргі гаджеттен бас алмайтын жастарға арналып айтылғандай.

Ақпарат дереккөздерге қарап отырсақ, Франция президенті болған Франсуа Миттеранның артында қалған өлмес еңбегі – Парижде салынған еш жерде, еш елде болмаған теңдесі жоқ супер кітапхана екен. Ол осы өткен жиырмасыншы ғасырдың ғылыми-техникалық жаңалықтарының ұлы жемісі болып саналады. Бұл өнегелі іс – қазіргі заманда ерлікпен пара-пар дер едім мен.

«Кітап – әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі» деп есептеген М.Горькийдің, «Кітап ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» деген Әлішер Науаидың қанатты сөздері бізді ойланту керек. Сондықтан осы құпиялы ғажайыптан, алтын қазынамыздан айрылып қалмайық. Кітап оқиық, кітап жинайық, «ең сабырлы ұстаз» болып есептелетін кітабымызды құрметтеуден шаршамайық дегім келеді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!