Эссе
«Менің педагогикалық ұстанымым»
«Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры — ұстаздардың қолында»
Н.Ә. Назарбаев.
Мен Нурмуханбетова Айжан Аскербаевна Бостандық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімімін.
Осынау қиыны мен қызығы мол ұстаздық еңбек жолымның басталғанына да біраз жыл болыпты. Кеше ғана қолыма диплом алып, өзімнің жүрек қалауыммен мұғалімдік мамандықты таңдаған жас маман едім. Алдымда көздері жәудіреген кішкентай бүлдіршіндер отырды. Ал қазір сол өзім тәлім- тәрбие берген шәкіртім қазіргі таңда менің әріптесім.Бұл да уақыттың үздіксіз тіршілігі екендігінің белгісі. Менің өмірдегі бақытым- ұстаз болуым. Ұстаз болу- жай ғана мамандық емес. Соның ішінде бастауыш сынып мұғалімі болу- арқалар жүгі ауыр, жауапкершілігі мол іс деп білемін. Өйткені, білім негізі бастауыш сыныпта қаланады. Жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртін Отанын сүюге, адамгершілікке баулитын, оның көкірегіне нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің нағыз тұлғасы деуге болады Алдыңдағы шәкіртің құрмет тұту үшін мұғалім қазіргі заман талабына сай, шығармашылықпен жұмыс істеп, білімі мен білігін үнемі жетілдіріп отыруы қажет. Менің ұғымымда нағыз ұстаз боламын десең, алдымен баланы жан тәніңмен сүйе біл. Оның бойынан тек жақсы қасиеттерді ғана көр. Жан дүниесіне терең үңіліп, баламен сырласу, оның сөзін құлақ қоя тыңдау, қойған сұрақтарына толық жауап беру арқылы мұғалім өз мәртебесін көтере алады. Маған бұл тұрғыда әдеби кітаптарды көп оқығанның көмегі тиді. «Ұстаз- үйрену барысында ғана ұстаз, ал үйрену тоқтаған күні ұстаздық та тоқтайды» - деген екен К.Ушинский. Болашақта шәкірттерімнің Мәңгілік елдің тізгінін ұстайтын нағыз азамат болуына өз үлесімді қоссам, нағыз ұстаз бақытына жеттім деп ойлар едім. Алдыңа келген жүрегі таза, өмірдің білім атты баспалдағына аяқ аттаған бүлдіршіннің болашағы өзіңнен басталатындығын есіңнен шығармағайсың, бастауыш сынып мұғалімі!
Елбасымыз Назарбаев Н.Ә «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» -деп атап көрсеткендей, ұрпақ тағдыры үшін жауап беру- ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр. Сондықтан біздер ұстаздар, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ұмытпауымыз керек.
Мамандықтың бәрі жақсы десек те, ұстаз орны ерекше. Әрине, бәрі емес, бала жанымен біте қайнасқандары ғана. Ұстаздықты бар ұлағаттың басы деп білетіндердің ғана орны – мектеп.
Елімізде түбегейлі өзгерістер орын алып отырғанда оқушыларымыздың одан әрі сана сезімін дамыту – қасиетті парыз. Осындай істі абырой мен
атқаруға үлесімді қосу мақсатында бұл мамандықты таңдадым. Ақын М.Дулатов «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт-оқуда...Надан жұрттың күні-қараң, келешегі-тұман» деген екен. Ендеше, егемен елдің ертеңіне үлес қосатын тәуелсіз мемлекетіміздің саналы ұрпағын, шәкірттерімнің ізгі сарайын біліммен сәулелендіріп, білімнің биігінен көру - мен үшін зор бақыт.
Бастауыш сынып мұғалімі: Нурмуханбетова А.А.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Эссе «Менің педагогикалық ұстанымым»
Эссе «Менің педагогикалық ұстанымым»
Эссе
«Менің педагогикалық ұстанымым»
«Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры — ұстаздардың қолында»
Н.Ә. Назарбаев.
Мен Нурмуханбетова Айжан Аскербаевна Бостандық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімімін.
Осынау қиыны мен қызығы мол ұстаздық еңбек жолымның басталғанына да біраз жыл болыпты. Кеше ғана қолыма диплом алып, өзімнің жүрек қалауыммен мұғалімдік мамандықты таңдаған жас маман едім. Алдымда көздері жәудіреген кішкентай бүлдіршіндер отырды. Ал қазір сол өзім тәлім- тәрбие берген шәкіртім қазіргі таңда менің әріптесім.Бұл да уақыттың үздіксіз тіршілігі екендігінің белгісі. Менің өмірдегі бақытым- ұстаз болуым. Ұстаз болу- жай ғана мамандық емес. Соның ішінде бастауыш сынып мұғалімі болу- арқалар жүгі ауыр, жауапкершілігі мол іс деп білемін. Өйткені, білім негізі бастауыш сыныпта қаланады. Жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртін Отанын сүюге, адамгершілікке баулитын, оның көкірегіне нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің нағыз тұлғасы деуге болады Алдыңдағы шәкіртің құрмет тұту үшін мұғалім қазіргі заман талабына сай, шығармашылықпен жұмыс істеп, білімі мен білігін үнемі жетілдіріп отыруы қажет. Менің ұғымымда нағыз ұстаз боламын десең, алдымен баланы жан тәніңмен сүйе біл. Оның бойынан тек жақсы қасиеттерді ғана көр. Жан дүниесіне терең үңіліп, баламен сырласу, оның сөзін құлақ қоя тыңдау, қойған сұрақтарына толық жауап беру арқылы мұғалім өз мәртебесін көтере алады. Маған бұл тұрғыда әдеби кітаптарды көп оқығанның көмегі тиді. «Ұстаз- үйрену барысында ғана ұстаз, ал үйрену тоқтаған күні ұстаздық та тоқтайды» - деген екен К.Ушинский. Болашақта шәкірттерімнің Мәңгілік елдің тізгінін ұстайтын нағыз азамат болуына өз үлесімді қоссам, нағыз ұстаз бақытына жеттім деп ойлар едім. Алдыңа келген жүрегі таза, өмірдің білім атты баспалдағына аяқ аттаған бүлдіршіннің болашағы өзіңнен басталатындығын есіңнен шығармағайсың, бастауыш сынып мұғалімі!
Елбасымыз Назарбаев Н.Ә «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» -деп атап көрсеткендей, ұрпақ тағдыры үшін жауап беру- ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр. Сондықтан біздер ұстаздар, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ұмытпауымыз керек.
Мамандықтың бәрі жақсы десек те, ұстаз орны ерекше. Әрине, бәрі емес, бала жанымен біте қайнасқандары ғана. Ұстаздықты бар ұлағаттың басы деп білетіндердің ғана орны – мектеп.
Елімізде түбегейлі өзгерістер орын алып отырғанда оқушыларымыздың одан әрі сана сезімін дамыту – қасиетті парыз. Осындай істі абырой мен
атқаруға үлесімді қосу мақсатында бұл мамандықты таңдадым. Ақын М.Дулатов «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт-оқуда...Надан жұрттың күні-қараң, келешегі-тұман» деген екен. Ендеше, егемен елдің ертеңіне үлес қосатын тәуелсіз мемлекетіміздің саналы ұрпағын, шәкірттерімнің ізгі сарайын біліммен сәулелендіріп, білімнің биігінен көру - мен үшін зор бақыт.
Бастауыш сынып мұғалімі: Нурмуханбетова А.А.
шағым қалдыра аласыз













