«Отаным тағдырым»
Мен оның түнін сүйем, күнін
сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен...
– деп, Мұқағали Мақатаев айтқандай Отан әрбір жас-кәріге, бала-шағаға ыстық. Кең байтақ еліміз Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын. Еліміз кең байтақ, жасыл алқапты, ағашы жайқалған, өзен, көл, теңізі сарқыраған, таулы аймақты, табиғаты таза деп мақтан тұтам. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. Себебі Отанымызда жер байлықтары жетерлік. Атап өтер болсам: мұнай, газ, көмір, мыс, алтын, т.б. өнімдер өндіреді. Одан басқа ет, сүт өнімдері де өнделіп, елімізде пайдаланылып қана қоймай, шет елдерге де экспортталып, шығарылып жатыр. Осының бәрі еліміздің көркейіп келе жатқанының айқын көрінісі.
«Отаның-алтын бесігің», - деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың парызы. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет екендігіне қарамастан еліміз тыныш, халқымыз татулықта, бейбітшілікте, достастықта өмір сүреді. Біздің еліміз бір шаңырақтың астында тату, бір отбасы тәрізді өмір сүруде. Елімізде 17 миллиондай адам, 120-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады. Халқымыздың арасында түсіністік пен құрмет орнаған, әр ұлт өкілдерінің өз ана тілінде сөйлеуге құқығы бар. Ал елімізді-қазақтың тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып отыр.Біздің еліміз жылдан-жылға көркейіп, жаңарып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстанды көптеген елдер, бүкіл әлем таниды. Біздің президентіміз елімізді 50 бәсекелестік елдер қатарына ендік. Әрине оның бәрі елбасымыздың өрең еңбегі. Егер бізде осындай президент болмаса, біз мұндай жетістіктерге жетпес едік. Біз егеменді ел болғаннан бері өзіміздің рәміздеріміз, әнұранымыз, Елтаңбамыз бар. Авторы да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Туған жер – адам өмірінде ерекше, маңызды орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенімен және болашағымен байланыстырады. Еліміз жылдан-жылға көркейіп, өркендеп, бүкіл әлем танитын мемлекет қатарында. Соған дәлел биылғы өткен Қазақстанның «EXPO-2017» дүниежүзілік көрмесін өткізу құқығына ие болуы. Қазақстанды әлем елдеріне танытудың жаңа кезеңі ғана емес, инновациялық дамудағы қуатты серпінге негіз болды.
«ЭКСПО көрмесі – жаһандық ауқымдағы оқиға. Ол маңыздылығы жағынан ірі экономикалық форумдармен, туристік тартымдылығы бойынша әлемдегі ең танымал спорттық ойындармен салыстыруға болады. Көрме біздің елімізге ірі инвестиция тартуға мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ ЭКСПО көрмесін өткізу арқылы Қазақстан «жасыл экономиканы» дамытуға тікелей септігін тигізетін жаңа технология мен инновация алады» - деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзінде. Міне осы айтылған сөз атылған оқпен тең дегендей «ЭКСПО-2017» көрмесі жоғары деңгейде өтті. Бұл біздің Қазақстан тарихымызда алтын әріппен жазылып, мәңгі есімізде қалатын оқиға.
Келесі бір айтып өтпеске болмайтын басты мәселенің бірі ауыз су мәселесі болатын. Оны қозғамай кету мүмкін емес деген ойдамын. Су – тіршілік көзі. Сусыз – өмір жоқ демекші, өмір сүру үшін оның маңызды екенін әркім біледі. Сусыз тынымды тіршілік, мардымды еңбек алға баспайтынын әрбіріміз жақсы білеміз. Шалғай елді мекендерді ауыз сумен қамту алдыңғы қатардағы мәселелердің бірі болған.
2017 жылға қарай еліміздің барлық қалаларының 90 пайызы сумен жабдықтаудың орталық жүйесімен қамтылады, 30 мыңнан астам коммуналдық желі қайта жаңартылады», - деп атап көрсетті Елбасы Н.Назарбаев «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының XIV съезінде сөйлеген сөзінде. Ауызсу мәселесі бүгінде әлемнің көптеген елдерінде өзекті болып тұр десек, артық айтпаған болар едік. Бұл күрделі мәселелерді шешу біздің елімізде де «Ақ бұлақ» бағдарламасының негізінде қолға алынғаны бірнеше жылдың жүзі болды. Нәтиже жоқ емес, бар. Оған дәлел өзім тұратын ауыл Қарабұлақты дәлел ретінде айтып өткім келеді. 2008 жылға дейін ауылға су таситын көлікпен су тасып тұратын. Қазіргі таңда ол мәселе толығымен өз шешімін тапты. 2012-2013 жылдар аралығында ауылға толық су құбырлары тартылып, әр үйге су тартылды. Енді халық су іздеп табанынан таусылмай, өз үйлерінде отырып ақ керекті мөлшерде суларын құйып, керегіне жарата алады. Сонымен қатар ауыл әкімі жас ұрпақтың келешегі үшін де жағдай жасап, балаларға арналған шағын ойын алаңын да жасады. Көше бойларына жасыл желектер отырғызылып, ауылымыз өркендеп келеді деп мақтанышпен айта аламын. Осының бәрі елбасымыздың арқасында.
Балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан-ошақ басынан басталады. Сол себепті келешек ұрпақты ұлтжанды, Отан қорғаушы, елін, жерін сүйетін азамат етіп тәрбиелеу біз сияқты жастардың міндеті деп ойлаймын.
«Қарабұлақ селолық орта мектебі» ММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Аманжол ГулияКонец формы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Эссе "Отаным тағдырым"

шағым қалдыра аласыз