Эссе «Рухы мықты жандар»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе «Рухы мықты жандар»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Рухы мықты жандар» «Адам денесінің өз шегі бар, бірақ адам рухы ештеңемен шектелмейді» (Дин Карназес) Біз жаңашылдыққа, толеранттылыққа, мобильдікке негіздеген әлеуметте өмір сүріп жатырмыз. Сол әлеуметте денсаулығына байланысты немесе жарақат алу нәтижесінде, өмір бойына немесе ұзақ уакытқа, еңбек қабілетін (толық немесе жартылай) жоғалтқан мүкіндігі шектеулі жандар категориясында, ерекше әлеуметтік көмек, қолдауды қажет ететін жандар бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Рухы мықты жандар»

«Адам денесінің өз шегі бар, бірақ адам рухы ештеңемен шектелмейді»

(Дин Карназес)



Біз жаңашылдыққа, толеранттылыққа, мобильдікке негіздеген әлеуметте өмір сүріп жатырмыз. Сол әлеуметте денсаулығына байланысты  немесе жарақат алу нәтижесінде, өмір бойына немесе ұзақ уакытқа, еңбек қабілетін (толық немесе жартылай) жоғалтқан мүкіндігі шектеулі жандар категориясында, ерекше әлеуметтік көмек, қолдауды қажет ететін жандар бар.

Елімізде жалпы саны 705 029 мүмкіндігі шектеулі жандар болса, солардың 69 мыңы балалар екені анықталған. Әлбетте олардың тағдыры әртүрлі, біреулері туа бітті кемтар атанса, енді біреулері тағдырдың тәлкегін бастан кешіріп отыр. Десекте, осындай ортадағы адамдарға қамқорлық көрсету - қоғамның басты парызы.

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамнан тысқары қалмауына мемлекет тарапынан да көңіл бөлінуде.

Мемлекет басшысы: Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Маңызды мәселе-мүмкіндігі шектеулі адамдарға барынша қолайлы жағдай жасау» деген болатын. Бұл ретте, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын заң төңірегінде шешу, қоғамдағы орнын, жайлы ортасын қалыптастыру мәселелері жөнінде бірталай шарулар атқарылуда.

Бірақ, бұнымен барлық мүмкіндігі шектеулі жандардың шымбайына батқан сауалдары шешіле ме?....

Мүмкіндігі шектеулі жандар әлеуметте, қоғамда түрлі кедергілерге тап болып жатады. Соның бірегейі қала, ауданда мүгедек арбаларына қолайлы тораптардың болмауы, мекемелерге кіріп-шығу үшін пандус, арнайы лифттің, тактильды белгілердің болмауы, мүгедек жандардың қауіпсіз қатынауына кедергісін жасауда.

Әрбір қоғам мүшесінің қоғаммен қарым-қатынас жасауға, бейімделуге, жақсы жағдайда өмір сүруге, белгілі бір өз қажеттіліктерін өтеуге құқығы бар. Заңнамаға сәкес әр мекеме еңбекке жарамды мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс орнын ашу, тағайындау міндетті. Біз бұл практиканы шет елдерде өте кеңінен қолданыста екенін білеміз. Өзін еңбекпен қамту арқылы бұл мүгедек адамдар қоғамға тез бейімделіп, өзінің орны бар екенін, қажет екенін сезінетіні айғақ. Бұл деген зайырлы, сауатты, салауатты қоғам құру деген сөз.

Астана қаласы бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларға, ересектерге арналған саусақпен санарлық санаулы ғана мекемелер бар. Оның өзіде барлық әлеуетті қамти алмайды. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған ата-аналарға ай сайынғы әлеуметтік көмекпен бірге психологиялық көмекте артық етпейді.

Мемлекеттік жәрдемақыны барлық мүгедек жандар алмайтыны белгілі. Оған қағазбастылық, жыл сайынғы мүгедектігін растау үшін, өтетін комиссия процесі т.б түрлі мәселелер себепкер. Тағайындалған жәрдемақы мөлшері аз, мүмкіндігі шектеулі жанның жыртығын жамауға келмейді. Бұнымен қоса, бізде қоғамда мүмкіндігі шектеулі адамдарға көзқарас өте енжар және немқұрайлы. Сондықтан да ол жандардың қоғамға тез бейімделіп кетуіне бір кедергісін тигізеді.

Кейде қоғамнан қолдау таппасада, қажыр-қайратын бойына жинап, ӨМІРГЕ деген құлшыныстары мықты, ерік-жігері мұқалмаған тағдыр тәлкегіне ұшырап, тәні сынсада, рухы сынбаған, көмекке зәру мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан ғана емес, дүйім жұрт болып, қолау көрсету парызымыз деп білемін. Әлеуметтің мүмкіндігі шектеулі жандарға деген көзқарасын өзгерту сізбен, біздің қолда. Олар болашақта мемлекетке, қауымға зор үлесі тиер үлкен бастамалардың иесі болуы әбден мүмкін. Сынаққа түсіп, тәні шектелген жандардың рухын ештеңемен шектемейік!










Копбаева Нурсая Бакытовна













































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.02.2024
304
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі