400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Сәкеннің өнегелі жолы"

Материал туралы қысқаша түсінік
9-сынып оқушыларына арналған эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сәкеннің өнегелі жолы

8 А сынып оқушысы

Тілеухан Әбдірахым

Ғұмыры мен шығармашылық қызметін, рухани- адамгершілік мұрасын еліне арнаған, қоғам қайраткері, әділдік пен адалдық күрескері Сәкен Сейфуллиннің өнегелі өмір жолы қызық та, тым жұмбақ.

Аққу ақын, сұңқар ақын деп кіршіксіз бітім-болмысына тәнті болған құрдас-замандастары, көзкөргендері мен шәкірттері, кейінгі буын ұрпақтары, әдебиетіміздің қаламгерлері, қарапайым қазағым Сәкен ақынның асқақ тұлғасын оқып-жырламағаны кемде-кем шығар! Көркем оқулықтардан бастап, естеліктерде болсын, біртуар азаматтың аққу құстай таранып, әсем қалқып, жүзе басқан сырбаз бейнесін тамсана оқисың! Жігіттің төресі, «азапты күндерде» қас батырша қасқая беріктік танытқан сырдаң азаматтығының өзі қаншама ұрпаққа өнеге болмады ма!?

Орыс жазушысы Г. Серебрякова С. Сейфуллинмен Мәскеуде алғаш кездескені жөнінде: «Сәкен Сейфуллин мені өзінің қажырлы, сыртқы сұлу кескінімен қайран қалдырды. Ол кісіге тура, адал да батыл  көзбен қарайтын. Ол жеңімпаз да жігерлі жауынгерге ұқсап кететін. Мен таныған С. Сейфуллин Қазақстанның бір бөлшегі  сияқты. Сәкен бар жан-жүрегімен туған елінің, өз халқының бел баласы еді, халқына жаны пида жақсылардың бірі еді»,- деп зиялы досы өзіне түйген өнегесін айтқан екен.

Елдің жаңарып, жасаруына, жандануына, өркендеуіне, басқа елдермен терезесі тең мемлекет болуы жолында өнегелі үлгісі мен ізін қалдырған қазаққа жанашыр тұлғалардың бірегейі. С. Сейфуллиннің сәнді де мәнді өмірінің күрделі тұстарында ерекше назар аударып, түн тынышын алған арманы– жас ұрпақтың білім-ғылымға ұмтылысы. Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы болған кезінде білім алушы жастарға алғаш рет шәкіртақы тағайындатып, «қазақ жастары әлемнің мықты оқу орындарында білім алуы тиіс» деген жарқын идея көтерді. Ол жас ұрпаққа көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауды өзінің міндеті деп санады. «Әр азаматтың бір көзі оқу ісінде болып, соған қолынан келген жәрдемін тигізіп отыруы – мойынына артылған парыз. Ісіңмен, күшіңмен, тіліңмен болса да оқу ісіне жәрдем қылмасаң – кейінгі жас буынның қолы жағаңда кетеді»,-деген ағалық сөздері қоғам қайраткерінің биік өресін көрсетеді.

Ақындығы және жазушылығы - бір төбе, ұлттық әдебиетіміздің іргесін қаласып, кірпішін қоюшылардың бірі.Оның поэзиясының басты идеясы – дос қадірін білу, достыққа адалдық. Ақын адалдық пен арамдық, мансап пен ар-ұждан, достық пен қастықтың аражігін аша жазып, адам үшін құнды байлық – достықты жетер жеріне жеткізіп жырлап өткен.

Жас өркенді табиғатты, туған жерін сүюге, Отанына адал қызмет етуге, халық тілегін орындауда қауіп- қатерлерден қорықпай, қиындықта мойымауды үлгі етуде Сәкендей тұлғаның орны ерекше. Адалдық, кішіпейіл, ар-абырой, шыншылдық сияқты құндылықтарды заңғар тұлғасына жиған, көркем туындылары арқылы кейінгіге мұра еткен өнеге иесі.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15.11.2024
296
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі