Сұлу жырдың
сұңқары
Зейденова
Ақзер
Ақын Көкшенің сұлу табиғатын
шеберлікпен суреттеуден бастап, ел ішіндегі аңыздарға назар
аударады.Талай сыр ертегіні ел айтады, Ызыңдап таудан сокқан жел
айтады. Сырласып, сыбырласқан жапырақтар, Күндіз-түн күңіренген көл
айтады. Сәкен Сейфуллин Көкше аңыздарының ішіне «Жеке батыр»,
«Бурабай», «Оқжетпес», «Жұмбақтас» туралы әңгімелерді бөліп алады.
«Жеке батыр» тауының аты қарауылда тұрған батырдың қалғып кетуімен
байланысты туса, «Бурабай» сол көлді мекен еткен ақ бас бура
тарихымен байланыстырылады. Бурабай көлін мекендеген ардақты ел
күзетшісі, соның жақсылық, жаманшылығына ортақ жануар ақ бура ел
өміріне қатысы бар елеулі жайларды алдын ала сезетін болған деседі.
Оны елге білдіруге тырысып, бақсыдай азынап тауды
кезген.
«Көкшетау» поэмасының әсем
тылсым табиғат суреті тұтқын арудың жұмбағымен астарласқандай әсер
қалыптастырады. Абылай хан мен оның сарбаздары кезекті бір шайқаста
қолға түскен қалмақ қызға жар таңдауды өзіне береді. Қыз ақылдылығы
осы кезде байқалады. Ол көл жағасындағы биік шыңның басына орамал
байлатып, атып түсіргеніне тимек ойын білдіреді. Қысылтаяңда
ескерткіш орамалын ұсынуы сүйген жарын еске түсірумен бірге, орамал
атып түсірілсе, елдегі жардан үміт үзетінін, егер оған оқ жетпей
калса, жар мерейі үстем екенін қыз ескерген еді. Туған жерде өткен
жас өмірдің қызықты күндері көз алдынан сағымдай бұлдырап өтуіне
ақынның назар аударуы адал сезімді құрметтейтін аңғартады. Қыз
бағына, батырлардың бірде-бірі оғын жеткізе алмайды. Шыңның
«Оқжетпес» атануы осыдан дейді ақын. Тұтқын кыз амалсыз «Ер кезегі
үшке дейін» деп күш сынасуды (төрт адамды арқалап мың қадам жүгіру)
ұсынса, үшінші жолы өз өмірін жұмбақтап айтып, соны шешуді сұрайды.
Өзі және әңгімеге қатысты адамдар әртүрлі құстар түрінде
бейнеленеді. Мысалы, өзін кептер етіп көрсетсе, қиянатшыл адамдарды
қарақұс, жапалақ күйінде, лашын— елдің қамқор адамдары, сұңқар —
өзінің сүйген жары, жыртқыш бүркіт — хан бейнесінде суреттеледі.
Қыз жыртқыштардан көп зәбір шегетін кептерге бүкіл әйел қауымын
балайды. Сондай кептердің бірі-өзінің анасы. Төрт балапанын жем
тауып асыраған, олар үшін рақат пен тыныштықтан безген ғазиз анасы
— кептерді бір күні ұясына келе берген кезде қарақұс бас салып
ұстап алады. Қолға түскен ана мен шырылдаған жас балаларды лашын
құтқарады. Қыз лашынды ел бағушысы, елдің камқоры етіп көрсетеді.
Лашынның ерлігіне риза болған ана жас кептердің бірін ал, жар бол
деп жалынады.Осымен біраз жыл өтіп, төрт балапанның үлкені
(қыз)көркем болып бойжетеді. Ақын сұлулықтың символы ретінде
суреттейді. Ол лашынды күтеді.Сүйген жарына (сұңқарға) ол мойнында
қарыз барын айтып, жасында лашынның өлімнен құтқарғанын
әңгімелейді. Сұңқардың рұқсатымен ол лашынды өзі іздеуге шығады.
Түнде ұшқан кептер байғұсты жапалақтар ұстап ап әуреге салады.
Кептер бар өмірінің шындығын айтып бұларға да жалынады. Ақыры
жапалақтар кептер жайын түсініп, оны босатады да, лашын ұясына
дейін жеткізіп салады.
Кептердің өзі іздеп келгеніне
риза болған лашын оның басына азаттық береді де, еліне қайтарады.
Сұңқардың, жолда кездескен үш жапалақтың ерлігіне сүйсінген лашын
құс та өзінің ер мінезділігін, жомарттығын
дәлелдейді.
Бұдан кейін қыз кептердің
сұңқарға жете алмай бүркіттің тырнағына ілініп қалғандығын айтады.
Қыз жұмбақтаған бүркіт-Абылай
хан.
Ең соңында қазақ батыры Адақ
қана қыз сынынан өтіп, оның жұмбағын шешеді. Оқжетпес үстіндегі
аққу ілген бүркітті атып түсіреді, оның басындағы қыз орамалына оқ
тигізеді. Өзінің үлесіне тиген қызды Адақ рұқсат беріп, еліне
қайтарады. Бұл арқылы ақын зорлық пен қара күшті жеңген әділдікті,
ақылдылықты паш етеді. Адақ поэмада кең пейілді, адал, ержүрек,
қайырымы мол адам болып суреттеледі. Адақ әуелден қызды олжа етпек
болғандардың ешқайсысына да араласпайды. Ол Оқжетпес басындағы
орамалды атып түсіруден бой тартады. Тек қыз жұмбағы арқылы оның
мұңын түсініп, қыз басына азаттық алып беру ниетімен ғана оның
шарттарын орындайды.
Айдын көлде еркін жүзіп,
сайрандаған екі аққуға бүркіт түсіп, бір балапанын алып кетеді. Ол
тура Оқжетпес шыңына қарай шарықтайды. Көл басындағы у-шуға бүкілі
назар аударады. Ол балапанын жоқтап сыңқылдаған жұбай аққу үнінен
баласын іздеген туған әке-шешенің зарын естиді. Осы көрініс
кейбіреулерді жабырқатып, санасына аяныш сезімін
кіргізеді.
Әлсізді әлді жеген күші
басым,
Жылатқан әлсіз болса
қарындасын.
Тұтқын қыз осыны ойлап құз
басында
Аққуға қарап тұрып төкті
жасын.
Жыртқыш бүркітті Оқжетпес басына жете берген
шақта Адақ атып түсіреді.
Ақын осы суретті салыстырмалы
түрде анадан баланы айыру сезімі қалай болатынын әдейі
керсеткен. Бұрын шың басына оқ жеткізіп
көрмеген ханның қолы бұған қайран қалады. Бұдан кейін Адақ орамалды
атып түсіреді. Қыз жұмбағын түгел шешеді. Сөйтіп ол өз олжасына
тиген қыздың басына азаттық береді. Адақтың азаматтық ісіне қыз
қатты риза болады.
Ойлап ем сырымды айтып
жыламаққа,
Жұмбақтап ханнан ерік
сүрамаққа.
Әдейі кұз басына шығып
едім,
Бермесе, түңғиыққа
құламаққа,—
дейді ол. Бұдан қыздың шарттарының бәрі азаттық
алуға жасалған талап екенін көреміз. Ол шарттарды орындап, қызды
әйелдікке аламыз деп хан әскерлері даурыққанмен, қыз оларға тию
туралы ойламаған да. Ол олжаға түсер болса, құздан суға құлап өлуді
ойлаған.