Материалдар / Эссе. Тақырыбы: Ел болашағы жастар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Эссе. Тақырыбы: Ел болашағы жастар

Материал туралы қысқаша түсінік
Эсседе, еліміздің болашағы өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, біліміне мән беру керектігі айтылған. Сонымен қатар, елің алға шығып, дамудың шыңына жетсін десең, берілген білім жақсы деңгейде болуы керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Желтоқсан 2021
417
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстанның болашағы - жастар”


Елім менің бойымдағы тірегім,

Отан үшін елжірейді жүрегім.

Бойда қуат, баста ақыл болғанда

Азамат болу менің ұраным.

Ананың тар құрсағын кеңітіп, шыр етіп дүниеге келген әр сәби елдің болашағы, ұрпағы. Бала өсе келе айналасын тануға ұмтылады. Осы кезде ата-ана, қоршаған адамдар бала бойына Отанына деген патриоттық сезімді сіңіруі тиіс. Бала тәрбиесі қазір ең ауқымды тақырып деп айтсақ та бекер емес. Бұрындары бір хан менің әскерім мықты, байлығы көп елім бар, сен маған елімнің болашағы қалай болатынын айтшы деп бір дана кісіден сұраса, әлгі “Сен алдымен маған еліңдегі жастарды көрсет, сосын қандай болашақ күтіп

тұрғанын айтамын” депті. Яғни ел болашағы тікелей жастарға, келер ұрпаққа, оларға берілетін тәрбиеге байланысты. Бұрындары текті қазақ халқы ер жігіт, қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білген қазақ халқы “Болар баланың бетінен қақпа, белін бу”, “он үште отау иесі”, “баланы жастан” деген терең мағыналы сөздер арқылы жастарға үлгі көрсете білді. Қасық қаны қалғанша, ақтық демі шыққанша жастайынан жауға шауып, найзаның ұшымен, білектің күшімен ел қорғаған талай батырлар болған, Ұлы Отан соғысы жылдарында елінің азаттығы үшін бір қарумен майданға аттанған жастар, желтоқсанның суық ызғарында үстеріне шашылған мұздай судан, қан жосыған аяқтары етікке жабысып қалсада елінің, жерінің тәуелсіздігі үшін көтеріліс бастап шыққан жастар көп болған. Біз олардың бірін білсек, бірін білмейміз. Мен мұны не үшін айтып отыр деп ойлап жатырған шығарсыздар? Алайда тарихты оқығанда, одан сабақ алуымыз керек.

Қазір дамыған заман, керекті техниканың бәрі бар, керек ақпаратты оңай табуға болады. Бірақ елім, жерім, туған өлкем деп, Отанға деген ыстық сезіммен ел қорғауға дайын жастар көп пе? Әлде әлеуметтік желінің торына түсіп, шыға алмай жатқан жастар көп пе? Осы сұрақ көп адамды толғандырары сөзсіз әрине. Менің ойымша екеуі теңдей. Себебі, қазір білім алып, ел көріп, үйренгенін, көргенін қорытып, елге пайдамды тигізсем екен, Қазақстанды бүкіл шетелге танытсам екен деп ой түйетін жастардың бары қуантады. Осы жақында “Сенде бір кірпіш дүниеге…” атты жиында жастар осы өмірде қысқа ғана ғұмыр кешіп, тарихта аты қалған тұлғалар туралы айтты. Олардың бірін білсек, бірін білмейді екенбіз. Бірақ, сонда бір байқағаным, сол тұлғалардың өмірбаянымен таныса отырып, “Отанға қызмет етсем, елге қалай пайдамды тигізсем екен?” деген ыстық сезім көз алдыма елестегендей болды. Шара соңында “Адай” күйін қосып, видеоролик жібергенде, күй әсерінен қаным тулап, тау қопарардай күшім барын сезіндім. Сол сәттен бастап, өзіме қайтсемде, ұстаз болып, мектеп табалдырығынан аттаған әр оқушыма, Отанға, Қазақстанға деген жанашырлық, оттай ыстық патриоттық сезімді сіңіріп, жақсы білім беріп, тәрбиелі, көзі ашық, сауатты азамат болуға тәрбиелеймін деп шештім. Қай-қай мемлекет те, үлкен болсын, кіші болсын, аяғын тік тұрғызып, қанатын кеңге жайғызатын жастар. Қазір әр баланың қолында бір-бір телефон, гаджеттер бар. Екі жастағы бала сол телефонды оңай меңгеріп алатындай дәрежедеміз. Бұның өзі ертеңгі күні әлемді жастар басқаратыны туралы сенімді түрде айтады. Қаны таза, текті халқым “Білекті бірді, білімді мыңды шығады” дегендей қазіргі жаңа технология сағат санап өсіп жатырған жарық таңда білімнің құны жоғары. Келешегіміз сауатсыз, білімсіз болса, елдің күні қараң. Сол себепті жастардың пікірі, ойы қоғамда ескеріліп, саналады. Ең құнды нәрсе - ол идея, креатив. “Қызудың бәрі жастарда” демекші, осы аталған идея мен креатив жастардың бойында тұнып тұр. Қоғамда, елімізде әрдайым жас буынның креативті ойы түрлі дебат, форумдар да талқыланады. Бірақ оларды талқылап қана қоймай, жүзеге асыруға не кедергі? Неге білімді жастар шетел асып кетіп жатыр? Осы сұраққа жауап табу мен үшін қиын.

Бір үлкен кісінің баласы, бала күнінен білімге, оқуға құмар болып өседі. Өсе келе шетелдегі жоғарғы оқу орнына түсіпті. Шетелде оқып-тоқып жүрген уақытында, алып компаниялар оған сұраныс тастапты. Үлкен қызметтік орын ұсынған көрінеді. Әлгі баланың отбасы, әсіресе әкесі қатты қуаныпты. Алайда, баласы ол ұсыныстан бас тартыпты. Оған ашуланған әкесі, неге олай жасадың, бір ауыз ақылдассаң нең кетті деп қайырыпты. Сондағы баласының жауабы: “Мен осында қалып, бөтен елге қызмет етсем, менің Тәуелсіз еліме, мен үшін ыстық Отаныма кім қызмет етеді, елімді кім көркейтеді. Шетел көрсем, үйреніп, біліп, ел пайдасына асырсам екен деп тырыстым. Ықылым заманнан бері қазақ атам “өзге ел де сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол” деп айтып кеткен деп өзіңіз айтып едіңіз ғой. Енді өз сөзіңізден өзіңіз тайғаныңыз ба?” депті. Менің осы әңгімеден түсінгенім, біріншіден, Отанға қызмет ету әр жас азаматтың борышы. Екіншіден, Отанды сүю, еліңе адал болу тәрбиеге байланысты. Үшіншіден, ел болашағы-білімді жастар.

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты –

Қырандай күштi қанатты

Мен жастарға сенемiн!- деп қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаев атамыз айтқандай, мен қандай жағдай болмасын, ел намысын қорғайтын, мақсаты айқын, Отансүйгіш, ұлтжанды жастарға сенемін. Себебі, қазақтың көк туын көкке желбіретіп, қасиетті байрағымызды жоғары көтеріп, елімізді әлемге танытып, паш еткізетін де - жастар.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!