Материалдар / Эссе Тәуелсіздік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе Тәуелсіздік

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік мерекесі туралы эссе оқушы студенттерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Желтоқсан 2020
751
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университеті

Жаратылыстану институты 5В011600- география

мамандығының 3 курс студенті Дәутәлі Балғын

email:dautali.balgyn@gmail.com


Эссе


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні- елдің басты мерекесі


Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Халқымыз тәуелсіздік үшін күресті сонау сақ дәуірінен бастау алды десек артық айтпаймыз. Арғы жағын айтпай –ақ, XVIII ғ. жоңғар – қалмақтарымен болған қасіретті жылдардан бастап 1991 жылға дейінгі аралықтағы күресіміздің өзі тәуелсіздікке жету жолындағы тарихымызды айшықтайтыны анық. Жоңғарлардың шабуылының жойқын болғандығы сонша қазақ халқы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға» ұшырап, жан – жаққа босып кеткенін тарихтан жақсы білеміз. 13-14 жылға созылған кіші жүз жеріндегі, қазақ елінің батысында өткен Сырым Датұлы бастаған ұлт – азаттық көтеріліс, осы аумақта ХІХ – ғы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс, бүкіл Қазақстанды қамтыған Кенесары Қасымұлы көтерілісі, Сыр бойында өткен Жанқожа, Есеттің көтірілісін айтуға болады. Ал ХХ ғ. басындағы бүкіл Қазақстанды қамтыған 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілістің нәтижесінде жарты миллионға жуық азаматтарымыздан айырылдық. Жоғарыда айтылған көтерілістердің бәрі Патшалық Ресейдің отарлау саясатына қарсы болған ұлт – азаттық қозғалыстар еді. Және айтарым, Кеңес билігі тұсында 20-30 жылдардағы қазақ халқының азаттығы үшін, ұлттық мемлекетімізді құру жолында жарғақ құлағы жастыққа тимеген ағаларымыз Алаш қозғалысының көсемдерінің еңбегінің зор екенін атап өткім келеді. Мысалы, А.Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы сынды ағаларымыз «Алашорда» үкіметін құрса, М. Шоқай бастаған топ Түркістан автономиясын құрғанын білеміз. Біз білеміз, әрі ұмытпаймыз бұл құрылған мемлекеттің әділетсіз құрылған Кеңес үкіметінің құрбаны болып, ғұмырының ұзақ болмағанын. 1970-1980 жылдардағы Теміртау, Жаңаөзен, Қарағандыдағы т.б. кішігірім жұмысшылар ереуілдерінің өзі әділдік үшін күрестердің жалғасы деп айтар едім.

Ал ХХ ғасырдың соңына таман әлемді дүр сілкіндірген 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына ұлттық санасын намысы жетелеген қайсар буынның келгенін әйгілегені анық. Ондаған жылдар бойы қордаланып қалған келеңсіздіктер – қоғамдық, әлеуметтік, мәдени салаларды қамтыған кемшіліктер, ұлт мәселелерінің шиеленісуі республика жастарының ызасын келтіріп, ашық қимылға еріксіз алып келген болатын. Жастардың бейбіт шеруін басып – жаншуда Кеңестік билік жала жабудың небір тұрпайы түрлерімен қоса қатігездік пен өшпенділік әрекеттерін жасады.

Мінеки, осылай 90-шы жылдары басына не келіп, не кетпеген қазақтың тәуелсіздік үшін болған сан ғасырлық күресі өз мәресіне жеткен сыңайлы болды. Әрине, тәуелсіздікке жетуімізді тездеткен қазақ жастарының желтоқсан оқиғасы деп білеміз. Желтоқсан оқиғасы – Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр, қайғылы беттерінің бірі. Бұл оқиға Қазақстанда ғана емес, бүкіл Кеңес Одағына жаңа еніп келе жатқан жас демократия үшін күрестің басы болды.

Тәуелсіздікке қол жеткізген 25 жылдың ішінде халық игілігіне арналып орасан істер жасалынды. Соның бірі елімізде жаңа Астананың бой көтеруі. Аз уақыттың ішінде үлкен қала тұрғызу, Елбасымыздың көрегендігі, ұшқыр саяси шешімі, ерен еңбегі. Астана – тәуелсіз еліміздің бойтұмары, халқымыздың мақтанышына айналды.

Дамыған мемлекеттер Қазақстан болашағына сеніммен қарай бастады. Қазақстан атты мемлекет халықаралық қауымдастыққа өзінің бейбітсүйгіш ел екенін, басқа қатынастарға дайын екендігін, өз елінде ұлтаралық келісім мен ішкі ұлттық бірлігін сақтай білетіндігін, демократиялық даму жолының туын берік ұстап, әлем қорындағы парасат пен құндылықтарды жоғары бағалап қана қоймай, оларды дамытуға ат салысып, ашық демократиялық қоғам құрып жатқан ел екендігіне олардың көзін жеткізе алды.

Саяси тәуелсіз болғанымызға жиырма бес жыл толса да, экономикалық тәуелсіздігіміз бен ұлттық қауіпсіздігімізді нығайту үшін талай тер төгіп, алда қыруар жұмыстар атқаруымыз қажет. Тәуелсіздік ұғымы мерекеде ғана еске алатын науқаншылдыққа айналмауы тиіс. Тәуелсіздік ұғымы болат қылыштай өткір ұғым, оны үнемі қайрап – жонып отырмаса, тез тот басып, мұқалады.

«Қой аузынан шөп алмайтын», қонақжайлылығы мен мейірбандығы өзінің ұлан – байтақ жерінен де кең Қазақ елі бейбітшіліктің идеалы іспетті. Өз тарихында қазақтар көршілес елдерге ешқашан басқыншылық соғыс ашпаған. Қазақстанның дипломатиясы атам заманнан жан-жақты қарым – қатынасқа, әскері тек қорғанысқа негізделген. Қазір де солай: тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты векторлы, әскери доктринасы қорғаныс сипатында. Өкініштісі, қазақтар төңірегіндегі өзге халықтарға ешқашан жаманшылық жасамай, бейбіт өмір тілесе де, сол өзгелер өзектен теуіп, қазақтарды аямай қырып – жойып, сары даласын қызыл қанға бояп, елін шауып, қалаларын өртеп қиратып, мал – мүлкін талағаны қынжылтады. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы тарихта бірнеше рет Америкадағы абориген халық – үндістер сияқты қырылу мен геноқорын жойып алу қаупін басынан өткерді. Ел- жұрт ретінде құрып кетудің сәл алдында есін жиып, ханы мен қарашасы бірігіп, жат жұрттық басқыншыларды туған жерден тысқарыға қуған.

Ал, бүгінгі күн, мүлдем басқа. Еркіндік – теңдігіміз қолымызда, тәуелсіз елміз, өзге елдермен тереземіз тең. Енді, біз ұлттық рухымызды көтеруге тиіспіз, жалтақтау мен қорқудың уақыты өтті. Тәуелсіздік шынайы ұлттық мүддемен суарылғанда ғана мәнді әрі қымбат болмақ.

Мәңгілік ел болу– ата – бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арманы тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу .Бұл армандар ақиқатқа айналды. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті.

Тәуелсіздік қайта оралғаннан кейінгі жылдардың жаңғыру мәселесі сөз болса, біздің ресми органдар қанша қазақ мектебінің, қанша балабақшалардың пайда болғанын тілге тиек етеді. Иә, осы жиырма бес жылдың ішінде қазақ тілінде білім беретін 3800- дей мектеп ашылыпты.

Тұңғыш президентіміздің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауы әлемдік дағдарыс кезінде халықтың болашаққа деген сенімін күшейтті. Халықтың санасына қозғау салды, жұмысқа деген ынтасын арттырды.

Бес халықтық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары әр қазақстандықтың өз ісіне берік және ел болашағы үшін еңбек күресіне кірісуге, жауапкершілікке, нәтижелілікке, еркіндікке баулып шыңдайтынына кәміл сенемін.














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!