Туған жер алтын бесік
Туған ел, туған жер, ауыл. Бұл үш сөз бір ұғым. Туған жер, қатар өскен құрбы, атамекенге деген махаббатын тебірене жырламайтын ақын жоқ шығар. Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Тек өз сезімін әркім әртүрлі жеткізуі мүмкін. Сондықтан да мен бұл тақырыпты емес өз ауылымды неге айтпасқа деп шештім. Мен ауыл баласы болғандықтан жаз жайлау, қыс қыстау жайын жақсы білемін.
Ауыл. Оның жұпар атқан жусаны, мөлдір ауасы,балауса көк шөбі,кемеріне соғылған өзені,ақшаңқан үйлері сені еріксіз ауылға тарта береді.Жаз жайлауға шығамыз. Жайлау – шөбі шүйгін, суы мол, жер беті масатыдай құлпырып тұрған қоныс.Қыстан қысылып шыққан мал жайлауға іліккен соң тойынып ,семіреді. Мал ғана емес, адамдар да сергіп, жиын –той өткізіп, аунап –қунап қалады.Таң азаңнан өріске шыққан мал, жағалай шауып келген жылқы, күлдір – күлдір кісінеп, айнала шапқылаған ала аяқты құлыншақ -осының бәрі өзгеше сезім. Құлын ұстап ,бие байлау керемет. Қазақ қымызды киелі асқа санаған. Үйіне кірген кісіге қазақ ас татырмай жібермеген. Бізде жолшыбай соққан жолаушыларға осылай дәм татырып, қымыз ұсынамыз. Себебі ,атам «Көптің бірі -қыдыр» деп отыратын. Анам сиыр сауып, ірімшік ірітіп, құрт жасайды. Құртты айтсай, әр түрлі қылып жасаймыз да, қысқа сақтап қоямыз. Әжем құрт деген қыста суықта тоңдырмайды, жол жүргенде аш қылмайды деген еді.
Бәрінен де асаумен арпалысып, құлынға мініп шапқылағанды, қой баққанды айтсай. Иен далада қой бағып ,арасында айғайлап өлеңде айтып қоясың. Сенің даусың жаңғырып, сенімен қосылып ән салып тұрғандай болады. Өзенге суға түсіп ,балық аулап қызыққа батасың. Ауылда өткен әр күн керемет.
Күзге қарай қыстауға қарай көшесің. Ол да бір той. Киіз үйіңді жығып, атқа мініп алып, мал айдасып, көшке ілесесің.Ал қыстың кереметін – ай! Өгіз жегіп,маламен шөп тасу, ысылдап –пысылдап суыққа тоңып келудің өзі тамаша. Пештің түбіне отыра қалып ыстық құртты ішсең,әжеңнің тізесіне басыңды қойып ұйықтасаң одан артық не керек. Мен ауылымды еш жерге теңгермеймін. Ол менің – ыстық ұям. Жер бетінде менің ауылымнан керемет жерлер бар шығар ,бірақ менің ауылыма жетпейді. Бұл –менің бала көзқарасым.
Арайлап атқан таңы бар,
Өріс толы малы бар.
Сыңсыған мойыл, талы бар,
Осындай менің жерім бар.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Эссе. "Туған жер -алтын бесік"
Эссе. "Туған жер -алтын бесік"
Туған жер алтын бесік
Туған ел, туған жер, ауыл. Бұл үш сөз бір ұғым. Туған жер, қатар өскен құрбы, атамекенге деген махаббатын тебірене жырламайтын ақын жоқ шығар. Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Тек өз сезімін әркім әртүрлі жеткізуі мүмкін. Сондықтан да мен бұл тақырыпты емес өз ауылымды неге айтпасқа деп шештім. Мен ауыл баласы болғандықтан жаз жайлау, қыс қыстау жайын жақсы білемін.
Ауыл. Оның жұпар атқан жусаны, мөлдір ауасы,балауса көк шөбі,кемеріне соғылған өзені,ақшаңқан үйлері сені еріксіз ауылға тарта береді.Жаз жайлауға шығамыз. Жайлау – шөбі шүйгін, суы мол, жер беті масатыдай құлпырып тұрған қоныс.Қыстан қысылып шыққан мал жайлауға іліккен соң тойынып ,семіреді. Мал ғана емес, адамдар да сергіп, жиын –той өткізіп, аунап –қунап қалады.Таң азаңнан өріске шыққан мал, жағалай шауып келген жылқы, күлдір – күлдір кісінеп, айнала шапқылаған ала аяқты құлыншақ -осының бәрі өзгеше сезім. Құлын ұстап ,бие байлау керемет. Қазақ қымызды киелі асқа санаған. Үйіне кірген кісіге қазақ ас татырмай жібермеген. Бізде жолшыбай соққан жолаушыларға осылай дәм татырып, қымыз ұсынамыз. Себебі ,атам «Көптің бірі -қыдыр» деп отыратын. Анам сиыр сауып, ірімшік ірітіп, құрт жасайды. Құртты айтсай, әр түрлі қылып жасаймыз да, қысқа сақтап қоямыз. Әжем құрт деген қыста суықта тоңдырмайды, жол жүргенде аш қылмайды деген еді.
Бәрінен де асаумен арпалысып, құлынға мініп шапқылағанды, қой баққанды айтсай. Иен далада қой бағып ,арасында айғайлап өлеңде айтып қоясың. Сенің даусың жаңғырып, сенімен қосылып ән салып тұрғандай болады. Өзенге суға түсіп ,балық аулап қызыққа батасың. Ауылда өткен әр күн керемет.
Күзге қарай қыстауға қарай көшесің. Ол да бір той. Киіз үйіңді жығып, атқа мініп алып, мал айдасып, көшке ілесесің.Ал қыстың кереметін – ай! Өгіз жегіп,маламен шөп тасу, ысылдап –пысылдап суыққа тоңып келудің өзі тамаша. Пештің түбіне отыра қалып ыстық құртты ішсең,әжеңнің тізесіне басыңды қойып ұйықтасаң одан артық не керек. Мен ауылымды еш жерге теңгермеймін. Ол менің – ыстық ұям. Жер бетінде менің ауылымнан керемет жерлер бар шығар ,бірақ менің ауылыма жетпейді. Бұл –менің бала көзқарасым.
Арайлап атқан таңы бар,
Өріс толы малы бар.
Сыңсыған мойыл, талы бар,
Осындай менің жерім бар.
шағым қалдыра аласыз













