Материалдар / Эссе "Ұлы даланың атасы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе "Ұлы даланың атасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға, студенттерге, оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2020
308
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлы даланың атасы

Тәуелсіздік үшін күресу жолында, Қазақстанның жаңа тарихында барша қазақстандықтардың үлесі бар. Алайда, олардың арасында осы тарихты жасап келе жатқан, оған ақыл-ойы мен ерік-жігерінің және қам-қарекетінің айшықты таңбасын салған тұлға бар. Ол-Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Елбасы аумалы-төкпелі өтпелі кезеңнен Қазақстанды сүріндірмей алып шығып, өркениетті даму жолына бағыттай білген кісі.

Бірінші кезекте, елі сенген Елбасы өзінің "Мәңгілік Ел" болу ұлттық идеясының қалыптасуы мен дамуы жолында, аянбай еңбек етті. Халық сенімі мен ел бірлігінің арқасында жас мемлекетімізді өркендетіп, өркениетті 30 елдің қатарына қосу үшін табанды еңбек пен рухани мүддені қатар алып жүрді. Сонымен қоса, кешегі тар жол тайғақ кезеңде, егемендіктің елең-елең шақтарында еліміздің еңсесін көтеріп, шекарамызды шегендеп, халқымызды төрткүл дүниеге танытқан, нұрлы болашаққа жетелеген, сан ғасырлар бойғы бабалар арманын баянды етіп, айдай әлемге Қазақстан мемлекетін әйгілі етті.

Бұдан өзгеше Елбасымыз еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу мен сақтауда оразан зор рөл атқарды.Соның бірі ежелгі қазақ мекені-Бозоқ қаласының ашылуы болып табылады.Елбасы мен қалашықтың ашылуы қалай бір-бірімен байланысты деген сұрақтар туындауы мүмкін.Осы қалашықты ашқан Кеңес Ақышевке қаланы іздеп табу таппсырмасын тапсырған негізінен кемел тұлғамыз-Елбасымыз болған.Содан кейін қалашықты зерттеуге Кеңес Ақышевтің жетекшілігімен Есіл экспедиция құрылғанда,адамдардың қолдарында экспедицияны ұйымдастыратын көлігі де,құрал-жабдықтары да болмаған.Сондай кезеңдерде де Елбасымыз өз көмегін ұсынып,экспедицияны жорық шатырымен де,құрал-жабдықтарымен де,ыдыс-аяқтарымен де қамтыды.Бозоқ қалашығының ашылуы 1998 жылда болған,ал сол жылдары Елбасы астананы көшіру туралы шешім қабылдаған болатын.Әртүрлі деректерде Арқалықтың жабайы шет аймақ екендігі және мұнда тың игеруге дейін ешқандай тарихи өркениеттің болмағандығы жайлы ақпараттар болды,халық арасында пікір-талас та туындаған еді.Ежелгі қазақтың жұрты жатқан руханилықтан сыр жеткізген, сар даланың сарыны сақталған Бозоқтың ашылуы қазақ даласының кеңдігінің,әсемдігінің дәлелі болды.Бұл қалашық кәдімгі қалашық емес,өзіндік тарихы тұнып тұрған қала.Бозоқтың алғашқы қоныстанушылары өзі көне түркілер, батыс түрік қағанаты, кейін қыпшақтар, Алтын Орда хандығы және мұнда келіп қоныс тапқан соңғы ұрпақ қазақ хандығының өкілдері болды.Қандай тарих жатыр десеңізші?!Сонымен қоса,қалашықтағы су арнасы мен су жүйесі ежелгі өркениет археологтарының жұмыстары жайлы мағлұматтар бере алды.Ешқандай өсімдік түрі өспейтін далалықта арық қазып, жаңбыр суын жинаған ортағасырлық адамдардың бұл жерді тұрмыстық мәдени ортаға айналдырғандығының айғағы да Бозоқтан табылды.

Қорытындылай келе,ақтық демі қалғанша өз еліне,жеріне еңбек ететін Тұңғыш Президентіміздің әр істеген ісі,сөйлеген сөзі қазақ даласының жетілуінің негізгі компоненті десем артық болмас.Тіпті елімізді экономикалық,әлеуметтік жағынан ғана дамытпай,тарихи-мәдени жағынан да дамытып,өз ататегімізді терең зерттеуге,білуге мүмкіндіктер ашуда.Тек қана Бозоқ қаласын емес,басқа да біздің еліміздің тарихын көрсететін жерлерді ашуда.Сол себепті,халқының жанашыры болып табылатын Елбасымыз жасай берсін!







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!