Эссе "Ұстаз болужүректің батырлығы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Ұстаз болужүректің батырлығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз болу-жүректің батырлығы... Иә, бұл қасиетті мамандық, себебі адам тәрбиелеу міндеті тұр. Шәкірттерімді білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойларына дарытып, бағыт-бағдар беруде көп ізденіп келемін. Алдыма келген әр шәкіртті өз баламдай жақсы көрем. Шәкірттерімнің ортасында жүріп өзімнің мектеп өмірім көз алдыма келеді. Шіркін, мектептегі өмір алаңсыз кез ғой! Мөлдір суды қанша ішсең де шөлің қанбайтыны сияқты, мен де шәкірттерімнен еш жалықпаймын. Конфуцийдің: «Сені түсінсе – бұл бақыт, сені сүйсе – бұл үлкен бақыт, ал өзің сүйсең – ол нағыз бақытың» дегендей мен шәкірттерімді жанымдай сүйемін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

Ұстаз болу-жүректің батырлығы...

Иә, бұл қасиетті мамандық, себебі адам тәрбиелеу міндеті тұр. Шәкірттерімді білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойларына дарытып, бағыт-бағдар беруде көп ізденіп келемін. Алдыма келген әр шәкіртті өз баламдай жақсы көрем. Шәкірттерімнің ортасында жүріп өзімнің мектеп өмірім көз алдыма келеді. Шіркін, мектептегі өмір алаңсыз кез ғой!

Мөлдір суды қанша ішсең де шөлің қанбайтыны сияқты, мен де шәкірттерімнен еш жалықпаймын. Конфуцийдің: «Сені түсінсе – бұл бақыт, сені сүйсе – бұл үлкен бақыт, ал өзің сүйсең – ол нағыз бақытың» дегендей мен шәкірттерімді жанымдай сүйемін.

Сәбиді аялаған аналық парыз қандай киелі болса, шәкірт тәрбиесін мойныма жүктеп алған менің жауапкершілігім деп ойлаймын.

Тәрбие мен білім ажырағасыз: Білім бермей тәрбиелеу мүмкін емес, ал білім тәрбие арқылы бойға сіңеді. Алғашқы ұстаз болған жылдарымда қиындықтар кездеспеді десем жалған болар. Әр оқушының дүниетанымын, мұратын, рухани деңгейін анықтау үшін үлкен ұстаздардан үйрендім. Ұрпақ тәрбиелеуде басты назарды адамгершілікке аударамын. Жалпы адамзаттың рухани құндылығына көңіл бөлемін.

Рухани адамгершілік тәрбиесін бере отырып баланың Отанға деген махабатын, еңбекке деген қызығушылығын арттырамын. Шәкірттеріммен достасып, олардың сенімін ақтап келемін. Сенім – терең, тиянақты ойлардың жиынтығы.

Бала жүрегі айнадай таза, мөлдір, сол айнадай шәкіртті көру үшін оның жүрегіне үңіліп, көңіліне қарап санасам, себебі жас бала – жас шыбық, жас күнінде қай түрде иіп тастасақ, есейгенде сол иілген күйінде қалатынын естен шығармаймын.

Қазақтың салт-дәстүрін, инабат-имандылықты бойына сіңіріп өсуіне,білімді азамат пен азаматша болуларына күш саламын.

Еңбек жолымның алғашқы күнінде жүрегіме нық орнаған ұстаздық ұстанымым – мамандығыма деген сүйіспеншілік сезімі, шәкірттерге деген махаббатым.Үнемі іздену, шығармашылық қасиет, теориялық білім – менің серігім.Кезінде ұлы педагогы С.Ушинский «Оқушыларға жан-жақсы тәрбие беру үшін оны жан-жақты зерттеп білу керек» деген екен. Сондықтан мен алдымда отырған әр оқушыны жан-жақты зерттеп, педагогикалық мақсат қойып, оқу-тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуге тырысамын.Қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтаған бала тәрбиесі хақындағы тәжірибесі ұлан-ғайыр екенін бәріміз білеміз. Елін, жерін, халқын сүю, ардақтылардың, рухани асыл қазыналарын әспеттеу, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену, әдептілік пен кішіпейілділікке ұмтылу, үлкенді сыйлау мен кішіні құрметтеу сынды толып жатқан қасиеттерді оқушы бойына сіңіруге жұмыстанам. Әр шараны «Халықтың педагогика» негізіне сүйене отырып жүргіземін. Адамның рухани байлығы мол болуы керек.

Мен жұмысқа қуанып барып, шаттанып қайтам. Менің ұстанымым басқаларды оқыту үшін өзім оқуым керек, тәрбие беру үшін, тәрбиені өзімнен бастауым, шәкірттерді дамыту үшін әрдайым өзім ізденіп, даму үстінде болуым керек. Тәрбие беруде ешқашан нәтижеге бірден жете алмайтынымды түсіндім. Сыныппен жұмыс жасау алғашқыда оңайға түскен жоқ. Мен оқушылармен тез тіл табысамын, әр оқушының ішкі жан дүниесін түсініп, кешірімділікпен қарап, кішіпейілділік таныта білдім. Осы қабілеттерімнің арқасында сыныбыммен тез үйренісіп кеттім. Сыныпта 20 оқушым бар. «Талапты бала талпынған құстай, құмары қанбас аспанға ұшпай» дегендей талантты оқушым Базарбаева Гаухардың талабын ұштап, өзіндік пікірін, ізденуін қалыптастырып келемін, соның әсері болар үздік оқушы,пәнге қызығушылығы да жақсы.Оқушыларым математика пәнін жақсы көріп әр тапсырманы қызығушылықпен орындайды.Зертханалық тапсырмалар үлкен жауапкершілікі,ізденімпаздықты талап етеді.Бұл пәннің берері мол.Зейнетінен бейнеті басым ұстаз деп еңбекте алар асуым, бағындырар шыңым көп менің.Егеменді елімнің ертеңін ойлар, білімді ұрпақ тәрбиелеу – міндетім.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
05.01.2019
626
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі