Материалдар / Эссе "Үздік педагог"

Эссе "Үздік педагог"

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе "Үздік педагог" Бастауыш және жоғары сынып мұғалімдеріне арналған. Үздік педагог туралы ойларымды осы эссе арқылы білдіргім келді.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Лесбекова Улданай Анарбековна

Ақмола облысы, Аршалы ауданы

И.Құтпанұлы атындағы ЖББМ

нформатика пәнінің мұғалімі

Лесбекова Улданай Анарбековна



Үздік педагог

(Эссе)

"Мен Анамын! Ана болу - мен үшін барлығынан да қымбатырақ!".

Бұл ең алғаш рет Ана атанып періштемнің өмірге келіп, оның әр күн сайын өсіп, тәтті қылығымен жүрегімді ерітіп жіберген сәттердегі ойым болатын. Қызымды қуыршақтай киіндіріп қойып, қылықтарына тамсанып қарап отырғанымда, барлық шаршағаным бір мезетте жоқ болып, ағыл- тегіл мейірімнің жаңбыры себелегендей болатын. Балаларым ес біліп, күннен - күнге қанаттары қатайып, өмірге құлаштарын кең аша бастады. Сол сәтте аналық мейірімнің жеткіліксіз екендігін түсіндім. Қыран құстың балапандарын қалай үлкен өмірге баулитынын еске алдым. (Қанаттары қатаймаған балапандарын құздан төменге қарай тастап жіберіп, жерге жақындағанда ұша алмай қалғанын қағып алып, ұясына апарып қояды екен. Бірақ, сол балапанына қайта қарамайды екен. Себебі, балапандары өзін - өзі алып жүруі үшін, өмір сүруі үшін құлшыныс пен ептілікті үйренуі керек.)

Мынау жаһан күнде жаңа жаңалықтарымен, жаңа технологиялармен өркендеп дамып келе жатқанда, олармен бірге адам баласы да ілесіп келеді. Рим философы А. Сенеканың "Басқаларды үйрете жүріп өзіміз үйренеміз" деген сөзі есімнен кеткен емес. Ол әр мұғалімге, әр адамға қатысты айтылған. Алдыға қойған мақсатқа жету үшін өзіме көп ізденіс пен қажырлы еңбек қажет екендігін түсіндім.

Қаншама жылдан соң мектеп есігін қайтадан жас маман секілді жүрексіне аштым. Мұнда өзгеше леп есіп тұрғандай. Қаншама жылдан соң жаңа ортаның ұстаздары тарапынан "Қош келдіңіз!", ал, оқушылардан "Сәлеметсіз бе, мұғалім? " деген сөзді естігенде, сенесіздер ме кеудемнің ішіндегі жүрегім езіліп кеткендей болды. Сол сәттегі толқынысымды суреттеп жазуға тіл жетер емес, әттең! Бұл сөздер маған сенімділік сыйлады. Өзімнің үш баланың ғана анасы емес екенімді, осы мектептегі 1156 оқушының да анасы екенімді сездірді.

Қыстың күндері де қылышын сүйретіп келді. Өңмененіңнен өтердей ызғарымен, аязымен қатар боранымен де сабырымызды сынап жатты. Күндер сырғып, айлар жылжыды. Жайқалып көктем, жадырап жаз өтті. Күннен - күнге осы мекен ыстық болып барады. Оқушылармен бірге әр тоқсанға қадам басамыз. Әр тоқсан сайын оқушылардың қабілеттері мен қызығушылығын, мінез-құлқын, тіптен, қиындықтарын да біле бастадым. Олармен бірге мен де өзгере бастағандаймын. Ұрысатын кездерде ұрсып, мақтайтын сәттерде мақтап, мейірімге, аялы алақанға зәру оқушыларымды құшақтап қою арқылы, олармен бос уақыттарымызда сырласындай сыр тартып сөйлесу арқылы педагогтік тәжірибем күннен - күнге артып келе жатқандай сезіндім.

Есіме, өзімнің ұстазым жиі түседі. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі болған Құралбай ағайымыз есіктен бүгінгі сабаққа қатысты мақал-мәтел немесе бір ақынның өлеңін, болмаса таңертеңгі жаңалықтардан көрсеткен әлемдегі бір қызықты оқиғаны айта отырып сабақ бастайтын. Ағайымыздың сол кездегі сабаққа оқушылардың назарын аударуға тырысатын әдісін мен де сабақ барысында кейбір сыныптарға қолданып көрдім. Қазіргі кезде сол мектептен түлеп ұшқан түлектермен кездесе қалсақ, ең алдымен ағайдың оқушылардың сабаққа назарын аудартатын осы әдісін еске аламыз.

Ал, үздік педагог қандай болу керек? Ол қалайша үздік деген атақты алады? Теңіздегі маяк дауыл, жел күндері жолаушылары бар кемелерді аман алып қалып, жолын табуға көмектеспей ме? Үздік педагог оқушының ойын қас-қабағынан оқып, қимыл-қозғалысынан біле алатын және балаға дұрыс бағыт- бағдар көрсетіп тұратын теңіздегі маяк сияқты болу керек. Оның жарығы қараңғылыққа сәуле құйып, кішкентай жүректерге "Білім" деп аталатын дәнді егіп, өсіп-өркендеуіне жағдай жасай білу. Әрбір оқушының бойына ертеңге деген сенім мен үміт сәулесін сыйлай алу. Педагог деген өз мектебін, өз кәсібін, әрбір шәкіртін жақсы көретін, жауапкершілік пен адамгершілік, мейірім мен сыпайылықты бойына жинай алған, еліне адал қызмет ететін, сөзі мен киім киісімен де үлгі бола алатын кәсіп иелері.

Ал, мен өзімді "Үздік педагогпын" деп атай алмаймын. Себебі, мұғалім өмір бойы ізденісте болуы керек. Ұстаздың еңбегі шәкірттерінің жетістіктерімен бағаланады. Менің де алда алар асуларым бар, шәкірттерімді биік шыңдардан көрсем деген ниетім бар. Егер оқушыларым бір табан алға жылжыса, сол қадамдар күш беріп, мен де екі есе құлшыныспен алға жылжимын. Еліміздің өсіп, өркендеуі білімді ұрпақтың қолында. Ал, білімді ұрпақты тәрбиелеу білікті ұстаздардың қолында.



ЖИ арқылы жасау
17 Қазан 2022
1616
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі