Эссе Ыбырай Алтынсарин

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе Ыбырай Алтынсарин

Материал туралы қысқаша түсінік
Қосымша материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе Ыбырай Алтынсарин әңгімелері

Халқымыздың бай мұралары мақалдарда «Кітап –алтын қазына», «Күш-білімде,білім-кітапта», «Кітап-ғалым,тілсіз мұғалім», «Наданмен дос болғанша,кітаппен дос бол», «Кітап көзі жұмыққа арзан,көзі ашыққа қымбат», «Кітап алтын сандық: іші толған қазына,құт,оқы,оқы ойыңа тұт»,-деп адам өміріндегі кітап оқудың маңыздылығын ата бабаларымыз айтып кеткен.Ал біздің жас ұрпақ қазіргі кезде сол кітап оқуды ұмытып баратқандай.Олар уақыттарының көбін теледидар қарап,компьютер ойындарын ойнаумен өткізеді.

Қай заманда болмасын адамзатты толғандыратын маңызды мәселелердің бірі – жас ұрпақтың тәрбиесі.Қазақ әдебиетінің алуан түрлі туындыларын айтып жатпайын

Міне сол жас ұрпақтың тәрбиесі тақырыбы бойынша бай және бағасы жетпес мұра қалдырып кеткен Ыбырай Алтынсарин.

Ы.Алтынсарин-шағын әңгіменің шебері. Қазақ халқының білімін дамыту үшін үлкен үлес қосқан тұлға.Алтынсариннің еңбектерінің қазіргі біздің заманымызда да маңыздылығы мен өзектілігі, оның шығармашылығының бір саласы, әңгімелерін, алып қарастыратын болсақ та түсінікті.

Әр әңгімесі қысқа да нұсқа бір ғажайып,керемет нәрсе .Кез келген шығармасы ғибрат,үлгі,өнеге толы.Олар балаларды не жақсы, не жаман екенін түсінуге баулиды.

« Екі дос», «Әке мен бала», «Бір уыс мақта», «Асыл шөп», «Жаман жолдас», «Өрмекші,құмырсқа,қарлығаш»,«Атымтай жомарт», «Білгеннің пайдасы»,«Аурудан- аяған күштірек»,«Түлкі мен ешкі»,«Бай мен жарлы баласы»,«Бақша ағаштары» т.б.

Алтынсариннің әңгімелерінің тақырыбы алуан түрлі:еңбекшіл,қайырымдылық,

ұстамдылық,адамгершілік,өнер,әділдік,оқу-білім,шыдамдылық талаптылық.

Ал бұның бәрі адам баласы үшін қай уақытта болмасын басты құндылықтар.

Шағын,қысқа әңгімелерде жас ұрпақ үшін сонша үлгі ,өсиет бар.Бұл әңгімелерден көптеген сөздер халық ішінде қанатты сөздерге айналды.

Қазіргі ХХІ ғасырда да ұлы жазушының шығармаларының тәрбиелік маңызы өте зор.Сол ақын,ағартушы ,ұстаздың шығармаларының өзектілігін жас ұрпаққа жеткізу біздердің ұстаздар мен ата-аналардың міндеті.

Өз басым бала кезімде ,отбасымыздағы басқа балалармен бірге, әкемізге ертегі айтып беріңізші деп мазалағанда ол көбінесе сол Ы.Алтынсариннің әңгімелерін айтып беретін.Қазіргі ата-аналар да өз балаларына Ыбырай шығармаларын оқып,әңгімелеп айтып отырса одан жас ұрпақтың алары мол.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.11.2020
664
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі