«Ыбырай Алтынсарин - білімнің туын асқақтатқан ағартушы»
«Қазақтың шын мағынасындағы ұлттық жазба әдебиетін бастау - Ыбырай Алтынсариннің маңдайына жазылған бақыт.»
Сәбит Мұқанов
Қазақ халқының даму жолында, бар саналы ғұмырын ағартушылыққа, ізгілік педагогикасына көп еңбегі сіңген, «Дала қоңырауы» атанған, көрнекті тұлға, ұлы ұстаз- Ыбырай Алтынсарин. Ағарту әлемінің негізін қалаған, қазақ балаларына мектеп ашып, қазақ білімінің негізін салды. Ол әрқашан бірінші болды. Өз заманында қараңғылық пен надандықтың құрсауында қалған халқына, ең бірінші білім керек екендігін түсінді. Білім көптеген жабық есіктердің кілті болып табылады. Ыбырай қазақ балалары білімді болса, онда мұндай халықтың болашағы бар, білім халықтың дамуына, ары қарай жетілуіне жол ашады деп түсінді. Бұл жолда ол сан түрлі кедергілер мен қиындықтарға қарсы тұра отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізе білді.
Әкесінен ерте айырылып атасы Балғожа бидің қолында тәрбиеленген- Ыбырай бала кезінен-ақ алдына мақсат қойып, өзінің білгірлігі мен дербестігімен ерекшелене білді. Оны алаңсыз өмір күтіп тұрса да, ол өмірлік жолын қазақ халқына риясыз еңбек етуге жұмсады. Алтынсарин екі түрлі ірі мәселені алдына мақсат етіп, қойды: біріншісі – мектеп ашу, бала оқыту – жалпы халық ағарту жұмысы болса, екіншісі халықтың ой – санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы тәрбиелік істері. Ол 19 жасында орыс тілі мұғалімі болып тағайындалды. Мұғалімдік қызметте жүріп, Ыбырай қазақ балаларына арнап мектеп ашуға кіріскен еді. Сондай-ақ ол балалардың сауатын ашумен қатар, олардың тәрбиесіне, адамшылдығы мол азамат болып қалыптасуына да өз септігін тигізді. Ол әрі қарай қадам басып, төрт екі сыныптық мектепті ашып, екі оқу құралын жазды, бес болыс мектебін, әйелдер мектебін, бір қолөнер мектебін және орыс балаларына арналған екі мектепті қазақ елінің болашағы үшін ашты.
Ыбырай ойлаған ісін, мақсатын жүзеге асыра білген - ұлы тұлға. Өз заманында көркем әдеби шығармалар, әңгімелер жазумен қатар, балалармен қоса, мұғалімдерге де бағдаршам бола білді. Ұлы ағартушы мұғалімнің атқаратын рөлін жоғары бағалап: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, ол — мектептің жүрегі» — деген сөзі осы күнге дейін құнын жойған жоқ. Мұғалім балаға тек білім беруші ғана емес, баланы сүйіп, оны түсінумен қатар, шабыттандыра алуы керек деп санады.
Білім, мектеп, мұғалім, оқулық – бір-бірінен ажырамас бұл ұғымдардың қай-қайсысына болса да, өзіндік үлесін қоса білген жарық жұлдыз. Біз оның шығармаларын үш жүйеге бөліп қарастырамыз : оның алғашқысы – балаларды оқуға шақыру болса, екіншісі – еңбек пен өнерге баулу, ал үшіншісі – оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, мәдениетті азамат болып қалыптасуға үндеу. Ы.Алтынсарин өз жұмысында орыс демократтарының тәрбиелік идеяларын және сол кездегі жетекші педагогтардың Я.А.Каменский, К.Д. Ушинский, Л.Н.Толстойдың озық әдістемелерін пайдаланды. Өзі де солардан үлгі ала отырып, үгіт-өсиет ретінде қазақ тіліндегі алғаш әңгімелерді жаза бастады. Ы.Алтынсарин пәндерді оқытудың орыс прогрессивті әдістемесін зерттей отырып, Санкт-Петербург, Қазан, Мәскеуде болды. Шығармалары классикалық поэзияның үлгісі болып табылатын қазақ ақыны бола отырып, Ыбырай Алтынсарин шығарманы балаларға арналған әңгімелер мен өлеңдерге арнады, іс жүзінде қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы болды.
Өз заманында қараңғылық пен надандықтың құрсауында отырған халқына ең алдымен білім мен мәдениет қажеттігін түсініп, Елді қараңғыдан жарыққа шығаратын жастар, тек қана жастар деген қорытындыға келді. Өзін қоршаған қараңғылық, надандықтарды шеней келіп:
«Біз надан боп өсірдік,
Иектегі сақалды,
«Өнер жігіт көркі» — деп,
Ескермедік мақалды.
Біз болмасақ сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды» — деді.
Білім алу үшін адамға таудай талап пен асқан сабырлық, еңбексүйгіштік қасиеттер керек. Ыбырай қазақ жастарын оқуға үндеумен қатар, жеке тұлғаны адамгершілікке, еңбекке, халқын сүюге, ұқыптылыққа, талаптылыққа, қысқасын айтқанда, жақсы қасиеттерді олардың бойына дарыту арқылы адам деген ардақты есімді ақтай алатын кісі болып шығуға үндеді.
Ыбырай Алтынсарин-біліммен қатар тәрбиеге ерекше көңіл бөлді. Балалардың қандай адам болып өсетіні оның көрген тәрбиесіне тікелей байланысты екенін түсінген педагог. «Баланы дұрыс күт, түзу тәрбиеле, қисығын түзе, адасса айқын жолға сал», – деді. Бұл жөнінде де елге үлгі боларлық әңгімелер жазды. «Баланы жастан», – дегендей, оған жас күннен түзу тәрбие беру, оның болашақ өмірі үшін керек. Бала есейіп кеткен кейін оның қисығын түзеу қиынға түседі. Кейде сол қисаюмен барып мерт болады. Ыбырайдың бұл даналық сөзі қазіргі мектеп балаларын тәрбиелеу үшін де үлгі бола алады.
ХХІ ғасыр білім мен ғылым қарыштап дамуының нәтижесінде бүгінде көп жетістіктерге қол жеткіздік десек, осы ғасырда көзі ашық көкірегі ояу халықтың қатарынан көріне алғанымыз үшін ұлы ағартушымыз Ыбырай Алтынсариннің еңбегі ұшан теңіз! Жеке басына төнген қаншама қауіп-қатер мен қажырлы көптеген еңбектерін әрдайым үлгі ете білуіміз қажет. Бір қазақты сауатты етсем деген ағартушының әрбір әрекетін бүгінгі барлық қазақ педагогы мақсат ете білсе, қазақ ғылымы мен білімі әлемдік дәрежеде өз биігіне шыға алатынына сенімім мол.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Эссе Ыбырай Алтынсарин

шағым қалдыра аласыз