ЭССЕ "Заманауи мектеп-заманауи мұғалім

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЭССЕ "Заманауи мектеп-заманауи мұғалім

Материал туралы қысқаша түсінік
Заманауи мектеп заманауи мұғалім туралы эссе 100 пайыз антиплогиаттан өткен
Материалдың қысқаша нұсқасы



Эссе

Заманауи мектеп- заманауи мұғалім.

«Мектеп үшін ең керегі жаңашыл мұғалім»

Ы. Алтынсарин


Нағыз ұстаз болу – бақыт әрі абырой. Шындығында, мұғалім болу оңай болып көрінгенмен, ал нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. «Ұстазды алтын діңгекке теңер едім», – деп ұлы педагог Ы.Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы.
Менің көзқарасым бойынша, заманауи ұстаз ол өзіне де оқушыларға да ыңғайлы кеңістік жасайды. Ол үшін білім беру мен тәрбиелеу барысында ата –анамен, әріптестерімен, оқушылармен тығыз қарым қатынаста болу керек. Сонда ғана болашағымыз жаңа да жарқын болып, жан-жағымызға «жаңа көзқараспен» қараймыз. Елбасы Н.Назарбаев қай кезде болмасын ұстазға үлкен құрметпен қараған. Ол «Ел болашағының кілті-бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші-ұстаздардың қолында. Тек жоғары сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады»-деп бірегей тұлға-ұстазға деген құрметі ерекше екендігін білдірген болатын.
Сондықтан өз білгенімді көңілге түйіп, көргенімді қолмен ұстап, әр сабақ сайын оқушыларыма жаңашыл инновациялық технологиялардың көмегімен қызықты да түсінікті оқу материалын меңгертуге тырысамын. Әр сабақ соңында кері байланысқа уақыт бөлемін. Өйткені сабақ туралы оқушыларымның пікірі мен үшін өте маңызды. Өз қызметім барысында: біріншіден, оқушының өз-өзіне сенімді болуына көмектесемін; екіншіден, оқушыларды шынайы жақсы көремін; үшіншіден, оқушыларды қолдап, бастаған істеріне көмек қолымды ұсынып, дұрыс жолын көрсетуге тырысамын; төртіншіден, оқушылардан жақсылығымды аямаймын және шәкірттеріме өз шуағым, мейірімімді сыйлаймын.Ұстаз алдында тұрған мақсат өте биік, міндет өте үлкен. Шығыстың ұлы ойшылы Әл – Фарабидің «Ұстаз тарапынан барынша ынталылық пен табандылық қажет. Өйткені ұстаз жұрт айтқандай, тамшысымен тас тесетін бейнебір су тәрізді» деген теңеулері бүгінгі күнде де өз мәнін жойған жоқ. Ендеше, әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің де болашағы білім мен тәрбиенің алауын жаққан мектеппен тікелей байланысты және мектеп тағдыры халық тағдырымен тамырлас.
Бастауыш сыныптарға арналған білім беру бағдарламасы қамтылған жаңа форматты оқытудың тиімділігі:оқушыларға оқылым, жазылым,айтылым, проблемаларды шешу, ғылыми зерттеу жүргізу жəне анықтамалық материалдарды зерделеумен байланысты дағдыларды дамытуға көмектеседі. Қазіргі жеткен жетістігім арқылы және анық түсінгенім балаларды қызықтырып,еркін сөйлетіп,өзін-өзі бағалап, берілетін тақырыбыңды сан түрлі әдіс - тәсілдермен түсіндіру оқушыларыңның білім сапасын ғана емес, сонымен қатар олардың өзіндік терең ұстанымдарын дамытуда үлкен рөл атқаратынын ұғындым. Сонымен қатар ХХІ ғасырда нәтижелі болу үшін оқушылар ақпаратқа, мультимедиа мен технологияға қатысты көптеген функционалдық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын көрсете алу қажет. Қорыта айтқанда бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге елді танытады. Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де – білім. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдана білу сіз бен біздің үлесімізде. Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаз болайық!

 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2024
64
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі