ЭССЕ:Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЭССЕ:Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз

Материал туралы қысқаша түсінік
материал мамаға керек,аттестатцияға керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз.

«Алаш идеясы» – қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы. Алаш ардақтыларының көтерген ұлттық идеяларының қазіргі таңда жүзеге асқандығы қаншалықты көрініс тапқан? Бұл өзекті мәселе болғандықтан,жан-жақты талдауды қажет етеді. Алаштықтардың «Алаш» атауын таңдауы да жайдан-жай емес. Алаш жаңа елдігіміздің, байырғы аймағымыздың рәмізі еді. ХХ ғасырда қазақтың азаматтық тарихында ең ұлы идея қайсы десек, ол – Алаш идеясы деп жауап беруге болады. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізі де осы идеямен байланысты. Міне, осы тұста алаштың серкелері – Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмұхамедұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Ғаббасұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлын тілге тиек ете аламыз. Алаш ардақтыларының армандаған өзекті мақсаттары: бірінші – ұлттық болмысымызды сақтау, тәуелсіз ел болу; екіншісі – ұлттық тарихымызды ұлықтау; үшіншісі – туған тіліміздің мәртебесін көтеру. Оған дәлел ретінде қозғалыс көшбасшысы Ә. Бөкейхановтың жобасы бойынша, мемлекет толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізілуі тиіс болған. М. Дулатов «Оян, қазақ!» деп жар салса, Алаштың тағы бір қайраткері Х. Досмұхамедов «Өз тілін өзі білмеген ел – ел бола алмайды. Тілінен айрылған жұрт – жойылған жұрт» депті. Қазақтың елдігі мен тұтастығын аңсаған Алаш қайраткерлерінің идеясының бір дәлелі – бүгінгі таңда мемлекетіміз тәуелсіз ел болып, 20 жыл ішінде әлем таныған, мойындаған ел болдық. Н.Назарбаевтің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» атты тарауында алаш ардақтыларының идеясының жалғасқандығын айтады. Менің пайымдауымша, Елбасы Алаш зиялылары арманын іске асырды. ХХ ғасырдың 90-ыншы жылдарының басында тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасының қалануы. Көк байрағымыз желбіреуі, бүкіл әлемді мойындатуы. Өз тіліміз, дініміз бар. Алаш арманы – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан! Ендеше, біз, әрбір азамат осы жүз жыл бұрынғы ұлттық ұлы идеялардың бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның да негізі ретінде берік орнығуына үлес қосуға тиіспіз. Қорыта айтқанда, Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығының дәлелі - Мәңгілік Ел. Демек, «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш» дейтін біз үшін ол әрқашан қазақ идеологиясының темірқазығы болып келді, бола береді де.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.06.2019
4950
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі