Cүйінбай мен Қатаған
айтысы
«Сүйінбай – айтыс өнерінің алтын діңгегі» М.Әуезов
Сүйінбай
12 жаста
болғанда алғашқы айтыстарын құспен, қарғамен айтысудан
бастағанын.Ақын Қаңтарбай, Күнбала, Тәтті қыз, Уәзипа, Тезек
төре,Қатаған т.б. ақындармен сөз сайысына түсіп, жүзден жүйрік,
мыңнан тұлпар танылған .Әсіресе ерекше атап өтетін айтыс үлгісі
қырғыздың от ауызды айтыскері Қатағанмен
айтысы. Өйткені
Сүйінбай қазақ халқына қандай танымал болса, Қатаған да қырғыз
еліне мəшһүр ақын
екен. Екеуі екі елдің тілі, тілегі, мұрат-мақсатындай болған. Қай
ел өзінің атақ-абыройын төмендеткісі келеді. Қазақтар Сүйінбай
мықты ақын десе, қырғыздар Қатағанды кем соқты
демеген. «Сөз
бастаған бұлбұлмын,
Топ
бастаған дүлдүлмін!
Судан
шыққан сүйрікпін,
Бәйгеден
озған жүйрікпін!
Шығарма
енді үніңді.
Есіңе
сақта құлаған,
Қанатың
сынған күніңді.
Қырғыз,
қазақ жиылып,
Жалпылдатпа мұныңды!» деген атақты Қатағанмен
болған айтыстың ең шешуші сәтіндегі бейнелі сөз бен бедерлі ойға
оқырман назарының еріксіз ауарына еш күмән
жоқ…
Қырғыз
жерінде болған бір үлкен Астың үстінде ақ қалпақты ағайындардың
жағымен жел үйіріп, дауыл тұрғызар үлкен ақыны Қатаған өз сөзін
ежелден белгілі сөз бастаудың әзілі мен оспағын, қыжыртпа қалжыңын
араластыра айтып, ағайын жұртпен амандасқан Сүйінбайға бірден
тарпа бас салады. Неде болса, қазақтың сөзге шебер, қарсыласын алып
та, шалып та жығар ерен жүйрігін салған жерден сындырып алу үшін
«Кенесары төренің басын кесіп алғанмын, сен кегіңді алғанша ішіңде
кетер арманың…» деп мықтымсып, андыздай шабады… Сүйінбайды
сөз-сүңгімен түйіп әрі өтеді, түйіп бері өтеді. Қазақтар жағы
шынында да әуелгі де сағы сынып қалады. Араға аз-кем үнсіздік
салып, Сүйінбай атқа қонады. Қатаған ақынның отына қарсы от ала
жүгірмей, әріден толғап, «төскейде малы, төсекте басы қосылған» екі
ел арасын шабындыға жібермей, сабыр дейтін биіктен көрінуге
шақырады.
Ақынның
жаратылысындағы кең қалып, кенен білімдарлық Қатағанмен болған
айтыс–ты аталмыш өнердің теңдессіз биігіне көтереді. Екі елдің екі
дүлдүлі алма-кезек айқасып, шынайы көркем жырдың ғажайып үлгісін,
жазба әдебиеттің тілімен айтқанда, суырыпсалма жыр айтысын
тудырады. Әлденеше нұсқада қазақ пен қырғыз арасына кең тараған
осынау ғажайып айтысты оқып отырып, көз алдыңызға өткен ғасырлардың
қайталанбас суреттері келеді. Екі иықтарын жұлып жеп, домбыра мен
қомызғы жабысқан екі ақынның құйын-перен ағысы, дүлей шабысы
елестейді. Құдды аренаға шыққан Рим гладиаторларының алапат айқасы
секілді! Сөздің айқасы! Ойдың айқасы! Білім мен парасаттың айқасы!
Көпғасырлар бойы қалыптасқан қуатты жырдың құдіретін танытар
алғырлық пен тапқырлықтың айқасы! Айтыс соңы әсіре мақтау мен артық
даттаудың салдарынан сүрінген Қатағанға қалың қырғыз тоқтау айтып,
жеңістің туын Сүйінбайға
ұстатады…
Міне, ел
жадында бір жарым ғасыр уақыт бойы сақталып келе жатқан аталмыш
айтыс үлгісі көнеден бізге жеткен түркілік тұмса өнердің тұғырлы
биігіне осылай көтерілді. Жеңген Сүйінбай да, жеңілген Қатаған да
өлмес өнердің кеңістігіне
шықты!
Ол қай
жырында да, қандай айтысын «Құдайға
шүкір қазір айтыс көбейді, бірақ соның сапасына ешкім мән беріп
жатқан жоқ. Айтыс өзінің табиғатынан айырылып қалды, шоуға айналып
кетті» Бір дəуірдің көзі, іргелі бір ақындық мектептің
көшбасшысы Сүйінбай Аронұлының ғажап ақындық
жəне азаматтық бейнесі теңіз бетінде жүзіп жүрген
таудың суретіндей тарихта мəңгілік сақталатынына күмəн жоқ!