Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Эсселер жинағы оқушылар жазған
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды Абай арқылы түзеткісі келеді?
Қазақ ақыны, ойшыл, композитор, аудармашы Шәкәрім Құдайбердиевтің «Жастарға» өлеңін оқыған кезде, өлең маған арналған сияқты. Өлеңнің әр шумағында өзіме таныс жастар өмірін елестетіп, тамаша бір сезімге бөленемін. Жас қоғамның мүшесі ретінде, болашақ ол жастар екенін түсінемін.
Шәкәрім Құдайбердиевтің «Жастарға» өлеңінде Абайды жастарға үлгі еткісі келіп, Абай арқылы түзеткісі келді. Себебі әкесінен жастай жетім қалып, немере ағасы Абай Құнанбайұлының қолында тәрбиеленген. Болашақ ақынның ұшақ ұясы- Абай мектебі. Шәкәрім - Абайдың жақын інісі. Кішкентай кезінен бастап, Абайдан үлгі алған. Шәкәрім Абайдың жолын қуып, оған қатты еліктеген. 20-30 жастар шамасында жазған өлеңдерінің көпшілігі Абайға тікелей еліктеп шығарады. Менің ойымша, Абайды үлгі ету мақсатында «Жастарға» өлеңін шығарған және жастарды, елді оқуға, білімге, ғылымға шақырған сияқты.
Шәкәрім Құдайбердиевтің «Жастарға» өлеңін басқа да танымал авторлардың туындыларымен салыстыруға болады. Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңінің шумақтары маған жақын болып көрінеді. Осы екі танымал авторлардың өлеңдерінде ұқсастық бар. Ең басты ұқсастық ол әрине, өлеңдері арқылы жастарға ақыл үйретіп, дұрыс жолға салғысы келгені деп ойлаймын. Әдебиет теориясының түр-түрін шебер қолдана отырып Мағжан Жұмабаев жастар бейнесін көз алдыма алып келді.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты-
Қырандай күшті қанатты.
Мен жастарға сенемін!-деген жолдар осы ойды меңзейтін секілді.
Жастар–біздің болашағымыз. Біздің болашағымыз үшін мемлекетіміздің Елбасшысы үлкен еңбек етуде. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші– жастар. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Осы ретте, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Мен сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты–біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақытты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңдер»,–деген сөзді мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды.
Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердиев, Мағжан Жұмабаев және Нұрсұлтан Назарбаев жастарды адалдықты сүюге, арамдық қулықтан қашуға, үлкеннің ақылын тыңдауға, зұлымдықтан, жамандықтан, әділетсіздік пен қиянат жасаудан аулақ болуға, халықтың мүддесін қорғай білуге шақырады.
Қорытындылай келе, «Жастарға», «Мен жастарға сенемін» өлеңдерінен түсінгенім: қара түнекте жанып тұрған шамдай ерекше болу үшін, өнер-білімге құнығу басты мақсат. Әділетсіз өмірге әділеттілік орнату тек дана адамның қолында болмақ іс. Дүние есігін ашқан әрбір пенде бойына асыл қасиеттерді жиса, тағдыр тарлығы орналмас та еді. Көзі ашық, көкірегі ояу жандар қай ғасырда болмасын құрментке бөлетіп жүрген. Қазақ жастары сыйлы болсын деп Шәкәрім атамыз Абайды бізге үлгі еткен болса керек. Ақылды адам сарқырап жатқан көлмен тең деген осы болар. Кезінде сөз шеберлері: «Адам боп келдім, адам боп кету арманым»,–деген. Сол себепті, алдымен ілім үйренбек керек. Адам болам десек, Абайды оқиық жастар!
Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз
Қазақ қызы – халықтың, ата-ананың абыройын сақтап, ісімен,сөзімен де, тәрбиесімен де елге көрік беретін жібек мінезді жан. «Еңлік-Кебек» поэмасында Шәкәрім қай заман да қазақ қызына ғибрат боларлықтай баяндалған бойжеткеннің, яғни Еңліктің мінезі мен болмысын толық сипаттап баяндауға тырысқан. Оны қазақ дәстүріндегі орнын ғана емес, қазақ діліне сай қазақ қызының мінезін, ісі мен сөзін баяндау арқылы жеткізуге ниеттенген.
Автор қыздың оғаш қасиетін басып айтпаған, тек ол қыздың айтқан сөзі мен іс-қылығынан ғибратшыл оқырман байқай алатындай жазған. Біріншіден, оғаш қылығы үйге түскен қонақпен жеке қалғанда:
«Анық Кебек сен болсаң арызым бар,
Бір айтармын»,-деді де салды жауып»,- деген жолдарда жат еркекке ниетінің басын ашқандай болады. Поэманың мына қос жолында:
«Үйдегілер теп-тегіс ұйықтаған соң,
Кебекті келді-дағы қыз оятты»,- түнделетіп оңашалануды іздеген бойда үйдегілерден беймәлім келеді. Ары қарай айтқанымдай мүлдем жат еркекке арызын білдіріп қосылу ниетінде сөз тастайды. Ал енді осының бәрін талдар болсақ, «қырық үйден тыйымы» бар бойжеткен әке-шешеден құпия еркекпен өз еркімен оңашаланады. Ешбір әке-шеше қызының мұндай қылығын құптамас еді. Бірақ кереғарлық мұнымен шектелмейді.
Сонымен қатар, Еңліктің өз тағдырына кіріскен жолында да тәрбиеге сай қылық байқалмайды. Оған дәлел-Еңліктің Кебек түн ішінде келуіне себеп болған жағдай жақында ұрын түскен күйеуі. Еңліктің сипаттауынша күйеуі: оң қолы олақ, есіктегі күңге де тәжім ететін ез әрі жасына жетпей әжім түскен ауру еркек. Осыны батырға айтып, қосылу ниетін білдіреді. Уақыт өте келе екеуі қашуды ұйғарады. Ал енді қыздың қылығын талдайық, біріншіден, қашқындардың бастапқы әрекеті оңашалану болған. Екіншіден, осы бөтен еркекке өзінің тағдырын өзгертуін талап қылады. Әрине, тағдырға риза болмаға, әрі бағы ашылмаған Еңліктің қайғыруын да түсінуге болады. Бірақ жат еркекпен ақылдасу қазақ қызына кереғар мінез. Мұндай тәрбиені ел абыройы деуге келмес.
Қорытындалай келе, поэмада баяндалған бойжеткен іс-әрекеті қазақ қызына көп ой салады. Бұл жерде қазақ қызына тән Еңліктің бойындағы батырлық, өжеттікті өз тағдырыңда кездескен қиыншылықтарды жеңуде іске асыруды ойлауға болады.
Сал-серілердің жеке тағдырына әсер еткен әлеуметтік мәселелер ме, әлде ғашықтық па?
Сал-серілер дәстүрлі ұстанған, адамзаттық құндылығы бар, танымдық мұраларға бай жан-жақты өнер иелері – қазақ сахарасының рухани келбеті. Олардың ерекше қасиеті – ақындығы, әншілігі, күйшілігі, елді ән мен сәнге бөлейтін, адам жанына ізгілік нұрын себетін зиялылығы. Ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрге сай өнердің даму сатысында хас таланттардың өзіндік дүниетанымы, эстетикалық талғампаздығы, табиғи жаратылысындағы ерекше дарындылығы – өнердің бірнеше түрін меңгеруде.
Сал-серілер – әдебиет тарихында да, музыка өнері тарихында да есімдері алтын әріппен жазылған, халықтың ерекше сүйіспеншілігіне, ықыласына бөленген өнер иелері. Сол кездерде халықтың көзайымы болған сал-серілердің бейнесі қандай болған? Олардың жеке тағдырына әсер еткен не жағдай? Өз басым, қазақ әдебиетінің драматургия саласындағы шоқтығы биік туындылардың біріне айналған, қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, әрі ақыны, сал-серісі Ақан Қорамсаұлының өмірін суреттейтін және замана шындығын танытатын тарихи шындық сипатталатын «Ақан сері Ақтоқты» пьесасын қарастыруды жөн көрдім. Бұл жазушы Ғабит Мүсіреповтың тарихи шығармасы. Пьесада Ақанның кішкентайынан бастап өнер жолына шығуы, тыныс-тіршілігі түгелімен көрініс табады. Ақан жас кезінде көбінесе махаббатты, сұлулықты жырласа, есейе келе сүйіспеншілік тақырыбына ел мәселесі де қосылады. Ол бай-болыстардың қараңғы халыққа көрсеткен озбырлығын, қастандығын ашық түрде айтады. Қазақ елінің Ресейге қосылу тарихының маңызын тереңнен түсіне алмады және осы жайлар кейбір қайшылықтарға да әкеліп соқтырды. Өмірде Ақан серінің өз басының қайғы-қасіреті де көп болған адам. Оның сүйіп қосылған жарының өмірі қысқа болып, жалғыз ұлы мылқау болады. Ақтоқтыдай сұлу қызға ғашық болып, үйленбек мұратына жете алмады. Сөйтіп, ол Ұрқия деген қызға үйленіп, үш айдан кейін шешек ауруынан ол да қайтыс болады. Бір басына осы жылы қайғы тым ауыр тиеді. Оның қыран құсы Қараторғай өледі. Қасқырға салған уды жеп тазысы да өледі. Құлагердей пырағы опасыз байлардың қолынан мерт болады. Ақан патшаның отаршыларынан да опасыздық, зорлық көріп, туған жерінен айырылып, жалғыз мылқау ұлын қасына алып, мұңлы жүрегіне домбырасы жұбаныш болып, елден безіп, көл жағасында қайғырып күн кешеді. Оған елдің «Ақан сері перінің қызымен көңіл қосыпты» деген сөздері жаралы жүрегіне бата түседі. Ақан Қорамсаұлы өмірден осындай ауыр қайғы-қасірет пен азап көреді. Ол қартайып, ұзақ уақыт науқастанып, жездесінің қолында қайтыс болады.
Қорыта келе, біз бұл шығармада серінің тағдырын өзгерткен ғашықтық және әлеуметтік мәселе екенін байқаймыз. Сал-серілердің әрқайсысы халықтың рухани тұрмысында өнерді насихаттап қана қойған жоқ, әлеуметтік тұрғыда ой қозғап, қоғамдық мәселелер көтерді. Ұлт бірлігін, жерін сақтау, өнерді қастерлеу – ғасырдан ғасырға жеткен сал-серілер өнернамасының негізі болмақ.
Сәкен Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жазыңыз
Тарихта қалған тарландар өмірі біз үшін үлгі. Өмір атты теңізде қолдарына қалам алып дүние сырына тоймай тамсана жазған талай дана адамдар болды. Өмірге жұлдыз болып келетін, халықтың еркесі, халық жүгін көтеретін дара адамдар, дарынды жандар аз емес. Айтқым келгені, әр адамның өз келбеті, өз жан-дүниесі болады. Осы орайда Сәкеннің «Сыр сандық» атты өлеңі туралы сыр шерткім келді. Ақын өлеңі ой мен сезім терең қабысқан өмір, достық, адам тағдыры туралы үлкен толғаныстан туған шығарма екенін айта кету керек. Өз жайын, өз басының мұңын, өзінің арманын ғана айтып отырған жоқ, жалпы адамзат баласын ойландыратын құндылықтарды жырлаған.
«Сыр сандық» - Сәкеннің көңіл-күй лирикасының ішінде адамға адамның достығы мен ар тазалығының нәзік сырларын шерткен қазақ поэзиясының шоқтығы биік шығарма десек еш қателеспейміз. Сезім мен сыр, ой мен образ жымдаса қабысып кеткен бұл өлеңнің ырғағы, әуезі есіле төгіліп, жібек торғындай судырап тұр. Адалдық пен арамдық, талант пен күншілдік, мансап пен ождан, достық пен қастық туралы тебірене сыр шерткен ақын мұзбалақ, зеңгір тау, сыр сандық, сым перне, алтын сарай образдары арқылы эстетикалық-этикалық мұраттарын ірікпей толғаған. Осы мәселеге қатысты автордың көзқарасын жақтаймын. Меніңше, дос - асыл қазына, рухани жақындық. Жүзіңдегі күлкіні емес, жүрегіңдегі мұңды сезінетін жан. Адамның көңілін, сырын, тұспалдай жырлап, оны биік таудың басындағы кілттеулі сыр сандыққа балайды. Дос жанын түсіне білетін нағыз адам- дос қана, сол құзар биіктегі сыр сандықтың кілтін тауып ашып, көңілдің пернесін баса алатыны сөзсіз. Сезімді жырлаумен ғана шектемей, оған азаматтық әуен, ойлы мазмұн, үздік үлгілерді тудырған ізгі де сұлу сезімдерді айнымас достық пен махаббаттың шабытты жыршысына айналдырды. Өмір, достық туралы терең толғанған ақынның жаны таза, ешкімге қиянаты жоқ, адалдық пен арамдық, мансап пен ар-ождан, достық пен қастықтың ара жігін ажырата алған, адам үшін құнды байлық-достықты жырлау. Автор дос көңілін шыңдағы қоймаға, алтын сарайға балайды. Достық сезімін құзды
шыңға, нулы шатқалға, мөлдір суға, қымбат жасауға ұқсатады. Алтын сарай- шын достыққа нағыз дос ие болады дегенді айтады. Сұлу пернелер - адам бойындағы жақсы, жағымды қасиеттер. Адамдағы асыл қасиеттер шын достыққа жеткізетінін ақын тебірене жырлап көрсете білген.
Қорыта келе, менің түйгенім: Дос биікке жетелейтін, қуанышыңа ортақ, қиындықта демеу болатын жан. «Жігітті досына қарап таны! - деген қазақ философиясы өте орынды айтылған. Бұл ұғым аласармасын десек әрбір адам дос тұрғысынан да адал міндет атқарғаны абзал. Сонда ғана достықтың құны жоғары болмақ. Достық – бұл өмірдегі еш нәрсемен бағаланбайтын құндылық. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтай білейік.
Өз өміріңіздегі әжелерді М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз.
Мұқаңның өлеңі «Әже,сен бірге жүрсің меніменен,
Өліге мен өзіңді телімегем» - деп басталады .Осы жолдарды оқығанда бірден есіме ақ жаулық киген әжелер түседі.Бейне бір ақ кимешек киген әженің сөзін естігендей болдым,сезінгендей болдым.Шынымды айтсам,»ақынды табындырған әжемен қазіргі таңғы әже бейнесін салыстыра талдап жазыңыз» деген сұрақ ешқашан ойыма келмепті.Әлде уақыт болмады ма? Көңіл аумады ма? Білмедім.Бірақ,бұл сұрақтар көңілімді ауғызып,жаңа ойларға жетелейді. Мұқағали туралы мен не білемін? Ол туралы біздің түсінігіміз көбінесе ақиық ақын, мұзбалақ сияқты ойлармен шектелуі де мүмкін.Ақынның ақ кимешек көрінсе өлеңін жазғандағы мақсаты не? Әлде сағынды ма? Әже бейнесі оны қаншалықты табындырды? Меніңше,бұлар өте маңызды сұрақтар,себебі олар бізді еріксіз ізденіске итермелеп,ақын өлеңінің терең сырына бойлауға жетелейді.Біреулер бұл сұрақтарды: «Маңызды емес!»-деп есептеуі мүмкін.
Аталмыш туындыда автор әжесіне ұқсаған,ақ кимешек киген әже арқылы өз әжесін асқан шеберлікпен суреттейді.Осы кезде жадыма шалқыған қанатты қиялын,өртеген іңкәрлігін сұрқай тірліктің тар қауызына сыйғыза алмаған Мұқаң тағдыры елестейді. Әлемдегі әжелер сияқты әлі күнге әжесін тірі екен деп бір жасарып қалғандай.
Ал енді мұны қазіргі әжелер бейнесімен салыстыра аламыз ба? Иә,автор айтып кеткен өлең біз үшін өте маңызды болып отыр. Себебі,мына әумесер заманда адам-адамды аямайтындай дәрежеге жеттік. Қазіргі кездегі әжелер үшін мына заман жайланарлық емес. Автордың сөзі өлеңде ашық көрсетілгенімен,өлеңдегі мына сөздер «...Ақ кимешек көрінсе,сені көрем, Ақ кимешек жоғалса... Нені көрем?» мені шын-шытырмақ ойға салды. Бірден әжесін өлі адамға телімеген ақынның астарлы ойы есіме орала кетті.Бұл менің әжесін сағынған ақынның арман аңсары екен деген ойымды бекіте түспек.Бұл жағынан мен ақынды жақтаймын. Бірақ, өкінішке орай, өзім өмір сүріп жатқан шақтың әжелері ақ кимешек киюден қалды. Ал ақынға әжесінің бір уыс аялы алақанының жылуын сезіну ауадай қажет.Екі ғасыр аралығы тым ұзақ емес.Өкінішке орай, бұл қазақты қатты өзгертіпті. Қарттарымыз сиреп,қадіріне жете алмай барамыз.
Осы өлеңді оқып шыққанда, мәселені талқылау барысында қолда бар нәрсемізден айырылып қалмайық деген ой түйдім.Оған өзгелері де зәру болуы мүмкін. « Ақ кимешек көрінсе сені көрем!» деген сөздер өлеңнің негізгі ойы болып табылады.Ол ой ақынның мінсіз үйлесіммен,әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезімін танытады. Қорыта келе, менің түйгенім, ақын жырлаған әже бейнесіне әрбір әже лайықты.Осынау сезім менің көркемдік әлемімді таныта түсетін құлақ күйім секілді. Өзім үшін түйген өмірдің бұл да бір сабағы іспеттес...
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды сыни көзқараспен талдап жазыңыз.
Әдебиеттегі өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленетін қаламгердің бірі ауыз әдебиетінің үлгілерін жинақтап, жазба әдебиетіне айналдырған – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Ақынның халық көкейіндегі мұң-зарын жеткізген, әлеуметтік мәселелерді сөз еткен туындылары көп.Соның бірі - мысал жанрындағы «Ғибратнама» өлеңі .
Менің ойымша, өлеңнің «Ғибратнама» аталуында терең мән жатқан сияқты. Себебі, ақын осы өлеңі арқылы халқын қоғамның түрлі дүрбелеңінен арашалап алар жолды көрсетеді. Өлеңнің басты өзектілігі де осында жатыр деп ойлаймын. Біріншіден, ақын өзін бұлбұл бейнесінде ала отырып, өзінің ішкі ойын жеткізеді. Өзінің диалогіне қаршығаны таңдауы тегіннен емес деп ойлаймын. Себебі, қаршыға да мықты құстардың бірі. Әр заманда кездесетін өзі мықты бола тұра, өзінің аузын бағып үндемейтіндерді астарлап көрсетеді. Мықты болып, елге, айналаңа пайдаң тимесе, мықтылығыңның құны көк тиін екендігін бұл шығарманы оқи отырып бағамдаймыз. Бұлбұлға:»Тілің жоқ мен секілді мылқау болсаң, Бір күні мың мұратты табар едің»- дейді. Бұдан қаршығаның өз мүддесін көксеген бейнесін аңғарамыз.
Өлеңдегі бұлбұл әдемілікті аңсайтын, күнде әр гүлдің ашылуын сабырмен күтетін шыдамды бейнеде көрінеді. Сол әдемілік үшін, әдемі гүлдің жұпар иісі үшін тікенекке де төзген бұлбұл, ең алдыменен, төзімділік қасиетінің жоғары екендігін көрсетеді. Менің ойымша, бұлбұл жеке бастың қамын емес, елдің қамын ойлайтын, мейірімді бейнеде көрінеді. Бұл арқылы автор бұлбұлды ел бостандығы мен тыныш өмірі үшін күрескер бейнесін де көрсеткен ойлаймын. Бұлбұлдың қаршығаға:»Сен ақымақ тамақ үшін болған сарсаң, Арбакеш сарттарға құл болғанша, Онан да жақсы емес пе өле қалсаң» дегені қаршыға мен бұлбұлдың жан дүниесінің, мақсатының арақатынасын ашып көрсетіп тұр емес пе?
Қорыта келгенде, ақын біреудің тасасында үндемей жүре бергенше, бұлбұлдай сайрап өтуді өмірлік мақсат-мұрат тұтады.Соны болашаққа үлгі етеді. Бұлбұлдың бойындағы төзімділік, шыдамдылық, сабырлылық қасиеттері бізге үлгі, біз де бұлбұл сияқты адами қасиеттерге ұмтыламыз.
Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз
«Алаш идеясы»–қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы екендігін білеміз. Өйткені Алаш-халқымызды бесігінде тербетіп, есейтіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея.
Алаш ардақтылары қазақ халқына қалай әсер етті? Олар өз шығармаларында қандай мәселелерді көтерді? Бір қарағанда бұл қарапайым сұрақтар сияқты, ал кейбіреулер үшін ойлануға да тұрмайтын сұрақтар болуы мүмкін. Кейбіреулер Алаш зиялылары қазақ халқына қалай әсер етті деп ойлайды, ал тағы біреулері сол кезде көп қиындықты көрген Алаш ардақтыларының қолынан осындай күрделі мәселені шешу келген бе деп есептейді. Бірақ бұл мәселенің мәні тереңде жатқан сияқты. Біз көтеріп отырған мәселе барлық замандарда өзекті болып келеді және ол біздің әрқайсымызға да қатысты болуы мүмкін. Неге? Менің ойымша, біз бұл сұрақтың жауабын XX ғасырдың көрнекті ақындарының бірі Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларынан таба алғандаймыз.
Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларының тақырыптарының көбі халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер етіп, дін, тіл, жер мәселесіне арналған.
Жоғарыда айтып кеткендей, автор өз шығармаларында көтеріп отырған бұл мәселелер біздің заманымыз үшін де өте маңызды мәселе болып отыр. Мысалы, «Қырық мысал», «Маса» еңбектерінің негізгі идеялық қазығы –жұртшылықты оқуға, өнерге-білімге, рухани көтерілуге шақыру болса, ол бүгінгі күні де ең өзекті мәселе болып табылады.Ақынның көзқарасы шығармаларында ашық көрсетілмегенімен, шығарма логикасынан ақынның санасы оянбаған
халықты жарқын болашаққа жетелеген деген ойға алып келеді. Осы мәселеге қатысты автордың көзқарасын жақтаймын. Себебі Ахмет Байтұрсынұлы өз шығармаларында XX ғасырдың басты мәселелерін қозғаған.
Арада қанша уақыт өтсе де, бұл мәселе ғаламторда, газет-журнал беттерінде әлі де айтылып жүр. Мысалы, Қайрат Сақтың қазақтың жер мәселесі туралы жазылған»Алаш мұрасы» атты кітабы бұған дәлел.
Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларын оқып шыққанда, оның шын ұлт жанашыры екенін түсіндім. Сондай-ақ, бұл бүгінгі күні аса маңызды мәселе екеніне көз жеткіздім. Яғни, біз осы ақындарымыздың арқасында көптеген жетістіктерге жеттік.
Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке» романындағы автордың характер жасаудағы шеберлігін Игілік бейнесі арқылы дәлелдеп жазыңыз.
Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1902 жылы 22 наурызда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Жаңажол ауылында дүниеге келген. Бастауыш орта мектебін ауылда оқып, 1926 жылы Орынбордағы рабфакты бітірген. Омбыдағы ауыл шаруашылық институтында бір жыл көлемінде білім алған соң, Бурабайдағы техникумда сабақ береді (1927-1928). Тұңғыш туындысы – “Тулаған толқында” (1927). Оны Бейімбет Майлин жоғары бағалаған. Ғабит Мүсірепов Үкімет, билік құрылымдарында да, мәдениет саласында да басшылық қызметтер атқарды. Әр жылдары “Қазақ әдебиеті”, “Социалистік Қазақстан” газеттері, “Ара” журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші секретары болды. Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек ері, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының иегері. Қаламгер халықаралық мәні мол, аса елеулі қоғамдық жұмыстар атқарды. Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөнінде бұрынғы Бүкілодақтық комитеттің мүшесі болды, Азия, Африка елдері әдебиетімен шығармашылық байланысты дамыту ісіне үлкен үлес қосты. “Оянған өлке” Ғ.Мүсіреповтің әңгіме, очерк, фельетон жанрлары, лирикалық “мен” формасында жазылған “Қазақ солдаты” сияқты іргелі романы, драматургия саласындағы құнарлы табыстарынан кейін қолға алынды. Өзіне дейінгі “Абай жолы” арқылы көрінген М.Әуезовтің ұлттық қара сөз өнеріндегі өзгеше сарабы, мүлде тың, жаңашыл көркемдік жетістіктері нысаналы сабақ, тамыры терең дәстүр сүрлеуін әкелумен бірге үзеңгілес серіктері үшін тарихи тақырып саласындағы ізденістерге жол көрсетсе де, қиялап келмесе, шыңына жеткізбес құбылыс еді. Тегінде Ғ.Мүсірепов М.Әуезовпен эпикалық ауқым, психологиялық тереңдік, соны композициялық құрылым, ешкімге ұқсамас тамаша юмористік дарыны арқылы заңды түрде үндесіп әрі оқшауланып жатса, “Оянған өлкеде” “Абай жолындағы” сахара тұрмысының салтанатты сәніне қарама-қайшы алынғандай, сондағы кедей-жатақтар күн көрісін арнайы бөлектеп, ұйқыдағы далаға бейтаныс дүрбелең әкелген өндіріс қажеттілігімен, жұмысшы кәсібінің түйін салып, бой бекіту әрекеттерімен салалас суреттеу бар. М.Әуезов романындағы үстем күш өкілдерінің итжығыс тартысы “Оянған өлкеде” Игілік би мен Жұман бай арасындағы бітімге келмес, терең ордай, қайтусыз қақтығыстарды бедерлеу жүлгелерінен шебер көрініс тапқан. “Абай жолында” бұл ыңғайдағы қоғамдық-тарихи коллизия шежірелік ретпен, буыннан буын алмаса, ұзақ кезеңдерге созыла, мираскерлік тұрғыларынан мол нанымдылықпен өрнектелсе, “Оянған өлкеде” осы тартымдық типтік көрінісі Игілік-Жұман арасындағы кереғар күндестік, көзсіз бақталастық оқиғалары арқылы ықшам да сенімді баяндалады. Ғ.Мүсірепов суреттейтін ресми-әкімшілік орындардан сәл шалғай жатқан Қарағанды өңіріндегі феодалдық тұрмыс-салт сипаттарын елестету үшін түпбейнелері болғанмен, басым түрде шығармашылық қиялға еркіндік беретін романда Алтай-Қарпықтағы бір-бірінен тайсалмас, ымыраға жоқ екі байдың аяусыз қырқысын алумен шектелу орынды қадам есепті. Жаңаға ұмтылудың бір нышаны предметтік-бейнелеу жүйесінен басқа, осындай оқиға, сюжеттік желілерді орайластыру жобасынан көрініс береді. Шығармада суреттелетін кезең – шырымы бұзылмаған дала ғұрпына тұнып тұрған, негізінен малшылық кәсіппен күнелткен дербестігі мол дәуір емес, қазақ даласында Нілді, Ақбұйрат, Жезқазған, Гүлшат, Балқаш, Қарағанды кендерінде орыс, ағылшын алпауыттары пайда шеңгелін сала бастаған суыт мезгіл. Феодализм дәстүрі мен алғашқы капитализм үрдістерінің бой тасалап келіп, ен жайыла түскен үнсіз арбасуы өріс алған шақта қаламгердің реалистік назары бай мен бай емес, бай мен кедей, жұмысшы мен өндіріс иелері арасындағы таусылмас қақтығыстарға ауған. Өркеуде, шешен, батыр, айлалы, қатігез Құнанбайлар дәуірі көне тартып, қулығы мен екіжүзділігі, жымысқылығы басым жорға Игіліктердің заманы төбе көрсеткен тұс. Күреңкөз қожа, Жұмабек төре, Боздақ би сияқты Игілік айналасындағы адамдар да өздерінің атақ, лауазымдарына сәйкес биіктен түсіп, даланың шөбі мен малын ақша, алтынға айналдыра бастайтын қалтасы қалың, есебі мықты бас бидің ығында жүріп, сөзін сөйлеуге, күйін күйттеуге ғана ойысқан. Баласы Ордабайды болыс қойдырған, кен ашушы Попов, Рязанов, Ушаков тәрізді орыс капиталистерімен тамыр басысқан, сол заманның материалды-техникалық әлеміндегі жаңалық атаулыға құлағы түрік, ынташыл, қиырдан ойлайтын Игілік жанды да емес, туысы, Қарабайдың сараңдығын бойына асыра сіңірген, күйгелек әрі беймаза, іші тар, шолақ түйсікті, дүниеқор, іліп алар бір қасиеті жоқ Жұман байды алып та, шалып та жығып отырады. Ғ.Мүсірепов Игілік тұлғасын әр қырынан, көтере сипаттаусыз, нақты мінездік штрихтармен жан-жақты реалистік нақыштар арқылы суреттесе, “Алтай-Қарпыққа мәлім тапал адам”, “мұқыл тырнақты саусақтары келінің сабындай жұп-жуан”, “қылтанақ шығып көрмеген қасқа иегінен тағалы ат тайып жығылғандай”, “етегін көтерместей біржола түйілген қабақты” Жұманның портреттік сипаттамасынан бастап, жүріс-тұрыс, іс-қылығына дейін гротескілік сықаймен, ернеуі іркілмес мол юмор өрнектерімен бейнелейді. Жұманның прообразын фольклорлық дәстүрден іздесек, Қарабай тұлғасымен тамырластықты байқаймыз. “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” драмасының авторы өзі терең көркемдік жинақтаудан өткізген трагикаминалық кейіпкердің ұлттық өмірдегі этнопсихологиялық орнын дәл аңғарып, жаңа шығармасындағы жаңа мезгілдерге, жаңа жағдайларға қатысты ол бейненің тарихи-философиялық мәнін толық аша түсуді міндет санаса керек. Қырсығып, қарсыласына алдымен қыр көрсететін Жұман ылғи да ойсырай жеңіліп, жерге отырып қалады. Ашулық, ызақорлығы мен ақылсыздығынан жапа шегетін Жұманның елден ерек қараулығын бедерлейтін нақты психологиялық детальдар жеткілікті. “Оянған өлкеде” Ғ.Мүсірепов стилінің аналитикалық психологизмінен гөрі синтетикалық психологизмге оңтайлылығы шығарманың ауқымды идеялық мақсаты мен кең эпикалық құлашына сай. Қаламгердің дара қолтаңбасы да, ол кездегі қазақ прозасының негізгі дәстүрі де әлеуметтік-психологиялық талдау өнерінің орнын, оқиғалар мен құбылыстарды суреттеудің драмалық кернеуімен толтыруға арқа сүйейтін. Сюжет қоюлығы, қоғамдық-саяси тартыстар шымырлығы, баяндау құрылымындағы динамизм Ғ.Мүсірепов психологизмінің арнайы тілектен емес, шығармашылық қажеттіліктен туған, жарқылдағы жоқ, көп сырын ішіне бүккен, әсерлі, серпінді, лаконизмге бейім астарлы сипаттарын айғақтамақ. Суреткердің бір ендікпен шектелмейтін, қарымы кең, сергек те зерделі назарын сан алуан фабулалық, сезім-күйлік шақтардан аңғару қиын емес. Мәселен, романда жағымды тұрғыдан, парасат, зиялылық сапаларымен әр тұста таныла түсетін талайы қиын Көпей бәйбішенің ессіз де болса, ері, күйгелек Жұманның қамы үшін сыйлас қайнысы, зымиян Игілікпен жасырын келісөз жүргізетін мезетінде шын ұнамдылық қырлары көрініс береріне күмән жоқ. Алайда жалшы Күңке бай құрбысынан түңілгендей күй кешеді. Кедей-кепшікке әшейінде қайырымды Көпей ең алдымен Жұман абыройы мен дәулетінің шашылмауын көздейтіндей. Жарлы Жақыбайдың жазықсыз сойылға ұрынуы (Жабай – Жылтыр Омар оқиғасы) әдеттегі құбылыс іспетті. Әрине, басқаша ыңғайдағы мәні болғанымен, айдың сәулесіне айна шағылыстырып ойнағанына мәз, ақылы ауысқан Тілеуке, ет-миға сіңген дағды бойынша өлім халіндегі туған ұлы Жабайдың жанынан байдың түйесінің қамын артық ойлайтын, кездейсоқ жолыққан Тілеукемен бірге күн ұзақ “әңгіме шертіп”, құмарынан шығатын, мәңгіге айналған Талтаяқ шал, Жабай қасіретіне қатысты эпизодтар В.Шекспирдің “Король Ли”, В.Гюгоның Квазимодасындағы кейбір концептуальдық сарынды еске түсіреді. Жазушы Игіліктің портреттік мінездемесін, қысқа қайырылса да, кесек көрінер, артығы жоқ, асып-тасуы жоқ, сыпайысымақ сөздерін, соңын баққан шыдамдылықпен ту сырттан соғардай арамза әрекеттерін суреттегенде де ұнатуы мен жаратуын аңдатпайды. Игілік істері мен ниеттерінің бұзықтығын өзге кейіпкерлер репликалары мен түсінік-талғамдарынан сездіру басым. “Бетпе-бет” келгенде автордың “қарсыласын” бағалай тұрып, Игілікпен ақыл-ой, сұңғылалық, характер межелері бойынша арбаса тіресуі байқалғандай. Әкелі-балалы Бұланбай мен Нарбайдың ақжарқын, ақиық, қызба мінездеріне сай әсерлі, бөгеусіз, кейде тіпті тосын, адал сөздеріндегі тегі бір ұқсастыққа дейін, жылтыр Омардың Жабай кетпенінен алған соққыдан кейін түр-түсіндегі өзгеріс пен тіл қату, жекелеген дыбыстарды жеткізу дағдысына шекті “ерінбей” назар аударатын суреткер диалогтарының реалистік қайнары, рефлексологиялық дәлдігі, әрекеттік қажыры зор. Әсіресе тоқтаусыз төгілген юмор әсерлі. Ол юморда табиғи ақыл, парасат, көрегендік пен көргенділік, даналық ұшқындары бар. Біз. Ғ.Мүсіреповтің автор-баяндаушы, әңгімеші, сипаттарын, суреттеуші – жазушы ретіндегі өр де тәкаппар, ұсынғыш та қайырымды, ездікке емес, ерлікке, қыран самғар биікке құмарлық рухын дәріптер таза халықтық сезімін, асқақ тұлғасын кіршіксіз парасаты мен тозаң тартпас даналығы үшін әрдайым бағалаймыз.
Алаш ардақтылары көтерген
ұлттық идеялардың бүгінгі
күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз
Алаш идеясы-тәуелсіз мәңгілік ел болу идеясы.Қазіргі таңда Тәуелсіз Қазақстан Алаштыңидеясын жүзеге асыруда.Алаш идеясы үшін күрескен кезең -1907 жылдан 1930 жылға дейінгі 30 жылдай уақытты қамтиды.Алаш қозғалысына қатысқан 17-25 жас аралығындағы жастардың ішінен көптеген мемлекет,қоғам қайраткерлері,ақын-жазушылар болды.Олардың ішінде қазақ зиялылардың озық өкілдерінің бірі:Әлихан Бөкейханов,Ахмет Байтұрсынов,Міржақып Дулатов,Халел Досмұхамедов болды.Қазақ тарихында Алаш арыстарының орны ерекше.Олар қазақ елінің одан әрі дамуын,білім алуды қалады,ең бастысы қазақтың өз атамекеніне ие болуын мақсат етті.Осыған орай Алаш қайраткерлерінің бірі Міржақып Дулатов «Оян қазақ», ал Халел Досмұхамедов «Өз тілін өзі білмеген ел-ел бола алмайды.Тілінен айырылған жұрт-жойылған жұрт»,- деп өлеңдерін,мақалаларын жастарға арнап жазды.Осы қайраткерлеріміздің арқасында әлеуметтік әл-ауқатымыз артып,даму жолына түстік.
Не көрсем де Алаш үшін көргенім
Маған атақ-ұлтым үшін өлгенім
Мен өлсем де Алаш өлмес, көркейер!
Істей берсін қолдарынан келгенін,- деп акын Мағжан Жұмабаев жырлағандай,азаттықты аңсаған қайраткерлердің басты мақсаты орындалып жатыр ма?Иә,етек-жеңімізді жинап,тәуелсіздік жолындағы боздақтардың ақ үмітін ақтап келе жатырмыз.Қорыта айтанда Алаш қайраткерлерінің алдында қарыздармыз!Алаш зиялылары елдің тәуелсіздігі үшін аянбай еңбек етті.Қоғамның әділетсіз саясатының құрбаны болған ұлт зиялыларының мақсат-мүддесі,арман-тілегі,ұлттық идеясы еліміздің рухын асқақтатып,жаңа қоғамымыздың бүгінгі мен келешек ұрпағының рухани өсіп-өнуіне, дамуына игі еткен идея ұлт тарихында мәңгілік қызмет ете береді.Ендігі мақсат-мемлекетшілдікті,азаматтық сана-сезімді орнату.Осындай Тәуелсіз мемлекет болғанымыз,ол біздің Алаш қайраткерлерінің идеяларының арқасында ғана. (253) сөз
Әркім «Бақыт» дегенді әр түрлі түсінеді.« Бақыт» деген не?
Ойыңызды дәлелдермен негіздеп жазыңыз.
Бақыт ұғымын әр адам әртүрлі түсінеді.Оның себебі әркімдегі құндылықта,дүниетанымда,көзқараста жатыр.Адам армандап,мақсат қойып,жоспар құрып сол жоспарды жүзеге асыру үшін өзін қадағалап нәтиже шығара білуі!Сол жолда ол түрлі кедергіге,қызықтар мен қиыншылыққа тап болады,сол арманы үшін күресе білуі керек.Халқымызда сөз бар: «армансыз адам,қанатсыз құспен тең»!Адамдарда нақты арман,мақсат,қажетті білімі мен біліктілігі болмауы себепті жаманшылыққа,депрессияға,апатияға ұшырайды,Мақсат болмаған соң әрекет те аз болады,алтын уақыты босқа кетеді.Әрбір мақсат жолындағы түрлі қиыншылықты жеңіп,нәтижені бағындыру,кейін оны еске алудың өзщі бір рақат сияқты.Арман жалғыз болғанымен,арман шеңберіндегі мақсат көп болуы мүмкін.Мысалы:отбасы құру,оны асырау,балаларына тәлім-тәрбие беру,олардың қызығын көру дегендей.
Менің бала кезімнен бергі арманым-дәрігер болу.Қазір мен алдыма қойған мақсатымды жүзеге асыру үшін әрекет жасап жатырмын.Егер мен арманыма қол жеткізсем,бұл мен үшін -бақыт.Менің ойымша,бақыт деген адамның өзінде бар нәрсесін қадірлей білсе,сол нәрсенің өзі адамға бақыт сыйлауы мүмкін!Бақыт дегенді біреулер атақ,біреулер байлық,біреулері махаббат дейді.Бұл пкірге бірі келіссе,екіншісі келіспейді.Мен үшін бақыт деген не?Бақыт деген-жүректің тыныштығы.Мен бақыттымын!Әр адам жүрек жылуын өзгелерге төге білсе,оған да дәл солай өз мейірін төгеді.Жүректері мейіріммен махаббатқа толы адамдар-ең бақытты адамдар.
Эссе
Ш.Уәлиханов зерттеуші ғалым екендігін еңбектері арқылы
дәлелдеп жазыңыз.
Шоқан Уәлиханов- 19 ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің алғашқы және талантты өкілдерінің бірі. Оның философия, этнография, тарих , экономика, фольклор, әдебиет теориясы жайлы еңбектері бар 1855 жылы Шоқан Уәлиханов Орталық қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатай аралайды.Қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, діни ұғымдары жайында материал жинап қайтады. Осыдан кейін ол «Тәңір», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбектерді жазады.
Шоқан Уәлиханов Қырғыз елінде болғанда қандай шығармалар жазып алды?
Осы сапарлар барысында «Жоңғар очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзияның түрлері туралы», « Ыстық көл сапарының күнделіктері», «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы» атты еңбектерін жазып шығады. Бұл еңбектер жергілікті халықтардың тарихы, мәдениеті, әдебиеті, әдет-ғұрпымен тұтасып, аса жоғары бағаланған туындылар болып есептеледі. Шоқанның демократтық, ағартушылық көзқарасын анықтауда бұл еңбектердің үлкен маңызы бар.
Әдебиет мәселелері жөнінде шоқан сол кездің өзінде-ақ көп тың пікірлер айтқан ғалым «Қазақө халық позиясының түрлері» зерттеу еңбегінде тоқталатын болсақ, мұнда шоқан халықтың әдебиетіне оның қоғамдық, әлеуметтік өмірімен тығыз байланыстыра қарайды.Поэзияны халықтың рухани серігіне санайды. Бұл жайлы «Бұл халықтың ертеден өзіне тән тұрмысында есте қалдырмаған бірде-бір маңызды оқиғасы, бірде-бір тамаша адамы жоқдеуге болады. Олардың бірін суырып салма ақындар мен жыршылар жыр етсе, екінші біреулерінің атын кейінгі ұрпақ естерінде ұмытылмастай етіп белгілі бір сыбызғышы не қобызшы смузыканттар тастап кеткен»,- деп жазды.
Қорыта келе, Шоқан Уәлиханов қазақ тарихында қалдырған іздері әрқашан кейінгі ұрпақтың есінде болады деп ойлаймын,себебі Шоқан-өз еліне шын берілген қазақ тұрмысын ардақтаушы үздік тұлға. 244
Жамбыл шығармалары-қазақ халық ауыз әдебиетінің
қайнар көзі екенін дәлелдеп жаз.
Жамбыл Жабайұлы Жабаев - қазақ халық әдебиетінің көрнекті тұлғасы, жырыу,жыршы,өлең сөздің дүлдүлі аталған ақын.Жамбыл кішкене жасынан айтыс өнерін ұнатып,өлең-сөзге деген ерекше дарынының арқасында еліне аты шыққан.Жамбыл бозбала кезінде атақты жырыу Сүйінбаймен кездесіп,батасын алады.Содан кейын Жамбылды дүлдүл акын деп атап кеткен деседі.
Қазақ ауыз әдебиетінде Жамбыл шығармаларының ерекшелегі неде?
Жалпа халық ауыз әдебиеті дегеніміз халық арасында үлкен той -жиындындарда айтылып,таратылып отыратын шығармалар.Ал Жамбылдың сөз өнері айтыста байқалды.Өзінің сурып-салмалығымен ерекше көзге түсіп, Құлманбет,Жамубай,Сұраншы сынды атақты айтыскерлерді жеңіп шыққан. Жамбылдың айтыста айтқан өлеңлерін халық ауызша айтып,бүгінде ол өлеңдер әдебиетте қалып отыр.Сол себепті Жамбыл атамыздың өлеңдері қазақ халық ауыз әдебиетінің қайнар көзіне айналып отыр.
Жырау ағамыздың кай өлеңін алып қарасақ та оның дарынды көркем сөздің шебері екендігі байқалады.
Мәселен,Жамбылдың:
«Батаңды маған бер әке,
Тіліме менің ер,әке,
Жапаның ұлы ақын боп,
Жақсы істепті... дер әке»-деп батыл тұрып, бата сұраған өлеңінде жақсы байқалады.Ал енді біренде Сүйінбайды өзінің пірі екені жайлы айтады: «Менің пірім Сүйінбай,
Сөз сөйлеген сыйынбай
Сырлы сұлу сөздерді
Маған тартқан сыйындай.»
Менің ойамша,Жамбыр ағамыздың бұл өлеңдері арқылы оның жай ғана ақын емес,кішкне өте ақылды жан болғанын көрсетеді.
Қорыта келгенде,Жамбыл Жабаевтың шығармалары қазақ әдебиетінде алатын орны ерекше. Меніңше, Жамбыл Жабаев қазақ тілінің өте бай тіл екенін көрсеткен жандардың бірден-бірі.Ал біздің міндетіміз осы бай тілімізден айырмай,Жамбыл атамыз сынды ақын, жыраулардың қалдырған мұраларын биік бағалып,жоғалтпау.
300 сөз
С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі
қарт Томар-Омардың Балзия мен Аманайдың елге жетуіне күмән
тудыруының себептерін талдап
жазыңыз.
Қарт Томар-Омардың Балзия мен Аманайдың еліне
не үшін келді және елге жетуіне күмән тудыруының себебі
неде?
Басынан бастасақ «Заманай мен Аманай»
шығармасы бізге Сәукеленің байырғы тарихынан сыр шертеді.Мұнда
жетпіс үшке толған,мүшел жастағы әже Балзия мен оның немересі
Аманай басты кейіпкерлер ретінде бейнеленген.Себебі,әңгіменің
негізгі бөлімі осы екі кейіпкерден басталады.Ол екеуі жер жаннаты
Жетісуды іздеп тау аспақшы болады.Бірақ қаусаған кәрі адамға
Жеісуды іздеп не пайда? Неліктен Балзия немересі Аманайға «Сәукеле»
тауы жайлы айтты?Әрине,оның бір ғана себебі бар.Ол – Балзияның
туылған жері.Аманай да Жетісуда туылған болатын.Томар – Омар неге
Балзияның елге жетуіне күмәнданды?Ол Балзия әжейге кім болып
келеді?..
Меніңше бұл туындының жалпы, негізгі ой
түкпірі – патриотизм,яғни туған жерге деген сағыныш,туған жерге
деген ыстық сезім.Қойылған сауалдарға оралар болсақ.Томар-Омар
Балзияның көршісі,жақын араласып жүретін қарт досы десек те
болады.Томар-Омар күмәндәну себебі – Балзия жетпіс үш жастағы әже
бір өзі кішкентай баланы қасына ертіп алып,ауырып,төсектен әрең
тұрып,әрең жүргеніне қарамастан,аштықты ескерместен сонау алыс
Жетісуға жолға шығуы.Ал Жетісуға барар жолда алдыда биік асу бар.Ол
– Сәукеле тауы.Оның басын адам өте алмайтындай мәңгілік мұздықтар
алып жатыр.Балзия мен Аманай батылдық танытып бұл асуды да
бағындырады.Аманай тек батыл ғана емес,сөзге берік,ержүрек,ақылды
бала болған..Оның сөзге беріктігін «...ішіңде қалсын»,-деп әжесі
айтқанда,ол намысқа тырысып,ешкімге тіс жармағандығынан аңғара
аламыз.Оның да жүрек түпкірінде ашылмаған,белгісіз қырлы туған
жерге деген махаббатты жатыр.Сондықтан болар,әжесімен бірге қыр
асыл,тау басты...
«Отанды,ұлтты,әдебиетті,оның болашағын сүю
үшін көп айқайдың керегі жоқ.Тынымсыз,жанашыр,табанды әрекет
керек»,-деп Шерхан Мұртаза атамыз айтқандай,бұл әңгімеден Балзияның
қанша ауырса да,жаны қиналса да оның бәріне мойымай төтеп
беріп,өнері келген шағын сезіп туған жеріне бастап барар жолын
тапқандылығынан оның табандылығын,қайсарлығын,көрегендігін біле
аламыз.Оқиға соңында оның жартастан құлап,су ағынымен туған жерінде
көз жұмғандығы баяндалады.Қорыта айтар болсақ,басты кейіпкерлердің
бірі Томар-Омардың да қорыққаны осы
болатын.
Қасым Аманжоловтың "Ақын өлімі туралы аңыз"поэмасын талдыңыз.
Қасым шығармашылығы қазақ поэзиясының асылдарының бірі. Халықтың
қарапайым ортасынан шяққан жалынды ақын өз тағдырын туған елі
тарихымен тұтастырып өз өлеңдерінде халық жанына тəн
ерлік,батырлық,жомарттылық сезімді терең көорсетті.Оның батыл
ойлы,сыршыл поэзиясының бұрынғысынша əсерлі бе тартымды болып келе
жатқаны да сондықтан."Ақын өлімі туралы аныз"поэмасы Қасым
Аманжоловтың ғана емес,бүкіл қазақ поэзиясының үздік жетістігі
болып табылады бұл туындыға жас ақын Абдолла Жұмағалиевтың майданда
көрсеткен ерлігі арқау болған. Ақындық дарынды үлкен үміт күттірген
Абдолла намысқой,отаншыл,қайсар жігіт екен. Майданда соғысып
жүріп,оның бөлімшесі немістердің қоршауына түседі. Бір үйдің
шатырын паналап ұрыс жүргізеді. Жау:"Беріл!Кінəнді кешіреміз" деп
хабарлайды,бірақ Абдолла берілмей,соғыса береді,ақыры немістер үйді
өрттейді. Əдетте,отқа адам шыдамай қашады екен. Бірақ Абдолла
тапжылмай үймен бірге өрттеніп кеткенінше қарсылық көрсетумен
болады . Поэма Абдолла өмірінің соңғы кезеңін суреттеумен болады.
Ақын образдары жау қоршауында,от ортасында қалған батырдың бір
сəттегі ерлік ісін көрсету арқылы ашады. Туған елінің ерлік дәстүрі
мен жауынгерлік антына берік азамат кейпі санада туған толғаныс
арқылы да толыға түседі.
Бұл екінің бірі айта алмайтын жер,екінің бірі көрсете алмайтын
сурет. Өртеніп жалынға Абдолла бейнесінен шилікпейтін қайсар мінез
танылады. Ол əсер жауын мазақтсп,өлім қойнына өлеңдете кірді. Ақын
кейіпкерін өрт ұстаған Прометейге ұқсата отырып,оның өлімін
романтикалық анызға айналдырады. Ақтық минуттағы соңғы сөзін батыр
Отанына, еліне арнайды.Бұл трагедиялық ақын өлімінің өзінде де
үлкен өмір сүйгіштік күш барын танытады. Соғыстың қызып тұрған
кезінде жазылған бұл поэма сол кездің өзінде-ақ жұрт назарын
назарын бірден өзіне аударды. Ол жөнінде алғаш пікір айтқан біздің
жерлесіміз Ғабит Мүсірепов "Қасым ақын,жанының бар толғауын,кек
күшін,сезім тереңін түгел бере алған. Жалынды сөзбен жауға
аттандырар жан сезіммен жас тамшылатар ақын сөзі өзегін , жүрегін
тербей шыққан.Қасым поэмасы майданнан соққан жаңа леп сияқты"-деп
жазады.
Жұбан Молдағалиевтің "Мен - қазақпын" поэмасындағы рухани құндылықтардың қаншалықты көрініс тапқанын дәлелдеп жазыңыз.
Жұбан Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы - "Мен - Қазақпын" поэмасы. Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы жырлайды. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркемдеп жырлай білді. Ал осы қазақ халқының өткен өмірі мен тағдырын ақын қалай көрсете алды?
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде табыстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген - деген өлең жолдарынан-ақ ақынның қазақтық азаматтық намысын бірден танимыз. Өзінің "қазақ" екенін ағынан жарыла ерекше шабытпен жырлауы - оның ерлігінің бір көрінісі десек қателеспейміз. Бұл поэмада ақын қазақ халқының басынан кешірген небір қиын кезеңдерін суреттейді. Ақын қазақ халқының сан ғасыр бойында ауыр азаппен өткен тағдырын еске түсіреді. Қазақ елінің талай шапқыншылыққа ұшырағанын, бірақ халық бәріне төтеп беріп, өзін қорғай білгенін, елдігі мен салтын, ұлттық құндылығын сақтап қалғаның мақтана асқақтата жырына қосады.
Жұбан о замандағы қазақ халқының батырлығы мен қайсарлығын жырласа, бұ замандағы қазақ халқының біріншіден имансыз болып бара жатқандығын, екіншіден өз ана тілін, мәдениетін, дәстүрін сыйламайтындығын, "ескінің көзі" деп қарайтындығы туралы және қазіргі таңдағы маңызды мәселелермен қоғамдағы келеңсіз жайттар туралы ой толғар еді.
Жұбан Молдағалиев өмір шыңдығынын әр саласына терең үңіле отырып, заман шындығын, адамдардың ерлік істерін суреттеп қана қоймай, халықтың өмірдегі тыныс - тіршілігін айқындап, тарихи салыстырулар арқылы өткен өмір және болашақ жайлы толғаныстарын, өз ойларын толық ашып көрсетті. "Мен - Қазақпын" поэмасы оқырмандарды жігерлендіре түседі. Ерлік, қарсылық, күш-қуатты жырға қосып, құласа да қайта тұрып, өзінің қазақ екенін тағы да жүрек жара, жан дауысымен қуана, шаттана жеткізді. Жұбан Молдағалиев біздің барша оқырмандарымыздың жадында,зердесінде мәңгілік қалатын арқалы ақын, айбынды азамат. Қазақта ақын көп, бірақ Жұбан жалғыз.! (284)