Материалдар / "Есту қабілеті бұзылған балаларды оқытудың негізгі әдістері"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Есту қабілеті бұзылған балаларды оқытудың негізгі әдістері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Есту қабілеті бұзылған балаларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2020
2412
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Есту қабілеті бұзылған балаларды оқытудың негізгі әдістері

Сөйлеу тілі есту қызметінің нашарлауына тікелей тәуелді. Естімейтін балалар нашар еститіндерге қарағанда даму деңгейі төмен. Естімейтін балалар сөйлеу тілін арнайы оқыту барысында ғана меңгереді, ал нашар еститіндер өздерінің есту қызметінің қалдығы көмегімен, сөздік қорын аз да болса жинай алады. Педагогикалық дерісті дұрыс ұйымдастыру үшін сөйлеу тілінің деңгейін, арнайы білім беру мекемесін анықтау мақсатында есту қызметінің деңгейін білу қажет.Сөйлеу тілінің дамуына есту қызметінің бұзылу уақыты үлкен әсер етеді. Есту қызметі бала өмірінің қай кезеңінде болмасын бұзылуы мүмкін, сөйлеу тілінің деңгейі де осыған байланысты болады. Есту қызметі қанша ерте бұзылса, сонша сөйлеу тілінің деңгейі төмен болады. Мектеп жасына дейінгі нашар еститін балалардың сөйлеу тіл деңгейінің диапазоны кең: бала нақты заттарға қатыстырмай, жеке буындарды айтып, былдырлағаннан қысқа сөз тіркесіне тіпті аграмматизмді және онсыз сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлеу тілін меңгерген болуы да мүмкін. Бірақ есту қызметі бұзылған бала қарым-қатынастық сөйлеу тілі дамыған кезде де оның тілінде өзіндік ерекшеліктері болады. Дыбысталудың өзіндік бұзылушылықтары болады («жазылған» артикуляция, екпінді бұрып айту және т.б.). Нашар еститін балаларда пассивті және активті сөздігінің көлемі қатысты, ал есту қызметі қалыпты мөлшерде пассивті сөздік қорынан әлде қайда басым болады. Есту қызметі бұзылған бала өзі сөйлеу тілінде қолданатын сөздерді ғана жақсы түсінеді. Бұл балалардың сөздігінде жалпы мағыналы сөздер болмайды (керемет, жеңіс, арман, еркін, байсалды және т.б.), сол сияқты бүтіннің бөліктерін білдіретін нақты сөздер де бар. Бала ұқсас заттардың атауын білмейді. Мысалы,үй деп шалашты да, ит үйшігін де атайды. Сол сияқты мағынасы мен дыбысталуы, ұқсас сөздерді ауыстырады (бақ-гүлзар және т.б.). Мағынасы ұқсас сөздер лексиконында қажетті сөздер болмағандықтан, есту қызметі көмегімен ажырата алмағандықтан акустикасы ұқсас дыбыстарды шатастырады. Сөйлеу тілінің тәжірибесінің аздығы, сөздік қорының таяздығы және сөздің басы мен аяғын толық естімегендіктері тілдің грамматикалық құрылысын меңгеруге әсер етеді. Жиі кететін қателіктері тоқталып өтейік: — синтаксистік байланыстың үйлесімділігі мен ережесінің бұзылуы; — артық шылау сөздерін қосу, ауыстыру, қоспау; — септік жалғауларын шатастыру; — сөздерді дұрыс қолданбау; — сөйлем мүшелерін тастап кету. Нашар еститін балаларда сөздің дыбыстық құрамы туралы нақты түсініктері болмайды, бұл олардың дыбысты айтуы мен жазуынан байқалады. Бала сөзді бұрыс естігендіктен сөздерді өзгерген түрінде естерінде сақтайды, сондықтан да оны қате айтып, жазады. Жиі кездесетін қателіктер түрі: — дыбыстарды араластырып жіберу (қатаң-үнді, ұяң және т.б.); — аффрикат; — дыбыстарды тастап кету; — дара дыбыстардың орнын ауыстыру және қосу; — сөздің екпін түспейтін бөлігін тастап кету. Бала қаншалықты кіші болса,оның арнайы сабақ «өтілі» соншалықты аз, сондықтан да жіберетін қателері де көп болады. Сөйлеу тілінде синтаксистік құрылымдарды пайдалану, оның сөйлеу тілінің дамуына тәуелді болады. Нашар еститін балалардың дауыс реңі кедей, сөйлеу тілі бірқалыпты, айқын емес,көңілсіз болады. Балалар жиі қайталап сұрайды, айтқан адамның артикуляциясын бақылайды. Балалардың көп бөлігі сөзге түсетін екпінді дұрыс қоя алмайды. Ұсынылған әдістеме нашар еститін мектепке дейінгі балалардың сөздік қор көлемін, өзіне айтылған сөзді түсінуін, байланыстыра сөйлеу тілінің даму деңгейін анықтауға бағытталған. Сөздік қор көлемін анықтау және өзіне айтылған сөзді түсінуін бағалау. Сұрақтар мектеп жасына дейінгі нашар еститін балаларда жиі кездесетін қиындықтарды талдау үшін таңдалып алынған. Сұрақтар мазмұны нашар еститін мектеп жасына дейінгі балалардың меңгеруіне қиындық туғызатын тақырыптарға негізделген. Түсініктерді жинақтауы, адамдардың кәсібін, туыстық қатынасы, табиғат құбылыстары мен заттардың белгілері туралы білімі тексеріледі. Сұрақтың әр түрлі лексикалық – грамматикалық құрылуы, өзіне айтылған сөзді түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. А). Әр түрлі қатынасты түсінуді талап ететін сұрақтар. Алмұрт, алма, апельсин – бұлар не? Сен қандай мамандықтарды білесің? Алматы, Мәскеу, Астана – бұлар не? Сен көліктің қандай түрін білесің? Үй (жабайы) жануарларын ата. Байланыстыра сөйлеу білу деңгейін анықтау. Бала тапсырманы орындай отырып, сюжетті суреттегі жағдайдың бірізділігін табуға міндетті. Байланыстыра сөйлеу тілінің даму деңгейін бағалап қана қоймай, ойлай білуге үйрету. Балаға әр қайсысы біткен істі білдіретін 4 сурет ұсынылады. Тапсырмаға нұсқау: «Суретке қара. Суреттерді ретімен біріншісін, екіншісін, үшіншісін, төртіншісін қой. Мұнда ненің суреті салынғанын айтып бер». Сөйлеу тіл дағдыларын тексеру. А). Істелген іс туралы есеп бере отырып, тапсырманы орындау. Әрбір балаға алты-алтыдан тапсырма беріледі. 1. Тұр. Орындықты және басқа жиһазды көрсет. 2. Менен қарындаш сұра. 3. Апельсинді емес, алма суретін сал. 4. Кітапты ал және шкафқа қой. 5. Есікті жап. 6. Ботадан апасының атын сұра. Ә). Сұрақтарға жауап бер. Әрбір балаға алты-алтыдан сұрақ беріледі. 1. Сенің атың кім? 2. Сенің апаңның аты кім? 3. Сенің жасың нешеде? 4. Сен қайда тұрасың? 5. Қазір қандай жыл мезгілі? 6. Бүгін ауа райы қандай? Балалардың жауаптары бағаланады және хаттамаға жазылады. Сөйлеу тілін тексеру, үш түрлі тексеріс түрі бар әдістеме бойынша жүргізіледі. Сөйлеу тілінің дағдысын тексеруге екі тапсырма енеді: нұсқауды орындау және сұрақтарға жауап беру. Берілген екі тапсырма сөздік қорын тексеруге арналады: дыбысталу ерекшеліктерін белгілей отырып, белсенді сөз қорын бағалау мен пассивті сөздік қорын тексеру. Балалардың грамматикалық тіл құрылысын меңгеру деңгейін және байланыстыра сөйлеу дағдыларына үш тапсырма берілген: суреттер бойынша сөйлем құрау, өзінің іс-әрекеті туралы хабарлау және сюжетті сурет бойынша байланыстыра әңгіме құрастыру. Тапсырманың барлық түрі балалармен жеке – дара жүргізіледі. Келесі талаптарға сүйене отырып, таңдалған сөздік материал бағдарлама талаптарына сәйкес болуға міндетті. Сөздердің тізіміне қосылатын сөздер: — нақты заттардың атын білу үшін зат есімді, осы заттардың белгілерін білдіретін сын есімді, іс-әрекетті білдіретін етістік; — күнделікті өмір, қоршаған орта туралы балалардың түсінігін білдіретін және әр түрлі сабақтар кезінде, түзімдік жағдайларда жиі қолданылатын сөздер; — иллюстративтік материалды пайдалана отырып, олардың түсініктерін тексеру сөздері. Нашар еститін балалардың сөйлеу тілінде жіберетін қателіктері жазған кезде де қайталанады. Жазу барысында жіберілетін қателіктер есту қызметінің бұзылу түріне тәуелді: кондуктивті бұзылу кезеңінде төменгі және орташа жиіліктегі дыбыстарды (У,О,Ы,Р,Л,М,Н,Д,Г,Б,Х,Т,Ц,В,К), ал нейросенсорлық бұзылыстар кезінде жоғары жиіліктегі дыбыстарды жіктеу қиынға түседі (И,Ә,Ш,Ж,Ч,Щ,С,З,Ф), сондықтан көрсетілген дыбыстарды жазған кезде олар түсіп қалады, ауыстырылады немесе араласып кетеді. Сөйлеу тілінің дамуына баланың мектепке дейінгі тәрбиесі үлкен әсер етеді. Балаға арнайы көмек қаншалықты ерте көрсетілсе, соғұрлым оның сөйлеу тілінің қалыптасуы дұрыс дамиды. Балалардың арнайы мекемелерге баруы (балабақша, есту қабілеті мен сөйлеу тілі бойынша зертхана жанында ашылған топқа және т.б.), сол сияқты олармен мақсатты бағытта жүргізілген жұмыс балалардың мектептегі даму деңгейіне әсер етеді. Баланың сөйлеу тілінің дамуына оның тұрақты зейіні, салмақтылығы, есте сақтау қабілеті, зердесінің дамуы және жалпы дамуының әсері, оның арнайы педагогикалық жағдайда құрылған сөйлеу тілін жақсы және тез меңгеруіне себебін тигізеді.   Баламен жүргізілетін дамыту түзету жұмысын дер кезінде бастау үшін, баланың өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ естуіне зер салу керек, қажетті көмек неғұрлым ерте басталса, бала еститін құрбыларынан көп артта қалмайды. Есту қызметі сәл төмен болса да, егер арнайы оқытпаса, жасқа толғанда ешқандай сөз айта алмайды. Баланың дыбысты қабылдауы біртіндеп қалыптасады,әрбір жастың өзінің ерекшелігі бар. Бала құрсақта жатқанда да дыбысты сезінеді. Бұны арнайы құралдар көмегімен дыбыс дабылы берілгенде баланың жүрек соғысының жиілігінің өзгеруі анықтайды. Бала өмірінің алғашқы сағаттарында арнайы тексеру арқылы баланың есту қызметін анықтауға болады. Баланың есту қабілетін өмірінің екінші-үшінші апталарынан, ешқандай арнайы құралсыз оның дыбысқа деген реакциясын бақылауға болады. Есту қызметін жұмылдыру дегеніміз –бұл бала ағзасының сыртқы тітіркендіргіштерге деген реакциясы. Бұл реакция балаға жақын жерден шыққан қатты дыбыс пен айқай кезінде пайда болады. Бірнеше секундта (кейде 15-20 сек.) бала қозғалмай тына қалады. Кейде дабылдың дауысы тоқталғанша созылады. Бұнда реация алғашқыда дыбысталатын ойыншыққа, кейіннен дауысқа пайда болады. Нәресте өмірінің екінші айының бірінші аптасында сөйлеп тұрған ересек адамға қарап жымияды, содан сәл кейінірек (2 ай 2 аптадан соң) дауыс реакциялары пайда болады. Бала ересек адаммен сөйлескен сияқты болады. Баланың бұл жымиуы мен гуілдеуін ата-аналары баланың өздеріне Берген жауабы деп ойлайды. Бірақ бұндай реакция естімейтін балаларда да болады. Бұл реакция балаға қараған жылы жүзден, көзқарастан туындайды. 2-3 айда (шала туған, әлсіз балаларда 3,5-4 айда) еститін нәрестеде дыбыс шыққан жаққа басын бұру, көзін аудару сияқты дыбысқа реакция пайда болады. Зерттеушілер бұл реакция алғашқы реет Адам дауысына пайда болатынын байқады. Бала басқа дыбыстарға назарын кеш аударады. Реакциялардың жылдам пайда болуының өзіндік ерекшеліктері бар. Кейбір балалар дауыс шыққан жаққа сол сәтте, екінші бірі дыбыс тоқталғанда, ал басқалары тоқталғаннан кейін 0,5 минуттан соң ғана басын бұрады. Нәресте ең алдымен дыбыс бағытын оң және сол жағынан, кейіннен артынан шыққан дыбысты ажырата алады. Ең кішкентай бала 3 м аспайтын қашықтықтағы дыбысқа басын бұрады, тек алты айдан ақанда ғана 5-6 м жердегі дыбысқа көңіл аударады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!