УДК 911.3
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар Педагогикалық Университеті
Павлодар қ., Қазақстан
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН АРНАЙЫ ӘДІСТЕМЕ АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ.
Есту қабілетінің бұзылуы және сөйлеудің дамуы
Сөйлеудің даму деңгейі есту қабілетінің бұзылу дәрежесіне, ақаудың пайда болу уақытына, педагогикалық жағдайларға және баланың жеке ерекшеліктеріне байланысты. Есту неғұрлым ерте және ауыр бұзылса, сөйлеуге соғұрлым көп әсер етеді. Екі жасқа дейінгі есту қабілетінің жоғалуы сөйлеудің толық болмауына, ал 3-3,5 жаста жоғалуы қалыптасқан сөйлеудің жойылуына әкелуі мүмкін. 6-7 жастан кейінгі жоғалуларда сөйлеу бұзылуы байқалса да, түзету жұмыстары арқылы оны сақтап қалуға болады.
Естудің ішінара жоғалуы да сөйлеуге әсер етеді, әсіресе ол 3 жасқа дейін пайда болса. Педагогикалық жағдайлар мен ерте арнайы көмек сөйлеу мен психикалық дамуға оң ықпал етеді. Ерте сөйлеу ортасы, есту протезі және арнайы жұмыс баланың табысты дамуын қамтамасыз етеді.
Жеке ерекшеліктер, баланың белсенділігі мен ойлау қабілеті де маңызды. Саңырау балаларда сөйлеуді қалыптастыру сақталған анализаторларды (көру, кинестетикалық, тактильді) қолдану арқылы жүзеге асады. Сурдопедагогтың көмегімен сөйлеу аппаратының қозғалысы мен есту қабілеті дамытылады.
Сөйлеудің дамуы баланың тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер етеді. Есту қабілетінің төмендеуі әлеуметтік шектеулерге, психикалық және танымдық дамуында қиындықтарға әкеледі.
Тақырыптың өзектілігі:
Есту қабілеті бұзылған балаларда сөйлеу дағдыларын қалыптастыру қазіргі білім беру жүйесі мен қоғам үшін өте маңызды. Бұл балалардың толыққанды білім алуына және қоғамға интеграциялануына жағдай жасауға бағытталған.
Зерттеудің мақсаты – есту қабілеті бұзылған балалардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру процесін зерттеу және осы мақсатта тиімді әдістер мен тәсілдерді анықтау.
Осы мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
1.Есту қабілеті бұзылған балалардың ерекшеліктерін анықтау:
Есту бұзылуының түрлері мен олардың сөйлеу дамуына әсерін анықтау.
Балалардың сөйлеу дағдыларының деңгейін бағалау.
2.Әдістемелерді әзірлеу және қолдану:
Логопедиялық және сурдопедагогикалық әдістерді зерттеу және қолдану.
Артикуляциялық және фонематикалық жаттығуларды қолдану.
Қол қимыл тілі мен кохлеарлы импланттарды қолдану тәсілдерін талдау.
3.Оқу бағдарламаларын құру:
Жеке оқу бағдарламаларын әзірлеу және олардың тиімділігін бағалау.
Сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған арнайы бағдарламаларды енгізу.
4.Балалардың сөйлеу дағдыларын бағалау:
Диагностикалық әдістерді қолдану арқылы балалардың сөйлеу дағдыларын бағалау.
Бағалау нәтижелерін талдау және қорытынды жасау.
5.Жалпы тәжірибені қорыту:
Зерттеу нәтижелерін қорыту және талдау.
Қорытындылар жасау және болашақта қолдануға арналған ұсыныстар әзірлеу.
Есту қабілеті бұзылған балалардың ауызша сөйлеуінің дамуының теориялық ерекшеліктері
Есту қабілеті бұзылған балаларға ауызша сөйлеуді үйретуде Л.С. Выготскийдің сөздің маңызы, жалпылау мен қарым-қатынастың байланысы, сөздік мағыналардың дамуы, сөйлеу ойлауы және сөйлеудің мағыналық жағы туралы теориялық тұжырымдамалары ерекше рөл атқарды.
Бұл бағытта А.М. Гольдберг, Р.М. Боскис, С.А. Зыков, Л.М. Быкова, Ж.И. Шиф және басқа зерттеушілер еңбек етті.
Л.М. Быкова есту қабілеті нашар және мүлде естімейтін оқушылардың ауызша сөйлеуді меңгеруі заттық іс-әрекетке және одан туындайтын қажеттіліктерге негізделетінін айтады. Ол қазіргі тілдік оқыту жүйесінің талаптарына сәйкес сөйлеу дамуының үш ерекшелігін атап көрсетеді:
Бірінші ерекшелік – "ауызша сөйлеуді қалыптастырудың негізінде коммуникация принципі жатыр" (Л.М. Быкова). Сабақта оқушылар әрекет туралы есеп береді, жазбаша есеп енгізіледі [1].
Екінші ерекшелік – "оның жоспарлау функциясын іске асыру қажеттілігі" (Л.М. Быкова). Т.С. Зыкова зерттеуі сөйлеуді жоспарлауды практикалық әрекеттен бастауды ұсынады.
Үшінші ерекшелік – "сөйлеудің байланысты формасының басынан бастап сөйлеу қызметінің ерекше формасы ретінде дамуы" [1].
Быкова бұл оқытудың мақсатын – "өзіндік, шығармашылық, логикалық тұрғыда жүйелі ойлауын дамыту және осы негізде нақты әрі мәнерлі байланысты сөйлеуін – ауызша және жазбаша – қалыптастыру" деп тұжырымдайды.
Р.М. Боскис атап өткендей, нашар еститін оқушылар өз бетінше сөйлеу кезінде түрлі сөз таптарын ажыратуда қиындық көреді. Ол былай дейді: "Сөздік қарым-қатынасты қалыпты есту мүмкіндігінсіз меңгерген балалардың сөйлеуінде сөздер кеңейтілген, бірізді емес мәнде қолданылады және бұл баланың көрнекі тәжірибесіне сүйенеді. Саңырау оқушылар меңгерген сөздер... тіпті жалған ұғымдар болып табылады" [2].
Бастапқы кезеңде оқушылар нақты заттарды білдіретін сөздерді жақсы меңгереді, алайда әрекет, белгі, сапа, уақыт, кеңістік сияқты абстрактілі ұғымдарды білдіретін сөздерде қиындықтар туындайды. Сын есімдер мен үстеулер – көрнекілігі шектеулі, абстрактілілігі жоғары сөздер.
А.Г. Зикеев, Р.М. Боскис, К.Г. Коровин зерттеулері үстеулерді, есімдіктерді, шылауларды меңгеру күрделілігін айқындайды. Мысалы, уақытты білдіретін үстеулердің орнына оқушылар біртүбірлі зат есімдерді қолданады ("қыс – қыста", "таң – таңда").
К.Г. Коровин былай дейді: «Салыстырмалы мағына жеке есімдіктерде айқын көрінеді. Мысалы, бір баланың бір тұлғаны «сен», ал басқасын «мен» деп айтуын түсіну бала үшін қиындық туғызады» [3].
Р.М. Боскис сөйлемдегі грамматикалық байланыстарды талдай отырып, балалардың грамматикалық категорияларда қамтылған жалпылауларды меңгеруде қиындықтарын анықтаған. Мысалы, септік жалғауларды немесе шақты дұрыс қолданбау олардың мағынасын түсінбегендіктен болады.
А.Г. Зикеев зерттеулері сөйлеу тілінің лексикалық және синтаксистік құралдар тұрғысынан шектеулі екенін көрсетеді. Мысалы, есту қабілеті бұзылған балалар сөйлем құрылымында бастауыш немесе баяндауышты жиі түсіріп алады, сөздердің реттілігінде қателеседі (мысалы, толықтауышты етістіктен бұрын қоюы, сұраулық сөзді сөйлем соңына орналастыруы және т.б.).
Сөйлеу әрекетін қалыптастырудағы ерекшеліктер арнайы сабақтардың қажеттілігін көрсетеді. Бұл сабақтар байланысты сөйлеуді дамыту мен түзетуге бағытталған арнайы әдістемелік жүйе арқылы құрылуы тиіс.
Есту қабілеті бұзылған және нашар еститін оқушылардың сөйлеу қарым-қатынасын қалыптастыру үшін қажетті шарттарды анықтау — олардың тілдік және коммуникативтік дағдыларын дамыту жолындағы маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Есту қабілеті бұзылған және нашар еститін оқушыларда сөйлеу қарым-қатынасын қалыптастыру шарттары
Есту қабілеті бұзылған оқушылардың сөйлеу қарым-қатынасын қалыптастыру – тіл меңгеру жолындағы күрделі және мақсатты ұйымдастырылатын үдеріс. Сөйлеу – адамдардың өзара түсінісуі мен ақпарат алмасуының басты құралы. «Коммуникативтік әрекетті меңгеру адамның айналасындағы адамдардың сөйлеу тілін игеру арқылы жүзеге асады» [4].
Тілді меңгеру баланың сөйлеу тәжірибесі арқылы тілдік материалды қабылдап, өңдеп, жинақтап, өз тілдік жүйесін қалыптастыруынан басталады. Бала сөйлем үлгілерін меңгеру арқылы қажетті сөздерді таңдап, өзгертіп және топтастырып, нақты сөйлеу жағдайында өз ойын білдіреді. Сөйлемдер логикалық (кеңістіктік, уақыттық) байланыстарды білдіріп, сөйлеу құрылымын нақтылайды. «Ой айтылмас бұрын ішкі деңгейде қалыптасады және ол тілдің құрылымдық бірліктері – сөйлемдер арқылы жүзеге асады» [5].
Сөйлеу сөйлемдерден ғана емес, айтылымдар жиынтығынан тұрады. Олардың бірізділігі мен нақтылығы – мағыналылық пен түсініктілікті қамтамасыз етеді. Сөйлеу қарым-қатынасы диалог, монолог және реплика түріндегі айтылымдарды қамтиды. Бұл үдерістердің қалыпты дамып келе жатқан балаларда табиғи түрде жүретінімен салыстырғанда, есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы ұйымдастырылған, ынталандырушы әдістер қажет. Сөйлеуді дамытудың мұндай әдістері жүйеге келтіріліп, ғылыми негізде арнайы зерттелуі тиіс.
Естімейтін балаларға арналған оқу процесінде тілдік материал жүйелі және тәртіптелген түрде ұсынылуы қажет. Бұл үдеріс сөйлеу әрекетін қамтамасыз ететін механизмдерді қалыптастыруға бағытталады. Мұндай жүйені Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеу зертханасы (ИКП РАО) әзірлеген. Жүйе сөйлеудің жекелеген қырларын арнайы қалыптастыруға және оның жалпы дамуына бағытталған.
Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған орыс тілі бағдарламасында «Сөйлеуді дамыту» бөлімі ауызша сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Бұл сөздік қорды, грамматикалық заңдылықтарды меңгерумен қатар, жазбаша сөйлеуге негіз қалайды. Дегенмен, басты назар тірі ауызша сөйлеу қарым-қатынасына аударылады. Себебі тілді үйрену – оны қарым-қатынас құралы ретінде еркін қолдана білуді білдіреді. Бұл үдерісте сөйлеу әрі мақсат, әрі құрал ретінде көрінеді.
Сөйлеу қарым-қатынасының түрлері мен формалары әртүрлі: жеке репликалар, диалог, монолог, әңгіме, жазбаша немесе ауызша жеткізу. Мақсат – ақпарат беру, сұхбаттасушыны жауап қайтаруға итермелеу, түсіністікке жету. Қарым-қатынасқа деген қажеттілік әрекет барысында пайда болады, ал оны ояту үшін балаларды сөйлеу байланысына тартатын жағдайлар жасалуы қажет. Бұл – оқушылардың әрекеттерін, оқу процесін ұйымдастыру арқылы жүзеге асады [6].
Балалар өскен сайын танымдық әрекет сөйлеуді ынталандыру құралына айналады. Элементарлық сөйлеуден шынайы сөйлеу формасына көшу – сөйлеуді саналы түрде жетілдірудің негізі. Жасөспірім кезеңде оқу мотивациясы да өзгеріп, тілге деген қызығушылық арта түседі. Бұл кезеңде сөйлеудегі қиындықтарды жеңе білу, сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған әдістер маңызды рөл атқарады.
Барлық жаттығулар табиғи сөйлеу уәжін тудыра бермейді, кейбіреулері тек жеке дағдыларды дамытуға бағытталады. Бірақ осындай жаттығулар сөйлеу тәжірибесін байытады. Тіл – бұл әрекеттегі тіл. Тілді меңгеру – оның жүйесін меңгеру, қарым-қатынас пен ойлау құралы ретінде пайдалана білу. Бұл – тілді зерттеуден бөлек, практикалық игеру процесі [7].
Тілді үйрену кезінде бала фонемалардан бастап мәтінге дейінгі барлық деңгейдегі тілдік бірліктерді игеріп, олардың ерекшеліктерін салыстырып, жалпылау негізінде интуитивті түрде жаңа сөйлемдер құрауға бейімделеді. Қарым-қатынас екі жақты үдеріс ретінде қабылдану, түсіну және сөйлеу әрекетін қамтиды. Бұл – пассивті және активті сөйлеудің өзара байланысын көрсетеді.
Тілдік материалды меңгеруде оқыту алдымен пассивті сөйлеу, яғни түсіну кезеңінен басталып, кейін активті сөйлеуге көшеді. Бұйрықтарды орындау, әрекет арқылы түсіну және біртіндеп өз ойын білдіру – сөйлеу дағдысының қалыптасу кезеңдері. Мұғалім көмегімен сөйлеу үлгілерін қолдану оқушының сөйлеуін белсендіреді.
Мектеп бағдарламасы тілдік материалдың көлемін, жүйесін және оны меңгерудің әдістерін анықтайды. Оқушылардың дербес жұмысына, әсіресе ауызша және жазбаша монологтық сөйлеуге басымдық беріледі. Тапсырмалар тек хабарлау ғана емес, сипаттау, пайымдау, жеке бағалауды да қамтиды. Бұл тәсілдер оқушылардың тілдік қорын дамытып, өз ойларын еркін және нақты жеткізе білуге үйретеді [8].
Дыбысты дұрыс айтқызу үйрету немесе фонематикалық естілуін дамыту кезінде дыбыстық талдау, жинақтау сияқты педагогикалық тәсілдер логопедияда да жиі қолданылады.
Есту қабілеті бұзылған балалардың тілін дамыту жұмыстарында мнемотехника, тірек-сызбалар әдістемесі
Мнемотехника — бұл әдіс-тәсілдер жүйесі, дыбыстарды қалай шығару, тақпақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, қоршаған орта жайлы әңгімені есте сақтау және жаңғырту. Кез келген әдіс-тәсілдер сияқты мнемотехника әдісі де жеңілден ауырға қарай болады. Жұмысты қарапайым мнемошаршыдан бастаған жөн. Содан кейін мнемоалаша.
Т.В. Большева — коллаж, Л.И. Ефименко — ертегі құру сызбасын құрған. Қосымша ассоциация түріндегі білім арқылы зейіннің өсуі және есте сақтауды жеңілдету. Суреттік-графикалық жоспар көмегімен пиктограмм түрінде беріледі, заттық сурет түрінде балалар мәтінді әңгімелеп береді. Баланың тіліне жеңіл, шағын шығарма балалардың тілін дамытады, байланыстыра сөйлеу тілін арттырады. Әңгімені түсініп алуға, көпке дейін есте сақтауға көмектеседі. Ойын толық жеткізуге, ауызекі сөйлеуге үйренеді. Жаңа тенде алдымен ұстаз көркем шығармада сөздерге талдау жасап алады. Осындай сызба-үлгілер арқылы балалардың тілдері ғана емес, шығармашылығы да дамиды. Әңгіме құруға үйренеді, әңгімені ретімен әңгімелеуге, лексика-грамматикалық әңгімелеуге үйренеді. Бұл әрекетте есте сақтау қабілеті ғана емес, көру анализаторы да дамиды. Ересек, даярлық топтарда сызбаның керекті элементтерін таңдайды, бірліктерін орналастыру, әдеби шығармаларды әңгімелеп беру үшін қажет. Дамыту сабақтарда мнемосызбаларды қолдану, ертегі желісін негізгі принциптері бойынша символикалық бейнелерге қарап құру. Балалар өз бетінше әдеби шығармаларды айтып, шығарманың мазмұны мен ойын дұрыс жеткізіп, диалогтағы адамдардың немесе кейіпкерлердің сөздерін мәнерлі жеткізуге икемделеді.
Мнемотехника, мнемоника — бұл әр түрлі әдіс-тәсілдер жүйесі. Қосымша ассоциация түріндегі білім арқылы зейіннің өсуі және есте сақтауын жеңілдету. Сурет графикалық жоспар көмегімен пиктограмм түрінде беріледі, заттық сурет түрінде балалар тақпақты, мақал-мәтелді жатқа айтады, мәтінді әңгімелеп береді. Әрбір белгіде бір мазмұн бар. Әр тақпақ жолында оқиғада кездесетін кейіпкерлердің іс-әрекеттері белгілі бір символдармен бейнеленеді. Ертегі желісін ойдан шығаруға болады.
Мысалы: «Жанұя» ойынында тақтада жануарлар бейнесі тұр. Ал, балалардың алдында да сол бейнелер бар, бірақ, керісінше жатыр. Балаларға тапсырма беріледі. Пиктограммаға сүйене отырып, логопед көрсеткен сөзді ашу. Осы сияқты пиктограммаларды сабақтарда да қолдануға болады. 5-6 жастағы балалар қиялдағанды ұнатады, өздері ертегілер мен әңгімелерді құруда сауатты түрде құру үшін не істеуі керек? Балаларда әңгіме құруда оның құрылымы жайлы түсініктер пайда болады. Мысалы: басталуы, соңы, ортасы. Олар өз тілінде сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс қолдана бастайды. Әңгіме құруда бірнеше кестелерді қолдануға болады.
«Мен кіммін?», «Немен?», «Орны мен уақыты», «Не болды?», «Кім кездесті?», «Соңы» деген бөлімдерден тұрады. Әрі қарай бала өзі үстел үстінде суреттерді ретімен қояды. Суреттер әңгімелеу жоспарында мазмұнды дұрыс беруге көмектеседі.
Ассоциациялар:жаңа сөздер мен ұғымдарды таныс бейнелер немесе ұғымдармен байланыстыру арқылы есте сақтау.
Мысалы, «кітап» сөзі «білім» және «оқу» ұғымдарымен байланыстырылады.
Визуалды бейнелер:сөздер мен сөйлемдерді суреттермен немесе символдармен байланыстыру.
Мысалы, «мысық» сөзіне мысықтың суретін қоса отырып есте сақтау.
Қысқартулар мен акронимдер:ұзын сөздер мен фразаларды қысқартулар немесе акронимдер арқылы есте сақтау.
Мысалы, «айналмалы» деген сөзді «АЙ» деп қысқартуға болады.
Тірек-сызбалар — ақпаратты ұйымдастыру және құрылымдау үшін қолданылатын графикалық тәсілдер. Тірек-сызбалар балаларға ақпаратты визуалды түрде қабылдауға және еске түсіруге көмектеседі.
Сөздер мен ұғымдардың кластары:сөздерді кластық категорияларға бөлу арқылы ұғындыру. Мысалы, «Жануарлар» класы: «мысық», «ит», «қоян».
Оқиға сызбалары:әңгімелер мен оқиғаларды логикалық тізбек ретінде суреттеу. Мысалы, «Күнделікті өмір» сызбасы: «Ояну» -> «Таңғы ас» -> «Мектепке бару».
Ақпаратты құрылымдау:жаңа материалды схема немесе диаграмма арқылы көрсету.Мысалы, «Жыл мезгілдері» диаграммасы: «Көктем», «Жаз», «Күз», «Қыс».
Мысал 1:
Ассоциациялар
Сөз: «Ағаш»
Ассоциация: «Жапырақ», «Орман»
Сурет: Жасыл ағаш
1 Сурет: Жасыл ағаш

Мысал 2: Сөздер мен ұғымдардың кластары
Класс: «Көлік»
Сөздер: «Машина», «Автобус», «Велосипед»
Диаграмма: Кластерлік диаграмма
2 Сурет: Көлік
Мысал 3:Жануарды сипатта
-
Бұл кім? Тиін
-
Олар қайда мекендейді? Ағашта
-
Балалары? Тиіндер
-
Немен қоректенеді? Жаңғақтар
-
Түрін сипатта. Орманда мекендейтін жануар

3 Сурет: Жануарды сипатта мнемотехникасы
Есту қабілеті бұзылған балалардың тілін дамыту жұмыстарында Фонетикалық ритмика әдістемесі.
Фонетикалық ритмика есту қабілеті бұзылған балалардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда және сөйлеу бұзылыстарын түзетуде маңызды рөл атқарады. Бұл әдіс әртүрлі қимыл жаттығуларының жүйесінен тұрады, онда дененің (корпус, бас, қол, аяқ) әртүрлі қимылдары белгілі бір сөздік материалды (сөйлемдер, сөздер, буындар, дыбыстар) айтуымен үйлеседі.
Біз Исина Айнур Тулеутаевнаның фонетикалық ритмика бойынша әдістемесін қолдандық.
Негізгі элементтер. Қимылдардың үш негізгі элементі бар:
Қозғалыстың шиеленісі,
Қозғалыстың интенсивтілігі,
Қозғалыстың уақыты.
Қозғалыс шиеленісі:
Біз белгілі бір дыбыстарды айтқан кезде, оларды қалыптастыруға қатысатын бұлшықет топтары әртүрлі шиеленіседі немесе босаңсиды. Бұл қозғалыстардың сипаттамалары бұлшықет қатысуының сапасына байланысты. Қимылдарды сипаттағанда шиеленіс «шиеленісті», «сәл шиеленісті», «шиеленіссіз» терминдермен белгіленеді.
Қозғалыстың интенсивтілігі:
Интенсивтілік сөйлеудің динамикасын, яғни белгілі бір дыбысты айту кезінде пайда болатын артикуляциялық аппараттағы күшті анықтайды. Қимылдарды сипаттағанда интенсивтілік «күшті», «әлсіз» терминдермен белгіленеді.
Қозғалыстың уақыты:
Уақыт біз орындап жатқан қозғалыстың жылдамдығын анықтайды. Ол ұзақтық немесе қысқалықпен сипатталады. Қимылдарды сипаттағанда уақыт «ұзақ», «қысқа», «ұзартылған» терминдермен белгіленеді.
Дыбыстар мен буындарды айтуға арналған қимыл жаттығулары
Фонетикалық ритмика сабағының басынан бастап балаларды дыбыстарды және буындарды айтумен бірге қимылдарды орындау кезінде қозғалыстарды саналы түрде реттеуге үйрету керек.
Дыбыстар мен буындарды айтуға арналған қимыл жаттығулары үш негізгі бастапқы жағдайдан басталады:
Корпус: Мысалы дауысты дыбыстарды айтқанда денені алға еңкейту.
Бас: Мысал: дауыссыз дыбыстарды айтқанда басын жағына бұру.
Қол мен аяқ: Мысал: Буындарды айтқанда қолдарды қозғалту немесе орындарында қадамдар жасау.
Фонетикалық ритмика есту қабілеті бұзылған балалардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады, себебі ол дыбыстар мен буындарды айту барысында қозғалыстарды саналы түрде реттеуге көмектеседі. Бұл әдіс балалардың сөйлеу қабілетін жақсартып, олардың жалпы тілдік дамуына оң әсер етеді.
Фонетикалық ритмика сабағының басынан бастап балаларды дыбыстарды және буындарды айтумен бірге қимылдарды орындау кезінде қозғалыстарды саналы түрде реттеуге үйрету маңызды. Бұл олардың сөйлеу процесін түсініп, дыбыстарды айтуын жақсартуға көмектеседі.
Қадамдар:
1)Жаттығуды Түсіндіру: Әр жаттығуды қалай орындау керектігін нақты түсіндіру.
2)Мысал Көрсету: Жаттығуды өзіңіз орындап көрсету.
3)Балаларды Қадағалау: Балалардың жаттығуды дұрыс орындауын қадағалау және қажет болған жағдайда түзету.
4)Қайталама Жаттығулар

3-4 сурет: А әріпін фонетикалық ритмика арқылы көрсету
Бастапқы жағдай 1: Қимыл: Терең тыныс алу, қолды жоғары және екі жаққа жайып, сол уақытта ұзақ «А» дыбысын айту. Ескерту: Мұнда және әрі қарай (а) белгісі дауысты дыбысты ұзақ айтуға сәйкес келеді.
Қозғалыс сипаттамасы: Шиеленіс — Шиеленіссіз. Интенсивтілік — Әлсіз.
Уақыт — Ұзақ.

5-6 сурет: О әріпін фонетикалық ритмика арқылы көрсету
Бастапқы жағдай. Қимыл: Терең тыныс алу, қолды екі жаққа созу арқылы күшті қозғалыс жасау, сол уақытта «о» дыбысын айту.
Қозғалыс сипаттамасы: Шиеленіс—Сәл шиеленісті. Интенсивтілік— Әлсіз.
Уақыт— Ұзақ.
Тәжірибе жүзінде есту қабілеті бұзылған балалармен жұмыс
істеудің нәтижелері.
-
Фонетикалық ритмика
Исина Айнур Тулеутаевнаның фонетикалық ритмика бойынша әдістемесін арқылы мен есту қабілеті бұзылған балаларға әріптер диагностикасын жасадық. Демек қай әріптерді айта алады, қандай әріптерді айта алмайтынын анықтадық. Менің сыныбымда 5 бала болды. Никита- есту қабілеті бұзылған бала, ауыр деңгей, саңырау, сөйлемейді бірақ түсінеді, тек қана ым-ишара тілімен сөйлеседі, психикалық даму тежелген. Миша- есту қабілеті бұзылған бала, сөйлемейді, түсінігі орташа деңгейде, психикалық даму тежелген, аутизмі бар, ым-ишара тілімен сөйлейді. София мен Алиса- есту қабілеті бұзылған балалар , жеңіл деңгейде, ой-өрістері, түсініктері қалыпты дамыған, ым-ишара тілімен де ауызша да толыққанды жақсы сөйлей алады.Милана - есту қабілеті бұзылған бала, ауыр деңгейде, психикалық даму тежелген, сабаққа аса қатты қатыспайды.

1-Кесте Бала 1
33 дыбыстан: 1 сабақта- 9, 2 сабақта -11, 3 сабақта-16 дыбысты дұрыс айтты.

2-Кесте Бала 2
33 дыбыстан: 1 сабақта- 30, 2 сабақта - 31, 3 сабақта-33 дыбысты дұрыс айтты.

3-Кесте Бала
33 дыбыстан: 1 сабақта- 5, 2 сабақта - 5, 3 сабақта-5 дыбысты дұрыс айтты.
2. Есту қабілеті бұзылған балалардың тілін
дамытуда мнемотехника мен тірек-сызбалар
әдістемесі
Мнемотехника – ақпаратты есте сақтау мен еске түсіру әдісі. Бұл
әдіс есту қабілеті бұзылған балалардың сөздік қорын, сөйлем құрау
дағдысын және сөйлеу қабілетін дамытуға көмектеседі.
Қолданылатын тәсілдер:
-
Ассоциациялар (жаңа сөзді таныс ұғыммен байланыстыру),
-
Кейіпкерлер арқылы үйрету,
-
Қайталау,
-
Өз әңгімесін құрастыру.
Тірек-сызбалар әдісі — визуалды материал арқылы ақпаратты
түсінуді жеңілдететін тиімді тәсіл.
Қолданылатын құралдар:
-
Графикалық органайзерлер (кесте, диаграмма),
-
Суреттер мен бейнелер,
-
Жоспарлар мен схемалар,
-
Визуалды күнтізбелер.
Осы мнемотехника әдісі арқылы мен сыныптағы балаларға кішігірім анализ жасадым. Бала 1- өте алғыр бала, өз ойын толық жеткізуге болады. Мнемотехника әдісі басында оған түсініксіз болды, бірақ күн өткен сайын, оның сабаққа қызығушылығы артыр, тапсырманы қызыға орындай бастады.
Сөйлеу алмағандықтан, ол маған барынша жануарлардың атын, түрін, түсін, олардың мекендейтін жері мен немен қоректенетінін ым-ишарамен, қимыл-қозғалыспен түсіндірді. 1 тапсырманы 70%, 2 тапсырманы 75%, 3 тапсырманы 80% орындады.
Бала 2 – сөйлемейді, бірақ түсінгенін ым-ишарамен, қимылмен көрсетеді. Ол өте алғыр, ақылды бала. 1 тапсырманы 50%, 2 тапсырманы 60%, 3 тапсырманы 70% орындады.
Бала 3 - қалыпты сөйлей алады, сөз тіркестерін құрап, сөйлемдерді айтады, өз ойын толық жеткізеді.Сонымен қатар, өз білгендерін айтады.1 тапсырманы 85%, 2 тапсырманы 90%, 3 тапсырманы 95% орындады.
Қорытынды
Есту қабілеті бұзылған балалардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру —
кешенді, жүйелі көзқарасты қажет ететін маңызды процесс. Курстық
жұмыс барысында келесі негізгі бағыттар зерттелді:
Есту бұзылыстарының ерекшеліктері
анықталды
Есту қабілетінің әртүрлі деңгейінің сөйлеу дамуына әсері зерттеліп,
балалардың сөйлеу деңгейі бағаланды.
Әдістемелерді қолдану
Артикуляциялық және фонематикалық жаттығулар, мнемотехника,
тірек-сызбалар, әріптерді қалдырып жазу әдісі және фонетикалық
ритмика тиімділігі дәлелденді. Қол қимыл тілі мен кохлеарлы
импланттарды қолданудың маңыздылығы айқындалды.
Жеке оқу бағдарламаларын
әзірлеу
Баланың сөйлеу деңгейіне бейімделген бағдарламалар құрылып,
нәтижелері бағаланды.
Сөйлеу дағдыларын бағалау
Диагностикалық әдістер арқылы балалардың сөйлеу деңгейі анықталып,
қажетті түзету шаралары ұсынылды.
Тәжірибені қорыту
Зерттеу нәтижелері арнайы әдістемелер мен бағдарламалар балалардың
сөйлеу дағдыларын дамытуда маңызды рөл атқаратынын
көрсетті.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Л.М. Быкова "Обучение глухих и слабослышащих школьников" 1980.
-
Р.М. Боскис «Психология глухих и слабослышащих детей» 1963.
-
К.Г. Коровин «Психолого-педагогические основы обучения глухих детей» 1950.
-
Р.М. Боскис «Психология и педагогика детей с нарушениями слуха» 1955.
-
Р.М. Боскис «Психология и педагогика речи» 1978.
-
Н.Ю. Донская «Сурдопедагогика негіздері» 1995.
-
А.Г. Зикеев «Лингвистика негіздері» 1988.
-
А.Г. Зикеев «Методика преподавания языка» 1988.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз