"Эволюциялық ілім" тақырыбын мектеп биологиясында оқыту әдістері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Эволюциялық ілім" тақырыбын мектеп биологиясында оқыту әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
биологиядан тусиник
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысы

Семей қаласы Алғабас ауылы

«Быхин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

биология пәнінің мұғалімі

Ережепова Айғаным Рысқалиқызы



«Эволюциялық ілім» тақырыбын мектеп биологиясында оқыту әдістері



Эволюциялық ілімді оқыту мектеп биологиясында ең бір жауапты да күрделі мәселелердің бірі.

Қазіргідей ашық ақпараттар заманында, әркімге наным-сенімге, діни білім алуға шектеу жоқ кезде оқушылардың дұрыс ғылыми көзқарастарын қалыптастыру аса маңызды. Ғылыми көзқарас қалыптастырудың бір жолы табиғаттың даму заңдылықтарын ғылыми тұрғыда түсінулерін қалыптастыру болып табылады.

Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері. Органикалық  эволюцияның  негізгі еркшеліктері. Эволюция құблысын зерттеу принциптері мен әдістері. Биология ғылымдары жүйесінде ілімінің алатын орны оның философиясымен байланыстылығы. Эволюцияның негізгі прблемалары. Осы аталған жағдайларды оқыту ерекше назарда болуы тиіс.

Эволюция ілімі балалардың диалектикалық материалистік көзқарастарын қалыптастырады, биологиялық ойлау қабілетін арттырады, ой өрісін кеңейтеді, оларға табиғат құблыстардың мәнін ұғыну арқылы зерттеуді үйретеді және табиғи құблыстардың себеп салдары байланыстарын түсіндіреді. Оқушылардың эволюция теориясын игеру, олардың қазіргі заман биологиясындағы күрделі материалдарды өз беттерімен талдау, синтездеу қабілеттерін дамытады.

Эволюция ілімін оқытудың міндеті - әр түрлі ағзалардың  шығу тегінің себептері мен оған әсер ететін жағдайларын табу. Басты  міндеті – азалардың  тарихи даму заңдылықтарын анықтау. Биологияны оқытуда диалектикалық материализмнің жалпы әдіснамалық принциптері негізінен туындайтын тек биологияға тән әдістемелік-биологиялық принциптерді басшылыққа алу қажет.

Дүниетанымды қалыптастыру – адамзаттың бүкіл өмір бойында жүзеге асырылатын күрделі үрдіс, әсіресе ол мектеп кезеңінде, ғылым негіздерін жүйелі игеру кезінде және қоғамдық өмір тәжірибесін меңгеру шағында қарқынды жүреді. Осы кезде дүниетанымды қалыптастырудың қалануы бірінші кезекте мектептегі оқытылатын пәндердің мазмұнымен анықталады.

Табиғат жөнінде негізгі, жетекші пән ретінде дүниетанымды қалыптастыруда биологияның рөлі аса зор, онымен қоса оны оқыту әдістері, түрлері мен құралдары да оқушылардың материалистік дүниетанымын қалыптастыруды жүзеге асыруға бағытталған.

Бүгін білім мазмұнын интеграциялап, оның ғылыми денгейін көтеру мәселесі қойылып отырған жағдайда мектеп оқушыларына табиғат, адам, қоғам жайында берілетін білім негізінде олардың дүниетанымын қалыптастыру, оқытудың ғылыми әдістемелік жүйесін жасау міндеті ғалымдар мен әдістемешілер үшін туып отыр.

Биология пәнінде нағыз дүниетануды дұрыс, ғылыми тұрғыда қалыптастыратын сала – табиғаттың, жаратылыстың пайда болуы мен дамуы жөніндегі биологияның негізгі саласы – эволюциялық ілім.

Зерттеу жұмысының мақсаты мектеп оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастыруда органикалық дүниенің эволюциялық үдерісін оқып игерудің маңызын теориялық тұрғыдан негіздеп, әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыста тексеріп ұсыныстар дайындау болған, ол мақсатқа жеттік. Өйткені зерттеудің міндеттері:

- Оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыруда дүниетанымның алатын орынының теориялық негіздерін анықтау орындалды.

- Жүргізілген педагогикалық эксперимент нәтижесінде педагогикалық шеберхана технологиясы негізінде биологиялық шеберхана бойынша өткізілген сабақтардың өте тиімді екендігі дәлелденді. Педагогикалық қызметті ұйымдастыруда сәтті өтетін оқу-тәрбие шараларының қатарына осы технологияны жатқызуға болатыны байқалды.

- Осы технологиямен өткен сабақтар кезінде білімгерлердің зейіндері, қиялдары, ес, талдау біліктіліктері, салыстыру, қорытынды жасаулары белсенеді.

- Эволюциялық даму, организмдердің өзгеруі, күрделенуі сияқты мәселелер мен бейімделгіштің түрлердің таралуына әсері сабақтарда әркімді белсенді еңбекке тартуға мүмкіндік береді, олардың түрлендіруге және қиялдауға, абстарктлық ойлауларының дамуына әсер етіп, пәнге деген қызығушылықтары жүзеге асып, оқушыларға өзбеттерімен дербес білім іздеуге ерекше жағдай туады.

- Биологиялық шеберхана ұстаздың білім игерушілер әрекетін сәтті жоспарлай алу біліктілігін көрсетеді, өзінің жеке педагогикалық тәжірибесін рефлексия арқылы қайта түйсіну негізінде педагогикалық шеберлігінің өсуіне жағдай тудырады, осы педагогикалық технология жан-жақты ойланылған ұстаз бен оқушының біріккен жобалау, оқу үдерісін өткізуді ұйымдастыру, сол кезде жағымды жағдай жасау әрекетін толық қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда білім беру саласында жаңа пегогикалық технологияларды пайдалану мұғалімге оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқушылылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауға мүмкіндік береді. Сондай ақ оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауларын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа педогогикалық технологияларды пайдалану және оның тиімді әдістемесін жасау өзекті проблемаға айналып отыр.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.12.2018
580
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі