400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Еуропалық иммундау апталығы – әр адам үшін қолжетімді қорғаныс

Материал туралы қысқаша түсінік
Еуропалық иммундау апталығы – әр адам үшін қолжетімді қорғаныс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Еуропалық иммундау апталығы – әр адам үшін қолжетімді қорғаныс

Қазақстанда 2005 жылдан бері жыл сайын Еуропалық иммундау апталығы өткізіліп келеді. 2025 жылы бұл шара 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында өтеді. Биылғы апталықтың ұраны – «Барлығы үшін иммундау – адамның қолынан келеді» (#HumanlyPossible), бұл екпенің әр адамға қолжетімді болуының маңыздылығына назар аударады.

Иммундаудың басты мақсаты – халықты жұқпалы және қауіпті аурулардан қорғау. Мемлекеттік жоспарлы вакцинация күнтізбесі балалардың өмір сүруіне қауіп төндіретін аурулардың алдын алу үшін арнайы жасалған. Вакцинация уақытында және толық жүргізілгенде ғана тиімді болады – екпені өткізіп алу немесе кешіктіру ауру жұқтыру қаупін арттырады.

Қазақстанда екпелер тіркелген жері бойынша тегін жүргізіледі және олар балаларға, ересектерге, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тағайындалады. Мысалы, мынандай вакциналар бар:

  • БЦЖ – туберкулезге қарсы;

  • ВГВ – В гепатитіне қарсы;

  • АбКДС – көкжөтел, дифтерия және сіреспеге қарсы;

  • Хиб, ИПВ, ОПВ, Пневмо, ҚҚП, ДСА-М, ВГА – түрлі жұқпалы ауруларға қарсы.


Вакцинацияға дайындық:

  • Егу паспортын дайындаңыз немесе алдыңғы егулеріңіз туралы ақпарат жинаңыз;

  • Вакцинация күнтізбесін қарап шығыңыз;

  • Өткізіліп алған екпелер болса, дәрігерден қуып жету жоспарын жасауды сұраңыз.


Егу кезінде және одан кейін:

  • Дәрігер тексеру жүргізеді және қарсы көрсеткіштер бар-жоғын анықтайды;

  • Сұрақтар қоюға және келісім беруге құқығыңыз бар;

  • Вакцинация емханада жүргізіледі, ата-ана сақтау шарттарын тексере алады;

  • Егуден кейін 30 минут бақылауда болу ұсынылады;

  • Температура немесе әлсіздік сияқты жанама әсерлер болуы мүмкін, бірақ бұл – қалыпты жағдай.


Кейбір аурулардың салдары өте ауыр болуы мүмкін:

  • Полиомиелит – сал, өлімге әкелуі мүмкін;

  • Дифтерия – жүрек пен жүйке жүйесіне зақым;

  • Қызамық – жүктілік кезінде ұрыққа әсер;

  • Паротит – бедеулік;

  • Қызылша – энцефалит, жүктілік асқынуы;

  • Сіреспе – бұлшықет құрысуы, жүрек тоқтауы;

  • Гепатит B – бауырдың созылмалы зақымдануы және қатерлі ісігі.


Иммундау – қауіпсіз өмірдің кепілі.
Балалар мен ересектер үшін профилактикалық егулер маңызды.
Еуропалық иммундау апталығына белсенді қатысыңыз – бұл өзіңізді және жақындарыңызды қорғау жолы!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 мамыр
198
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі