Материалдар / ФАРИЗА АҚЫН ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АНАТОМИЯЛЫҚ АТАУЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ФАРИЗА АҚЫН ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АНАТОМИЯЛЫҚ АТАУЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ф.Оңғарсынова шығармаларында анатомиялық атаулар қандай деңгейде сомдалуда, анатомиялық атаулардың әдебиеттегі қолданысының ұқсастықтары мен айырмашылығы туралы мәселелер қарастырылға, көптеген мағлұматтар берілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Шілде 2024
182
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ФАРИЗА АҚЫН ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АНАТОМИЯЛЫҚ АТАУЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ




«Фариза апамыз поэзияға қанат қағып алғаш қосылған кезден бастап, бүгінгі қазақ поэзиясының падишасына айналып, бүкіл өмірін шығармашылыққа арнады»- деп Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, ұлтымыздың Фаризадай поэзия падишасының рухы биік туындыларын зерттеп, теңіздей терең, оттай ыстық, жалынды туындыларынан тағылым алу, оның айтар ойын зерделеу азаматтық борышымыз.

Қазақ әдебиетінде, оның ішінде Ф.Оңғарсынова шығармаларында анатомиялық атаулар қандай деңгейде сомдалуда, анатомиялық атаулардың әдебиеттегі қолданысының ұқсастықтары мен айырмашылығы туралы мәселелер қарастыру барысында көптеген мағлұматтар алдық. Мақсатымыз медицина саласын таңдаған жасөспірімдерге әдебиеттің маңызын түсіндіру және өзінің мамандығына деген қызығушылығын арттыру. Ол өз шығармаларында адам болмысы, әйел тағдыры, қазіргі қоғам мен заман тынысы, психологиялық келбеті, салт пен сана, ұлттық діл туралы кеңінен толғанды. Ақын жанынан туған өлеңдеріндегі түрлі бейнелердің жасалу ерекшеліктерін, көркемдік, идеялық сипаттары мен ұлттық болмыстарын саралап, талдау, пікір айту арқылы ол шығармаларға лайықты бағасын беруге талпыныс жасадық.

Студенттер медицина мамандығы үшін әдебиеттің құны жоғарылығына және оның пайдасы мол екендігіне көз жеткізе отырып, әдеби терминдерді ажыратып, оларды тілдік қолданыста пайдалануды тиісті меңгеруді үйренді. Сондай-ақ Ф.Оңғарсынова поэзиясындағы анатомиялық атаулардың суреттелуіне ғылыми тұрғыда талдау жасауға ұмтылу – зерттеу жұмысымыздың басты мақсаты болды.

Фаризаның ақындығы мен басқа қасиеттерін былай койғанның өзінде, нәзік жанды ақынның әдеби тілімізді жасаудағы еңбегінің өзі салмағы ауыр дүние. Бүгінгі таңдағы мың құбылған заманда, әлемдік жаһандану дәуірінде ұлттық тіліміз бен ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетімізді сақтап қалудың бір жолы ақын-жазушылардың мұраларын қастерлеу, олардың ұшталған қаламынан шыққан дүниелерді келер ұрпаққа жеткізу. Сол құндылықтарымыздың бірі фариза Оңғарсынованың туындылары десек қателеспейміз. Ақиық ақынның жігерлі өлеңдері – қазіргі таңда ұлттық қасиетімізді сақтап қалудың қалқаны іспетті.

Қазақ әдебиеті сабағы барысында Фариза ақынның шығармаларын зерттей отырып, оның медицинамен байланысын зерттедік, талдадық. Ақын өлеңдерініңде қазақ халқына тән, жиі айтылатын «жүрек» сөзі, «тыныс алу» жүйесі, бауыр, көз жанары туралы, өкпе сөзі жиі айтылған екен. Жалпы айтқанда Фариза өлеңдерінде адам анатомиясына қатысты сөздер өте жиі кездеседі. Оның ішіндегі негізгі ағзаларды іріктеп алып, салыстырмалы түрде жүйеледік. Сонымен Фариза ақынның жүрек сөзіне назар аударайық.

Қазық –жұмыс, қазық- үйге байланып,

Жүрегім де майланып.

Бара жатыр менің жаным күн сайын

Қасаңдыққа айналып.

Бұл өлеңде өмірден бірде жеңген, бірде жеңілген лирикалық кейіпкердің басындағы мұңы мен қайғысы суреттеледі. Сондай-ақ жүрегі майлану медицинада: Атеросклероз — артериялардың ішкі қабығында май жиналып, кейін дәнекер тінге айналып қатаюы. Инфарктің бір себебі — атеросклероз. Мұнымен қоса, экологиялық фактор, стресс, шылым шегу, тамақтану — бәрі әсер етеді. 

Біз тоқталатын ақын толғаныстарының ең бастысы – жүрек пен қан тамырларға қатысты, яки жалынды ақын шығармаларындағы медицина саласының жүрек, қан тамырларына қатысты айтылған тұстарына кеңінен тоқталып өтпекпіз. Өмір сүрген дәуірі кеңес одағының қылышынан қан тамған кезеңі болғандықтан ба, Фариза шығармаларында астарлы ойлар өте көп, айтқысы келген мәселені құбылтып жеткізе білуі де шеберлік. Сондықтан да болар, оның өлеңдерінде жүрекке қатысты сыр шертетін жерлер өте көп. Бұған қарап біз Фаризаны жүрегімен сыр шерткен ақын деп айта аламыз.

Медицинада жүрек – адамның маңызды мүшесі саналса, Фариза шығармасында қалай қолданысқа енгенін саралап көрейік. Жалпы әдеби шығармаға көркемдік мән тудыру үшін және өз ойын ойлы, әсерлі, бейнелі жеткізе білу ақындарға тән қасиет. Енді тікелей Фариза шығармаларын мысалға келтірейік. Ақын поэзиясында адам дене мүшелеріне байланысты қалыптасқан атаулар. Анатомиялық атаулар ақын лексикасында жиі ұшырасады. Атап айтқанда, ондай атаулар мыналар: бас, бел, бой, аяқ, қол, бауыр, қас, шаш, ерін, тырнақ, желке, жүрек, көз, қолқа, ауыз, маңдай, омырау, көмей, өңеш, тамақ, таңдай  т.б. Мысалы: қос жанар ақын қазақ пен қырғызды өзінің қос жанарына теңейді; тамыр сортаң жердің тұзы бар тамырымда деп тамырының туған жермен байланысын білдіреді; жүрек  жүрегімнен ағады жас тарамданып деп жүрегінің жылағанын білдіреді; кеуде  құштарлық қысқан кеудемде деп өз кеудесінің құштарлық сезімін бейнелейді.

Әдеби көркем шығармадағы анатомиялық атаулар туралы қысқаша түсінік

Атауы

Әдеби көркем шығармадағы мәні

1

Жүрек жарасы


Ол механикалық әсерден емес, сезімнің әсерінен болады. Ондай жараны  дәрімен  емдей алмайсыз.

2

Күміс көмей

Көбінесе талантты, әнді әдемі орындайтын тұлғаға айтылады

3

Тамыр

Тамыр-таныс, дос-жаран т.б. жақындықты білдіреді

4

Қос жанар

Адамның көз жанары және құндылықты білдіреді

5

Жүректен жас ағу

Адамның күйзелісі мен мұң-зарын білдіреді

6

Өкпе

Наздану, ренжіп қалу

7

Көкірек

Менсінбеушілік, біреуге әдейі қасарысу

8

Кеуде

Кеудесін керу, көзге ілмеу

9

Бауыр

Туысқандық пен бір атадан тараған адамдарға қатысты

10

Жүректің адамы

Жүректің тілінде сөйлейді. Көзінен өмірге деген махаббат пен мейірім оты ұшқындап, жүзінен нұр төгіліп тұрады

11

Жүректің көзі

Айналамыздағы әдемілікті көру үшін, маңдайымыздағы көзіміздің құдіреті  жетпейді. Ол сұлулықты жанармен көру бір басқа, жүрек көзімен көру бір басқа.

12

Қабақ шыту

Көз жанарының сұстылығы, қаһарлы адам бейнесі немесе ашулану

Ақиық ақынның анатомиялық атаулары кездесетін өлеңдерінен үзінді келтірер болсақ:

Не қасиет күтерсің бүгінгі елден,

Жасқаншақтап күйеудей ұрын келген.

Айтар сөзін көмейге көміп қойып,

Күн кешеді қорқумен, дірілдеумен – деп ашына жырлайды. Осы өлең жолдарындағы жүрек, көмей атаулары адамның анатомиялық мүшелері ретінде көрсетіле отырып, олардың өте маңызды рөл атқаратыны айқын көрінеді. Мысалы туған жерге деген перзенттік махаббатты сезіну үшін жүрек керек екендігін және өз заманындағы жігерсіз адамдардың көмейлерінде тірелген қорқыныш сезімдерін сынай отырып шебер жеткізген. Яғни медицинада қолданылатын жүрек пен көмейдің адам өміріндегі, адамның образын сомдауда, оның сезімдерін жеткізуде шебер пайдалана білген. Жалпы анатомияда көмекей — жұтқыншақтың тыныс жолын кеңірдекпен жалғастырып, қақпақ ретінде азықтың жұтқыншақтан кеңірдекке түспеуін қамтамасыз етеді. Көмекей қабырғасының негізін сақинаша, қалқанша, бөбешік және жұп ожауша шеміршектер құрайды. 

Ендігі кезекте Фариза шығармаларындағы тамыр сөзінің қолданысына қысқаша тоқталып өтсек:

Далам менің – қазынам, жыр сандығым,

Жыр нәрімен жер балқып, босанды құм.

Сортан жердің тұзы бар тамырымда

Ақшылтымдау сондықтан жусан жырым, –  деген жолдардағы сезімі ерекше. Осы өлең жолдарындағы сортаң жердің тұзы бар тамырымда деп, өзінің тамыр соғысында жерден алатын нәрдің бар екендігін көрсету арқылы, адам баласының туған жерімен тығыз байланысты екендігін көрсеткісі келеді. Ал медицинада тамыр сөзінің медицинадағы қолданысы: қан тамырлары, көк тамыр, күретамыр деп аталады. Дәрігердің адам тамырын ұстауы - жүректің соғу нормасының қалпын тамыр арқылы білу деген сөз, яғни белгілі бір мезгілде жасайтын қимылын жүрек жасап тұр ма, жоқ па, соны білу деген сөз.

Достық оның ішіндегі халықтар достығы тақырыбы – ақын шығармаларындағы өзекті тақырыптың бірі. «Дауа» жинағындағы «Қырғыз қазақ – өзімнің қос жанарым» атты өлеңінде де ақын іргелес екі елдің ортақ тағдырын, ортақ тыныс-тіршілігін ықыласпен жырлайды.

Сен қуансаң, шуақты менде де күн,

Сен самсаған, менің де өрлегенім!

Сіздің үйде қонақсып  өрлемедім

Қырғыз, қазақ – өзімнің қос жанарым,

Қос жанарым, қашан да сөнбе менің! – деп ақын қазақ пен қырғызды өзінің қос жанарына теңеп, бір-бірінсіз өмірінің мәні жоқ екендігін, екеуі де егіз ұғым дегенді білдіргісі келеді. Сонымен қатар медицинада жанар дегеніміз –адамның көз жанары, ол екеу болғандықтан қос жанар деп аталады. Жанарынын айырылған адамның өмірінің мәні болмайды, ол үшін жарық дүниені көру мұңға айналмақ, ақын осы байланыстар арқылы қазақ пен қырғыз бір туған деген ұғымның тереңдігін аңғартықысы келгені айдан анық. Ал медицинаға келетін болсақ: Көз - оптикалық жүйе. Жарық адамдардың айналадағы нәрселерді көруіне мүмкіндік беретін энергияның бір түрі. Алайда көру арқылы ғана біз қоршаған әлемді танимыз. Көз өзінің құрылысы жағынан оптикалық жүйе ретінде фотоаппаратқа ұқсас, бірақ көздің оптикалық жүйесі әлдеқайда күрделі. Көз адамның маңдайдағы жұлдызы болғандықтан, оны қорғай білу абзал.

Корыта айтқанда Фаризаның жүрек сазымен жазылған поэзиясы – мәңгілік сарын. Фариза ақынның өмірі мен шығармасы жастарға үлгі, өнеге. Сөз өнері дамыған сайын қазақ өлеңінің құрылысы шыңдалып, кемелденіп, жаңа өлшем-өрнектермен толысып, байып келеді. Қазақ поэзиясының дамуына зор үлес қосқан Ф.Оңғарсынованың шығармашылығын зерттеу жалғаса беретін болады.


Г.Алдабергенова

Түркістан медицина колледжінің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!